Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mpp_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
195.41 Кб
Скачать
  1. Халықаралық экономикалық жүйедегі мемелекеттердің дифференциациясы.

Халықаралық экономикалық жүйеде халықаралық экономикалық құқық субъектісі болып табылатын мемлекеттер дифференциациясының болуы заңды құбылыс. Дифференциация 2 критерия бойынша туындайды:

Мемлекеттердің экономикалық даму деңгейі бойынша

Мемлекеттердің экономикасының нарықтық деңгейі бойынша

Мемлекеттердің экономикалық дамуы бойынша дифференциациясы мемлекеттердің формальді теңдігінен көпжақты деңгейде келісілген шегіну болып табылады.

Заңи түрде халықаралық экономикалық жүйеде ол Сауда және Тариф жөніндегі Бас Келісімнің (ГАТТ) IV бөлімінде, ДСҰның басқа келісімдерінде,1974 жылғы Экономикалық құқықтар мен міндеттер Хартиясында, ЮНКТАД шешімдерінде, халықаралық әдет-ғұрыптарда бекітілген.

Дамушы мемлекеттер үшін Халықаралық Жалпы (Жаһандық) артықшылықтар жүйесі дифференциация механизмі болып табылады. Артықшылықтар институты дамушы мемлекеттердің экономикалық дамуына әсер ету құралы ретінде пайдалану 1964 жылғы Женева конференциясының шешімінде ұсынылған болатын.(ЮНКТАД-1)

1968 жылы ЮНКТАДтың екінші сессиясында дамушы мемлекеттер үшін артықшылықтардың жалпы жүйесін бекіту идеясы нақтыланған болатын. Бұл артықшылықтар дискриминациясыз барлық дамушы мемлекеттерді қамту тиістігі айтылған.

Қазіргі таңда дамушы мемлекеттер үшін артықшылықтардың харықаралық Жалпы (Жаһандық) жүйесін іске асыру негізінде халықаралық экономикалық құқық субъектілері экономикалық даму деңгейі бойынша төмендегідей дифференциацияланады:

- артықшылықтармен қамтамасыз ететін экономикалық дамыған мемлекеттер

- дамушы мемлекеттер (артықшылықтарды пайдаланатын мемлекеттер):

А) «жаңа индустиалды мемлекеттер», яғни дамушы мелекеттердің арасында дамыған мемлекеттер (Катар, Кувейт, БАӘ)

В) дамушы мемлекеттер арасында аз дамыған мемлекеттер.(ең кедей: Мозамбик, Эфиопия, Танзания, Непал, Въетнам- Азия мен Африканыдан барлығы 50 мемлекет)

Қазіргі кезде Артықшылықтардың жалпы жүйесі дамушы мемлекеттер үшін экономикалық артта қалудан арылу құралы болып табылады.

Экономиканың нарықтылық деңгейі бойынша мемлекеттердің дифференциациясы. Бұл жағдайда мемлекеттерді былайша бөлу қарастырылған.

Нарықтық экономика мемлекеттері, олардың тобына көптеген әлем елдері кіреді, әсіресе, өндірістік дамыған мемлекеттер және кейбір дамушы мемлекеттер.

«Өтпелі экономикалық» мемлекеттер, бұл мағынада көбіне бұрынғы КСРО мемлекеттері айтылады, өйткені, нақты осы мемлекеттер өздерінің ұлттық экономикасын нарықтық бағыттағы экономикалық жүйеге және әлемдік сауда жүйесінің интеграциясына түрлендіруді қамтамасыз етеді.

45. Халықарлық экономикалық құқықтың қағидалары.

Халықаралық құқықа қолданылатын жалпы қағидалар, халықаралық экономикалық құқықта д қолданылады. Егемендік қағидасына сай, барлық ұлттар өзінің экономикалық жүйесін таңдауға және экономикалық дамуын жүзеге асыруға құқылы. Күш көрсетпеу және қоққан лоққы жасамау қағидасына және мемлекеттердің экономикалық негіздеріне қарсы бағытталғын өзге де қол сұғушылықтарға сай, экономикалық қатынастың барлық даулары бейбіт долмен шешілуі қажет. Мемлекеттердің ынтымақтастығы қағидасына сай, экономикалық тұрақтылық пен дамуға, ұлттың жағдайына жәрдемдесу мақсатымен мемлекеттер бір-бірімен ынтымақтасуға міндетті болып таблады. Сонымен қатар халықаралық экономикалық құқықтың арнайы қағидалары да бар. Оларға: барлық мемлекеттердің қатысу қағидасы-барлық мемлекеттердің теңдігі және ортақ мүдделері бойынша әлемдік экономикалық мәселелерін шешуге қатысуын білдіреді. Өз табиғи ресурстары мен экономиканың бүкіл қызметі үстінен мемлекеттердің ажыратылмас егемендік қағидасы- оған, мемлекеттердің табиғи ресурстарды пайдалану, эксплуатациялау, иелену құқығы, ұлттық юрисдикцияның әрекеті шегінде ТНК –ның және шетел инвестицияларын бақылау және реттеу құқығы жатқызылады. Дамушы мемлекеттер үшін преференциалдық режимінің қағидасы. Халықаралық әлеуметтің әділдігі қағидасы – теңдікке қол жеткізу мақсатымен дамушы мемлекеттер үшін біржақты анықталған пайданы ұсынылған өзара пайда мен халықаралық экономикалық ынтымақтастығының даму негізін білдіреді. Теңізге шыға алмайтын мемлекеттер үшін еркін кіру қағидсы. Жалпы халықаралық құқықтық пен арнайы қағидаларымен қатар экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асыратын құқықтық негіз болып табылатын құқықтық режимдер де бар. Бұл келісімдік режимдер болып табылады, яғни, мүдделі мемлекеттердің келісімдері кезінде қолданылады. Ең қолайлы жағдайдағы режим, болашақта үшінші мемлекеттің қолданысына берілетін, бір мемлекет екінші мемлекетке оның азаматтары мен заңды тұлғаларына (жеңілдікке және артықшылықтар құқығы) ең қолайлы режимдерін қолдануды білдіреді. Соның өзінде, режим қолданылатын өзара қатынастың аясы келісіледі. Шарт бойынша көбіне сауда қатынастары аясында келісіледі: тауады кіргізу және шығару, кеден формальностілері, транспорттау, транзит. Ең қолайлы жағдайдың режимінен, дамушы мемлекеттердің және шекаралық сауданың кеден салығына, еркін кедендік аясына, интеграциялық бірлестіктеріне қатысты анықталған алымдарды алу жіберіледі. Преференциалді режим- дамушы мемлекеттерге, экономикалық немесе кеден одағына қатысты сауда, кедендік төлемдер жағынан жеңілдіктерді ұсынуды білдіреді. Ұлттық режим-бір мемлекеттің заңды және жеке тұлғалары басқа мемлекеттердің территориясында заңды және жеке тұлғаларға ұсынылған құқықтарды қолдануды білдіреді. Ол көбіне азаматтық құқық қабілеттілігіне және соттық қорғауға және т.б мәселелерге қатысты қолданылады. Арнайы режим-мемлекеттердің экономика саласындағы ынтымақтастықты бекітетін режим, шетелдің заңды және жеке тұлғалардың арнайы құқықтарын жүргізуді білдіреді. Осы режим, келесі мәселеледі реттеу кезінде мемлекеттермен пайдаланылады, шетел инвестицияларын жоғарылатылған қорғау жүргізу, шет мемлекеттердің өкілдіктеріне және осы өкілдіктердің қызметкерлеріне кейбір тауарларды иелену және мемлекет территориясына енгізу кезінде кедендік және салықтық жеңілдіктер беру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]