- •1 Халықаралық жүйенің т.Сінігі және оның құрамдас бөліктері.
- •2 Халықаралық және ішкімемлекеттік құқықтардың арақатынасы.
- •3 Халықаралық жария құқық және халықаралық жеке құқық: арақатынасы және өзара әрекеттесуі.
- •4 Халықаралық құқықтың тарихы.
- •5 Халықаралық құқықтың қайнар көздері.
- •6 Халықаралық-құқықтық нормалар, олардың түрлері мен құрылымы.
- •1) Нормадағы ұйғарымдардың сипаты бойынша:
- •7 Халықаралық құқықтың кодификациялануы.
- •8)Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •9)Күш қолданбаудың халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •10)Аумақтық біртұтастық пен қол сұғылмаушылығы халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •11)Шекараның қол сұғылмаушылығы мен бұзылмастығы халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •12)Мемлекеттердің ішкі істеріне араласпауы халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •13)Мемлекеттер егемендігінің теңдігі халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •14)Халықаралық құқық бойынша міндеттемелерді адал орындау халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •15. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық тетіктері.
- •16.Халықтардың тең құқылығы және өзін-өзі анықтау халықаралық-құқықтық қағидасы
- •17.Халықаралық дауларды шешудің халықаралық-құқықтық құралдары.
- •18. Халықаралық құқықтағы құқықсубъектілік.
- •20. Халықаралық құқықтағы мемлекеттер юрисдикциясы мәселелері
- •22. Мемлекеттер конституциясы және халықаралық құқық.
- •23. Халықаралық құқытағы тану институты
- •24. Халықаралық құқықтағы құқықмирасқорлық институты.
- •25. Ксро ыдырағаннан кейінгі құқықмирасқорлық мәселелерін шешу.
- •26. Халықаралық шарттардың түсінігі мен түрлері.
- •27. Шарттарды жасасу сатылары
- •28. Халықаралық шарттардың әрекет етуі және тоқтатылуы.
- •43. Халықаралық экономикалық құқықтың пәні мен жүйесі.
- •Халықаралық экономикалық жүйедегі мемелекеттердің дифференциациясы.
- •45. Халықарлық экономикалық құқықтың қағидалары.
- •Халықаралық сауда жүйесі және оның құрамдас бөліктері.
- •Халықаралық сауда құқығының түсінігі және қағидалары.
- •Тариф және сауда бойынша бас келісім (гатт): ьарихы және жалпы сипаттамасы.
- •Дүниежүзілік сауда ұйымы (дсұ): жалпы сипаттамасы.
- •57. Халықаралық теңіз құқығының түсінігі, қағидалары және қайнар көздері. Теңіз кеңістіктерінің құқықтық режимдері.
- •58. Cуэц, Киль, Панама
- •61.Халықаралық әуе тасымалының түсінігі әдетте келесідей коммерциялық құқық (немесе «ауа бостандығы») арқылы ашылады:
- •62. Халықаралық ғарыш құқығының түсінігі, қағидалары және қайнар көздері. Ғарыш объектілерінің халықаралық-құқықтық режимі және ғарышкерлер мәртебесі.
- •63. Халықаралық іс жүргізу құқығының концепциясы.
- •64.Бұұ халықаралық соты.
- •65.Халықаралық сот мекемелері (Халықаралық қылмыстық сот, теңіз құқығы бойынша Халықаралық трибунал, басқа да халықарлық трибуналдар және арнайы соттар).
- •1993 Жылы 22 қаңтарда Минск қаласында Достастық Жарғысы бекітілді.
- •67.Тмд құқығы: түсінігі, қайнар көздері және қағидалары.
- •1993 Жылы 22 қаңтарда Минск қаласында Достастық Жарғысы бекітілді.
- •68.Тмд қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері (мақсаттары, мүшелік, органдары).
- •69.Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құқықтық мәртебесі.
- •70.Қазақстан, Ресей және Белоруссияның Кедендік одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістігі: құрылуы, дамуы және перспективалары.
- •72. «Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасының дәйекті де болжамды сыртқы саясаты.
28. Халықаралық шарттардың әрекет етуі және тоқтатылуы.
Шарттардың мерзімде әрекет етуі. Жалпы ереже бойынша, шарт өз күшіне енген сәттен бастап, тоқтатылғанға дейін әрекет етеді. Халықаралық шарттардың өз күшіне енуі дегеніміз шарт тараптарының қатысушылар ретінде заңды құқықтар мен мәндеттерге ие болуын білдіреді. Негізінен шарттың қорытынды ережелерінде әрекет ету мерзімін бекітеді.Шарттар мерзімдік әрекет етуіне байланысты мерзімді, мерзімсіз болып бөлінеді, мерзімді шарттар белгілі бір мақсатқа жетуді көздейді, сол мақсатқа жеткен соң өз әрекетін тоқтатылады. Ал мерзімсіз шарттар тараптардың өзара қатынастарының беріктігі мен әріптесінің сыртқы саясатына деген сенімділікті көрсетеді.Мысала, ҚР жасаған халықаралық шарттардың қорытынды ережелерінде мынадай тұжырымдар бар: «Осы келісім оған қол қойған кезден бастап күшіне еніп, таптардың біреуі алты ай бұрын басқа тараптарға өзінің шығатынын жазбаша түрде хабарлағанға дейін әрекет етеді». Кейде мерзімді шартардың уақытын одан әрі ұзарту жолымен мерзімсіз шартқа айналуы мүмкін.Ұзарту—пролангациялау (prolongation- француз сөзі)—шарттың әрекеті тоқтатылғанға дейін не тоқтатылғаннан кейін, оның үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін шартты ұзарту арқылы және шарттың мәтініне осындай өзгерту енгізу арқылы. Егер шарт тараптарының біреуі шарттың әрекет ету мерзімі жойылғанға дейін одан бас тарту туралы өтініш жасамау жағдайы көзделетін болса, онда х.а шарт автоматты түрде ұзартылған болып есептеледі.Шарттың бұрынғы қатысушылары бұрынғы шарт реттейтін мәселелер бойынша тағы да шарт жасасқан жағдайда «Ескі заңды жаңа заң жояды» деген қағида қолданылады.
Х.а шарттардың кеңістікте әрекет етуі. Х.а шарттардың құқықтары туралы 1969ж Вена Конвенциясының «Шартьтың аумақта әрекет етуі» деп аталатын 29-бабында «Егер шартта басқаша көзделмесе, онда шарт әрбір қатысушылары үшін оның аумағында оның аумағында міндетті болып табылады» деп жарияланған.
Жарамдылығы. Х.а шарттың жарамдылығы оның ерекше қасиеті болып табылады.Тек жарамды шарт қана х.а құқықтың субъектілері үшін міндетті болып табылады.1969ж Вена конвенциясында жарамдылық мәселелері V бөлімде қарастырылған.Жарамды шарт—заңдық күшіне еш күмән келтіруге болмайтын және оларға қарсы ешқандай х.а құқықтық қарсылықтар келтіруге болмайтын шарт.
Түсіндірілуі. Х.а шарттың түсіндірілуі — шарттың мағынысы мен мазмұнын нақты айқындау. Шартты түсіндіру ресми және бей ресми болуы мүмкін.Мемлекеттердің не х.а ұйымдардың сол шартта түсіндіруді бекітуі ресми түсіндіру деп аталады(Мысалы,1965ж Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі Х.а Пактті Адам құқықтары жөніндегі Комитет ресми түсіндірген).
Қатысушы-мемлекеттер келісімімен жасалған түсіндіру аутентикалық (түпнұақалық) деп аталады, ол тараптар үшін міндетті болады.Аутентикалық түсіндіру түрлі нысанда өтуі мүмкін: арнайы шарт не хаттама жасасу жолымен,нота алмастыру арқылы, шарт мәтінінде терминдарды түсіндіру.
Х.а органдар жүзеге асырған, шарттың өзінде қарастырылған түсіндіру халықаралық түсіндіру деп аталады. БҰҰ х.а Сот және мемлекеттердің басқа да өкілетті органдары шартқа х.а түсіндірме беруге өкілетті.
Заңгерлер, журналаисттер және ғалымдардың халықаралық құқық жөніндегі еңбектерінде берген түсіндірмелері ресми емес түсіндірме деп аталады және шарт тараптары үшін міндетті емес.
Х.а шарттарды түсіндіру процесінде түрлі тәсілдер қолданылады. Солардың ішіндегі ең көп қолданылатыны грамматикалық, логикалық, жүйелі және тарихи түсіндіру.
Түсіндірудің қағидалары. Шартты түсіндірудің қандай да бір нысанында болмасын халықаралық құқықтың жалпы және арнайы қағидалары сақталады.Негізгі қағидалар: біртұтастық қағидасы, ынтымақтастық қағидалары болып табылады. Түсіндіру кеңейтілген не шектелген болмау тиіс, яғни ол шарттың мақсаты мен объектісіне дәл сәйкесуі тиісті.
1969 ж. және 1986 ж. Вена конвенциясы бойынша мынадай тәсілдермен жасалған халықаралық шарттар жарамсыз болып табылды:
3) мемлекетті немесе оның өкілін мәжбүрлеген;
4) мемлекетті немесе оның өкілін алдаған;
5) мемлекет немесе оның өкілі қателескен;
6) шарт нормалары jus cogens нормаларына қайшы келетін және т.б.
Шартты тоқтату, яғни күшін жою немесе одан қатысушылардың шығуы шарт ережелеріне сәйкес немесе кез-келген уақытта қатысушылар келісімімен жүзеге асады.
Шарт тоқтатылады:
1) мерзімі аяқталғанда;
2) шарт толығымен орындалғанда;
3) осы мәмілеге қатысты жаңа шарт қабылданғанда.
4) екі жақты шарттар бойынша тараптардың бірі шарт ережелерін өрескел бұзғанда екіншісі шарт күшін тоқтатуы мүмкін.;
5) денонсация немесе шарттан шығу; Егер шартта денонсация немесе одан шығу мәселесі қарастырылмаған болса, шарт денонсация жолымен тоқтатылмайды. М: шекараға қатысты шарттар.
Соғыс жағдайда, төтенше жағдайда, табиғи апат жағдайында халықаралық шарт күші тоқтатыла тұруы мүмкін. 1969 ж. және 1986 ж. Вена Конвенциялары бойынша халықаралық шарт қатысушылардың өзара келісімімен өзгертілуі мүмкін. Егер шартта өзгеше көзделмесе шарт қабылданған процедураға сәйкес өзгертіледі.
Халықаралық шарттарды қамтамасыз етуді халықаралық құқық субьектісінің өздері халықаралық кепілдік, бақылау және т.б. жолдармен жүзеге асырады.
Халықаралық кепілдік — бұл мемлекеттің немесе мемлекеттер тобының жасалған шартты қатысушылардың орындауына барлық қажет шараларды қолданатындығына кепіл болатындығы көрсетілген халықаралық құқықтық акт.
