Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mpp_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
195.41 Кб
Скачать

27. Шарттарды жасасу сатылары

Көпжақты шарттар келісуші тараптардың анықтаған тілінде жасалады.Тәжірибеде шарттарды белгілі бір халықаралық ұйымдардың ресми тілдерінде жасасу бекітілген.Әр түрлі тілдегі шарттардың мәтінін аутентикалық және бірдей заңи күшке ие болады. Ешқандай құжатта тіркелмеген халықаралық келісімді джентельмендік келісім деп атайды. 1986 ж. Вена конвенциясы мен 1969ж.халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясы шарттар жасасу терминіне анықтама бермейді.Алайда қалыптасқан халықаралық тәжірибе бойынша шарттар жасасу деп келісуші тараптардың келіссөздер жүргізуінен шарттың күшіне енуіне дейінгі жасалатын барлық әрекеттері түсініледі.

Халықаралық шарттарды жасасу келісімдік бастама, яғни бір не бірнеше мемлекеттердің бір сәтте шарт мәтінінің жобасын көрсету арқылы белгілі бір шартты жасасу ұсынысынан басталады.Шарттар арнайы өкілеттігі туралы құжаты бар тұлғалармен жасалады. Өкілеттік шартты жасасудың барлық сатысына немесе белгілі бір сатысана ғана берілуі де мүмкін.Өкілеттікті беру мәселесі мемлекеттің ішкі заңнамасына сәйкес,белгілі бір мемлекеттік органның құзыретінде шешіледі. 1969 ж. Вена конвенциясының 7б. сәйкес,мемлекет басшылары, үкімет басшылары және сыртқы істер министрлеріөкілеттіксіз халықаралық шарттарды жасасады.Дипломатиялық өкілдіктердің және мемлекет өкілдіктерінің басшылары халықаралық ұйымдар мен конференцияларда өкілдікті қажет етпейді,бірақ олардың әрекеттері тек шарт мәтінін қабылдау аясына ғана шектеледі.

Шарт мәтінін дайындау мен қабылдаудың маңызды сатысы келіссөздер болып табылады.Олар халықаралық конференциялар мен қйымдардағы дипломатиялық каналдар боынша жүзеге асырыла алады. Келіссөздер барысында шартты қабылдау нысаны белгіленеді. Шарт мәтінін қабылдаумен,ережеге сәйкес, келіссөздер аяқталады. Шарт мәтіні қол қою немесе парафирлеу арқылы қабылданады.Халықаралық ұйымдар мен конференцияларда шарт мәтінін олардың үрдісіне сәйкес қабылданады. Соіғы кездері халықаралық тәжірибеде шартты қабылдаудың жаңа нысаны - консенсус (келісімділік, яғни шарт мәтінін дауыс берусіз, қатысушылардың ұстанымдарын келістіру және ешқандай ресми қарсылықсыз қабылдау) арқылы пайда болды. Шарт мәтінін қабылдау сатысы шарт мәтінінің аутентиктігін бекітумен тығыз байланысты.

Аутентикалық шарт мәтінінің түпнұсқалылығы мен дұрыстығын растау болып табылады.Аутентикалықты бекіту шарт мәтінін түпкілікті және өзгертілмейді деген дйекті растауды білдіреді.Аутентикалық шарт мәтініне қол қою ad referendum немесе парафирлеу немесе 1969ж. Венской конвенции 10 б..сәйкес,конференцияның шарт мәтінін қамтитын қорытынды актісімен бекітіледі.Оның үстіне,қатысушы мемлекеттерге шарт мәтінінің аутентиктігін бекіту тәсілін таңдау құқығы беріледі.

Шарттарды жасасудың соңғы сатысы тараптардың шарт ережелерінінң өздеріне міндетті екеніне келісімдерін білдірумен аяқталады.Міндеттемеге келісімді білдіру тәсілдері 1969 и 1986 жж. Вена конвенцияларының 11б. сәйкес, яғниқол қою, шартқа сәйкес құжаттармен алмасу, шартты ратификациялау, оны қабылдау,мақұлдау,оған қосылу немесе тараптармен келісілген өзге де тәсілдермен жүзеге асырылады. Ең көп жиі кездесетін тәсілге қол қоюды жатқызуға болады.Ол сондай-ақ,шартқа қол қойған мемлекетке оны ратификациялау құқығын береді.Халықаралық тәжірибе шартқа қол қоюдың шарт тараптарының қолының орналасу орнымен байланысты белгілі ережелерін ортаға қойды.Сонымен екжақты шарттың астында қол бір-бірінәң астына немесе қарама-қарсы етіп қойылады.Ал, мәтіндегі бірінші орын (сол не оң,солдан оңға қарай жазылатын тілдер үшін) шарттың түпнұсқасы сақталатын тараптың өкілінің қолы қойылады.Шарт атауында бірінші орынға сондай-ақ,шарт түпнұсқасы сақталатын тарап атауы жазылады.Осындай кезек альтернат деп аталады. Көпжақты шарттарда тараптардың қолдары алфавиттік рет бойынша, қатысушылардың келіскен тілінде асты-астына қойылады.Шартқа қол қоюдың кезектілігі жребие тәртібіменбелгіленеді.Халықаралық құқық субъектілері шартты ратификациялау арқылы оның міндеттілігіне келісім бере алады. Ратификация, - 1969, 1986жж. Венских конв.бойынша – халықаралық акт. Бір сәтте ратификация ішкі құқық институты боп табылады, себебі ратификациялау және оның тәртібін құзыретті мемлекеттік орган ішкі құқық сәйкес анықтайды. 1969 и 1986 жж. Венских конвенцияларының 14 б. келесі жағдайда мемлекеттер өз келісімін ратификациялау арқылы бектіеді деп белгілейді:а) егер шартта ратификациятәсілі көрсетілсе, б) келіссөзге қатысушы мемлекеттер ратификацияның қажеттілігі туралы келіскен болса; в) мемлект өкілі шартқа ратификация талабы астында қол қойса; г)мемлекеттің шартқа қол қою мақсаты ратификация талабынан туып,бқл жайлы келіссөз барысында өкілі білдірген болса . Мұның үстіне, мемлекеттердің ішкі заңнамалары осындай шарттардың міндетті түрде ратификациялануын бекітеді.Екәжақты шарт қатысушылары ратификациялық грамоталармен алмасады. Көпжақты шарттардың ратификациялық грамоталары шарт тараптарымен белгңленген депозитариге беріледі. ad referendum (шартты түрде қол қою) мұндай қол қою тиісті тараптың растауын қажет етеді. парафирлеу-шарт мәтінінің әрбір бетіне тарап өкілдерінің инициалымен қол қою.Оңнан солға жазылатын тілдерде бірінші болып оң жақтағы қол танылады.

****Халықаралық шарттарды жасасу, орындау және жою бойынша Қазақстан заңнамасы.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы Заң халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және олардың қолданылуын тоқтату тәртiбiн айқындайды. Сонымен заңнама бойынша халықаралық шарт - Қазақстан Республикасы шет мемлекетпен (шет мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен (халықаралық ұйымдармен) жазбаша нысанда жасасқан және мұндай келiсiмнiң бiр құжатта немесе өзара байланысты бiрнеше құжаттарда екендiгiне қарамастан, сондай-ақ оның нақты атауына қарамастан халықаралық құқық реттейтiн халықаралық келiсiм;

Заңның 3 бабына сәйкес ҚР-ның қатысушы болу ниеті бар х/қ шарттарға, сондай –ақ х/қ шарттар жобаларына өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ҚР-ның мүдделі орталық мемлекеттік органдарымен келісілгеннен кейін міндетті түрде ҚР-сы Әділет министрлігінде заңдылық сараптама жасалуға тиіс. Сараптама жүргізілген кезде:

ҚР қатусушы болу ниеті бар х/қ шарттар ережелерінің, сондай –ақ х/қ шарттар жобаларының ҚР-ның заңнамасына сәйкестілігі туралы қортынды береді;

ҚР-ның өзі үшін х/қ шарттардың міндетті екендігіне келісім білдіру тәсілдерін айқындайды.

Сараптамадан өткен х/қ шарт ҚР Сыртқы істер министрлігінде келісілуге тиіс. Онда:

Х/қ шарттарды жасасудың сыртқы саясат тұрғысынан қисындылығы туралы қортынды береді.

ҚР –ның қатысушы болу ниеті бар х/қ шарттар ережелерінің, сондай-ақ х/қ шарттар жобаларының ҚР-ның х/қ шарттық және өзге де міндеттемелеріне сәйкестігі туралы және олардың күшіне енуі мен орындалуына байланысты басқа да мәселелері бойынша қортынды береді.

ҚР-сы жасасатын х/қ шарттардың түрлерін айқындайды.

Қажет болған жағдайда ғылыми сараптама жүргізіледі. Ғылыми сараптаманы ҚР заңнамасына сәйкес ғылыми ұйымдар және тиісті бейіндегі жоғарғы оқу орындары, ғалымдар мен мамандар арасынан тартылған, соның ішінде шетелдерден тартылатын сарапшылар жүргізеді. Ғылыми сараптама:

Жобаның сапасын, негізділігін, уақтылылығын және заңдылылығын, сондай-ақ адамның және азаматтың ҚР-ның Конституциясымен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарының сақталуын бағалау;

ҚР-ның қатысушы болу ниеті бар халықаралық шарттың, сондай-ақ х/қ шарт жобасының ықтимал тиімділігін айқындау;

Х/қ шарт жасасудың ықтимал теріс салдарын анықтау мақсатында жүргізіледі.

ҚР мемлекеттік органдары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша ҚР Президентіне және ҚР Үкіметіне халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекіту, қабылдау туралы және олраға қосылу туралы ұсыныстар береді. ҚР қолданыстағы әрбір х/қ шартын ҚР-ның міндетті және адал орындауына жатады. ҚР Конституциясының 4, 8 баптарында да х/қ шарттардың жағдайы қарастырылған. ҚР Президенті мен ҚР Үкіметі ҚР х/қ шарттарының орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды. ҚР-ның орталық мемлекеттік органдары өз құзыреті шегінде ҚР-ның х/қ шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді, осындай х/қ шарттардан туындайтын ҚР-на тиесілі құқықтардың жүзеге асуын және х/қ шарттарға басқа да қатысушылардың өз міндеттемелерін орындауын қадағалайды.ҚР –ның х/қ шарттарының орындалуына жалпы қадағалауды және бақылау жасауды ҚР-ның Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады. Халықаралық шарттар жөніндегі міндеттемелерді оларға басқа қатысушылар бұзған жағдайда ҚР-ның Сыртқы істер министрлігімен келісе отырып, х/қ құқықтың нормаларымен ҚР-ның х/қ шарттарының өздерінің талаптарына сәйкес қажетті шаралар қолдану туралы ұсыныстарды:

ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша ҚР Президентіне

ҚР-ның орталық атқарушы органдары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша ҚР Үкіметіне енгізеді.

ҚР х/қ шарттарын оларға басқа қатысушылар бұзған жағдайда, сондай-ақ х/қ құқықтың нормаларында көзделген өзге де жағдайларда, мұндай х/қ шарттың қолданысы тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін. ҚР х/қ шарттары оларда көзделген немесе х/қ шарттарға қатысушылардың арасында келісілген тәртіппен және мерзімдерде күшіне енеді. Х/қ шарттар туралы ҚР заңының х/қ шарттарды ҚР мен уақытша қолдану деп аталатын 18 бабының ережелері бойынша х/қ шарттар немесе олардың жекелеген ережелері ҚР қолданыстағы заңдарына сәйкес келетін жағдайда шарттық күшіне енуіне дейін қолданылады егер ол жөнінде шарттың өзінде айтылған болса немесе келіссөздерге қатысқан мемлекеттермен уағдаласқан болса. Егер х/қ шартта өзге тәртіп көрсетілмеген болса және ол жөнінде шартқа қол қойған шет мемлекеттермен және х/қ ұйыммен келіспеген болса х/қ шарттардың немесе олардың ережелерінің ҚР мен уақытша қолдануы оларға Қазақстанның х/қ шартқа қатыспау ниеті хабарлама жібергеннен кейін барып тоқтатылады. ҚР-ның х/қ шартқа немесе оның ережелеріне қатыспау ниеті жөніндегі шешім х/қ шартқа қол қою туралы шешім қабылдаған ҚР Президентімен немесе Үкіметімен қабылданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]