Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mpp_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
195.41 Кб
Скачать

25. Ксро ыдырағаннан кейінгі құқықмирасқорлық мәселелерін шешу.

Мемлекетттердің меншігі мен қарыздарына қатысты мемлекеттердің құқықмирасқорлығы мәселесі Вопросы правопреемства государств в отношении государственной собственности и долгов в универсальной о правопреемстве государств v в отношении государственной собственности, государственных архивов и государственных долгов 1983 ж. мемлекеттік меншік, мемлекеттік мұрағат және мемлекеттік қарызға қатысты мемлекеттердің құқықмирасқорлығы туралы әмбебап Вена конвенциясында кодификацияланған 1983ж. Вена конвенцясы халықаралық құқық пен жаңа нормалардың кодификациялану нәтижесіндегі «ұдайы дамудың қайнар көзі болып табылады»Оның үстіне ол еркін келісім, әділдік және pacta sunt servanda қағидаларына негізделеді. 1978 және 1983 жж. мемлекеттердің құқықмирасқорлығына бағытталған Вена конвенциялары қабылданбас бұрын, халықаралық құқықта құқықмирасқорлық ұғымы болмады. Бұл мәселе халықаралық құқықт пен ішкі мемлекетттік құқықтың жалпы мақсаттарын қанағаттандыру қажеттілігімен шиеленістірілді. Бүгінге дейін1983ж. Вена конвенциясы талаптарға сәйкес күшіне енбеді,оның бұрынғы жинақталған және жаңа нормалары қатысушы мемлекеттер үшін жайқұқықтық сипатында әрекет етеді. XX ғ. Соңғы онжылдығы мемлекеттердің құқықмирасқорлығы аясына жаңа халықаралық –құқықтық тәжірибе әкелді. Құқықмирасқорлық институты қолданылатын төрт ірі оқиға : екі германдық мемлекеттердің қосылуы, КСРО құлдырауы, ЮКФР құлауы және Чехословакияның бөлінуі.Дәл осы сәтте екі маңызды оқиға: 1991ж. екі Йемендердің бірігуі және 1993 ж. Эритреяның Эфиопиядан бөлінуі орын алды. Осы жағдай мемлекетттердің меншігі мен қарыздарына қатысты мемлекеттердің құқықмирасқорлығы мәселесіне өзектілік берді. 1983ж. Вена конвенцясын қабылдағаннан кейін бұл мәселені талқылау сиректікке айналды.

26. Халықаралық шарттардың түсінігі мен түрлері.

Халықаралық шарт- бұл мемлекеттер арасындағы  немесе халықаралық  құқықтың  басқа субъектілер арасындағы жазбаша немесе  ауызша  нысанда жасалатын және халықаралық  құқықпен реттелетін  халықаралық келісім.

Халықаралық шарттардың әртүрлі атауы бар: конвенция, пакт, келісім, статут, хаттама, хартия. Келісімшарттың заңды күші оның атауына байланысты емес.

Халықаралық келісімшарт  құқығының субъектілері болып  халықаралық құқықтың  барлық субектілері  табылады, өйткені олардың халықаралық келісімшартты жасасуға құқықтық қабілеті бар. Бірақта осындай құқық қабілеттілік халықаралық құқықтың негізгі қағидаларынан немесе басқа да императивті нормаларымен шектелген.  Халықаралық құқықтың негізгі (егеменді)  субъектілері халықаралық құқықтық реттеудің пәні болып табылатын кез келген сұрақ бойынша  келісімшарт жасасуға  құқылы. Онда халықаралық құқықтың туынды (егеменді емес) субъектілерінің құқық қабілеттілігі олардың құрылтай құжаттарымен айқындалады. Халықаралық  ұйымдардың  құқық субъектілігі олардың жарғыларымен шектелген.

Халықаралық шарттар үшінші мемлекеттер үшін олардың бұған келісімсіз құқықтар тудырмайды. Бірақта келісімшарттқа қатыспайтын мемлекеттер оның жағдайларын халықарлық құқықтың  жай нормалары ретінде қолдануы мүмкін. Келісімшарттың субъектілері болып мемлекеттер  және халықаралық  ұйымдар да болуы мүмкін. Кейбір жағдайда халықаралық құқықтың субъектісі болып табылмайтын тұлғалармен де  жасалады, мысалы, үкіметаралық келісім,  бұнда мемлекетпен қатар ірі кәсіпорын да қатысады.

Халықаралық шарттардың түрлері:

1) келісімшартқа отыратын субъектілеріне байланысты халықаралық келісімшарт 3 түрге бөлінеді:

а) Мемлекетаралық (мемлекет атынан жасалтын)

б) Үкіметаралық (үкімет атынан жасалатын)

в) Ведомоствааралық (ведомство атынан, мысалы, атқарушы билік органдарымен жасалынатын).

2) Келісімшартқа отырушы субъектілердің саны бойынша:

а) екіжақты;

б) көпжақты.

3) нысаны бойынша: ауызша және жазбаша.

Келісімшарт нысаны. Халықаралық келісімшарттар жазбаша несеме ауызша нысанда жасалады.1969ж. және 1986ж. келісімшарт құқығы туралы Вена Конвенциялары  тек жазбаша келісімшартты жасасу, орындау немесе тоқтату тәртібін белгілейді. Ауызша келісімшарттарға қатысты халықаралық құқықтың нормалары кондификацияланбаған.

Келісімшарттың құрылысы. Халықаралық келісімшарттар ереже бойынша мынадай бөлімдерден тұрады.

1) Кіріспе  бөлім (преамбула)- бұнда келісімшартты жасасу  мақсаты, шарт тараптары көрсетіледі.

2) Орталық  бөлім – бұнда келісімшарт пәні,  тараптардың құқығы мен міндеттері көрсетіледі.

3) Қорытынды бөлім - бұнда келісімшарттардың күшіне ену, оның әрекет ету мерзімі, тоқтату тәртібі көрсетіледі.

Кейбір жағдайларда шарттарға  қосымшалар тіркеледі, бұнда шартқа түсінік беру,  дауларды  шешу жолдары көрсетіледі.

Келісімшарт тілдері. Екі нақты субъектілердің арасындағы келісімшарттар келісуші тараптардың тілдерінде жасалады. Екі тілде жасалған мәтіндердің заңды күші бірдей болады.

Көпжақты халықаралық келісімшарттар  бір немесе бірнеше тілдерде жасалады. Басқа тілдерге  ресми аударылады, ол келісімшарттың депозитарийімен бекітіледі және содан кейін келісімшартың  қатысушыларына беріледі. Мысалы, Б¦¦ Жарғысы 5 тілде жасалған: орыс, ағылшын, француз, испан, қытай тілдерінде. Тек осы тілдердегі мәтіндер Жарғының ресми мәтіндері деп аталады, ал қалған мәтіндер куәландырылған аудармасы болып табылады.  Қазақстан Республикасында екі жақты және көп жақты халықаралық шарттар екі (көбінесе, орыс және қазақ тілдерінде)  немесе үш тілде жасалуы мүмкін (ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]