
- •1 Халықаралық жүйенің т.Сінігі және оның құрамдас бөліктері.
- •2 Халықаралық және ішкімемлекеттік құқықтардың арақатынасы.
- •3 Халықаралық жария құқық және халықаралық жеке құқық: арақатынасы және өзара әрекеттесуі.
- •4 Халықаралық құқықтың тарихы.
- •5 Халықаралық құқықтың қайнар көздері.
- •6 Халықаралық-құқықтық нормалар, олардың түрлері мен құрылымы.
- •1) Нормадағы ұйғарымдардың сипаты бойынша:
- •7 Халықаралық құқықтың кодификациялануы.
- •8)Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •9)Күш қолданбаудың халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •10)Аумақтық біртұтастық пен қол сұғылмаушылығы халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •11)Шекараның қол сұғылмаушылығы мен бұзылмастығы халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •12)Мемлекеттердің ішкі істеріне араласпауы халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •13)Мемлекеттер егемендігінің теңдігі халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •14)Халықаралық құқық бойынша міндеттемелерді адал орындау халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •15. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық тетіктері.
- •16.Халықтардың тең құқылығы және өзін-өзі анықтау халықаралық-құқықтық қағидасы
- •17.Халықаралық дауларды шешудің халықаралық-құқықтық құралдары.
- •18. Халықаралық құқықтағы құқықсубъектілік.
- •20. Халықаралық құқықтағы мемлекеттер юрисдикциясы мәселелері
- •22. Мемлекеттер конституциясы және халықаралық құқық.
- •23. Халықаралық құқытағы тану институты
- •24. Халықаралық құқықтағы құқықмирасқорлық институты.
- •25. Ксро ыдырағаннан кейінгі құқықмирасқорлық мәселелерін шешу.
- •26. Халықаралық шарттардың түсінігі мен түрлері.
- •27. Шарттарды жасасу сатылары
- •28. Халықаралық шарттардың әрекет етуі және тоқтатылуы.
- •43. Халықаралық экономикалық құқықтың пәні мен жүйесі.
- •Халықаралық экономикалық жүйедегі мемелекеттердің дифференциациясы.
- •45. Халықарлық экономикалық құқықтың қағидалары.
- •Халықаралық сауда жүйесі және оның құрамдас бөліктері.
- •Халықаралық сауда құқығының түсінігі және қағидалары.
- •Тариф және сауда бойынша бас келісім (гатт): ьарихы және жалпы сипаттамасы.
- •Дүниежүзілік сауда ұйымы (дсұ): жалпы сипаттамасы.
- •57. Халықаралық теңіз құқығының түсінігі, қағидалары және қайнар көздері. Теңіз кеңістіктерінің құқықтық режимдері.
- •58. Cуэц, Киль, Панама
- •61.Халықаралық әуе тасымалының түсінігі әдетте келесідей коммерциялық құқық (немесе «ауа бостандығы») арқылы ашылады:
- •62. Халықаралық ғарыш құқығының түсінігі, қағидалары және қайнар көздері. Ғарыш объектілерінің халықаралық-құқықтық режимі және ғарышкерлер мәртебесі.
- •63. Халықаралық іс жүргізу құқығының концепциясы.
- •64.Бұұ халықаралық соты.
- •65.Халықаралық сот мекемелері (Халықаралық қылмыстық сот, теңіз құқығы бойынша Халықаралық трибунал, басқа да халықарлық трибуналдар және арнайы соттар).
- •1993 Жылы 22 қаңтарда Минск қаласында Достастық Жарғысы бекітілді.
- •67.Тмд құқығы: түсінігі, қайнар көздері және қағидалары.
- •1993 Жылы 22 қаңтарда Минск қаласында Достастық Жарғысы бекітілді.
- •68.Тмд қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері (мақсаттары, мүшелік, органдары).
- •69.Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құқықтық мәртебесі.
- •70.Қазақстан, Ресей және Белоруссияның Кедендік одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістігі: құрылуы, дамуы және перспективалары.
- •72. «Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасының дәйекті де болжамды сыртқы саясаты.
24. Халықаралық құқықтағы құқықмирасқорлық институты.
Халықаралық құқық мирасқорлығы бұл бір субъектінің құқықтары мен міндеттерінің белгілі бір оқиғалармен жағдайлардың туындауы нәтижесінде екінші біреуге өту. Халықаралық құқықтық тарихыныан екі диаметралдық қарама-қайшы теориялар белгілі. Әмбебап құқықмирасқорлық теориясы XVII-XIX ғасырларда пайда болған. Бұл теорияның мәні,субъект мирасқордың барлық құқықтар мен міндеттерді толық көлемде мұраға алуынн көрінеді. Бұл терияны Г.Гроций енгізген болатын. Ал келеңсіз теория ХХ ғасырдың басында пайда болды. Оның өкілі А.Кейтс болды, ол халықаралық құқықтың жаңа субъектісінің бұрынғы субъектісінің еш қатысы жоқ деп есептейді.осы теорияның бірқатар жүйесі де болды. Ол tabula rasa теориясы-таза тап теориясы мен мінсіз бедел теориясы еді. Құқықмирасқорлықтың қазіргі жағдайында қарастрылып отырған теориялардың бірде-бірі дәлел таппай отыр. Құқық мирасқорлықты жүзеге асырған кезде , қанша мемлекет қатысушы болуына қарамастан, әрдайым екі жақ ажыратылады: құқықты беретін (предшественник) мемлекет, толық немесе территориясының бір бөлігіне қатысты халықаралық қатынастың жаңа жауапкершілігіне ауысады, мирасқор мемлекет-осы жауапкершілік өтетін мемлекет. «мирасқордың кезі» деген анықтама жоғарыда аталған құқықтық мемлекеттің жауапкершілігі мирасқор мемлекетке өтуді білдіреді. Құқық мирасқордың объектісі, халықаралық қатынастың жауапкершілігін мойнына алған мемлекеттің территориясы болып табылады. құқықмирасқорлықтың негізгі мәселелері мынандай аумақтық және әмебептық көпжақты шарттармен реттеледі: 1971 ж 23 тамызындағы мемлекеттердің шартқа қатысты құқықмирасқорлығы туралы Вена Конвенциясы, 1983 ж 8 сәуірдегі мемлекеттік меншік мемлекеттік мұрағат және мемлекеттік қарыздаға қатысты құқықмирасқорлық туралы Вена Конвенциясы, КСРО-ның сыртқы мемлекеттік қарыздары мен мұрағаттарының құқықмирасқорлығы туралы 1991 ж 4 желтоқсандағы Шарт. КСРО таратылып, тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан кейін, ТМД құқықмирасқорлық институтына қатыс бар мынандай шарттарға қол қойылды:ТМД мемлекеттер басшыларының «Бұрынғы КСРО –ның шетелдердегі меншігі туралы» 1991 ж 30 желтоқсандағы Келісімі, КСРО –ның сыртқы мемлекеттік қарыздары мен активтеріне қатысты құқықмирасқорлық туралы шартын толықтыру жөніндегі 1993 ж 13 наурыздағы Келісім, Бұрынғы КСРО-ның шетелдердегі барлық меншігін бөлу туралы 1992 ж 6 шілдедегі келісім, бұрынғы КСРО – ның сыртқы мемлекеттік қарыздары мен активтеріне қатысты құқықмирасқорлық мәселелерін реттеу жөнінде ҚР менРФ арасындағы 1993 ж 6 қыркүйектегі Келісім және басқалар. Халықаралық құқықта мемлекеттердің мирасқорлығы туалы мәселелері мынандай жағдайларды туындайды: мемлекеттердің бірігуі; мемлекеттердің бөлінуі; мемлекеттен бір территорриторияның бөлінуі; бір мемлекеттің территориясын басқа бір мемлекеттің территориясына өтуі. Халықаралық құқтық реттеуге байланысты құқықмирасқорлық жүзеге асатын жердің белгілі бір аясы ажыратылады. Олар: халықаралық келісім-шарттарға байланысты мемлекеттердің, мемлекеттік жеке-меншік, мемлекеттік архивтер, мемлекеттік қарыздар, мемлекеттік территория, мемлекеттердің шекаралар, халықаралық ұйымдар мен органдарға мүшелігі туралы мирасқорлықтар. 1978 ж Вена Конвенцияна енген халықаралық құқықтық нормаларға және халықаралық тәжіребиеге сай, шарттарға байланысты құқықмирасқорлық, құқықмирасқорлықтың негізі не болып табылатынына байланысты анықталады, яғни, мемлекеттердің бірігулеріне немесе бөлінулеріне немесе бір мемлекеттің бір бөлігінің территориясынан бөлінуіне байланысты. Мемлекеттердің бірігуі, яғни бір мирасқор мемлекет құрылған кезде, әр бірігуші мемлекеттерге қатысты мирасқор кезінде әрекет етуші кез келген құжат , егер осы және басқа қатысушы мемлекет арасында өзге жағдайлары туралы келіспесе, мирасқор мемлекетке қатысты әрекететеді. Бұл келісімшарт құқықмирасқорлық әрекет еткен мирасқор мемлекеттің бір бөлігінде ғана қолданылады. Осылайша, мирасқор мемлекет және көпжақты шрттың қатысушылар саны саны шектелген барлық мемлекеттер келісулері мүмкін. Сонымен қатар аталған мирасқор мемлекеттің бір бөлігіне қатысты шрттың қолданылуына барлық қатысушы мемлекеттердің келісімдері қажет. Егер, көпжақты шарт аталып өткен екі категориясына да жатқызылмаса, мирасқор мемлекет шартта, қатысушы мемлекеттерге , оның барлықтерриториясында әрекет ететіні жайында хабарлауы керек. құқық беруші мемлекеттің территориясын бөлген және оның территориясына бірнеше мирасқор мемлекет қалыптасқан кезде, бұрын оның территориясында әрекет еткен кез келген шарт, территориясында қалыптасқан мирасқор мемлекетте әрекететуін жалғастарады. Бірақ, егер бұл шарт бұрын құқық беруші мемлекеттің бір бөлігінде әрекет етсе, кейін ол бөлігі құқық мирасқор мемлекетіне айналса, сол мирасқор мемлекетте ғана әрекет етеді.егер бір мемлекеттің бір бөлігі екінші бір мемлекеттің бір бөлігіне айналса, сол бөлігіне қатысты құқықберуші мемлекеттің шарттары күшін жойып, мирасқор мемлекеттің әрекетіне енеді. Егер осы территорияға қатысты шарттың мақсаттары мен оъектісі сәйкес келмесе немесе әрекет ететін шарттарын түбірімен өзгертетін болса, шарттың жасалуы сыйымсыз болар еді. Мемлекеттердің бөлінуіне, бірігулеріне, мемлекеттің бір бөлігін бөліп алу немесе оны басқа бір мемлекетке өткізген жағдайда, шартқа қатысты құқық мирасқорлық 1978 жылғы Вена конвенциясымен реттеледі. Қазіргі замнның халықаралық құқығы Вена кеонвенциясында көрініс тапқаны бойынша, шартта бекітілген құқық , мирасқор мемлекеттің шекараларына сонымен қатар шекаралардың режиміне қатысты және шартта көрсетілген құқықтары мен міндеттеріне қол сұқпайды. Осы жағдай, мирасқор мемлекеті қалыптасқан кезде, мемлекеттердің шекаралары мен режимдерін қалыпты ұстап тұруға кепіл болып отыр. Қатысушылардың саны шектелген мемлекеттермен көптеген көпжақты келісімшарттар бар, сонымен қатар екі жақты келісімшарттар да бар, әсіресе, бірқатар мемлекеттердің мүделерін қозғайтын қаруды бақылау мен қарусыздану саласындағы шарттар жатады. Мемлекеттердің жеке меншігіне қатысты құқықмирасқорлық, құқық беруші мемлекеттің ішкі заңнамаасына сай, құқықтары, мүдделері, мүлкі мирасқор мемлекетке өтілмес бұрын иелену дегенді білдіреді. Мемлекеттің жеке меншігінің мирасқорлығының басты мәселесі, мирасқор мемлекетке өтетін жеке меншіктің орнын толтыруы болып табылады. 1983 жылғы Конвенцияға сай мұндай жеке меншіктің өтуі орын толтырусыз өту керек, егер халықаралық органдардың шешімі көрсетілмесе немесе мүдделі мемлекеттермен келісілген болса. Сонымен қатар Конвенцияда, мемлекеттерді бөлген кезде немесе бір бөлігі басқа мемлекетке өтудің мирасқоры кезінде пайда болатын, құқық беруші мемлекет пен мирасқор мемлекет арасында, әділ орын толтыруға зиян келтірмеуі туралы жағдайлары ескерілген. Құқық беруші мемлекет мирасқор мемлектке өтетін кезінде жеке меншіктің бұзылмауы мен зиян келтіруін болдырмау үшін міндетті түрде барлық шаралырды қолдану керек. Құқық беруші мемлекеттің ішкі заңнамасына сәйкес, үшінші мемлекетке тиесілі және құқық беруші мемлекеттің территориясында орналасатын құқықтары мен міндеттерін мирасқорлықта қозғалмайды. Қозғалатын және қозғалмайтын жеке меншікке қатысты құқықмирасқорлық. Мемлекеттерді бөлу кезінде және оның территориясында бір немесе бірнеше құқық мирасқор мемлекетпайда болған жағдайда: құқық беруші мемлекеттің жылжымалы жеке меншігі территориясында орналасқан мирасқор мемлекетке өтеді; құқық беруші мемлекеттің шегінен тыс орналасқан жылжымайтын жеке меншігі, 1983 ж Вена Коныенциясында көрсетілгендей «әділ бөлігі» негізінде мирасқор мемлекетке өтеді. Егер мирасқор мемлекеттер өзгеге келіспесе осы жағдайлар қолданылады. Өзінің территориясынан өзге мемлекеттің территориясына жекеменшктің өтуі, осы мемлекеттердің арасндағы жасалған шартпен реттеледі. Егер осындай келісім болмаса, осы территорияға қатысты құқық беруші мемлекеттің қызметімен байланысты жылжымайтын жеке мүлік мирасқор мемлекетке өтеді. Мемлекеттің бір бөлігінен бөлінуі және сол жерде мирасқор мемлекеттің қалыптасуы немесе бңрнеше мемлекеттің бірігуі кезінде: құық беруші мемлекеттен бөлініп кеткен территорияда орналасқан жылжымайтын жек мүлік мирасқор мемлкетке өтеді; өс территорияның бөлігіне қатысты құқықберуші мемлекеттің әрекетімен байланысты жылжитын жеке мүлік мирасқор мемлекетке өтеді. Жеке меншікке байланысты мемлкекеттердің мирасқорлығы ядролық қару жарақтарына таратылмайды. 1968 ж «ядролық қаруды таратпай туралы» келісімге сай, келісуші мемлекеттер, Ресей, АҚШ, Ұлыбритния, Франция, Қытай болсын еш бір мемлекетке ядролық қаруын және басқа да жарылатын ядролық қаруларды өткізбеуге міндеттенеді, ал ядролық қаруы жоқ мемлекет, бұл қаруларды ешбір мемлекеттерден қабылдамауын міндеттенеді. Мемлекеттердің архивтерге қатысты мирасқорлығы. Құқық беруші мемлекеттердің архивтері, оның ішкі құықғына сай, құқықмирасқорлық кезіндежәне архив ретінде әр түрлі мақсаттар үшін онымен бақылауға алынып сақталған, сол мемлекеттің қызметі кезінде иеленген немесе шығарылған кез келген құжаттың жүйесі. Мүдделі мемлекеттердің немесе халықаралық органның шешімі бойынша, құықберуші мемлекеттің архивтерін мирасқор мемлекетке өткізетін кезде орын толтыру бекітіледі. Өзге жағдайда көрсетілмесе орын толтырусыз өткізіледі. Осы тәртіппен архивтердң өту мерзімінің мәселесі шешіледі. 1983 жылғы Вена конвенциясында құқықберуші мемлекетпен мирасқор мемлекетке архивтердің жойылуына не залал келтіруіне байланысты базалық шаралыарды қолданулары керек. Мемлекеттердің бірігуі не мирасқор мемлекет қалыптасқан кезде құқық беруші мемлекеттің архивтері өтеді. Мемлекеттерді бөлу кезінде оның орнына бірнеше мемлекеттер қалыптасқан кезде мирасқор мемлекеттің территориясында орналасу керек болатын, құқық беруші мемлкеттің архивтерінің бір бөлігі осы территорияны басқару мақсатымен мирасқор мемлкетке өтеді. Мемлекеттік қарыздарға байланысты мемлкеттердің мирасқорлығы. Құық беруші мелекеттің басқа бір мемлекетке қатысты халықаралық ұйымға немесе халықаралық құықтың өзге субъектісіне қатысты халықаралық құықпен пайда болған кез келген қаржылық міндеттер. Мемлекеттік қарыздың мирасқорлығы несиеге қатысты құқықтары мен міндетерін қозғамайды. Егер мүдделі мемлекеттер арасындағы келісімімен немесе халықарылық органның шешімдерінде өзге жағдай көрсетілмесе, қарыздың мирасқор мемлекетке өту мерзімі, мирасқорлықтың кезі болып табылады. егер мемлекеттер бірігіп, бір мемлекетті құрса, оған құқық беруші мемлекеттің қарыздары өтеді. Мемлекетті бірнеше бөліктерге бөлген кездемирасқор мемлекеттер өзара келісілген жаәдайларда, мемлекеттік қарыз оларға әділ бөлікке, құқықтары мен міндеттерін, мүліктерін ескере отырып бөледі. Осындай тәртіп мемлекеттердің бір бөлігі бөлектенген кезде және сол жерге жаңа мирасқор мемлкет пайда болған кезде немесе бөлінген мемлекет басқа бір мемлекеттің территориясына қосылған болса, бір мемлекеттің терриоиясына қосылған болса, бір мемлекеттің бөлігі екінші мемлекетке берілген болса жүргізіледі. КСРО мемлекеттік қарыздарға байланысты құқықмирасқорлық, мемлекеттер одағы ыдырағынша реттеу пәні болып табылған. 1991 жылы 28 қазанда Армениямен, Белорусиямен, Қазақстанмен, Қырғыстанмен, Молдовамен, Ресеймен, Тәжікстанмен, Туркменстанмен КСРО мен борышқор батыс елдері арасында шетел борышқорының КСРО –ға сыртқы қарызына және олардың құқытықтарына қатысты өзара түсіністік туралы Меморандум қабылдады. Кейін КСРО құрамына кіретін республикалары мен КСРО-ның өзімен 1991ж 4 желтоқсанда КСРО-ның мемлекеттік қарыздары мен архивтерінің құқықмирасқорлығы туралы Келісім қабылданды. 1992 ж 13 наурызда осы келісімге толықтырулар енгізілді.