Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mpp_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
195.41 Кб
Скачать

23. Халықаралық құқытағы тану институты

Халықаралық құқықтағы тану дегеніміз-халықаралық құқық субъектісінің жаңадан пайда болған субъектілермен қарым-қатынас ниетін білдіретін біржақты заңды актісі. Тану институты әлі күнге дейін кодификацияланбаған, біріақ осы бағытта біршама әдістерді қолданған. 1946 ж БҰҰ-ның халықаралық құқықтық Комиссиясы кодификацияға жататын мемлекеттер мен үкіметті тану туралы мәселесін талқылауға қойған, бірақ бұл мәселе өз шешеімін тапқан емес. Тарихта танудың екі теориясы қалыптасқан-декларативті және конституитивті. Декларативті теория. Бұл теория бойынша жаңадан құрылған мемлекет басқа мемлекеттің тануынсыз халықаралық құқық субъектісі бола алады. Осы теорияға сәйкес жаңадан құрылған мемлекеттерің халықаралық құқық субъектісі ретінде қарым-қатынасқа түсуін тек нақтылап отырады. Конститутивті теория. Бұл теория бойынша халықаралық аранеадағы жаңадан құрылған субъект басқа мемлекеттер тарапынан танылмайынша халықаралық құқық субъектісі бола алмайды. «Нет признания-нет субъекта». Осы концепция 1856 жылғы Париж конгресінд көрініс тапқан, ол бойынша, мемлекеттің тәуелділігін ескере отыра, халықаралық аренаға шығу үшін ұлы державалардың келісімі қажет деп делінген. Осы Конгресстің нәтижесінде Турция европа мемлекеттерімен ынтымақтастыққа жіберілді. 1949 жылы ҚХР – сы қалыптасқаннан кейін, көп уақыт бойы оны АҚШ танымай қойды. Тану, мемлекеттерге өзінің негізгі құқықтарымен міндеттерін пайдануға және халықаралық құқықтық нормаларды қалыптастыру мен қамтамасыз етуге қатысуға толықтай мүмкіндік береді. Тану, халықаралық құқықтың қағидаларына сай жүзеге асырылады. Соның ішіндегі ынтымақтастық қағидасы, жаңа қалыптасқан және бар мемлекеттердің тұрақты қатынастарын дамытуды талап етеді, ол өз кезегінде танусыз жүзеге асырылмайды. Тәжіребиеде танудың үш түрі бар: de jure -құрылған мемлекеттер мен екі жақты дипломатиялық байланысты орнату саяси экономикалық және басқа да қатынастарды қалыптасытру мақсатында толығымен түпкілікті тану болып табылады. de facto – тану жаңадан құрылған мемлекеттердің ары қарай өмір сүруіне күмән келтірген жағдайдағы тану болып табылады. ad hoc – бір жолғы тану. Көбіне халықаралық тәжіребиеде көп қолданылады. Үкіметпен мемлекеттердің келіссөздері үшін қолданылады. Ол танылмайды. Халықаралық құықта танудың түрлерімен қатар танудың келесідей нысандар бар: мемлекеттерді тану, үкіметті тану, өз тәуелсіздігі үшін күресуші үшін күресетін халықтар мен ұлттарды тану. Мемлекеттерді тануға мысал ретінде, 1993 жылғы 12 мамырдың «Эритреяны тану туралы» РФ-ы Пезидентінің жарлығын келтіруге болады. онда былай деп айтылған: «тәуелсіздік референдумының қорытындысы бойынша, Эретрия жаңа мемлекеті жарияланды. Эретрия дербес және тәуелсіз мемлекет ретінде танылсын». Егерде тануды дайындайтын құжаттың актісінде үкіметті тану жайынжа сөз айтылса, ол мемлекетті танумен бірдей деген сөз. Халықаралық тәжіребиеде , қалыптасқан мемлекетте жаңа үкіметті тану мәселесі туындауы мүмкін. Ол әсіресе, конституциялық емес жолмен келген үкіметтің билігімен анықталады. Осы жағдай бірнеше заңи доктриналарды көрініс тапқан. 1907 ж сыртқы істер министрлігі Экводор Тобар, билікке революциялық жолмен келген үкіметті танымау доктринасын алға шығарды. Ал 1930 жылы сыртқы істер министрі Мексика Эстрада бойынша, жоғарыда аталып өткен жағдайда, шетел мемлекеттер танудың арнайы актілерін қолданылудың қажеті жоқ, билік басына келеген үкіметтің дипломатиялық өкілдерінің аккредитациясы жарайды. өз тәуелсіздігі үшін күресуші үшін күресетін халықтар мен ұлттарды тану. Өз мемлекеттігі үшін күресуші ұлттар, халықаралық құқықтың субъектісі болып табылады. Осы күресі нәтижесінде ол, өзінің атынан шығатын органдарды құрады. Мысалы, палестина халықының өкілі ретінде, Палестинаны босату Ұйымын, Намбия халықының өкілі ретінде, шығыстық батыс Африканың Ұлттық ұйымдарын тану.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]