- •Иммундық тапшылықтар. Ілкі және салдарлық иммундық тапшылықтар (ит) жіктелуі
- •V. Зат алмасудағы тұқым қуалайтын аномалия
- •Vі. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •Vіі. Фагоцитоздың тапшылығы
- •Vііі. Жергілікті иммунитет патологиясы
- •Ілкі иммундық тапшылықтар (іит)
- •Иммунитеттің генетикалық ақауларының пайда болу схемасы
- •Тимомаға байланысты иммундық дефицит.
- •Салдарлық иммундық тапшылықтар.
- •1. Құрама (комбинированные) сит
- •1.8. Постспленэктомиялық синдром.
- •1.9. Тимико-лимфотикалық синдром.
- •1.10 Иммунды комплекстер патологиясының синдромы.
- •Иммундық тапшылықтар түрлері
- •Жұқпалы аурулардағы иммундық тапшылықтар
- •Қатерлі өспелер және иммундық тапшылық жағдайлар
- •Зат алмасуы бұзылғандағы салдарлық иммундық тапшылықтар.
- •Көз ауруларындағы иммундық тапшылықтар.
- •Хирургиялық операциялардан және жарақаттардан кейінгі иммундық бұзылыстар.
- •Ііі. Қорытынды.
- •Іv. Пайдаланылған әдебиеттер.
Салдарлық иммундық тапшылықтар.
Салдарлық жүре пайда болатын иммундық тапшылықтар фенотип деңгейінде сыртқы ортаның әсерімен қалыптасады. Ілкі иммундық тапшылығы сияқты деңгейінде генетикалық байланысы бар. Салдарлық иммундық тапшылықтар өте жиі кездеседі.
Салдарлық иммундық тапшылық алғашқыда иммунитет жүйесі қалыпты жағдайда болған науқастарда дамиды. Оларда Т- В- және фагоцитарлық иммунитет звеноларының немесе олардың қоса зақымдануынан санының азаюы, функцияларының бұзылуы және лимфоциттердің, фагоциттердің өзара қарым-қатынасының өзгеруі байқалады.
Салдарлық иммундық тапшылықтарының даму жағдайлары
(Е.С. Белозеров А.А. Шортанбаев, 1992)
Пайда болу уақыты:
а) екіншілік антенатальды иммундық тапшылық жағдайы (ЕИТЖ). Мысалы, Ди-Джорджа синдромының тұқым қуалайтын түрлері;
б) екіншілік перинатальдық – ЕИТЖ. Мысалы, нәрестенің нейтропениясы, ұрықтың нейтрофильдеріне ағзаның изосенсибилизациясы дамып, нейтрофильдердің ыдырауына байланысты. Сол сияқты жолмен резус-шиеленісте (гемолиздік ауру) дамиды.
в) екіншілік постнаталды (ЕИТЖ). Олардың даму себептері көп және әртүрлі
Этиологиялары:
Протозойлы және құртты аурулар: малярия, туберкулез, трипаносомоз, токсоплазмоз, лейшманиоз, шистоматоз, трихинеллез, т.б.
Бактериальды жұқпалар: лепра, туберкулез, сифилис, пневмококкты, менингококкты, стафилококкты жұқпалар және басқалар.
Вирусты жұқпалар: қызылша, қызамық, грипп, эпидемиялық паротит, желшешек, жедел және созылмалы гепатит В, тума жұқпалар (цитомегаловирусты, қызамық, жеделдеу склерозды панэнцефалит).
Тамақтанудың бұзылуы: арықтау, ішектің сіңуінің бұзылуы, мешкейлік, семіру, авитаминоздар. Иммунды тапшылықтар неорганикалық заттардың жетіспеушілігінде болады. Темірдің жетіспеушілігі Т-клеткалық иммунитеттің тапшылығына әкеледі, мыстың тапшылығы лимфопениямен, әсіресе Т-хелперлердің азаюымен білінеді.
Селеннің тапшылығы авитаминоз Е мен қосылса антиденелердің және айырша бездің гормондарының шығуын азайтады.
Хирургиялық операциялардан және жансыздандырудан кейін 4-24 сағат өткенде лимфопения болып және олардың функциялары басылады. Иммунитет жүйесінің тежелуі 30 күнге дейін сақталады.
Иммундық жүйенің функциясы төмен болатын жағдайлар (ИТЖ) :
бүйрек, ішек-асқазан арқылы белокты жоғалтуда;
қантты диабет және басқадай зат алмасу ауруларынан;
қатерлі өсінділерден;
күйіктен;
созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, зәр-жыныстық жол, асқазан-ішек ауруларынан, т.б.;
стресс, болдырудан;
қарт адамдарда айырша без атрофияға шалдығып, клеткалық иммунитет басылып, антиденелердің белсенділігі төмендейді. Жас балаларда иммундық жүйенің дамып жетілуі кейде баяу басталып «шабан» жүретіндіктен;
ионды радиациядан;
салдарлық ИТЖ дәрі ішуде жиі кездеседі. Иммунитет басатындар: антибиотиктер (неомицин, тетрациклин, олеандомицин, стрептомицин, пенициллин, левомицетин), нитрофурандар (фурациллин, фурагин), алкилді өнімдер (циклофосфан, т.б.), кортикостероидтер (преднизолон, гидрокортизон, метилпред т.б.), антиметаболиттер (6-меркаптопурин, 5-фторурацил) және т.б.
СИТ түрлері:
а) теңгерілген түрі - жұқпалардың қоздырғыштарын қабылдауға бейімділігі жоғары; пневмониялар, пиодермия, ЖРВИ жиі кездеседі. Балалардың жұқпаларынада бейімділігі жоғары;
б) теңгерілуі төмендеген түрі - жұқпа процестері созылмалы жүреді. Созылмалы бронхиттер, пневмониялар, пиелонефриттер, холециститтер байқалады.
в) теңгерілмеген түрі - денеге жайылған жұқпалардың дамуымен білінеді (шартты-патогенді микробтармен, қауіпті өскін). Мысалы: ЖИТС.
Салдарлық иммунитет тапшылығы төрт түрлі синдромдармен көрінеді: жұқпалық, аллергиялық, аутоиммунды және иммунопролиферативтік аурулар.
Салдарлық иммундық тапшылықтың жіктелуі
(Д.К. Новиков, В.И. Новикова, 1994)
