Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс патфиз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
237.06 Кб
Скачать
  1. Тимомаға байланысты иммундық дефицит.

Бұл иммундық тапшылық 40–тан асқан қатерсіз ұршық-торшалы тимомалы кісілерде кездеседі. Пациенттерде эозинофилия немесе эозинофилопения, гемолиздік анемия, агронулоцитоз, тромбоцитопения және панцитопения болады. Пангипогаммаглобулинемиясы бар, иммундық жауабында антиденелер құрмайтын пациенттер қайталамалы инфекциялармен жиі ауырады. В - лимфоцитттердің саны аз немесе тіпті жоқ болуы мүмкін. Т-лимфоциттердің саны және функциясы қалыпты. Кейбір ауруларда СД8 клеткаларының саны көп және супрессорлық белсенділігі жоғары. Емі - симптомдық терапия.

Ілкі жасушалық иммундық тапшылықтар

1. Айырша без гипоплазиясы (Ди Джордж аномалиясы)Ди-Джордж синдромы үштік аномалиядан тұрады: айырша бездің және қос қалқанша маңы бездерінің гипоплазиясы, қолқа доғасының аномалиясы. Нәресте цианозбен, жүрек жұмысының бұзылуымен, қимылсыз күйде де демікпемен, жүрек шулымен туады. Кейде генетикалық стигмдері, гипертелоризм (жалпақ кеңсірік үсті, көз қарашықтарының арасы ұзарған, құлақтары төмен орналасқан) болады.

Морфогенездегі бұзылыспен айырша бездің нәрестеде болмауы Т-клеткалық тапшылыққа әкеледі. Сонымен бірге гуморальдық иммунитетте өзгереді. В-лимфоциттердің саны қалыпты болғанменен, олар митогенге арнайы антиденелер түзбейді. Гипоплазиялық айырша безі бар пациенттердің көбінде өсе келе иммундық тапшылық қалыпты жағдайға жақсармай, инфекциялық аурулармен жиі ауыратын қауіпті топтарға қосылады.

2. Х - хромосомасына байланысты көптеген иммунды дефициттер. (ККИ-Х). ККИ-Х ұлдарда көп, қыздарда аз кездеседі. Ол 50-60% Х-хромосомамен байланысты гендегі көптеген мутациялар. Интерлейкин-2-нің рецепторлары және жасушааралық қатынас беретін ИЛ-4, ИЛ-7, ИЛ-13, ИЛ-15 цитокиндері өзгереді. Лимфоидтық жасушаларда ИЛ-2 рецепторларының болмауы мен қалыпты пролиферацияның жүрмеуі, әуелі Т-лимфоциттерінің, кейіннен В-жасушаларының дамуын бұзады. ККИ-Х пен ауыратын гетерозиготты әйелдерде Х-хромосоманың беосенділігі жойылып, Т-В- лимфоциттері және табиғи киллерлер өледі. ККИ-Х науқастары туған айынан бастап ауыз қуысы кандидозымен, қайталаған сепсиспен, аралық пневмония, отит және тоқтамайтын диареямен ауырады. Вирусты және паразитарлы оппортунистік жұқпалар басым. Вакцинация (кальметт-Герен немесе вирусвакцина) ауруға ауысып, өлім береді.

Барлық науқастарда лимфопения, Т-жасушалардың саны азайған, кейбір ауруларда В-лимфоциттер мен табиғи киллерлердің деңгейі өте көп төмендейді. Жаңа туған нәрестелерде Т-В-лимфоциттер қалыпты (анасынікі), бірақ митогенге, антигенге көбеймейді. Емі - сүйек миын ауыстыру. Егерде Т- жасушалардың қалыпты ИЛ-2 рецепторлары болса, ИЛ-2 тағайындалады.

3. Аденозиндезаминаза тапшылығы. Бұл тапшылық пурин деградациясына жауапты ферменттердің синтезін бақылайтын геннің ақаулығына байланысты. Олар - екі фермент-аденозиндезаминаза (АДА) және пурин нуклеозидфосфорилаза (ПНФ). Осы аталған ферменттердің жоғалуына немесе азаюына әкелетін мутациялар табылған. АДА-ның жоқтығына байланысты ДНК-ның синтезі азайып, лимфоциттердің көбейюі болмайды. Науқастарда АДА болмаса, ККИ дамиды, бұл тапшылық аутосомно-рецессивті жолмен тұқым қуалайды. Емі басқа ККИ-ға ұқсас. Кейбір науқастардың осы тапшылыққа тән айырмашылығы болады. Олар –қаңқаның рахит сияқты бұзылысы және ұзын сүйектердің остеохондральды дисплазиясы. АДА-дефицитінде Т-лимфоциттері көп азаяды, фермент АДА жоқ. Пурин алмасуынан улы заттар көбейеді. АДА және ПФА синтезіне жауапты геннің мутациясы бар. Емдеу үшін АДА ингибиторын-дезоксиформицин пайдаланады, ұлпаларды қалыпты жағдайға келтіреді. Бірақ, Т-лимфоциттері өзгермейді, АДА-генін ауыстырады.

Эритроциттерді құю улануды азайтады. Т- жасушалардан тазарған сүйек миын құяды (алмастырады).

4. HLA антигендерінің экспрессиясының тапшылығы (жалаңаш лимфоциттер синдромы). HLA ІІ – немесе І –класс молекуласы тапшылығы аутосомды рецессивті жолмен тұқым қуалайды. СД4 лимфоциттерінің саны аз. Белсенген Т- жасушалардың антиген ұсынатын жасушаларының үстінде HLA ІІ немесе І - класс антигендері жоқ.

Иммунитет тапшылығы шамалы ғана дамыған балалардың мононуклеарларында HLA ІІ-класын экспрессиялайтын қабілеті жоқ. Мұндай балалардың көбі Африка елдерінде кездеседі. Олар созылмалы жазылмайтын диареяға қосылған кандидозбен және криптоспоридозбен ауырады. Ондай пациенттерде трансплантациялық иммунитет жоқ, туберкулезге қарсы ексе – ауырып, өледі. Емі – сүйек миының трансплантациясы.

5. Т-клеткалық антигендер рецепторларының тапшылығы.

Т-клеткалық рецептор-белоктар топтарынан тұрады, «СДЗ комплекс» дейді. Аурулардың Т-лимфоциттерінде антигендік рецепторлары жоқ. Олар әртүрлі иммундық жауап бергенмен, белсенген клеткалық рецепторлық жауабы болмайды. Тапшылық ген мутациясына байланысты. Қазіргі уақытта тек қана бір отбасында осындай тапшылық бары белгілі.

6. Иммуноглобулиндері қалыпты жасушалық иммундық тапшылық (Незелов синдромы). Незелов синдромы Т-клеткалық иммунитеттің бұзылуымен, оның ішінде СД4 және СД8 лимфоциттер санының азаюымен сипатталады. Басқа клеткалық иммундық тапшылықтармен салыстырғанда Т-клеткалардың белсенділігі жақсы, тек қана олардың саны азайған. Мұндай пациенттер вирусты, қарапайымдылар жұқпаларына бейім. Созылмалы шырышты-тері кандидоздары, герпес инфекциялары, пневмониялар, грамнегативтік сепсис және зәр жүру жолдарының инфекциялары жиі дамиды. Сонымен бірге бұл топта аутоиммунды аурулар: гемолиздік анемия және тромбоцитопения кездеседі. Пациенттерде ретикулоэндотелиал жүйесінің қатерлі ауруларының даму қаупі болады. Незелов синдромында иммуноглобулиндер және лимфоидты органдар қалыпты. Айырша бездің және лимфа түйіндерінің гистологиялық құрылысы өзгерген. Айырша бездің қыртысты бөлімі кішірейген. Айырша және лимфа бездерінде Гассаль денешіктері жоқ. Кейбір пациенттерде лимфаденопатия, спленомегалия байқалады. Оның себебі В-лимфоциттерінің тым шектен артық көбейіп, лимфа түйіндерінде жаңа орын алып орналасуына байланысты.