
- •Иммундық тапшылықтар. Ілкі және салдарлық иммундық тапшылықтар (ит) жіктелуі
- •V. Зат алмасудағы тұқым қуалайтын аномалия
- •Vі. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •Vіі. Фагоцитоздың тапшылығы
- •Vііі. Жергілікті иммунитет патологиясы
- •Ілкі иммундық тапшылықтар (іит)
- •Иммунитеттің генетикалық ақауларының пайда болу схемасы
- •Тимомаға байланысты иммундық дефицит.
- •Салдарлық иммундық тапшылықтар.
- •1. Құрама (комбинированные) сит
- •1.8. Постспленэктомиялық синдром.
- •1.9. Тимико-лимфотикалық синдром.
- •1.10 Иммунды комплекстер патологиясының синдромы.
- •Иммундық тапшылықтар түрлері
- •Жұқпалы аурулардағы иммундық тапшылықтар
- •Қатерлі өспелер және иммундық тапшылық жағдайлар
- •Зат алмасуы бұзылғандағы салдарлық иммундық тапшылықтар.
- •Көз ауруларындағы иммундық тапшылықтар.
- •Хирургиялық операциялардан және жарақаттардан кейінгі иммундық бұзылыстар.
- •Ііі. Қорытынды.
- •Іv. Пайдаланылған әдебиеттер.
«Астана Медицина Университеті» АҚ
В. Г. Корпачев атындағы патологиялық физиология
кафедрасы.
СӨЖ
Тақырыбы: Иммунологиялық депрессиялық аурулардың патофизиологиясы
Орындаған: Тлекхабылова А. С.
Тобы: 212 ЖМ.
Тексерген: Ерментаева Л. Н.
Астана-2013 ж
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
Иммундық тапшылықтар. Ілкі және салдарлық иммундық тапшылықтар жіктемесі
Ілкі иммундық тапшылықтар (ІИТ)
Салдарлық иммундық тапшылықтар
Иммундық тапшылықтар түрлері
Жұқпалы аурулардағы иммундық тапшылықтар
Қатерлі өспелер және иммундық тапшылық жағдайлар
Зат алмасуы бұзылғандағы салдарлық иммундық тапшылықтар
Көз ауруларындағы иммундық тапшылықтар
Хирургиялық операциядан және жарақаттан кейінгі иммундық
бұзылыстар
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
І. Кіріспе.
Иммунология (лат. immunis - еркін, еш нәрсеге ұшырамаған, logos –ілім) организмнің әртүрлі антигендерге қарсы пайда болатын спецификалы және бейспецификалы молекулалық, клеткалық және жалпы физиологиялық реакцияларын зерттейтін медициналық-биологиялық ғылым. Иммунология антигендерді, антиденелерді, иммунитетке қатысы бар клеткаларды зерттейді; иммундық реакциялардың қалыпты және патологиялық жағдайлар дамуына әсері бар генетикалық және физиологиялық факторларды тексереді. Иммундық реакциялардың ағымына сыртқы қоршаған ортаның да әсері бар.
Миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан және организмнің ішкі тұрақтылығын сақтауға бейімделген иммундық реакциялар бөгде антигендерден қорғануға бағытталады.
Антигендер дегеніміз – микробтар мен әр түрлі өсімдіктерден, жануарлардан шыққан заттар.
Организмнің өзінде өзгеріске ұшыраған, кейде өзгермеген клеткалар мен тін антигендеріне иммундық реакция туындаса, аутоиммундық аурулар дамиды.
Аллергендерге қарсы сезімталдықтың күшеюі аллергия туындатса, иммундық реакция клеткаларды, тіндерді зақымдайды. Аллергиялық даму - иммуниттетің бұзылуымен немесе әлсіреуімен қабатталады. Иммунология - адам организмінің ішкі тұрақтылығының өзгерістерін тексеретін ғылым болып қалыптасты.
Иммунология жеке пән ретінде ХХ ғасырдың екінші жартысында дамыды. Бұрын иммунология тек жұқпалы аурулардың иммунитетін зерттеп келді.
Иммунитет сөзінің мағынасы да өзгерді. Иммунитет организмнің ауру қоздыратын және қоздырмайтын агенттерге, генетикалық мәліметі бөтен заттарға төзімділігі. Мұндай агенттерге бактериялар, вирустар, қарапайымдар, ақуыздар, бөгде клеткалар мен тіндер, өзгерген аутоантигендер, кейбір өсімдіктер мен жануарлардан алынған улы заттектер және басқалар жатады.
Иммунитет - иммунды жүйемен биологиялық белсенді агенттердің арасындағы қарым-қатынас.
ІІ. Негізгі бөлім.
Иммундық тапшылықтар. Ілкі және салдарлық иммундық тапшылықтар (ит) жіктелуі
Иммундық тапшылық – иммундық жауап механизімінің бір немесе бірнеше ақаулығына байланысты өзгерген иммундық статус. Иммундық тапшылықтар: ілкі (туа пайда болған), салдарлық (жүре пайда болған) болып бөлінеді. Сонымен бірге иммун жүйесінің өзі де жұқпамен зақымданады (ЖИТС, Т-жасушалық лейкемия).
(Д.В. Стефани және Ю.Е. Вельтищев, 1996).
А. Тұқым қуалайтын ілкілік ИТ
І. Гуморальдық иммунитеттің тапшылығы (В-лимфоциттер жүйесі)
Агаммаглобулинемия (Брутон ауруы)
Дисиммуноглобулинемия:
а) жалпы вариабельді гипогаммаглобулинемия;
б) IgА-ның селективті тапшылығы;
в) IgG және IgА иммуноглобулиндерінің тапшылығы мен IgМ синтезінің көбеюі (гипер IgМ-синдром)
г) IgG подкластарының тапшылығы (IgG1, IgG2, IgG3, IgG4 жоқ болуы) және IgМ деңгейінің көбеюі немесе көбеймеуі.
ІІ. Салдарлық иммунды реакцияларының тапшылығы (Т-лимфоциттер жүйесі)
Лимфоцитарлық дисгенезия (Незелов синдромы, ИТ француздық түрі); Айырша бездің және қарбалас қалқанша бездің гипофункциясы (Ди-Джорджи синдромы);
ІІІ. Құрама ИТ (ауыр құрама иммунологиялық тапшылық-АҚИТ).
Ретикулярлық дисгенезия;
Тұқым қуалайтын алимфоцитоз, лимфоцитофтиз (Швейцарлық ИТ түрі);
Жалаңаш лимфоциттер синдромы
Тимомамен жүретін ИТ
Вискотт-Олдрич синдромы
IV. Интерлейкиндер жүйесінің және жасушалар кооперацияларының иммунды жауабындағы бұзылыстары;
V. Зат алмасудағы тұқым қуалайтын аномалия
Vі. Комплемент жүйесінің тапшылығы
Vіі. Фагоцитоздың тапшылығы
Хемотаксис, миграция және дегранулация бұзылыстары;
а) Чедиак-Хигаси синдромы;
б) гипер IgE синдромы
Микробтардың қорытылу (киллинг) процесінің бұзылуы:
а) септикалық грануломатоз;
б) нейтрофильдік гранулоциттердің ферментопатиясы; миелопероксидазаның тапшылығы, НАДН-оксидаза тапшылығы, глютатионпероксидаза және глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
Опсонизация және жұту кемістіктері:
а) опсонизацияның тапшылығы;
б) тафтсин тапшылығы
в) LFA –1, р 150, 95, Мас-1 және басқа мембрана гликопротеиндердің жоқтығы
Vііі. Жергілікті иммунитет патологиясы
ІХ. ИТ жеңіл түрлері (минорлық немесе теңгерілген иммунитет жүйесінің аномалиялары):
Б. Жүре пайда болған ИТ, даму себептері:
а) вирусты жұқпаларға байланысты (оның ішінде АИТВ);
б) бактериальды жұқпаларға байланысты;
в) қарапайымдыларға және құрттық жұқпаларға байланысты;
г) тамақтанудың бұзылуымен;
д) химиопрепараттар мен иммунитет тежеушілердің әсерімен;
е) ионды радиация және иммундық токсиндердің әсері (ксенобиотиктер);
ж) ұзақ стресс
з) зат алмасу патологиясы (қант диабеті, карбоксилаза жетімсіздігі, микроэлементтердің тапшылығы, гипербилирубинемия және басқалар).
Жиі ауыратын, еңбекке жарамсыздардың 40%-ының иммунитеті өзгерген. Респираторлы вирусты аурулардан бір жасқа дейінгі ауырған балалардың өлімі 30%-ға жетеді. Жастардың өлімі 5%, еңбек ететіндерде бұл көрсеткіш көтеріліп, тек қарт адамдарда қайтадан балалар өліміне теңеседі.