
- •Мазмұны
- •Анықтамалар, қысқартулар мен белгілеулер
- •1.1 Пробиотиктерге жалпы сипаттама.
- •1.1 Пробиотик препараттары
- •1.2 Пробиотиктерді дайындауға қойылатын талаптар.
- •2. Бифидумбактерин өндіру технологиясы
- •2.1 Қоректік ортаны әзірлеу
- •2.2 Себінді материалын өсіру кезеңі
- •2.3 Культивирлеу
- •2.4 Биомассаның сублимациялық кептірілуі
- •2.5 Дайын дәрілік форма жасау
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •1 Кесте – Пробиотиктердің салыстырмалы сипаттамасы
1.2 Пробиотиктерді дайындауға қойылатын талаптар.
Сүт - шикiзат, сүт сарысуы, казеин, ет, бауыр, паренхиматозды органдар, қан, эндокриндi шикiзат және шикiзат ретiнде биологиялық препараттар алуға арналған жануарлардың басқа да тiндерi мен органдары денi сау жануарлардан алынуы тиiс.
Ашытқылар, ферменттер (пепсин, панкреатин, трипсин және басқалары), пробиотикалық дәндер қауiпсiздiгiн оларды дайындаушылар қамтамасыз етедi, ал олардан дайындалған өндiрiстiк ашытқылар, стерильдi ерiтiндiлер, микроорганизмдердi өсiруге арналған қоректiк орталар қауiпсiздiгiн - дайындау және бақылау үй-жайларына, жабдықтарына, технологиялық процестерiне қойылатын техникалық талаптар кешенiмен және арнайы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi сақтаумен қамтамасыз етiледi.
Дәрiлiк заттар мен биопрепараттарды шығару кезiнде пайдаланылатын қолданбалы ингредиенттерге (желатин, сахароза, глюкоза, сүт сарысуы, тұз, лимон қышқылды натрий, натрий бензоаты) қойылатын талаптар құрамында уытты элементтердiң, антибиотиктердiң, микотоксиндердiң, пестицидтердiң қалдық көлемiнiң, радионуклидтердiң және микробиологиялық көрсеткiштердiң болуы бойынша республикада қолданылатын санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және гигиеналық нормалармен анықталады.
Жануарларға арналған дәрiлiк заттар мен битопрепараттарды шығару кезiнде пайдаланылатын барлық заттар, орау материалдарының сәйкестiк сертификаттары болуы тиiс [6].
Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттар олардың қауiпсiздiгi мен сапалы көрсеткiштерiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн Техникалық регламенттерде көзделген жағдайларда мамандандырылған қоймалық үй-жайларда сақталуы тиiс.
Жануарларға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды сақтау, босату (өткiзу) және тасымалдау физикалық-химиялық, биологиялық, фармакологиялық, токсикологиялық қасиеттерiн ескере отырып, сондай-ақ көлiктiң осы түрiнде қолданылатын талаптарды ескере отырып, олардың сақталуын қамтамасыз етуi тиiс, жануарларға арналған дәрiлiк заттардың белгiленген жарамдылық мерзiмi iшiнде препаратқа арналған нормативтiк құжаттаманың талаптарына сәйкес орындалуы тиiс.
Дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды шығаруды жүзеге асыратын кәсiпорындарда жануарларға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды сақтау мен босату кезiнде олардың қауiпсiздiгi мен қасиеттерiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн үй-жайлар, жабдықтар болуы тиiс.
Мыналар:
1) дәрiлiк заттарды сақтаудың температуралық режимдерiнiң сақталмауы;
2) өнiмнiң түрiнiң бұзылуы;
3) тасымалдау кезiнде өнiмнiң зақымдануы;
4) препараттарды қолдануда дайындау, тағайындау ережелерiнiң бұзылуы;
5) дәрiлiк заттарды жою кезiндегi қауiпсiздiкке қойылатын талаптардың бұзылуы дәрiлiк заттарды қолданған жануарлар, адамдар және қоршаған орта үшiн қауiптiң туындау мүмкiндiгiн анықтайтын негiзгi факторлар болуы мүмкiн.
Дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды шығаруды жүзеге асыратын кәсiпорындардың ғимараттарында тәуекел факторларын болдырмау үшiн бiр құрылысқа бiрiктiрiлген немесе белгiленген талаптар мен нормаларға жауап беретiн бiрнеше ғимаратта орналасқан қоймалық, сауда және әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайлар көзделуi тиiс.
Қоймалық үй-жайлар мынадай учаскелерге:
1) өнiмдi қабылдау және босату аймағына;
2) жануарларға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды негiзгi сақтауға арналған аймаққа;
3) ерекше сақтау шарттарын талап ететiн жануарларға арналған дәрiлiк заттар, биологиялық препараттар аймағына; карантиндiк аймаққа бөлiнуi тиiс.
Есiрткi құралдарын, психотроптық және күшi әсер ететiн заттарды сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Жарылыс қаупi бар және тез тұтанатын заттар белгiленген өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарына сәйкес жеке үй-жайда сақталуы тиiс.
Жануарларға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды қабылдауға, сұрыптауға, сақтауға, жинақтауға, босатуға және тиеп түсiруге арналған үй-жайларға бөгде адамдардың кiру мүмкiндiгi болмауы тиiс.
Жануарларға арналған дәрiлiк заттар, биологиялық препараттар сақталатын қоймалық үй-жайларда термометрлер, гигрометрлер немесе псирометрлер болуы тиiс, оларды үй-жайдың iшкi қабырғасының ортасына, жылытатын аспаптар мен есiктерден алыс орналастырады. Осы аспаптардың көрсеткiштерiн күн сайын жауапты адам арнайы журналда тiркеп отыруы тиiс. Бақылаушы аспаптар белгiленген тәртiппен сертификатталуы және калибрленуi тиiс.