Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеуметтану кешен.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
410.11 Кб
Скачать

3. Девиацияны биологиялық, психологиялық, әлеуметтанулық тұрғыдан түсіндіру

ХIХ -ғасырдың соңында ХХ- ғасырдың басында керiтартпа ғадеттiң биологиялық және психологиялық себептерiн түсiндiретiн трактаттар шыға бастады. Италияндық дәрiгер Чезаре Ломброзо қылмыстық әрекетпен адамның биологиялық ерекшелiктерi тiкелей байланысты деп есептедi. Ол адамның түрiне, дене бiтiмiне қарап оның қылмыскер екенiн бiлуге болады деп айтты. Ол “криминалдық кейiп” бұл адамзат эволюциясының ерте кезiнде керi кетушiлiгiнiң нәтижесi деген және оны мынадай мiнездемелiк белгiлермен бiлуге болады: сирек сақал және ауырған жердi сезбеу.

Ч. Ломброзоның көптеген iзбасарлары болды, оларда керiтартпа ғадеттi адамдардың белгiлi бiр физикалық белгiлерiмен байланыстырады. Американдық психолог және дәрiгер Уильям Х. Шелдн адамның дене бiтiмiнiң маңыздылығын атап көрсеттi. Ол адамның дене бiтiмi тұлғалық белгiлерiне қатысы бар деп айтқан. Керiтартпа ғадеттi социологиялық тұрғыдан ең алғаш болып Э. Дюргейм түсiндiрдi. Ол әлеуметтiк және мәдени факторлардың мәнiн ашатын “аномия” теориясын ұсынды. Э. Дюргейм пiкiрi бойынша керiтартпа ғадеттiң негiзгi себебi бұл аномия. Аномия- бұл реттiлiктiң, заңдылықтың жоқтығы. Мәнi бойынша аномия бұл қоғамның ұйымдаспаған жағдайы, құндылықтар, нормалар, әлеуметтiк байланыстар не жоқ болуы, не тұрақсыз және қарама-қарсы жағдайда болуы.

Р. Мертон Э. Дюркгейм ұсынған аномия теориясына кейбiр өзгерiстердi еңгiздi.

Р. Мертон керiтартпа ғадеттiң себебi қоғамның мәдени мақсаттары мен оған қол жеткiзудiң әлеуметтiк қолдау тапқан құралдары арасындағы алшақтықта деп санайды. Оған мынадай мысал келтiредi: Америкада байлыққа, қаржылық жетiстiктерге үлкен құрметпен қарайды, яғни бұл жаппай қолдау тапқан америка мәдениетiне сай американдықтардың мақсаты. Әлеуметтiк қолдау тапқан бұл мақсатқа жетудiң мынадай дәстүрлiк әдiстерi бар: жоғары, жақсы бiлiм алу және сауда немесе заң фирмасына жұмысқа тұру. Ендi нақты қарайтын болсақ, әлеуметтiк қолдау тапқан әдiстерге көпшiлiктiң қолы жетпейдi. Көп адамдардың жақсы бiлiм алу үшiн қаржысы жоқ, ал мықты мекемелер жұмысқа мамандарды шектеулi мөлшерде ғана алады. Мiне осылайша адамдар қаржылық жетiстiкке жетуге ұмтылады, бiрақ әлеуметтiк қолдау тапқан әдiстермен жете алмайтнын түсiнген соң олар заңсыз әдiстер арқылы жетуге ұмтылады. Мысалы, рекеттiк жасау, тонау, наша сату, т.б. Сонымен Р. Мертонның пiкiрiнше адам алдына мақсат қояды, ол мақсатқа жетудiң бiрнеше әдiстерi бар, жақсы жолдары да жаман жолдары да бар. Жақсы жолмен мақсатқа жете алмаған соң жаман жолмен жетуге тырысады.

Отандық (Ресей) Социологы Я. Гелинский керiтартпа ғадеттiң шығу себебi қоғамда әлеуметтiк теңсiздiктiң болуынан дейдi. Ол әртүрлi әлеуметтiк топтардың өз қажетiлiктерiн қанағаттандыру мүмкiншiлiктерiнiң әртүрлi болуы керiтартпа ғадеттiң қайнар көзi деп санайды. Керiтартпа ғадеттiң жалпы заңдылығы болып керiтартпа ғадеттiң әртүрлi формалары тұрақты байланыстарға қатысты факт қызымет атқарады. Бұл байланыстар тiкелей де (алькоглизм және бұзақылық) керiсiнше де (адам өлтiру және өзiн-өзi өлтiру) болуы мүмкiн. Яғни ГелинСкий пiкiрiнше керiтартпа ғадеттiң бiр формасы екiншi формасының туындауына Себеп болады.

Барлық керiтартпа ғадет түрлерiнiң әлеуметтiк-экономикалық, демографиялық, мәдени және т.б. факторлардан тәуелдiлiгi бар.