Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеуметтану кешен.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
410.11 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары

  1. Әлеуметтанудың объектісі және пәні

  2. Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары

  3. Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметтері

  4. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы

СӨЖ тақырыбы:

Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары

Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметтері

Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы

2 лекция

Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары

1. Әлеуметтанудың қалыптасуындағы негізгі кезеңдер.

2. О. Конт әлеуметтанудың негізін салушы

3.Г. Спенсер және эволюцияның натуралистік концепциясы

4. Э. Дюркгеймнің әлеуметтануы

5. Қазақ ойшылдарының әлеуметтанулық көзқарастары

Социология (ХIХғ-дың 30-40 жылдарында қалыптасқан) бiршама жас ғылым болып табылады. Өйткенi оның ғылым ретiнде қалыптасуының өзiне қоғамдық дамудың белгiлi кезеңiнде ғана қажеттiлiк туды.

Алайда, социологияның кеш пайда болуынан, оған дейiн қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пiкiр тумауы керек. Керiсiнше, ондай ойлар басқа ғылымдардың шеңберiнде көрiне бастаған болатын. Мәселен, философиялық, экономикалық, тарихи, Саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбiр элементтерi және оның даму заңдылықтары туралы пiкiрлер бой көрсете бастады. Осы орайда, ежелгi шығыстың қоғам туралы пiкiрлерi мен ойларын айтуға болады. Мәселен, конфуцийшылар қоғамтанушылар болып есептеледi. Олардың қарастырған негiзгi мәселесi адамдар арасындағы қатынас пен тәрбие болды. Конфуций этикасы “қайрымдылық”, “кiшiпейiлдiк”,”адамды сүю”, “тура жолмен жүру” сияқты прициптерге сүйенедi.

Әлеуметтiк теорияның бiршама айқын элементтрi ежелгi Грецияда қалыптаса бастады. Ежелгi Грек философтарының арасында қоғамға және қоғамдық институттарға ерекше көңiл бөлгендер софистер болды. Оларға дейiнгiлер көбiнесе табиғатқа баса назар аударса, софистер адам мен қоғамға басты назар аударды.

Софистер iлiмiнде, социологиялық тұрғыдан алғанда, қоғаның құрылуындағы келiсiм теориялрының жатқандығын көруге болады. Яғни алғашқы адамдар табиғатынан абсолюттiк түрде еркiн болған, кейiн сол абсолюттiк еркiндiк адамдар арасындағы наразылықтарды туғызып, күрестерге алып келген, осыдан адамның өмiрiнiң қауiпсiздiгiне сенiмi жоғала бастаған. Сондықтан адамдар қоғам құруға мәжбүр болды және оның мүшелерi ортақ нормаға бағынатын болды деп көрсетедi.

Ежелгi Грек ойшылы Платон өзiнiң социологиялық мифтерiнде софистердiң бұл пiкiрiне қарсы болды. Қоғамдық еңбектiң бөлiнiсiне байланысты Платон адамдарды үш топқа (кастаға) бөлдi: жоғарғы билеушi топ , қолөнершiлер және құлдар.

Платонның iлiмiнде социлогия үшiн басты нәрсе, ол -қоғамдық еңбектiң бөлiнуiн және оның қоғамдық қатынас, әрi жеке адамдар арасындағы қатынас үшiн маңызды фактор болу потенциалын көрсетедi. Өйткенi ол еңбектiң бөлiнуiнен мемлекеттiң екi топқа: ауқаттылар мен кедейлер тобына бөлiнуiн көрдi. Үшiншiден, Платон Қоғамда адамдарды бiрлiкке шақыру үшiн тәрбиенiң, қоғамдық сананың қажеттiгiн көрСеттi.

Аристотель ежелгi Грецияның тәжрибесiн қорытындылай келе, адам әлеуметтiк жаратылыс деген қорытындыға келдi. Мемлекет адамдардың туа бiткен “бiрiгiп өмiр сүруге деген ұмтылғыштық” қасиетiнен пайда болды деп көрсетедi. Оның пiкiрiнше, қоғам үлкен екi әлеуметтiк топқа бөлiнедi: құл иеленушiлер және құлдар. Аристотель мемлекеттiң мақсаты – адамдардың бақытты өмiрiн қамтамасыз ету деп есептедi. Мемлекет қоғамдағы жалпы мүддеге қызымет етуi керек деп көрсеттi.

Сонымен, бұдан кейiнгi дәуiрлерде: “орта ғасыр”, “қайта өрлеу”, “жаңа дәуiр” кезеңдерiнде де адамдардың қоғамдық өмiрi жайлы пiкiрлер болды. Бiрақ оларды толық социологиялық iлiм деп айтуға болмайтын едi. Өйткенi олар тек әлеуметтiк ойлар философиясы немесе алғашқы социологиялық болжамдар бола алады.

Социологияның ғылым ретiнде пайда болуы. О. Конт.

Социологияның дербес ғылым ретiнде негiзiн салушы француз философы О. Конт болды. О. Конт 1798-1857 ж.ж.өмiр сүрген. Ол ең алдымен Батыстағы позитивтік философияның негiзiн салушы болып есептеледi. Оның 1830-жылдары “Позитивтi философияның курсы” деп аталатын еңбегi жарық көрдi. Осы еңбегiнiң 3- томында алғаш рет О. Конт “Социология” деген ұғымды енгiздi және қоғады ғылыми зертеу мақсатын қойды.

О. Конт социологияның қажеттiгiн философия саласындағы өзiнiң адам ақылы дамуының үш сатысы туралы ашқан заңы арқылы дәлелдейдi. Олар: Теологиялық, метафизикалық позитивистiк (ғылыми) сатылар. О. Конт алғашқы кезде адамның ойлануының теологиялық болғандығын, яғни қандайда бiр құбылысты, процестi,

жалпы кез-келген нәрсенi дiни тұрғыдан түсiндiруге тырсты деп көрсеттi. Ойлаудың метафизикалық кезеңiнде кез-келген құбылысты, олардың мәнi мен себебiн философиялық абстракциялы ұғымдардың негiзiнде , яғни жалпылама түсiндiрдi. Ал ойлаудың позитивтiк кезеңiнде кез-келген нәрсенi ғылыми тұрғыдан түсiндiредi. Қандайда болмасын құбылыстар мен процестердi түсiндiруде бақылау, салыстыру, т.б. ғылыми әдiстер арқылы алынған эмпирикалық факторларға сүйенедi деп көрсеттi. Конттың пiкiрiнше позитивистiк ойлау алғашында математикада, физикада, астраномияда қолданылды. Кейiн биологияда пайда болды.

Ал Социологияны Конт позитивтiк бiлiмнiң шыңы деп есептедi. Конттың ғылымды жiктеу тәсiлi бойынша социология биологиядан кейiн пайда болды. Егер биология қозғала алатын не әрекет жасай алатын барлық тiрi жануарлар дүниесiн зерттейтiн болса, социология әлеуметтiк құбылыс ретiндегi адамның әрекеттерiн қарастырады деп көретедi.

О. Контты Социологияның негiзiн салуға итермелеген екiншi бiр нәрсе- ол еңбектiң бөлiну және копперациялану заңының ашылуы.

О. Конт Социологияны негiзiнен екiге бөлдi: Әлеуметтiк статика және әлеуметтiк динамика. Әлеуметтiк статик әлеуметтiк жүйенiң өмiр сүру жағдайы мен оның қызмет ету заңдылықтарын зерттейдi. Ал әлеуметтiк динамика әлеуметтiк жүйенiң өзгеру және даму заңдылықтарын зерттейдi.

Сонымен бiрiншiден, О. Конт қоғам тануда ғылыми тәсiлдi қолдануды немесе қоғамды ғылыми тұрғыдан танудың қажеттiгiн негiздедi. Ол алғашқыда Социологияны әлеуметтiк физика деп атады. Екiншiден, Социологияны әртүрлi эксперименттерге, бақылауларға негiзделетiн ерекше ғылым ретiнде анықтайды.

Қорыта келгенде, О. Конттың социологиялық концепциясында басты екi идея жатыр. Бiрiншiсi, қоғамтануда ғылыми тәсiлдi қолдану болса, екiншiсi, әлеуметтiк реформаларды жасауда iс жүзiнде ғылымға сүйену идеясы.

Сенсер социологиясы.

Х1Х-ғасырдың ғылыми –философы Г. Спенсер социолгияның қалыптасып дамуына үлкен үлес қосты. Жас кезiнен ғылым жолына түскен (темiр жол инженерi) Г. Спенсер Дарвиннiң эволюциялық теориясын дүниенiң барлық салаларын түсiндiру үшiн қолдануға болады деген қорытындыға келдi. Спенсер қоғамды биологиялық организмдермен салыстыра отырып, оны адамзат қоғамының жеке тарихына да қолдануға болады деп мойындайды. Қоғамның жеке бөлiктерiн (жанұя, мемлекет, т.б.) организм бөлiктерiмен (жүрек, нерв жүйесi, т.б.) салыстырып, осылардың әрбiрi бүтiннiң қызметiне әсер ететiндiгiн айтты. Спенсердiң пiкiрiнше биологиялық организм сияқты қоғамда қарапайым формадан күрделiге қарай дамиды. “Табиғи iрiктелу” адамзат қоғамында да жүредi, яғни тек қабiлеттiлер ғана тiрi қалады. Спенсер пiкiрiнше адамзат үшiн өмiр сүруге қабiлетсiз индивидтерден табиғи iрiктелудiң көмегiмен құтылу қажет. Мұндай филоиофия “әлеуметтiк дарвинизм” (Социальный дарвинизм) деген атқа ие болды. Спенсер мұндай философияны комерциялық мекемелерге және эконмикалық институттарға қолдануға болады деп санады. Қорыта келгенде Г. Спенсер социологиялық теорияның дамуына едәуiр үлес қосты. Ол қоғамды ерекше (дискреттi) жеке бөлiктерден құралған организм ретiнде қарастырды. Спенсер аналогиялық тәсiлдi қолдану нәтижесiнде ғылымға “құрылым”, “функция” деген ұғымдар енгiзiлдi.

М. Вебер. Түсiну социологиясы.

Макс Вебер батыстың iрi әлеуметтанушысы, 1864-1920 ж.ж. өмiр сүрген. Вебер пiкiрiнше әлеуметтану қоғамның әлеуметтiк-тарихи құбылыстарының субъектиâтiк (яғни адамның санасына, ойлануына байланысты) жақтарын, нақтылы айтсақ адамның iс-әрекетiнде, қызыметiнде оның мұң-мұқтажын, талап-тiлегiн, қажеттiлiгін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескерiп отыру керек. Социологияның басты мiндетi – адамдардың iс-әрекетiнiң, қимылын, мәнiн, мағынасын, мазмұнын терең түсiу, ұғыну болып табылады. Осыларды талдай отырып, қоғамның даму заңдылықтарының себебiн ашуға болады дейдi. М. Вебер өзiнiң әлеуметтiк зерттеулерiнде түсiну, ұғыну әдiстерiне көп көңiл аударуына байланысты оның әлеуметтану теориясы ”түсiну әлеуметтануы” деп аталады. М. Вебер әлеуметтану саналы адамның мiнез-құлқы туралы ғылым ғана емес, сонымен бiрге оның әлеуметтiк iс-әрекетi туралы ғылым. Әлеуметтiк iс-қимыл, әрекет адамның мiнез-құлқымен бiрдей, өйткенi әлеуметтiк iс-әрекет өзiнше жасалынбайды, бағытталып өмiр сүре алмайды, ол әр уақытта бақа бiреуге бағыталуын тосу, күту үшiн дейдi. Мұнсыз қандайда бiр iс-әрекет, қимыл әлеуметтiк болып саналмайды. Осығн сәйкес елiктеушiлiк, яғни индивидтiң iс-әрекетi тобырға елiктеп жасалса немесе қандайда бiр табиғи құбылысқа бағытталса ол әлеуметтiк болып саналмайды. Мәселен, көпшiлiк адамдар жаңбыр кезiнде қолшатырларын ұстап жүрсе. Яғни Вебер бойынша индивидтiң iс-әрекетi келесi бiр индивидке бағытталса және оның iс-қимылы мен мiнез-құлқына әсер етсе, ол әлеуметiк әрекет болып саналады. Сонымен, түсiну әлеуметануының пәніне саналы iс-әрекет жатады. Бұл әлеуметтiк iс-әрекеттердiң бiрнеше түрлерi болады. Олардың ең бастысы – мақсатқа сай келетiн iс-әрекет. Оны тұлға ойлаған мақсатына жету үшiн қолданады. М. Вебер саяси әлеуметтануды дамытуға үлкен үлес қосты. Өзiнiң әлеуметтiк iс-әрекет тұжырымдамасына сүйене отырып, ол легитимдi саяси билiктiң үш түрiн көрсеттi.

Хразматикалық билiк.

Дәстүрлi билiк.

Рационалды билiк.

Сондай-ақ М. Вебер билiктiң легитимдiгi, яғни заңдылығын тiлге тиек ете отырып, билiк мына үш жағдайда легитимдi болады деп көрсеттi: (билiктiң легитимдiгi-халықтың үстем етiп отырған билiктi мойындауы,

заңды деп тануы). Хразматикалық легитимдiк (басшының жеке қасиеттер, мiнез-құлық арқылы мойындалуы). Дәстүрлiк немесе әдет-ғұрып легитимдiгi (басшы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға сүйенiп билiк жүргiзедi). Ақыл-парасат (рационалды), құқық легитимдiгi (басшы заңға сүйенiп билiк жүргiзедi). М. Вебер стратификация теориясының негiзiн салушылардың бiрi. Веберлiк әлеуметтiк стратификацияның өлшемi тек экономикалық факторлар, яғни меншiк ғана емес, Сонымен бiрге саяси статус, әлеуметтiк статус (бедел, қадiр, бiлiм) өлшемдерi қоданылады.

Әлеуметтанудың классикалық негiзiн салушылардың iрi өкiлi- Э. Дюркгейм (1856-1917). Өзiнiң әлеуметтануында ол әлеуметтiк таным процесiнiң әдiстемесiне көп көңiл аударды. Ал, бұл методолгия “Социологизм” деп аталады. Э. Дюркгейм пiкiрiнше, әлеуметтану әлеуметтiк нақты мәнi бар фактiлердi, оған ғана тиiстi қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуi керек. Әлеуметтiк нақтылықтың негiзгi элементi- әлеуметтiк фактiлер, осылардың жиынтығынан қоғам құрылады. Осы фактiлер әлеуметтанудың пәнiн құрайды. Оның басты мақсаты қоғамдағы құбылыстарға түрткi болатын заңдылықтарды ашып тұжырымдау. Э. Дюркгейм әлеуметтiк фактiлерге бастапқы түсiнiктердi жатқызады. Оған адам өмiрiнiң моральдық, басқаша айтқанда әдет-ғұрып, дәстүр, тәртiп ережелерi, т.б. кiредi. Әлеуметтiк фактiлер индивидтен (адамнан) тәуелсiз, ол табиғат құбылыстары сияқты, бiрақ, олар адамға ерiксiз түрде әсер етiп, оның қоғамда бiр тәртiппен жүруiн талап етедi. Әлеуметтiк фактiлердiң объективтi сипатта өмiр сүруi оларды зат ретiнде қарастырып, жаратылыстанудың кейбiр әдiтерiн (мысалы, бақылау, салыстыру, гипотеза, болжау, эксперимент, т.б.) қолдануға болады. Әлеуметтiк фактiлердiң объективтi өмiр сүруiнiң тағы бiр дәлелi- адамға әсер ете отырып, оларды белгiлi бiр iс-әрекет жасауға итермелейдi. Мысалы, адамның құқықтық және адамгершiлiк ережелерiнiң бұзылуы, ол қоғамдағы жалпы жағымсыз құбылыстардың басымдылығнан туып отырады. Э. Дюркгейм әлеуметтiк фактiлерге қойылатын негiзгi талаптарды көрсеттi. Бiрiншi талап: Әлеуметтiк фактiнi объективтi құбылыс деп, яғни индивидтен тыс құбылыс деп мойындау және ол зерттеу объектiсi бола алатындығын мойындау. Екiншi талап: Социология идеологияға тәуелдi болмауы керек. Үшiншi талап: Социология бүтiннiң бөлектен жоғары тұратындығын мойындауы керек. Яғни әлеуметтiк фактiнiң көзi қоғамда. Э. Дюркгеймнiң пiкiрiнше, әлеуметтiк факт болу үшiн бiрнеше адам бiрiгiп әрекет жасау керек және ондай әрекеттен жаңа қорытынды тууы қажет. Ондай әрекеттiң нәтижесiнде мiнез-құлықтың жаңа үлгiсi пайда болады. Яғни әлеуметтiк фактiнiң объективтi шынайылығы Дюркгеймнiң социологиялық тәсiлiәндегi өзектi мәселе болып табылады. Э. Дюркгейм қоғамның тұтастығының негiзi-ұжымдық сана деп көрсеттi. Қоғам мүшелерi (немесе топ мүшелерi) қоғамдағы жалпы номаларға үлкен мән бергенде және өз өмiрiнде оны басшылыққа алғанда ғана әлеуметтiк интеграция орын алады деп көрсеттi. Э. Дюркгейм, сондай-ақ, адамның өзiне өзi қол салуы (Суицид) мәселесiмен де айналысқан. Оның ойынша, адамның өзiне қол жұмсау әрекетi қоршаған әлеуметтiк ортаның сипатына (түрiне) байланысты. Дюркгейм нақтылы әлеуметтiк мазмұнда жинақталған материалдарға талдау жасай отырып мынадай қорытындыға келедi: қоғамның даму деңгейi және интеграциясы жоғарылаған сайын адамның өз жанын өзi қиушылығы төмен болады және керiсiнше де солай. Дюркгейм адамның өзiне өзi қол салуын ұлттық, дiни, жас ерекшелiгi, жыныс, сондай-ақ жыл мерзiмдерi сияқты факторлармен байланыстырған. Мысалы, протестанттар мен католиктердi салыстырғанда бұл құбылыс католиктерде бiрнеше есе кем, ал, қалалар мен селоларды салыстырғанды қалаларда жоғары. Э. Дюркгейм өзiн өзi өлтiрушiлiктiң 4 типiн анықтап бердi. Олар:

  1. Эгоистiк

  2. Альтуристiк

  3. Экономикалық

  4. Фаталистiк

Осы еңбектерiнiң арқасында Э. Дюркгейм “Деâианттық мiнез-құлық социологиясының”негiзiн салды. Сондай-ақ Дюркгейм дiнге үлкен көңiл бөлдi. Қоғам дiнсiз өмiр сүре алмайды, әлеуметтiк бiрлiкте дiн шешушi роль атқарады. Дiн қоғамдағы ең құнды, бағалы қасиеттердi бейнелейдi деген пiкiрлер айтты.