
- •А.Ясауи атындаѓы халықаралық қазақ-түрік университеті заң факультеті «әлеуметтану және саясаттану» кафедрасы
- •Түркістан 2013
- •Лекция тезистері
- •Әлеуметтану әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
- •Бақылау сұрақтары
- •Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Әлеуметтік институттар мен процестер
- •Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификаця
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Девиация және әлеуметтік бақылау
- •2. Тұлғаның ауытқушылық әрекетінің табиғаты мен тарихи типтері.
- •3. Девиацияны биологиялық, психологиялық, әлеуметтанулық тұрғыдан түсіндіру
- •4. Әлеуметтік бақылау
- •Білім беру әлеуметтануы
- •Бақылау сұрақтары
- •Саяси әлеуметтану
- •Бақылау сұрақтары
- •Экономикалық әлеуметтану
- •Бақылау сұрақтары
- •Отбасы әлеуметтануы
- •2. Отбасының құрлымы мен қызметтері.
- •3. Отбасының өмірлік циклі, отбасы бірлігі.
- •Мәдениет әлеуметтану
- •Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
- •Бақылау сұрақтары
- •Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы
- •Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау
2. Тұлғаның ауытқушылық әрекетінің табиғаты мен тарихи типтері.
Социология девианттық мінез-құлықты бес түрге бөлiп, олардың әрқайсысын жеке қарастырады.
1. Қылмыс- бұл заңды бұзу болып табылады. Яғни заңда тыйым салынған әрекеттердi жасау. Қылмыстың динамикасына әсер ететiн өте көп факторларды айтуға болады. Мысалы: әлеуметтiк жағдайы, айналысатын iс түрi, бiлiм деңгейi, кедейшiлiк, жұмыссыздық т.б. Қылмыстың өсуiне нарықтық қатнасқа өтудiң әсерi зор. Бұл бәсекелестiк, жұмыссыздық, инфляция сияқты феномендердiң пайда болуымен сипатталады. Қылммыс- адамзаттан айрылмайтын нәрсе, оны жою мүмкiн емес. Сондықтан нақты мiндетке тоқталу қажет- ол қылмыстың темпiн төмендету.
2. Алкоголим- бұл спирттiк iшiмдiктердi шектен тыс пайдалану және содан тәуелдi болып қалу. Жалпы адамзатқа мас қылатын сусындар ертеден белгiлi. Олар өсiмдiктерден жасалып, дiни салттың бiр бөлiгi ретiнде қолданылды және мерекелер iшiмдiкпен атқарылды. Алғашқы күштi iшiмдiк жасау әдiсi 16ғ. пайда болды. Түбегейлi өзгерiстер этил спиртiн өнеркәсiптiк әдiспен алудан соң басталды. Мiне осы жағдай бұхараның жаппай алкоголь тұтынуына мүмкiндiк туғызды және ХҮIII ғ. маскүнемдiк Англияда, Германияда, Венецияда және т.б. Европа елдерiнде кеңiнен етек алды. Ресейде де спирттiк iшiмдiк тұтыну осы уақытта пайда болды. Бұл ХIХ ғ. адамдарды улады, ал ХХ ғ. адамзат өркениетiнiң ең күрделi проблемасына айналды.
Шын мәнiнде алкоголь бiздiң өмiрiмiзге әлеуметтiк салттың бiр элементi болып енiп кеттi. Мысалы: мерекелерде, уақытты өткiзудiң кейбiр әдiстерi және жеке проблеманы шешуде алкогольдi қолдану шартты жағдай болып қалған. Бiрақ осы әлеуметтiк- мәдени дәстүрдiң қоғам үшiн зияны өте көп. Осы алкогольға байланысты бiздiң қоғамымызда көптеген жағдайлар кездесiп отыр.
Статистикалық мәлiметтерге сүйенсек 90% бұзақылық, қыз зорлау т.б. қылмыстардың 40%-ы мас болумен байланысты жасалады екен. Сондай-ақ кiсi өлтiру, жарақаттау, ұрлық, қарақшылық сияқты қылмыстардың 70%-ы сау емес күйде жасалады және барлық салыстырулардың50%-ы маскүнемдiкпен байланысты көрiнедi. Қоғамның алкоголизммен күресу тарихынан екi бағытты аңғаруға болады:
1.Спирттiк iшiмдiктерге қол жеткiзудi қиындату, оны шығармау сатуды қысқарту, бағасын көтеру, тыйымдар мен шектеулердi бұзғаны үшiн жазаны күшейту
2. Алкогольға сұранысты төмендету бағытына күш салу өмiрдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсарту, жалпы мәдениет пен рухани өмiрдi дамыту, алкогольдың зияндылығы туралы пiскен, жетiлген мәлiметтердi қарапайым түрде тарату, халыққа алкогольсыз мiнез-құлық стереотиптерiн қалыптастыру.
Алкоголизм мен маскүнедiк проблемаларын сәттi шешу үшiн экономикалық, әлеуметтiк, мәдени, психологиялық, демографиялық, құқықтық және медициналық аспектiлердi есепке алу қажет.
Маскүнемдiктiң екi түрi бар:
1. Моральға жат.
2. құқыққа қарсы.
3. Нашақорлық- (бұл грек тiлiнде narke-ағытылу және mania-құтырушылық, ақылсыздық дегендi бiлдiредi). Бұл жайлап адам ағзасының физикалық және психологиялық функцияларының терең жүдеуiне алып келетiн есiрткiлiк заттардан физикалық және психологиялық тәуелдiлiкте болатын ауру. Нашақорлық-бұл әлеуметтiк құбылыс ретiнде есiрткiнi қолданудың таралып кету дәрежесiмен немесе соларға ұқсас заттарды медицинаның рұқсатынсыз қолданумен сипатталады. Негiзгi есiрткiнi қолданушы адамдардың жасы 30 жас шамасында болады. 60% нашақорлар 19 жасқа дейiн өмiрiнде бiрiншi рет қолданады екен. Мiне осылайша нашақорлық ең алдымен жастар мәселесi, яғни жастардың бүгiнгi таңдағы ең үлкен проблемасы.4. Жезөкшелiк- бұл қазiргi қоғамның күрделi проблемаларының бiрi. Бұл қыздардың өз тәнiн саудаға салуы. Жезөкшелiкке қыздардың баруының көптеген әлеуметтiк, экономикалық, мәдени, т.б. себептерi бар. Жезөкшелiктен қоғамға келетiн зиян өте үлкен. Көптеген жұқпалы, қауiптi аурулар осы жезөкшелiкпен айналысатындар тарататыны белгiлi, сондай-ақ осы жолға түскендердiң басым көпшiлiгi жақсы жанұя құра алмайды, дүниеге денiсау бала әкеле алмайды. Бұл жолға түскен қыздар өз қателiктерiн кеш түсiнедi, өкiнедi, бiрақ ештеңе өзгерте алмайды.
5. Суицид- бұл өз өмiрiн қиушылық, яғни өзiн-өзi өлтiру. Өмiрдегi шешiлмейтiн мәселелерден құтылу үшiн өмiрден кетумен Сипатталады. Бұл құбылыс әр дәуiрде, әр мәдениетте өздiгiнше бағаланады. Көп жағдайда суицидтi терiс деп санайды. (Мұсылман дiнiнде де, християн дiнiнде де өзiн-өзi өлтiру үлкен күнә болып саналады). Кейде бұл әрекетке рұқсат берiлген және мiндеттi түрде жасау керек деп санаған. Мысалы, самурайлар арасында. Нақты суицидтiк акттердi бағалауда көп нәрсе мотивтерге, жағдайға, тұлғаның ерекшелiгiне байланысты болады. Өзiн-өзi өлтiру тек басқа түскен проблемадан құтылу үшiн ғана емес, ерлiк жасау жағдайында жасалады. Мысалы, көп адамды немесе балаларды құтқарып қалу үшiн немесе отаны үшiн адам өз өмiрiн өзi қиып ерлiк жасауы мүмкiн. Француз социологы Э. Дюркгейм суицид туралы жазған еңбегiнде өзiн-өзi өлтiру ол адамның iшкi сезiмiне байланысты емес, ол сыртқы ортаға байланысты деп түсiндiрдi.