
- •А.Ясауи атындаѓы халықаралық қазақ-түрік университеті заң факультеті «әлеуметтану және саясаттану» кафедрасы
- •Түркістан 2013
- •Лекция тезистері
- •Әлеуметтану әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
- •Бақылау сұрақтары
- •Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Әлеуметтік институттар мен процестер
- •Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификаця
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Девиация және әлеуметтік бақылау
- •2. Тұлғаның ауытқушылық әрекетінің табиғаты мен тарихи типтері.
- •3. Девиацияны биологиялық, психологиялық, әлеуметтанулық тұрғыдан түсіндіру
- •4. Әлеуметтік бақылау
- •Білім беру әлеуметтануы
- •Бақылау сұрақтары
- •Саяси әлеуметтану
- •Бақылау сұрақтары
- •Экономикалық әлеуметтану
- •Бақылау сұрақтары
- •Отбасы әлеуметтануы
- •2. Отбасының құрлымы мен қызметтері.
- •3. Отбасының өмірлік циклі, отбасы бірлігі.
- •Мәдениет әлеуметтану
- •Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
- •Бақылау сұрақтары
- •Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы
- •Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау
Бақылау сұрақтары
1. Индивид, тұлға, адам түсініктері
Тұлға құрылымы
Әлеуметтік статус және әлеуметтік роль
Тұлғаның әлеуметтенуі
Тұлғаның қоғамдағы ролі
СӨЖ тақырыбы:
Индивид, тұлға, адам түсініктері
Тұлға құрылымы
Әлеуметтік статус және әлеуметтік роль
Тұлғаның әлеуметтенуі
№7 лекция
Девиация және әлеуметтік бақылау
1. Тұлғаның девианттық мінез – құлқын анықтау мәселелері.
2. Тұлғаның ауытқушылық әрекетінің табиғаты мен тарихи типтері.
3. Девиацияны биологиялық, психологиялық, әлеуметтанулық тұрғыдан түсіндіру
4. Әлеуметтік бақылау
Қазақ тiлiндегi әдебиеттерде керiтартпа ғадет, жағымсыз мiнез-құлық, девианттық мiнез-құлық деп әртүрлi берiледi. Бiрақ бұл үшеуiнiң де мағнасы бiр деп қабылдаған дұрыс. “Девиантное поведение” деген сөздiң аудармасы ретiнде осы үш нұсқа алынған, көп жағдайда керiтартпа ғадет сөзi қолданылады. Девианттық (десиантное) сөзi латын тiлiндегi deviate деген сөзден шыққан. Deviate-ауытқу дегендi бiлдiредi. Керiтартпа ғадет- бұл адамның қоғамдық, топтық нормалардан ауытқыған мiнез-құлқы. Адамның iс-әрекетi, мiнез-құлқы қоғамдағы нормаларға, ережелерге, стеореотиптерге (қалыптасқан пiкiр) одан күтiлетiн әрекеттерге, құндылықтарға сәйкес келмеуi. Керiтартпа ғадет барлық кезде, барлық қоғамға тән. Бұл мәселе заңгерлердi, Саясткерлердi, жазушыларды және қоғамың барлық мүшелерiн толғандырады. Сондықтан, социология керiтартпа ғадеттi зерттеп, оның формаларының барлығының мәннiн ашуға тырысады.
Керiтартпа ғадеттiң мәнiн ашу “норма” түсiнiгiмен байланысты. Өйткенi норманы бұзған, яғни нормадан ауытқыған адамның мiнез-құлқы керiтартпа ғадет болып табылады. Бұл жерде керiтартпа ғадет деп атының өзi бiраз нәрсенi айтып тұр. Керiтартпа керi, терiс, жағымсыз дегенге сай келсе, ғадет сөзi әдет, әрекет, мiнез-құлық
деген сөздермен мағналас келедi. Адамның қандай әрекетi керiтартпа, қандай әрекетi қалыпты керiтартпа емес екенiн ажырату үшiн “норма” түiнiгiнiң мәнiн ашып алуымыз қажет. Әлеуметтiк норма-бұл нақты қоғамда тарихи түрде пайда болған тұлғаның, әлеуметтiк топтық немесе ұйымның шектелген iс-әрекетi. Норма мiнез-құлықтың реттелуiн қамтамассыз етедi және мiнез-құлыққа әлеуметтiк қадағалау жасайды. Яғни әлеуметтiк нормалар –бұл тұлғаның мiнез-құлқына, топқа бiр-бiрiмен, әлеуметтiк институттармен қарым-қатнас жасағанда қоғамның әлеуметтiк топтардың талаптарын бiлдiретiн ереже. Қарапайым түрде айтқанда қалай жүру керек, не iстеу керек, не iстемеу керек т.б. Осындай мәселелердi шешетiн ережелердiң, құндылықтардың, заңдардың, пiкiрлердiң жиынтығы. Мысалы: Студент сабаққа кешiкпеуi, сабақтан қалмауы қажет, бұлда номаға жатады. Яғни, бiз күнделiктi өмiрде қаншама нормаларды орындап жүрмiз, Сол нормаларды орындаулар арқылы өз мiнез-құлқымызды реттеп, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстаймыз. Норманың бұзылуы қоғам, әлеуметтiк топтар тарапынан нақты негативтi реакция тудырады. яғни норманың бұзылуы-керiтартпа ғадеттi бiлдiредi. Қазiргi жағдайда керiтартпа ғадеттiң нгiзгi түрлерiне қылмысты, маскүнемдiктi, нашақорлықты, суицидтi, жезөкшелiктi жатқызуға болады.