Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеуметтану кешен.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
410.11 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары

  1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы

  2. Әлеуметтік стратификация

  3. Әлеуметтік мобильділік

  4. Қоғамның әлеуметтік құрылымындағы таптар

  5. Қазақстан Республикасының әлеуметтік құрылымы

  6. П. Сорокин әлеуметтік құрылым және әлеуметтік мобильділік теориясы

  7. М. Вебердің әлеуметтік құрылым теориясы

СӨЖ тақырыбы:

Қоғамның әлеуметтік құрылымы ұғымы

П. Сорокин әлеуметтік құрылым және әлеуметтік мобильділік теориясы

М. Вебердің әлеуметтік құрылым теориясы

Қазіргі заманға батыс әлеуметтанушыларының стратификацияның негізгі критерийлері

6 лекция.

Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары

1. Индивид, тұлға, адам түсініктері

2. Тұлға құрылымы

3. Әлеуметтік статус және әлеуметтік роль

4. Тұлғаның әлеуметтенуі ұғымы

Тұлға проблемасы бiрқатар ғылымдардың социологияның, философияның, психологияның, педагогиканың, т.б. зерттеу объектiсiне жатады. Мәселен, философия тұлғаны таным мен тсорчествоның субъектiсi ретiнде қарастырса, психология тұлғаны психиклық қасиетер мен процестердiң: мiнез-құлық, темперамент, қабiлет,т.б. тұрақты жиынтығы ретiнде зертейдi. Әлеуметтану ғылымы тұлғаны әлеуметтiк өмiрге белсендi түрде араласатын, әлеуметтiк қатынастардың өзектi проблемаларының бiрi ретiнде зерттейдi. Өйткенi қоғамда болып жататын әлеуметтiк құбылыстар мен процестердiң себептерiн, сондай-ақ жекелеген адамдар мен

әлеуметтiк топтардың iс-әрекеттерiнiң себептерiн, мәнiн жеке тұлғалардың белгiлiрi арқылы түсiнуге болады. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның мiнез-құлқы арқылы тұтас топтың, қоғамның өмiрiн түсiнуге болады. Тұлға әлеуметтiк қатынастар мен байланыстардың бастапқы агентi болып саналады. Тұлға ұғымын “адам”, “индивид” ұғымдарымен салыстырып анықтауға болады. Адам ұғымы барлық адамдарға тән қасиеттер қабiлеттерге мiнездеме беру үшiн қолданылады. Бұл ұғым адамзат баласының жер бетiндегi басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерiн сипаттайтын жалпылама ұғым. Яғни адамның жануардан, өсiмдiктерден, заттан айырмасын атап көрсетедi. “Индивид” адам тегiнiң нақтылы өкiлi, жеке адам. Осы ұғымға қатысты индивидуалдық деген ұғым бар. Индивидуалдық- бұл әр адамның өзiне ғана тән жеке-дара қасиеттерiнiң жиынтығы, яғни бiр адамның екiншi адамнан айырмашылығы. Ал, “тұлға” дегенiмiз адамның табиғи биологиялық қасиетi ғана емес. Ол қоғаммен тығыз байланыстар, қатынастар негiзiнде қалыптасатын адамның мәнi. Тұлға- бұл индивидтiң дамуының қорытындысы, жемiсi, оның қоғамдық жағдайлардағы көрiнiсi. Адам- адам болып туылады, тұлға болып қалыптасады, яғни тұлға болып туылмайды. Адамды тұлға қылып қалыптастыратын қоғам, қоршаған әлеуметтiк ортасы. Егер жаңа туылған жас егiз баланы алып, оларды әртүрлi жағдайларда, мәселен, бiрiн Африкада, ендi бiрiн Америкада өсiрсе, онда бiрдей индивидтерден әртүрлi тұлғала қалыптасады. Өйткенi олар әртүрлi ортада өстi, әртүрлi мәдени құндылықтарды бойына сiңiрдi. Тұлғаның қалыптасуы табғи қасиеттерiне және қабылдау мүмкiндiктерiне негiзделедi. Тұлғаның қалыптасуында басты орын алатын не нәрсе: тұқым қуалаушылық па, әлде тәрбие ме? Бұл мәселе бойынша ғалымдар бiр пiкiрге келе алмауда. Кейбiр зертеушiлер барлық нәрсе тәрбиеге байланысты деп есептейдi. Олар “жаман оқушы жоқ, жаман оқытушылар бар” деген пiкiр айтады. Екiншi бiр зертеушiлер туа бiткен қасиеттерге үлкен мән бередi. Тұлғаны қалыптастыратын қоғам. Адам қоғамсыз өмiр сүре алмайды. Менiң өмiр сүруiм сенiң өмiр сүруiңдi және басқалардың өмiр сүруiн қажет етедi және керiсiнше де солай. Мысалы, кездейсоқ бiр жағдайлармен кiшкентай балалардың аңдар араына түсiп қалып, солардың арасында өскенi жайлы оқиғалар бар. Оларда адамдық қасиет қалмаған, аңдар сияқтя өмiр сүредi, төрт аяқатап жүредi, аңдар сияқты тамақтанады. Оларды кейiн тауып алып, адамдар арасында өмiр сүруге, сөйлеуге үйретуге ұмтылған әрекеттерден ешқандай нәтиже шықпаған. Демек адамның адамдық қасиеттерiн қалыптастыратын қоғамдық орта. Бiрақ, бұдан адамның биологиялық, психологиялық жақтары маңызды емес деген пiкiр тумауы керек. Анығында адамның өлшемi үш түрлi:

Биологиялық

Психологиялық

Әлеуметтiк

Биологиялық өлшем- бұл адам организмiнiң түр бейнесi, құрылысын және формаларын, оның атқаратын қызыметiн, ми, жүйке жүйесiн, т.б. қамтиды.

Психологиялық өлшем- бұл адамның iшкi жан-дүниесiн, онда жүрiп жататын саналы және санадан тыс құбылстар мен процестер, сезiм жүйесiн қамтиды. Мысалы, адамның құмарлығы, жек көру, сүю, мақтаныш, қорлану, күйiнiш, нарзылық, ойлау еркi мен сипаты, темперамент, т.б. жатады.

Әлеуметтiк өлшем- адамды тұлға, яғни белгiлi бiр тип, бiрнеше адамның үлгiсi, бейнесi, моделi ретiнде қарайды. Әрбiр қоғам өзiне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады. Сондықтан тұлғаның әлеуметтiк өлшемi әр қоғамда әртүрлi болады. Әлеуметтануда тұлға негiзгi екi тұғыдан қарастырады:

1. Тұлғаны қоғамдық қатынастар жүйесiне араласып, мұның бар жақсылықтарын бойына сiңiрiп, тұлға ретiнде қалыптасуын.

2. Әлеуметтiк қатынастардың және iс-әрекеттiң субъектiсi ретiнде тұлғаны қарастырады. Сонымен қорыта келгенде жаңа туылған сәби тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегiнiң өкiлi. Ол тұлға болу үшiн негiзгi екi шарт қажет:

1. Биологиялық, генетикалық дамудың алғышарттары;

2. Әлеуметтiк ортаның болуы қажет, өйткенi онда мәдени орта болады. Әлеуметтiк ортамен жас сәби әр уақытта байланыста, қатынаста болуы керек. Онсыз, яғни әлеуметтiк ортасыз сәби жан-жақты дами алмайды. Тұлғаның әлеуметтенуi Жоғарыда тұлға туралы бiраз сөз қозғадық. Тұлға дегенiмiз жоғары шарықтап дамыған, жан-жақты терең жетiген адам. “Тұлға” адамның әлеуметтiк сапасын бiлдiредi, адам тұлға болып қоғамда, яғни әлеуметтiк ортада қалыптасады деген болатынбыз. Ендi қоғам тұлғаны қалай қалыптастырады? деген сұраққа жауап iздеп көрейiк. Тұлға әлеуметтену процесi арқыл қалыптасады. Әлеуметтену- бұл өмiр сүру үшiн қажеттi бiлiмдердi, нормаларды, мәдени құндылықтарды менгеру болып табылады. Адам туылғаннан өмiрінiң соңына дейiн әлеуметтену процесiн өтедi. Бiз тұлғаны әлеуметтiк орта қалыптастырды деген болатынбыз. Осы арада әлеуметтiк орта деген не? Соған қысқаша тоқталайық. Әлеуметтiк ортаға ата-анамызды, достарымзды, туысқандарымызды, әрiптетерiмiздi, әртүрлi iс-әрекет жасағанда қарым-қатынасқа түсетiн адамдарды жатқызуға болады. Бiз күнделiктi өмiрде айналамыздағы адамдар тарапынан әлеуметтенемiз. Сөйлеудi, жазуды, өзiмiздi ортада қалай ұстап, қалай жүрiп-тұру керек екендiгiн үйренемiз. Мектептерге, әртүрлi курстарға бару арқылы бiлiм аламыз, көп нәрселердi үйренемiз. Ортаға бейiмделу де әлеуметтенуге жатады. Бала туылғант кезiнен бастап жанұясында тәрбиеленедi, яғни жанұяда әлеуметтенедi. Өсе келе балабақшаға, мектепке барады, онда да көп нәрсенi үйренiп бiлiм алады. Одан кейiн жоғары оқу орнына түседi немесе жұмыс iстейдi, Мұнда да бiлiмiн тереңдетедi, қасындағы достарына, жұмыс ұжымына бейiмделедi. Ослай әлеуметтену жалғаса бередi. Адамға қартайған шағында зейнеткерлiк өмiрге,

қартайғандыққа байланысты туындаған жағдайларға бейiмделуге, кейбiр iс-әрекеттерге дағдылануға тура келедi. Яғни әлеуметтену процесi үздiксiз жүре бередi. Әлеуметтену ұғымы мен қатар әлеуметтендiру деген ұғым бар. Әлеуметтену- бұл үйрену, бiлiм алу, тәрбие алу, меңгеру, бейiмделу болса, әлеуметтендiру- бұл үйрету, бiлiм беру, тәрбиелеу, меңгерту, бейiмдеу болады. Жоғарыда айтқанымыздай алғашында ата-анасы, содан соң мұғалiмдер, достар, жұмыс ұжымы, т.б. әлеуметтендiредi.

Адам әлеуметтену процесiн өту арқылы қоғамдағы тәжiрибенi, құнды бағалы нысандарды, бағыттарды өз бойына сiңiрiп, меңгерiп өмiрде қолданады. Сөйтiп қоғамды одан әрi жетiлдiрiп, дамыта отырып өзi жаңа сапа, қасиетке, тұлғалыққа ие болады.

Әлеуметтендiрудiң нақтылы жолдары болады. Олар: а) iС әрекет, қызымет, бұған ойын, оқу, еңбек ету жатады.

ә) қарым-қатынас, бұл- адамдардың бiр бiрiмен ұдайы, үздiксiз алуан түрлi қатынастарда болуын талап етедi.

б) өзiндiк сана-сезiмдi дамыту, бұған ми және жүректiң өз бетiнше қызымет етуi жатады.

Әлеуметтендiрудi жүзеге асырушыларды әлеуметтендiру агенттерi деп атаймыз. Жанұядағы әлеуметтендiру агенттерiне –ата-ана, туыстар жатады. Сондай-ақ оқу орындары, армия, палиция, мемлекет, БАҚ, т.б. және осы мекемелерде жұмыс iстейтiндер әлеуметтендiру агенттерi болып табылады.

Француз психологы Жан Пиаже тұлға дамуының бiрнеше сатыларын көрсеттi. Ол ойлауды үйрену процесiн зерттедi.

1. Туылғаннан-2 жасқа дейiнгi кезең. Сенсомоторлы саты деп атады. Бұл кезде балалар қоршаған ортадағы заттардың үлгiсiн көп уақытқа есте сақтап қалу мүмкiндiгi қалыптасады. Мұны кез-келген бала күтушi (няня) дәлелдейдi. Кiшкентай бала ата- анасы бiржақа кеткенде шынғырып жылайды, ал жарты жылдан соң күлiп тұрып қол бұлғап шығарып салады.

2. 2-7 жас аралығы алғашқы операционалды деп аталады. Бұл кезде балалар Символдар мен олардың мәнiн ажыратуды үйренедi. Бұл кезең басында олардың құмнан тұрғызған үйiндiлерiн бiреу бұзса олар ренжидi, өйткенi ол үйiндiлер олардың өз үйлерiнiң символы, ол үйiндiлердi үйiмiз деп түсiнедi. Ал кезең соңында олар Символ мен затты ажыратады.

3. 7-11 жас аралығынақты операциялар сатысы. Бұл кезде балалар ойланып iс-әрекет жасауды үйренедi. Бұған дейiн олар ойланбай тек қолымен iстеген болса, ендi ойланып iстейдi. Егер бұл кезеңде балаларға қатарынан жатқан алты ағашты көрсетiп, көп ағаштың iшiнен осындай көлемде ағаш ал десең, олар қиналмай алады. Ал бұл жастан кiшi жастағы бала әр ағашты бiртiндеп алып қатар ағаштардың қасына бiр-бiреуден қояр едi.

4. 12-15 жас аралығы. Бұл соңғы саты формальды операциялар деп аталады. Бұл кезде жас-өспiрiмдер логикалық және математикалық тапсырмаларды шеше алады, өнегелiк проблемаларды ойлайды, болашақ туралы толғанады. Ары қарай дамуы осы сатыда менгерген ақылы мен дағдыларына байланысты болады. Мiне Жан Пиаже тұлға дамуын 4 сатыға бөлiп, осындай мысалдармен түсiндiрдi.

Әлеуметтiк статус және әлеуметтiк роль.

Адамдар өте күрделi болып келедi. Бiр адамның iс-әрекетi басқа адамдардың iс-әрекетiнен өзгеше; Сондй-ақ адамдар әртүрлi жағдайларда (қуанғанда, ренжiгенде, қорыққанда, т.б.) өздерiн әрқалай ұстайды, әртүрлi бейнеде көрсетедi.

Бiз жақын достарымызбен және жақсы танымайтын адамдармен өзiмiздi бiрдей ұстамаймыз. Бiздiң кiшкентай балаға деген және әке-шешемiзге деген қарым-қатынастарымыз бiрдей емес. Бiздiң сүйiктi адамымызбен қарым-қатынасымыз жұмыстағы әрiптестерiмiзбен байланысымызға мүлдем ұқсамайды.

Әрбiр адам қоғамда бiрнеше позицияға, орынға ие болады. Мысалы, әйел әншi, мұғәлiм, жұбай және ана бола алады. Әрбiр осы әлеуметтiк позициялар белгiлi бiр құқықтармен, мiндеттермен байланысты. Бұл позициялар статус деп аталады. Яғни статус дегенiмiз тұлғаның қоғамдағы орны, жағдайы, мәртебесi.

Адам көптеген статусқа ие болғанмен олардың бiреу негiзгi статус болады және ол адамның қоғамдық жағдайын айқындайды. Мысалы, АҚШ-та жүрген қытайлық бишi қыз бiреудiң қызы, әйелi, досы болуы мүмкiн, бiрақ оның қоғамдық жағдайы –ол азиалық (азиатка) Көп жағдайда адамның басты статусы оның жұмысына байлнысты болады.

Мысалы, өзiмiз танымайтын адам туралы сөз қозғағанда бiз ең алдымен не iстейдi екен, немен айналысады екен? деген сұрақ қоямыз. Жауап ретiнде оның жұмысына байланысты статусы айтылады. Мысалы, мұғәлiм, әкiм, директор, т.б. . Басты статустардың iшiнде мыналар бар: түрмеге отырып келген, бұрынғы мисс, т.б.

Әлеуметтiк статус екiге бөлiнедi.

1. Жазылған статус (предпиСанный)

2. Қол жеткiзген (достигнутый)

Жазылған статустар жынысына, этникалық шығу тегiне, нәсiлiне, туылған жерiне, жанұя фамилиясына байланысты болады. Мысалы, қара нәсiлдi адам туылғаннан ақ негр деген статусқа ие болады. Яғни жазылған статусқа туылғаннан бастап ие болады.

Қол жеткiзген статус адам жүзеге асырған iс-әрекеттерi арқылы айқындалады. Жазушы статусына кiтап жазып шығарғаннан кейiн ие болады; күйеу статусына үйленуге рұхсат алып некеге тұрғаннан кейiн ғана ие болады. Ешкiм күйеу не автор болып туылмайды.

Студенттердi алып қарайтын болсақ, ол не ұл, не қыз, қазақ, не басқа ұлт өкiлi, т.б. осындай жазылған статустарға ие. Сондай-ақ ол бiреудiң жұбайы, досы, студент, староста, спорт шеберi, т. б. қол жеткiзген статустарға ие болады. Бiрақ жоғары оқу орнында жүргендiктен оның негiзгi статусы студент болып табылады.

Ендi әлеуметтiк рөлге келсек, әлеуметтiк роль-бұл тұлғаның статусына байланысты iс-әрекетi, мiнез-құлқының көрiнiсi. Яғни әлеуметтiк роль статуспен бекiтiлген немесе статусқа байланысты күтiлетiн мiнез-құлық. Мысалы музыкант рөлi музыкантқа қатысты мiндеттер мен құқықтарға байланысты оның толықтай мiнез-құлқын айқындайды. Оларға: музикалық туындыларды белгiлi бiр шеберлiк деңгейiнде орындау, күнiне бiрнеше сағат дайындық жасау(репетиция), дирижерге құрмет көрсету, т.б. жатады.

Әрбiр статус әдетте көптеген рөлдердi өзiне қамтиды. Оқытушы стаусына ие адам студентерге, факультеттiң басқа оқытушыларына, министiрлiк өкiлдерiне немесе ректорға әртүрлi мiнез-құлық көрсетедi. Яғни осылардың әрқайсымен қарым-қатрынас жасағанда өзiн әртүрлi ұстайды. Бiр статусқа байланысты ойналатын рөлдер жиынтығы –рөлдiк жиынтық деп аталады.

Бiз рөлдердi әлеуметтену процесi арқылы меңгеремiз, қабылдаймыз. Бiздiң рөлiмiз бiзден басқалар не күтедi, сол арқылы анықталады. Бiздiң қоғамымызда ата-аналар өздернiң балаларына қамқорлық жасауы тиiс, жұмысшы өзiне жүктелген жұмысты iстеуi керек, жақын достарымыз бiздiң проблемаларымызға немқұрайлы қарамаулары керек, демек осындай iс-әрекеттер күтiледi. Егер олар бiз күткен рөлдi орындамаса бiз таң қаламыз, ренжимiз және бiздiң қарым-қатынасымыз өзгередi.

Ары қарай рөлдер туралы сөз қозғай берсек, рөлдер формальды және формальды емес күтiлетiн рөлдер деп бөлуге болады. Формальды рөлдерге заң айқын дәлел бола алады. Егер бiз үй сатып алу туралы келiсiм-шартқа отырсақ, бiзден үй сатып алушы рөлi күтiледi, егер бiз олай iстемесек келiсiм-шартты бұзғанымыз үшiн бiздi сотқа шақыруы мүмкiн. Қылмыстық жауапкершiлiк заңдары кiсi өлтiруге, зорлауға, басқа адамдарға зиян келтiретiн iс-әрекеттер жасауға тиым салады. Келесi күтiлетiн рөлдер формальды емес-мысалы, дастарқан басында өзiн ұстай бiлу, киiну стилi мен спайылық ережелерi, т.б. . Бiрақ бұларда бiздiң мiнез-құлқымызға көп әсер етедi.

Бiзден күтiлетiн рөлдерге сәйкес келмеген iс-әрекеттерiмiзге байланыСты туындаған реакцияларды да формальды және формальды емес деп топтастыруға болады. (Реакция-бiздiң iс-әрекетiмiзге жауап ретiнде туындаған басқа адамдардың iс-әрекетi). Мысалы қылмыскердi басқа бiреуге шабуыл жасағаны үшiн тұтқындап, кiнәлi деп тауып түрмеге жiбередi. Машина қоюға рұхсат етiлмеген орынға машинасын қойғаны үшiн жүргiзушiге айыппұл салынады. Егер салынған айыппұл уақтылы төленбесе ол өседi. Бұлар формальды жазалауларға жатады. Келесi жазалау түрлерi формальды емес. Мысалы, бiр кiсi отырыста мас болып қалып үй иесiн балағаттады, намысына тидi дейiк, ол түрмеге түспейдi, бiрақ оны ендi үй иесi қонаққа шақырмауы мүмкiн. Кейбiр жазалаулар мүлдем басқаша болады. Мысалы, орынсыз айтылған сөзге қарсы ашуланып, сөйлемей қойып сөйлеушiге тыңдаушы орынсыз, намысқа тиетiн сөз айтқандығын бiлдiредi. Егер адамның iс-әрекетi күтiлген рөлге сәйкес келсе ақша немесе құрмет көрсету сияқты марапаттауларға ие болады. Осы марапаттаулар мен жазалаулар санкциялар деп аталады.