
- •А.Ясауи атындаѓы халықаралық қазақ-түрік университеті заң факультеті «әлеуметтану және саясаттану» кафедрасы
- •Түркістан 2013
- •Лекция тезистері
- •Әлеуметтану әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
- •Бақылау сұрақтары
- •Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Әлеуметтік институттар мен процестер
- •Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификаця
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Девиация және әлеуметтік бақылау
- •2. Тұлғаның ауытқушылық әрекетінің табиғаты мен тарихи типтері.
- •3. Девиацияны биологиялық, психологиялық, әлеуметтанулық тұрғыдан түсіндіру
- •4. Әлеуметтік бақылау
- •Білім беру әлеуметтануы
- •Бақылау сұрақтары
- •Саяси әлеуметтану
- •Бақылау сұрақтары
- •Экономикалық әлеуметтану
- •Бақылау сұрақтары
- •Отбасы әлеуметтануы
- •2. Отбасының құрлымы мен қызметтері.
- •3. Отбасының өмірлік циклі, отбасы бірлігі.
- •Мәдениет әлеуметтану
- •Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
- •Бақылау сұрақтары
- •Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы
- •Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау
Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификаця
1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы ұғымы
2. Әлеуметтік құрлым қоғамның элементі ретінде
3. Әлеуметтік стратификация ұғымы
Қоғамның әлеуметтiк құрылымы күрделi, ол бiрнеше шағын құрылымдарға жiктеледi. Әлеуметтiк құрылымның мынадай түрлерi бар: “қоғамның таптық құрылымы”, “қоғамның стратификациялық құрылмы”, “қоғамның ұлттық құрылымы”, “қоғамның кәсiби құрылымы”, “қоғамның демографиялық құрылымы”, “қоғамның территориялық не аймақтық құрылымы”.
Әлеуметтiк құрылым деген ұғымды өте кең мазмұнда пайдалануға болады. Қоғамның әлеуметтiк құрылымы дегенде, кейде бiз қоғамның барлық жақтарын қамтимыз. Мысалы, қоғамның экономикалық, әлеуметтiк, саяси рухаи, т.б. жақтары, элементтерi бар. Социологияда қоғамды осындай күйде қарастыруды , яғни өте кең, ауқымды түсiнудi социеталдық түсiну деп көрсетедi. Қоғамның әлеуметтiк жағы дербес әлеуметтiк құрылым. Осы мағынада пайдалансақ әлеуметтiк құрылым дербес қоғамдық құбылы, бiртұтас, нақтылы, өзiндiк бөлшектерi, элементтерi бар әлеуметтiк организм. Әлеуметтiк құрылым дегенiмiз әлеуметтiк топтардың, страталардың, таптардың және әлеуметтiк институттардың жиынтығы олардың байланыстары, арақатынастары. Сонымен, әлеуметтiк құрылым бiрiншiден, белгiлi бiр элементтерден, нақты топтардан тұрады, солардың қосындысы, жиынтығы. Екiншiден, айтылған топтар өзара қатынастарда, түрлi байланыстарда болады.
Әлеуметтiк құрылымның басты, негiгi элементтерi әлеуметтiк топтар, страталар, таптар дедiк. Ендi осы топтарға анықтама берiп көрейiк. әлеуметтiк топтар деген жалпылама ұғым, бұл ұғымға негiзiнде қоғамдағы адамдар топтарының барлығы кiрдi. Әлеуметтiк топ –бұл белгiлi жекелiк, ұжымдық және қоғамдық мүдделер мен мақсатарды жүзеге асырушы азды-көптi әрекеттенушi адамдардың жиынтығы. Әлеуметтiк топқа кiретiн үлкен топ- бұл тап. Тап ұғымы экономикалық әлеуметiк топтарды белгiлеуге қолданылады. Көбiнесе тап ұғымы екi мағынада берiледi. Бiрiншiсi кең мағынада, бұл мағынада тап дегенiмiз өндiрiс құрал-жабдықтарына белгiлi қатынасы бар, қоғамдық еңбек бөлiнiсiнде нақтылы алатын орны бар, ерекше әдiстер арқылы алатын табыстарының өзiндiк мөлшерi бар, үлкен әлеуметтiк топтар.
Екiншiсi тар мағынада тап дегенiмiз әлеуметтiк топтар, страталар. Олардың ең басты белгiлерi: кiрiс, табыс, мамандық, билiк, бiлiм деңгейi, мәдениет, т.б. .
Қарапайым түрде қоғамның басты элементтерi деп мыналарды айтамыз:
1. Өзара тығыз байланыста, қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар.
2. Қоғам мүшелерiнiң бiрiгуi, топтасуы негiзiнде пайда болып дамып отыратын әлеуметтiк топтар.
3. Сол қоғамда қалыптасқан белгiлi бiр функцияларды атқаратын әлеуметтiк институттар.
Индивидтер - сол қоғамда өмiр сүрiп отырған жеке адамдар.
Әлеуметтiк топтар - белгiлi бiр ортақ белгiлерi бар, яғни мүдделер, құндылық бағдарлары, атқаратын қызымет, iс-әрекетерi ұқсас адамдар жиынтығы.
Институт- бұл белгiлi бiр әлеуметтiк қажеттiлiктердi қанағаттандыруға арналған рөлдер мен статустардың жиынтығы. Институтар адамдардың iс-әрекетерiн , қызыметiн ұйымдастырады.
Қолғамда әлеуметтiк топтардың сан алуан түрлерi бар. Оларды жақсырақ түсiну үшiн төмендегi үш белгiсi арқылы жiктеуге болады.
Тұрақтылық дәрежеСiне қарай үшке бөлiнедi.
1. Қысқа мерзiмдiк байланысқа негiзделген тұрақтылығы төмен топтар, оларды квази топтар депте атайды. Мәселен, бұл топқа театрдағы көрермендердi, поезд вагонындағы жолаушыларды, туристiк топ немесе митингiге қатысатын адамдарды жатқызуға болады. Бұл топтағы адамдар арасындағы байланыс әлсiз әрi кездейсоқтық сипаты басым болады.
2. Тұрақтылығы орташа топтар.(еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы,т.б.)
3. Тұрақтылығы жоғары топтар ( ұлттар, таптар, т.б.).
Көлемiне қарай үшке бөлiнедi.
1. Үлкен әлеуметтiк топтар немесе қауымдастықтар (ұлттар, таптар, әлеуметтiк жiктер, кәсiби бiрлестiктер, т.б.);
2. Орташа әлеуметтiк топтар (бiр аймақтың тұрғындары);
3. Кiшi топтар (отбасы, шағын ұжымның қызметкерлерi, оқу топтары, т.б.). Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат мүдделерi жақын болады.
Мазмұнына қарай беске бөлiнедi.
1. Әлеуметтiк экономикалық топтар (касталар, сословиелер, таптар);
2. Әлеуметтiк этникалық топтар (ру, тайпа, ұлттар, ұлыстар);
3. Әлеуметтiк демографиялық топтар (жастар, қарт адамдар, балалар, ерлер, әйелдер);
4. Әлеуметтiк кәсiби топтар (шахтерлер, мұғәлiмдер, дәрiгерлер, инженерлер);
5. Әлеуметтiк территориялық топтар (аймақтың, обылыстың, ауданның, қаланың, селоның тұрғындары.
Әлеуметтiк стратификация
Қоғамның әлеуметтiк құрылымын қарастыратын қазiргi кезеңдегi теориялардың бiрi- Әлеуметтiк стратификация деп аталады. Әлеуметтiк стратификация дегенiмiз қоғамды топтарға, таптарға, страталарға бөлу, ажырату. Стратификация сөзiнiң түбiр –страта- деген сөзден шыққан. Страта сөзi геология ғылымынан енген, ол жердiң қабаты, қыртысы деген мағынаны бiлдiредi.
Стратификация теориясаының негiзiн салушы К. Маркс болды. Маркс бойынша қоғамды тауар өндiру тәсiлiне қарай кезеңдерге бөлуге болады. Ол оны-өндiрiс тәсiлi деп атады. Карл Маркс қоғамды бе формацияға бөлдi. Тек алғашқы қауым мен социалистiк қоғам тапсыз қоғам деп атады. Ал қалғандары екi тапқа бөлiнедi, олардың арасындаâ әрдайым күрес болып отырады деп айтқан. Құл иеленушiлiк қоғамда құл иеленушiлер мен құлдар табы, Феодаодық қоғамда феодалдар мен шаруалар табы, капиталистiк қоғамда буржуазия (iрi капитал иелерi, өндiрiс құралдарының иелерi) мен жұмысшылар табы. Маркс қоғамды тапқа бөлгенде экономикалық көрсеткiштi маңызды деп санады. Кез келген формацияда өндiрiс тәсiлi экономикалық ұйымдастыруды анықтайды және Маркс экономикалық ұйымдастыру қоғам өмiрiнiң негiзгi аспектiсi деп санады. Яғни қоғамды тапқа бөлуде Маркс меншiк, байлық, табыс сияқты экономикалық көрсеткiштердi негiзге алды.
Стратификация теориясының негiзiн салушылардың бiрi- М. Вебер болды. Ол қоғамды стратификациялауда МаркСтың теориясын жалғастыра отырып байлықтан басқа да адамның теңсiздiгiн көрсететiн көрсеткiштер бар екендiгiн айтты. Вебер адамдар бiр бiрiмен қоғамда бiрiншiден байлыққа байланысты тең еместiгiн айтып Маркспен келiстi. Бiрақ барлық уақытта теңсiздiк байлыққа байланысты емес екендiгiн айтты. Адамдар бiрдей құрметке, беделге ие еместiгiн көрсетiп статустық топ деген ұғым енгiздi. Бұны Вебер теңсiздiктiң екiншi компонентi деп есептедi. Вебер Сондай-ақ байлықпен және беделмен қатар билiк те маңызды фактор екендiгiн айтты. Сонымен М. Вебер стратификация теориясында тенсiздiктiң үш негiзгi көрсеткiшiн көрсеттi:
1. Байлық- экономикалық статус.
2. Бедел-әлеуметтiк статус.
3. Билiк- саяси статус.
Әлеуметтiк мобильдiлiк
Мобильдiлiк түсiнiгiнiң этимологиясы келесi түсiнiктерде бейнеленген: -қозғалыс-, -алға жылжу-, орын ауыстыру-. әлеуметтiк мобильдiлiк социологиялық категория ретiнде индивидтiң әлеуметтiк құрылымдағы өзгерiсiн бейнелейдi. Әлеуметтiк мобильдiлiк ретiнде адамның, әлеуметтiк топтың бiр қабаттан екiншi қабатқа орын ауыстыруы, әлеуметтiк баспалдақ бойынша жоғары не төмен жылжуы есептеледi. Яғни әлеуметтiк мобильдiлiк адамдардың әлеуметтiк орын ауыстырулары, олардың қоғамдағы әлеуметтiк статусының өзгеруi. Сонымен әлеуметтiк мобильдiлiк дегенiмiз адамның не әлеуметтiк топтың қоғамның әлеуметтiк құрылымындағы әлеуметтiк жағдайының өзгеруiне байланысты жүзеге асатын күрделi әлеуметтiк процес.
П. Сорокин социологияда алғаш рет әлеуметтiк мобильдiлiк түсiнiгiнiң анықтамасын және оның зерттеу принциптерiн негiздедi.
П. Сорокин әлеуметтiк мобильдiлiктi екiге бөлдi.
1. Тiк мобильдiлiк- бұл адамның не топтың статусының жоғарылауы не төмендеуi. Мысалы, қарапайым мұғалiмнiң кандидат, доцент, доктор болып оның статусы көтерiлуi мүмкiн. Яғни қызметi жоғарылап, табысы өсуiп статусы жоғарылайды не керiсiнше болады.
2. Көлденең мабильдiлiк- адамның не топтың қоғамдағы жағдайы өзгеруi , орын ауыстыруы, бiрақ оның статусы өзгермейдi. Мысалы, мұғалiм бiр унисерситеттен келесi бiр университетке ауысуы мүмкiн оның статусы өзгерген жоқ.