
- •А.Ясауи атындаѓы халықаралық қазақ-түрік университеті заң факультеті «әлеуметтану және саясаттану» кафедрасы
- •Түркістан 2013
- •Лекция тезистері
- •Әлеуметтану әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
- •Бақылау сұрақтары
- •Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Әлеуметтік институттар мен процестер
- •Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификаця
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Девиация және әлеуметтік бақылау
- •2. Тұлғаның ауытқушылық әрекетінің табиғаты мен тарихи типтері.
- •3. Девиацияны биологиялық, психологиялық, әлеуметтанулық тұрғыдан түсіндіру
- •4. Әлеуметтік бақылау
- •Білім беру әлеуметтануы
- •Бақылау сұрақтары
- •Саяси әлеуметтану
- •Бақылау сұрақтары
- •Экономикалық әлеуметтану
- •Бақылау сұрақтары
- •Отбасы әлеуметтануы
- •2. Отбасының құрлымы мен қызметтері.
- •3. Отбасының өмірлік циклі, отбасы бірлігі.
- •Мәдениет әлеуметтану
- •Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
- •Бақылау сұрақтары
- •Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы
- •Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау
Бақылау сұрақтары
«Қоғам» ұғымы
Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
Әлеуметтік инститтар мен процестер түсінігі
Әлеуметтік институттардың белгілері мен функциялары
әлеуметтік инститтардың түрлері
Қоғам өміріндегі әлеуметтік процестер
СӨЖ тақырыбы:
Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
Қоғамның әлеуметтік құрылымы
Әлеуметтік стратификация
Әлеуметтік мобильділік
Лекция №4
Әлеуметтік институттар мен процестер
1. Әлеуметтік институтар мен процестер түсінігі
2. Әлеуметтік институттардың белгілері мен функциялары
3. Әлеуметтік институтардың түрлері
4. Әлеуметтік процесс ұғымы
“Институт” деген термин бірнеше мағынада қолданылады. Европалық тілдерге бұл термин латынның igstitutum – құрылғы, құрылым деген сөзінен енген. Социологтар хұқықтанушылардан алып, өзіндік мағына берді. Әлеуметтік институт - бұл ең алдымен қоғамдық қатынастардың белгілі саласын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады. Мағыналық жағынан – бұл белгілі тұлғалардың белгілі жағдайларда мақсатты түрде бағытталған іс-әрекеттер стандарттарының белгілі жиынтығы. Мысалы юстиция - әлеуметтік институт ретінде іштей тұлғалар (прокурорлар), мекемелер (соттар), материалдық құралдар жиынтығы болып табылады, сондай ақ адвокаттар т.б, (прокуратура, соттар, тұтқынға алу орындары т.б.), ал мағыналы түрде құқық қорғау саласындағы белгілі әлеуметтік функцияларды рындайтын тұлғалардың стандартты түрдегі іс-әрекет образдарының жиынтығы). Бұль стандартты іс-әрекеттер юстиция жүйелерінде (судья роліне, прокурор, адвокат және т.б. ролдері) тиесілі әлеуметтік ролдермен іс-жүзіне асады.
Осылайша әлеуметтік институт – бұл әлеуметтік тәжірибенің тұрақты – типі мен формалары. Осылардың көмегімен қоғамдық өмір ұйымдастырылады, қоғамдық әлеуметтік ұйымдардың шеңберінде байланыстар мен қарым-қатынастардың тұрақтылығы қамтамассыз етіледі. Әлеуметтік институттар – бұл мыңдаған жылдар бойы мәдени эволюциямен жинақталған қоғамның өмір сүруінің мықты құралы болып табылады. Өмір сүру үшін қоғам өзінің бастапқы қажеттіліктерін қанағатандыру қажет. Бұл үшін қоғамда белгілі әлеуметтік иститутар құрылған:
ұрпақ жалғастыру қажеттілігі (жанұя және неке институты);
әлеуметтік тәртіп пен қауіпсіздік;
қажеттілігі (саяси институттар, мемлекет);
өмір сүру құралдарын табу қажеттілігі ( экономикалық инститтуттар, өндіріс);
білім беру, (жасөспірімге) өсіп келе жатқан ұрпақты әлеуметтендіру, кадр дайындау (білім беру институттары, ғылым мен мәдениетті қосқанда);
рухани мәселелерді шешу қажеттілігі (дін институттары);
Өзінің функцияларын іс-жүзіне асыра отырып, әлеуметтік институттар құрамындағы тұлғалардың іс-әрекеттерін стандартты іс-әрекеттерге сай болса қолдайды, керісінше индивидттердің іс-әрекеттері стандартты іс-әрекеттердің талаптарынан ауытқыса оларды бақылап, бір ретке келтіріп отырады. Әлеуметтік институттар нақты және латентін функцияларды атқарады. Нақты функциялар күтімді, қажетті және өте тез танылады. Бұл ең алдымен:
қоғамдық қатынастардың қайта толтырылуы және бекітілуі.
Реттеушілік функциясы.
Интегративті (біріктіруші) функциясы.
Тасмалдаушы функциясы.
Коммуникативті (байланыс) функциясы.
Латентті функциялар – бұл алдын – ала жоспарланбаған, нақты емес жасырын формаға ие түрде іс-жүзіне асырылады. Мысалы, өзінің функцияларын атқармас ттүгіл, олардың іс-жүзіне ауысуына қарсылық білдіреді. Бұндай институттарда жасырын функциялар орын алады, осылардың көмегімен олар белгілі әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін қанағатандырады. Көбінесе мұндай іс-әрекеттер саяси институттарда көрініс табады.
Қоғам әлеуметтік ұймдардың болуы мүмкін емес. Әлеуметтік ұйым (француздың), organisation – құрастырып жатырмын, қалыптастырып жатырмын – (кейбір) өзара байланысқан спецификалық мақсаттарға қол жеткізу мен жоғары формалданған құрылымды қалыптастыратын кейбір қатыастардың жүйелерін құрайтын кейбір көптеген индивидтерді біріктіретін белгілі құрылы. Әлеуметтік ұйым тек қана мына жағдайда пайда болады, егер қандай да бір жалпы мақсаттарға қол жеткізу жеке мақсаттарға қол жеткізуің арқасында болса, немесе керісінше индивидуалды мақсаттарға қол жеткізу жалпы мақсаттарға қол жеткізудің арасында болса. Ұйымдардың мақсаты дегеніміз – бұл күткен нәтиже немесе ұйым мүшелері ұжым қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өзінің белсенділігін пайдалана отырып жағдай жасауға тырысады. Қандай да болмасын (әлеумет) институттардыі басты элементі әлеуметтік құрылымы болып табылады. Ұйымдардың әлеуметтік құрылымы дегеніміз - өзара байланысқан ролдердің жиынтығы болып табылады, сонымен қатар, ұйым мүшелері арасындағы бір ретке келтірілген қарым-қатынастары, ең алдымен билік және қол астындағылардың қарым-қатынасы. Ұйымдар әлеуметтік құрылымы бойынша формалданған дәрежесі бойынша бөлінеді:
Формалды ұйым – (латын тілінде – forma – түр, келбет, образ) – бұл әлеуметтік позициялар мен олардың арасындағы қарым-қатынастары белгілі құрылымдар мен нақты белгіленген және де осы позицияларға ие мүшелердің жеке мінездерінен тәуелсіз әлеуметтік ұйымдардың әдісі. Мысалы директор іскер және энергичный болуы мүмкін немесе пассивті және жұмысқа құлқы жоқ болуы мүмкін. Ал орындаушы өте дарынды болуы мүмкін, алайда ол әлеуметтік ұйымда директордан кейін тұр. Әр бір формалды ұйым ішінде формалсыз ұйым болады. Формалсыз ұйым дегеніміз – бұл өздігінен пайда болған әлеуметтік жүйелер мен нормалардың, өзара іс-әрекеттердің жүйелері. Бұл жерде іскер және дарынды қызметші мекеменің директорынан жоғары статусқа ие болуы мүмкін. Формалсыз ұйымдарда ресми ережелер жоқ және олар тұрақсыз болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Әлеуметтік институтар мен процестер түсінігі
2. Әлеуметтік институттардың белгілері мен функциялары
3. Әлеуметтік институтардың түрлері
4. Әлеуметтік процесс ұғымы
СӨЖ тақырыбы:
Әлеуметтік институттардың белгілері мен функциялары
Әлеуметтік инститтардың түрлері
Қоғам өміріндегі әлеуметтік процестер
№5 лекция