
- •А.Ясауи атындаѓы халықаралық қазақ-түрік университеті заң факультеті «әлеуметтану және саясаттану» кафедрасы
- •Түркістан 2013
- •Лекция тезистері
- •Әлеуметтану әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
- •Бақылау сұрақтары
- •Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Әлеуметтік институттар мен процестер
- •Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификаця
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Девиация және әлеуметтік бақылау
- •2. Тұлғаның ауытқушылық әрекетінің табиғаты мен тарихи типтері.
- •3. Девиацияны биологиялық, психологиялық, әлеуметтанулық тұрғыдан түсіндіру
- •4. Әлеуметтік бақылау
- •Білім беру әлеуметтануы
- •Бақылау сұрақтары
- •Саяси әлеуметтану
- •Бақылау сұрақтары
- •Экономикалық әлеуметтану
- •Бақылау сұрақтары
- •Отбасы әлеуметтануы
- •2. Отбасының құрлымы мен қызметтері.
- •3. Отбасының өмірлік циклі, отбасы бірлігі.
- •Мәдениет әлеуметтану
- •Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
- •Бақылау сұрақтары
- •Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы
- •Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау
Бақылау сұрақтары
Әлеуметтанудың қалыптасуындағы негізгі кезеңдер.
О. Конт және Г. Спенсердің социологиялық концепциялары
К. Маркс социологиясы
Э. Дюркгейммен М. Вебердің социологиялық ілімі
Ресейдегі әлеуметтанулық ойдың дамуы
Қазақ ойшылдарының әлеуметтанулық көзқарастары
СӨЖ тақырыбы:
Әлеуметтанудың қалыптасуындағы негізгі кезеңдер.
Ресейдегі әлеуметтанулық ойдың дамуы
Қазақ ойшылдарының әлеуметтанулық көзқарастары
№3 лекция
Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
1. «Қоғам» ұғымы
2. Әлеуметтік жүйе, әлеуметтік байланыс, әлеуметтік өзара әрекет
3. Қоғамның типологиясы
“Қоғам” деген ұғым социология ғылымының басты категориясы болып табылады. Күнделiктi өмiрде бұл ұғымды кеңiнен қолданамыз. (Бiз “Қазақ қоғамы”, “Америка қоғамы”, “Жапон қоғамы” деп айтамыз, бiрақ мәнiне үңiле бермеймiз). ғалымдардың өздерi бұл ұғымның мәнiн ашуда қиындықтарға душар болуда. Бұл ұғымның көптеген мәнi бар. Бiз “кәсiби қоғам” десек онда бiрдей кәсiпке ие адамдар тобы туралы айтып отырмыз. Егер “жоғарғы қоғам” деп айтсақ онда белгiлi бiр әлеуметтiк қабатты (жоғарғы класс) құрайтын, ортақ құндылықтар мен өмiр салты бар адамдар тобы туралы айтып отырғанымызды бiлдiредi. Ал белгiлi бiр географиялық аумағы бар, ортақ заң жүйесi және ұлттық бiрлiгi бар Қазақстан қоғамы десек , бұл жерде басқа мағына бередi.
Социология қоғам ұғымын осы мағынада қолданады, осы мағынада зерттейдi.
Өзiмiз байқап отырғанымыздай қоғам ұғымы мағынасында мемлекет ұғымына өте ұқсас және көп уқыт бойы бұл екi ұғым бiр мағынада қаралып келдi. Бұл ұғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған италияндық ғалым Н. Макиавелли болды. Ал, бұл ұғымдардың айырмашылығын немiс философы Гегель теориялық жағынан негiздеп, дәлелдедi.
”Мемлекет”, “қоғам”, “ел” деген ұғымдарды синоним ретiнде түсiну әлiде кездеседi. Әрине бұл атаулардың арасында жақындық болғанмен, оларда айырмашылықтар бар. Егер оларға жеке тоқталар болсақ, қоғам бiр-бiрiмен өзара байланыста, қарым-қатынаста болатын адамдардың үлкен қауымдастығы, тобы, мемлекет сол қоғамды басқаратын билiк органы, ал, ел әлгi аталған қоғам қалыптасып, мекендейтiн белгiлi бiр территория. Яғни, қоғам белгiлi бiр географиялық шекарасы, ортақ заң жүйесi, белгiлi бiр ұлттық, әлеуметтiк мәдени бiрлiгi бар адамдар бiрлестiгi. Қоғамға берiлген анықтамалардың бәрiнде қоғамды өзара тығыз байланыста болатын элементтердiң жүйесi ретiнде қарастыру тән.
Қоғам ұғымына анлиз жасай отырып, Марш (1967) әлеуметтiк бiрлестiктердi қоғам деп санау үшiн қажет талаптарды аықтауға тырысты.
1. Тұрғылықты территория. Мысалы, Қазақсан өзiнiң шекарасында.
2. Қоғамның толықтырылып ,өсiп отыруы. (Бала туылу арқылы көбею маңызды).
3. Мәдениеттiң дамуы. Қоғамдық өмiрдiң барлық қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн мәдениет моделдерi (үлгiлерi) көптүрлi болуы мүмкiн
4. Саяси тәуелсiздiк. Қоғам басқа бiр жүйенiң элементi болып табылмайды, ондай болған күнде де аз мөлшерде ғана. Марш қоғады мұндай белгiлер арқылы анықтаудың өзi даулы екенiң айтты. Басқада социологтар (Аберле, Коэн, Дэвис, Леви және Саттон 1950, Парсонс 1966) “өзiн-өзi қамтамасыз ету” қоғамның негiзгi белгiсi деп санайды. Бұл Марш көрсеткен “Саяси тәуелсiздiк” белгiсiне жақын. Бұл жерде қоғамның өзiн өзi қамтамасыз етуi мiндеттi түрде барлық өнiмдер мен қызыметтердi өзi өндiруi керек деген сөз емес. Көптеген қоғамдар оның iшiнде Жапония, Ұлыбритаия, Норвегия (көп мөлшерде) iшкi саудаға тәуелдi. Бiрақ әр мемлекетте импортқа төлейтiн өзiнiң волютасы болуы керек. Осылайша бiз қоғамның өзiн өзi қамтамсыз етуi деп, оның төлеу қабiлетнiң сақталуын және қарыздарын төлеу мүмкiндiгiн айтып отырмыз.
Қоғамның түрлерi
Қоғамды классификациялаудың көптеген әдiстерi бар. Маркстiк дәстүр бойынша қоғам түрi өндiрiс тәсiлi арқылы анықталады. Яғни қоғамда бар экономикалық рессурстар қалай қолданылады және бақыланады, осы негiзге алынады. Мысалы, феодалдық, капиталистiк, социолистiк және комунистiк. Бұл жiктеу неге Марксистiк деп аталады? К. Маркс қоғамның даму сатыларын анықтауда негiзгi өлшемге өндiрiс құрал жабдықтарына меншiктiң түрi мен қоғамның таптық құрылымын алды. Осы тұрғыдан талдай келе К. Маркс қоғам дамуын бес тарихи сатыға жiктедi. Оларды қоғамдық формациялар деп атады. Олар мыналар:
1. Алғашқы қауымдық қоғам.
2. Құл иеленушiлiк қоғамдық-экономикалық фаромация.
3. Феодалдық қоғамдық-экономикалық фармация.
4. Капиталистiк қоғамдық-экономикалық фармация.
5 .Коммунистiк қоғамдық-экономикалық фармация.
Бұлардың үшеуi, яғни құлдық, феодалдық және капиталистiк қоғамдық-экономикалық фармациялық -таптық, антропагендiк, қанауға негiзделген еңбек адамына жат қоғамдар ретiнде сипатталады. Ал алғашқы қоғам мен коммунистiк қоғамдық-экономикалық фармация тапсыз қоғам ретiнде сипатталды.
Қоғам ондағы билiк құрып тұрған дiнге байланысты (мысалы, мұсылман қоғамы) немесе тiлге байланысты (мысалы, орыс тiлдi, франко тiлдi) классификациялануы мүмкiн.
Г. Ленский мен Дж. Ленский (1970) қоғам өмiр сүруi үшiн қажет құралдарды алудың негiзгi сипатына сәйкес классификацияланады. Сондай-ақ олардың маңызды басқада белгiлерiн көрсеттi. Бұл жерде негiзгi күнкөрiс көзi не- сол есепке алынады.
1.Аңшылық пен терiмшiлiк арқылы күн көретiн қоғам.
2. Бағбаншылық арқылы күн көретiн қоғам.
3. Егiншiлiк қоғамы (аграрлық қоғам).
4. ӨндiрiСтiк қоғам.
ХХ ғ. 50-60 жылдарында американдық социологтар Д. Белл, У. РаСтау және француз социологы Р. Арон. Қоғам дамуының үш сатысы туралы теорияны ұсынды. Бұл ғалымдар өздерiнiң тұжырымдамаларын дүниежүзiлiк тарихқа салыстырмалы талдау жасау негiзiнде қорытындылаған. Аталған авторлар адамзат қоғамның дамуын әлемдiк шеңберде үш кезеңге бөледi. Яғни, қоғамдар даму дәрежесiне қарай үш түрлi типке бөлiнедi.
1. Индустриалдық сатыға дейiнгi қоғамдар, оларды аграрлық немесе дәстүрлi қоғам деп те атайды.
2. Индустриалды қоғамдар.
3. Постиндустриалды қоғамдар.
Бұл аталған қоғам сатыларының алғашқысы ең ұзақ созылған саты болды. Бұл- негiзiнен қол еңбегiмен қарапайым техникаға сүйенген мардымсыз ауылшаруашылығы басым қоғам. Қоғам өмiрiнде дәстүрмен дiннiң ықпалы күштi болған. Мемлекеттiк билiк – атадан балаға мұра ретiнде берiлiп отырған, Монархиялық билiк түрiнде жүзеге асырылып отырды.
Индустриалдық саты, шамамен 250жыл бұрын қалыптасқан. Батыс елдерiндегi өнеркәсiп төңкерiсiнiң нәтижесiнде феодалдық шаруашылық пен кiшiгiрiм шеберханалардың орнына заâодтар мен фабрикалар, қол еңбегiнiң орнына машиналар келдi. Мемлекеттiк және халықаралық шенберде нарық қатынастары қалыптаса бастады. Қоғам мүшелерiнiң бiлiм деңгейлерi кәсiби шеберлiктерi де арта түстi, мұның өзi оқу орындарының ашылуына әкелдi. Сонымен қатар қоғамда әлеуметтiк институттар пайда болып олар өздерiнiң функцияларын атқара бастады.
Халық Санының артуы мен өнеркәсiп өндiрiсiнiң дамуы халықтың басым көпшiлiгiнiң қалаларға шоғырлауына әкелдi. Ол урбанизациялану процесiнiң дамуына жол ашты.
Қоғамның дамуы ғылыми техникалық прогрес пен еркiн кәсiпкерлiкке, бәсекелестiкке сүйенедi.
Постиндустриалдық қоғамның қалыптасуы ХХ-ғасырдың соңғы ширегiнен басталады. Қоғам дамуының бұл моделiн басқада атаулармен сипаттау кездеседi. Мәселен Збигнев Бзежинскийдiң –«Технотрондық қоғам», Юлвин Тофлердiң –«үшiншi толқын» , И. Маслоудың –«ақпараттық қоғам» тәрiздi т.б. атаулар кездеседi.
Бұл қоғам сатысында экономиканың негiзгi саласы –халыққа қызымет көрсетедi және жоғары қарқынмен дамыған нарықтық экономика ғылым мен техникаға, жаңа ақпараттық-компютерлiк технологияларға сүйенедi. Қоғам халқының 60-80 %-ын ауқатты, жан-жақты жетiлген, жоғары табысы бар орта тап құрайды. Бұл-саяси жүйеде дамыған демократиялық қатынастар, яғни билiк органдарын халықтың өзi сайлап, өзi бақылайтын қатынастар орын алған, жеке тұлғаның бостандығы мен құқықтарына толық кепiлдiк берiлетiн қоғам.
Айта кету керек әлем елдерiнiң тек аз бөлiгi ғана постиндустриалдық даму сатысына қол жеткiздi.
Гемайншафт және гезельшафт
Көптеген зертеушiлер қоғамды өндiрiстiкке дейiнгi қоғам және өндiрiстiк қоғам деп бөлдi. Осы екi қоғам арасындағы қарама-қарсылықты немiс Соцологы Ф. Теннис зерттедi. Ф. Теннис зертеуiн осы бағытағы маңызды зертеулердiң бiрi деп айтуға болады. Ол гемайншафт (Gemeinscaft) және гезелшафт (Gesellscaft) деген терминдер енгiздi. Олар қауым және қоғам деп аударылады, дәстүрлi қоғам мен қазiргi қоғам айырмашылықтарын бiлдiредi. Нақтырақ айтсақ, -Гемйншафт- терминi ауылдық қауымды бiлдiредi, ал –гезелшафт- терминi қалалық өндiрiстiк қоғамды бiлдiредi. Осы екеуiнiң айырмашылығы неде?
1. Егер жеке адамның мотивтерi туралы айтсақ, гемайншафтта адамдар қауымдық принциптерге сай өмiр сүруге ұмтылады, мысалы, шаруалық отбасылар егiн жинау науқанында бiр-бiрiне тегiн көмектеседi. Гезельшафтта адамдар өзiнiң жеке қызығушылықтарын жүзеге асыруға ұмтылады, индивидтер бiр-бiрiмен жеке мәселесiз жұмыс жағдайында қарым-қатынасқа түседiжәне белгiлi тауар мен қызыметтер үшiн ақы алады.
2.Әлеуметтiк бақылау сферасында Гемайншафт түрiндегi қоғамда дәстүрлiк әдет-ғұрыптарға, сенiмдерге және жазылмаған заңдарға үлкен мән бередi. Ал Гезельшафт формальды құқыққа негiзделген қоғам.
3.Еңбектi бөлу саласында Гемайншафт шектеулi маманданумен ерекшеленедi. Ең бастысы туыстық байланыс негiзiнде қалыптасады. Әдетте күйеуi, әйелi, балалары шаруашылықта белгiлi бiр мiндеттердi орындайды. Гезельшафт түрiндегi қоғамға кәсiби рөлдермен мамандану тән.
4. Гемайншафт түрiндегi қоғамда мәдениет дiни құндылықтар негiзiнде қалыптасады. Ал Гезельшафтта жоғары өмiр салты, өркениет арқылы қалыптасады.
5. Гемайншафтта басты институттарға жанұя, көршiлер және қауым, ал Гезельшафтта үлкен бiрлестiктер мен ассоциацияларқұрылады (мемлекет, саяси партиялар, өз еркiмен құрыған ассоциациялар).
Ф. Теннис осылай қоғамды екi типке бөлiп олардың жоғарыда аталғандай бес айырмашылығын көрсеттi.