
- •А.Ясауи атындаѓы халықаралық қазақ-түрік университеті заң факультеті «әлеуметтану және саясаттану» кафедрасы
- •Түркістан 2013
- •Лекция тезистері
- •Әлеуметтану әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
- •Бақылау сұрақтары
- •Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Әлеуметтік институттар мен процестер
- •Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификаця
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Девиация және әлеуметтік бақылау
- •2. Тұлғаның ауытқушылық әрекетінің табиғаты мен тарихи типтері.
- •3. Девиацияны биологиялық, психологиялық, әлеуметтанулық тұрғыдан түсіндіру
- •4. Әлеуметтік бақылау
- •Білім беру әлеуметтануы
- •Бақылау сұрақтары
- •Саяси әлеуметтану
- •Бақылау сұрақтары
- •Экономикалық әлеуметтану
- •Бақылау сұрақтары
- •Отбасы әлеуметтануы
- •2. Отбасының құрлымы мен қызметтері.
- •3. Отбасының өмірлік циклі, отбасы бірлігі.
- •Мәдениет әлеуметтану
- •Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
- •Бақылау сұрақтары
- •Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы
- •Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау
Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау
1. Ақпараттарды өңдеудің техникалық құралдары
2. Алынған мәліметтерді ғылыми суреттеу.
3. Ғылыми қортынды жасаудағы ақпараттың орны
Ғылым алдын ала жоспарланған теориялық таным процесі, зерттеу ретінде белгілі бір әдіс-тәсілдері қолданады-онсыз ғылыми ақиқатқа жету мүмкін емес. Осы жағынан алғанда, ғылым теория мен әдістің диалектикалық бірлігі болып табылады. Ғылыми танымның әдіс-тәсілдері жайлы ілім методология деп аталады.
Ғылымдар бір-бірінен тек зерттеу пәндері арқылы ғана да айырылады. Ешбір жеке ғылымның немесе ғылымдар тобының ерекше, басқалардан өзгеше, тек өзіне ғана тән ғылыми әдісі болмайды, керісінше, олардың бәріне ортақ жалпы методологиялық негізді басшылыққа алады. Осы жөнінен алғанда, барлық жаратылыстану және қоғамтану ғылымдары үшін ортақ екі негізгі таным методологиясы бар. Олар – диалектикалық және метафизикалық методтар. Бұларды әрбір ғылым өз зерттеу пәнінің ерекшеліктеріне ыңғайлап қолданады.
Бұл екі жалпы танымдық методтардың мазмұны мен принциптері студенттерге философия курсынан әлім болуы тиіс. Диалектекалық метод шындық дүние құбылыстарының сапалық өзгерістерін басшылыққа ала отырып, дүниенің терең танып білуге мүмкіндік береді. Сондықтан, біздің пікірімізше, жалпы социологияның танымдық әдіс – тәсілдерін қоғам құбылыстарының ерекшеліктеріне сәйкес диалектикалық - материалистік методологияның негізінде ғана жасауға болады.
Әлеуметтік философия методы мынадай мәселелерді зерттеуі тиіс:
- қазіргі заманғы социологиялық теориялардың логикалық негізін; оарды адамдар өмір сүріп отырғаны нақты обьективтік жағдайларда қарастыруы керек. Ол сондай-ақ әлеуметтік құбылыстарды жалпы байланыста және дамуда қарастыруы тиіс. Ол қоғамдық құбылыстардың өзгерісі мен дамуының негізі- ішкі қарама-қарсылықтардың күресінің нәтижесі, қоғамдық өмірдің өзгерісі біртіндеп жүретін эволюциялық түрде және революциялық жолмен секірмелі түрде де болатыын басшылыққа алуы керек.
Диалектикалық-материалистік таным теориясына сәйкес социологияда ғылыми таным, шын мәніне келгенде, біртұтас қоғамды танудан оның бөлшектерін, жеке қоғамдық құбылыстар мен қатынастарды танып білуге, ал бұл соңғыдан қайтадан бүтінге, бүкіл қоғамды тануға көшуі тиіс. Жалпы мен ерекшенің диалектикасы міне осындай.
Адамзат қоғамын зерттеудің осы диалектикасын басшылыққа отырып, социология өз әдіс-тәсілдерін тағайындайды: фактілер жинау әдісін жинақталған мәліметтерді ретке келтіру және ішінара жалпылау әдісін ғылыми зерттеудің түрлі кезеңдерінде қолданады.
Қоғам өмірін тығырықтан шығарып, қайта құру мәселелері сойциология ғылыми жаңа міндеттер жүктеп отыр. Сондай күрделі де маңызды міндеттердің бірі – азаматтық қоғам қалыптастыру. Мұнсыз экономиканы терең дағдарыстан құтқарып, оны сенімді түрде ілгері дамыту, азаматтық қоғам қалыптастыру мүмкін емес. Мұның бәрі жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың қоғамдағы әлеуметтік орны мен ролін, жеке адам мен қоғамның қарым-қатынасы проблемаларын жан-жақты зерттеуді бірінші қатардағы міндет етіп қойып отыр. Ал бұлар социологияның ең басты зерттеу пәні болып табылады.
Сонымен, қорыта айтқанда, қоғамдық өмірдің өзі, әсіресе оның дағдарысқа ұшырап, қайта құруды талап еткен кездері, социологияның алдына жаңа әлеуметтік проблемалар мен міндеттер қояды, ескі проблемаларды жаңаша шешуді ұсынады. Біз Қазақстан жағдайында қазір дәл сондай кезеңді дәл сондай кезеңді бастан кешіріп отырмыз
Бақылау сұрақтары
1. Ақпараттарды өңдеудің техникалық құралдары
2. Алынған мәліметтерді ғылыми суреттеу.
3. Ғылыми қортынды жасаудағы ақпараттың орны
СӨЖ тақырыбы:
Нақты (Эмпирикалық) әлеуметтанулық зерттеу түсінігі
Зерттеу бағдарламасы
Мәлімет жинау әдістері