
- •А.Ясауи атындаѓы халықаралық қазақ-түрік университеті заң факультеті «әлеуметтану және саясаттану» кафедрасы
- •Түркістан 2013
- •Лекция тезистері
- •Әлеуметтану әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
- •Бақылау сұрақтары
- •Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Әлеуметтік институттар мен процестер
- •Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификаця
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Девиация және әлеуметтік бақылау
- •2. Тұлғаның ауытқушылық әрекетінің табиғаты мен тарихи типтері.
- •3. Девиацияны биологиялық, психологиялық, әлеуметтанулық тұрғыдан түсіндіру
- •4. Әлеуметтік бақылау
- •Білім беру әлеуметтануы
- •Бақылау сұрақтары
- •Саяси әлеуметтану
- •Бақылау сұрақтары
- •Экономикалық әлеуметтану
- •Бақылау сұрақтары
- •Отбасы әлеуметтануы
- •2. Отбасының құрлымы мен қызметтері.
- •3. Отбасының өмірлік циклі, отбасы бірлігі.
- •Мәдениет әлеуметтану
- •Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
- •Бақылау сұрақтары
- •Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы
- •Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау
Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
1. Бұқаралық коммуникация әлеуметтануының объектісі, пәні және категориялары
2. Бұқаралық коммуникация құралдары
3. БАҚ – ң қызметі
Б±ќаралыќ аќпарат ќ±ралдарыныњ єлеуметтануы пєн ретінде Батыс Европа елдерінде 20ѓ. басында кењінен таныла бастады. Осы заманѓы кезењде єлеуметтік аќпараттыњ ролі арта т‰сті, ол ќоѓам м‰шелерініњ, белгілі бір єлеуметтік топтардыњ, єр т‰рлі ±йымдардыњ арасындаѓы єлеуметтік ќатынастарды реттеу ‰шін пайдаланатын ќ±былыстардыњ, білімдердіњ жиынтыѓы болып отыр. Єлеуметтанушыныњ б±ќаралыќ аќпарат ќ±ралдарын зерттеудегі ерекшеліктері мынада: мєдени ‰лгілердіњ элементтерін µзгертіп, дамыту; оныњ ќ±нды нормативтерініњ баѓыт-баѓдарын жасау, єлеуметтік процестер мен ќ±былыстардыњ «єлеуметтік мєдениетін» кµтеру.
Пєнніњ маќсаты: студенттерге аќпарат ќ±ралдарыныњ ќазіргі хал-ахуалы туралы, аќпарат коммуникациялыќ ќарекетініњ ќалыптасу µзгешеліктері жµнінде т±тастай мєлімет беру, ‰йрету.
Бақылау сұрақтары
Бұқаралық коммуникация әлеуметтануының объектісі, пәні және категориялары
Бұқаралық коммуникация құралдары
СӨЖ тақырыбы:
Бұқаралық коммуникация әлеуметтануының объектісі, пәні және категориялары
Бұқаралық коммуникация құралдары
№14 лекция
Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы
1. Нақты (Эмпирикалық) әлеуметтанулық зерттеу түсінігі
2. Зерттеу бағдарламасы
3. Мәлімет жинау әдістері
Кез келген нақты социологиялық зерттеу мынадай ес негізгі кезеңдерден тұрады: 1) зерттелетін құбылыстарды анықтап, бастапқы гипотезаларды тұжырымдау; 2) зерттеу жоспарын жасау: 3) мәліметтер жинау; 4) жиналған мәліметтерді тәртіпке келтіру; 5) ғылыми түсіндірме жасап, оны тексеру.
Зерттеу обьектісін анытау және жоспарын жасау қоғамдық құбылысты ғылыми танып білудің бірінші кезеңі болып табылады, өйткені жинақталған фактілердің обьективтілігі мен ақиқаттығы, қорынтындының ғылыми дұрыстығы көп жағдайда зерттеу обьектісін дұрыс анықтап алуға байланысты болады.
Зерттелетін құбылысты анықтағанда оның басқа құбылыстармен қаншалықты байланысты екендігі де анықталады. Бұл жағдайда зерттелетін қбылыс жайында бұрыннан бар білімдер негізге алынады. Ол білімдер неғұрлым толығырақ болса, соғұолым зерттелетін құбылыс дұрысырақ анықталады.
Зерттелетін құбылысты және оның байланыстарын анықталғаннан кейін зерттеудің нәтижесінде расталуға тиісті бастапқы гипотезаларды тұжырымдауға кіріседі. Бұл гипотезаларда зерттелуге тиісті құбылыстардың арасында белгілі бір себеп-салдар байланысы бар деп жорамалдап, олар зерттеу нәтижесінде расталуға тиіс деп топшыланады.
Ғылыми зерттеудің міндеті – қоғамдық құбылыстар арасындағы байланыстардың формасы мен беріктігін анықтау. Бұл байланыстар мен қатынастар тәжірибеде іс жүзінде тексеруге болатындай болуы тиіс. Ипотезаның мазмұнын эмпирикті жолмен де тексеруге болады. Егер оны эмпириктік жолмен тексеру қажет болса, онда оны фактілермен салыстырамыз, ал теориялық тұрғыдан тексергенде ақиқаттығы бұрын негізделген қағидалардың, теориялардың көмегімен дедукциялық жолмен дәлелденеді.
Гипотеза әрдайым ақиқат бола бермейді, бірақ олардың мүмкіндігінше ақиқат болуына талпыну керек. Ғылымда қолданылатын гипотезалар төмендегідей талаптарға сәйкес келуі тиіс: 1) осы құрылатын ұғымдар анық, айқын болуы тиіс; 2) олар тәжірибе жүзінде тексеруге болатын обьектілерге қатысты болуы қажет; 3) тиісті зерттеу техникасы мен теорияларға қайшы келмеуі керек.
Бірінші кезеңнің соңында енді осы бастапқы гипотезаға қатысты ұғымдарды дәл тұжырымдау қажет, өйткені зерттеді ойдағыдай жүргізу үшін олардың маңызы зор. Бұл үшін екі түрлі анықтама: 1) жалпы логикалық анықтама және 2) жұмысшы анықтама қоланылады.
Ғылыми зерттеулердің бұдан кейінгі кезеңі – зерттеу жоспарын жасау. Жоспар жасаудың алдында, әрине, тиісті қоғамдық қатынастармен және осы қатынастарға қатысушы адамдармен танысады. Зерттеудің жоспарында мәліметтер жинаудың қандай әдістері пайдаланылатыны көрсетіліп зерттелетін құбылыстардың ерекшеліктері және мәліметтер жинауда кездесуі мүмкін қиындықтары ескерілуі тиіс. Мәліметтер жинаудың әдістерінде зерттелетін құбылыстардың ерекшеліктері және олардың басқа жеке қоғамдық құбылыстармен және олардың жеке қоғамдық құбылыстармен және тұтас қоғаммен байланысу ерекшеліктері ескерілуі қажет.
Егер зерттеу жоспарында анкета тарату және интервью жүргізу белгіленсе, онда анкетаға енгізілетін сұрақтар мен әңгімелесуде қойылатын сұрақтарды мұқият даярлау қажет.
Қоғамдық құбылыстарды зерттеу ісі – көп адам қатынасатын, көптеген мамандық иелері жүргізетін күрделі коллективтік іс. Сондықтан зерттеу обьектісінің ерекшеліктері мен кездесуі мүмкін қиыншылықтарды ескере отырып, зерттеушілер тобының мүшелерін іріктеп алуға баса назар аударылуы тиіс. Коллетивтік еңбек тиісті нәтиже беру үшін зерттеу жоспарында зерттеушілер тобының және әрбір зерттеушінің мұқият жұмыс жоспарын жасап, олардың бірінің жұмысын басқалары қайталамау жағын ескеру қажет. Топтың жұмысына маман социолог басшылық жасайды.
Жұмыс жоспарында анкета тарату әдісі жоспарланса, онда анкета таратылуға тиісті адамдардың тізімі мұқият жасалып, оларды оқыту, үйрету жағы белгіленуі тиіс. Анкета таратылатын адамдардың жалпы білім дәрежесі мен арнаулы даярлығына көңіл аударылуы керек.
Болашақта анкета таратылатын адамдарды оқыту, үйрету ісі көбінесе нұсқаушы-семинар түрінде өткізіледі. Содан кейін олардың дайындық дәрежесі тексеріледі.
Зерттеу жұмысының жоспарын жасаған кезде болашақта жиналатын мәліметтерді реттеу және талдау тәсілдеріне байланысты белгілі бір техникалық құралдар сатып алу немесе уақытша пайдалану үшін жалдау жағы ескерілуі, бұл үшін қажетті қаражаттың мөлшері атап көрсетіліуі қажет.
3. Мәліметтер жинау социологиялық зерттеудің ең негізгі кезеңі болып саналады, өйткені болашақтағы ғылыми қорытынды осы мәліметтердің негізінде жасалады. Сондықтан мәлімет жинаудың әдіс-тәсілдеріне айрықша көңіл бөлінуі тиіс.
Қоғамдық құбылыстарды зерттеу барысында мәліметтер жинау әдістері бір қатар қиындықтарға тап болуы мүмкін. Ол қиындықтарды, бір жағынан алғанда, обьективтік деп атауға да болады. Сол қиындықтардың бірі- қоғамның, қоғамдық құбылыстардың үздіксіз өзгерісте болатындығынан туатын қиындықтар.
Екінші қиындық – қоғамық құбылыстардың аса кең ауқымдылығымен, кейде тіпті бүкіл адамзатты қамтитындығымен байланысты бақылау жүргізудің қиындығнда.
Үшінші қиындық – қоғамдық құбылыстардың аса күрделілігіне байланысты, сол себепті ол құбылыстарға әсер ететін көптеген факторларды зерттеу қажет болады.
Ақыр соңында, мәліметтер жинау қиындығының тағы бір себебі сол, мәлімет жинаушы адамның өзі қоғамның мүшесі, құрамдас бөлігі болып табылады. Сол себепті ол қоғамдық құбылыстарды кейде шындықта қандай болса, сол күйінде көпмей, өз қалауынша көріп, өз қалауына қарай бағалауға бейім тұрады, яғни субьективизмге жол беріледі.
Қоғам жайлы, әлеуметтік құбылыстар жайлы жиналған мәліметтер мүмкіндігінше шындыққа сәйкес, әділетті болу үшін қазіргі социологияда мәліметтер жинаудың бірқатар жетілген әдәс-тәсілдері қолданылады. Сондай әдіс-тәсілдерге бақылау, сұрау әдістері, салыстыру, математикалық-статистика әдістері жатады.
1. Бақылау – мәліметтер жинауда барлық ғылымдарға ежелден қолданылып келе жатқан кең тараған әдіс. Бақылау процесі белгілі бір қоғамдық құбылысты қолданудан, жазып қоюдан және түсіндірме жазудан тұрады.
Кез келген қабылдау бақылау бола бермейді. Ғылыми бақылау белгілі бір мақсатқа сәйкес құбылысты мұқият қабылдау болады. Жай бақылауға қарағанда, ғылыми бақылау жоспары да жүйелі түрде, белгілі бір зерттеу мақсатында қабылдау болып табылады.
Ғылыми бақылаудың түрлері: еркін бақылау және тексерілетін бақылау, тікелей және жанама бақылау, өзі қатыса отырып бақылау және сырттай бақылау, жаппай бақылау және жеке-дара бақылау.
Тікелей бақылау деп керекті құбылыстарды зерттеуге зерттеушінің өзі қатысып, өз көзімен көріп немесе құрал-сайманның көмегімен тікелей жүргізетін бақылауды айтады. Ал жанама бақылау деп зерттеуші құбылыстың өзін тікелей бақыламастан, соған қатысты бар басқа құбылыстарды бақылау арқылы жанама қорытынды жасауды айтады.
Егер зерттеуші бақылауға алынған топтың өмірі мен іс-әрекетіне белсенді түрде тікелей қатыспастан, адамдардың мінез-құлқын, қарым-қатынасын сырттай қадағалап жүретін болса, мұндай бақылау сырттай бақылау деп аталады, ал егер, керісінше, зерттеуші бақылауға алынған топтың өміріне тікелей қатысып, онда белгілі бір роль атқаратын болса, онда бұл қатыса отырып бақылау деп аталады. Бақылаудың бұл соңғы түрі толып жатқан адамдардың мінез-құлқы жайлы әлдеқайда толығырақ материалдар жинап алуға мүмкіндік береді. Ал егер бақылаудың бұл түрін қолдануға болмайтын жағдайда, мәселен зерттеушінің оған уақыты болмаса, онда сол топқа қатысушы басқа адамның көмегімен бақылау жүргізуге болады.
Бақыланатын құбылыстардың сан мөлшеріне қарай жаппай немесе жеке-дара бақылау әдістері қолданылады. Жеке құбылысқа, жеке әлеуметтік топтың өміріне бақылау жүргізу керек болғанда, мәселен семьялық қарым-қатынасты немесе семьялық бюджетті зерттеу қажет болғанда, жеке-дара бақылау әдісі қолданылады. Ал жаппай бақылау әдісі белгілі бір салаға жататын қоғамдық құбылыстардың барлығын немесе көпшілігін зерттеу қажет болғанда, мәселен белгілі бір елдегі немесе өндіріс саласындағы еңбекшілердің әлеуметтік жағдайын зерттегенде, жаппай бақылау әдісі қолданылады.
Ғылыми бақылаудың айрықша және аса күрделі формасын эксперимент деп атайды.
Эксперимент дегеніміз зерттелетін құбылысты жасанды түрде қолдан жасау арқылы бақылауды айтады. Мұның қиындығы сол, жасанды құбылыс табиғи құбылысқа дәл сәйкес келмейді, өйткені мұнда адамдардың өзара қатынасы, мінез құлқы табиғи жағдайдағыдай болмайды. Оның үстіне, табиғат құбылыстарына қарағанда әлеуметтік құбылыстар әлдеқайда күрделі болғандықтан, әлеуметтік эксперимент жасау да оңай емес.
Зерттеуде бақылаудың қай әдісі қолданылмасын, оның ойдағыдай іске асуына қойылатын бір міндеті талап бар: бақылаушы құбылыстардың барысына ықпал жасамастан, құбылыстар қалай жүріп жатса, сол күйінде қабылдау қажет. Тек эксперимент жасағанда ғана белгілі бір ықпал жасауға ықпал етеді.
Бақылаудың нәтижесін дұрыс жазып алудың маңызы зор. Ол күнделік жүргізу, фотосуретке немесе кинофильмге түсіріп алу арқылы және басқа жолдармен іске асырылады.
2. Сұрау да мәліметтер жинауда өте жиі қолданылатын социологиялық әдіс болып табылады. Ол зерттеуші мен зерттелушінің ауызша сөйлесуі түрінде жүргізіледі. Зерттеуші өзіне керекті құбылыстар жайлы сұрақтарды ауызша не жазбаша түрде қоюы мүмкін.
Ауызша сұрақтар еркін түрде немесе алдынала жазылып қойылған сұрақтар түрінде қойылуы мүмкін. Егре сұрауға тиісті адамдардың саны көп болса, онда сұрақтар алдынала жазылып қойылады.
Қоғамдық құбылыстарды зерттеген кезде сұрау әдісін қолданғанда көбінесе анкете тарату әдісі, интервью мен тест әдістері жиі қолданылады.
3.Алдынала дайындалған сұрақтар жазылған анкеталар тарату әісі жиі қолданылады. Анкета тарату жолдары түрлері түрліше болады. Анкеталарды почта арқылы жүргізуге болады немесе баспасөзде жарияланып, оқушылардың қойылған сұрақтарға жауап қайыруына өтініш білдіріледі. Алайда зерттеуші анкеталарды тікелей өзі таратуы да мүмкін.
Анкета берілген жауаптар неғұрлым дәлірек болу үшін, анкета әдетте анонимді болады, яғни жауап беруші өзінің аты жөнін көрсетпейді.
4. Интервью дегеніміз белгілі бер мақсатпен бір немесе бірнеше адаммен әңімелесу жолымен мәлімет жинау әдісі. Интервью әдісімен үлкен әлеуметтік топты зерттеу қажет болғанда, сол топтың ішінен бірнеше адам әңгімелесу үшін іріктеп алынады.
Іріктеу қарапайым және күрделі болады. Қарапайым іріктеуді қолданғанда әлеуметтік топтың ішінен кез келген адам іріктеп алынады. Күрделі іріктеу кезінде әлеуметтік топқа жататын адамдар бірер белгісі бойынша кіші топтарға бөлініп, әңгіме осы топтардың өкілдерімен жүргізіледі.
Интервьюдің нәтижесінде алынған жауаптар не еркін немесе стереотипті болуы мүмкін. Әңгіме еркін түрде жүретін болса, интервью экстенсивті және интенсивті болып екіге бөлінеді.
Экстенсивті интервью кезінде зерттеуші алдынала әзірленген бірнеше сұрақ қояды, ал интенсивті кезінде әңгіме мүлдем еркін түрде жүделі, ешқандай алдынала әзірленген сұрақ қойылмайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Нақты (Эмпирикалық) әлеуметтанулық зерттеу түсінігі
2. Зерттеу бағдарламасы
3. Мәлімет жинау әдістері
СӨЖ тақырыбы:
Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау
№15 лекция