
- •А.Ясауи атындаѓы халықаралық қазақ-түрік университеті заң факультеті «әлеуметтану және саясаттану» кафедрасы
- •Түркістан 2013
- •Лекция тезистері
- •Әлеуметтану әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
- •Бақылау сұрақтары
- •Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Әлеуметтік институттар мен процестер
- •Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификаця
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Девиация және әлеуметтік бақылау
- •2. Тұлғаның ауытқушылық әрекетінің табиғаты мен тарихи типтері.
- •3. Девиацияны биологиялық, психологиялық, әлеуметтанулық тұрғыдан түсіндіру
- •4. Әлеуметтік бақылау
- •Білім беру әлеуметтануы
- •Бақылау сұрақтары
- •Саяси әлеуметтану
- •Бақылау сұрақтары
- •Экономикалық әлеуметтану
- •Бақылау сұрақтары
- •Отбасы әлеуметтануы
- •2. Отбасының құрлымы мен қызметтері.
- •3. Отбасының өмірлік циклі, отбасы бірлігі.
- •Мәдениет әлеуметтану
- •Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
- •Бақылау сұрақтары
- •Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы
- •Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау
Бақылау сұрақтары
Білім түсінігі
Білім беру әлеуметтануының объектісі мен пәні
Білім берудегі түрлі концепциялар
Білім беру процесінің сатылары
СӨЖ тақырыбы:
Отбасының түрлері
Отбасының құрылымы мен қызметі
Қазақстандағы нарықтық жағдайындағы отбасы
№9 лекция
Саяси әлеуметтану
1. «Саяси жүйе» және «әлеуметтік-саяси процесс»
2. Саяси әлеуметтану
3. «Саяси мәдениет» мәселесі
Саяси жүйе аясына елдің саяси өміріне қатысатын мемлекеттік, партиялық және де ұйымдардағы қоғамдық органдардың жиынтығы кіреді.
Қоғамның саяси жүйесі – құқықтар және да басқа да әлеуметтік нормалар негізінде реттелген институттар жиынтығы. (мемлекеттік органдар, саяси партиялар, қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар және т.б).
Аталғандардың шеңберінде қоғамның саяси өмірі өтіп жтады және де саяси билік іс – жүзіне асады. «Саяси жүйе» түсінігі, саяси процестардің қаншалықты реттелгендігін, саяси біліктің қалай құрылатындығы мен қызмет атқаратындағын көрсетеді.
Бұл жүйе қоғамның барлық элементтерінің бірлігін қамтамасыз етеді. «Саяси жүйе» уақтысы мен алатын орнына қарай әр түрлі мағынаға ие болады, өйткені саяси жүйенің маңызды құрамдары саяси тәртіптің түрлеріне авторитарлық, демократия, диктатура, саяси жүйесінің типтеріне (президенттік, парламенттік, билік қатынастарына, партиялар өкімет және де қоғамдық, саяси репрезентацияларды формаларына (пиюрализм, корпоративизм)
сай келіп отырады.
Кеңестік арнайы әдебиеттерде саяси жүйе түсінігі жеке ғылыми категориялар ретінде қолданылмаған болатын және де 70 – жылдардың екінші жартысына дейін философия - әлеуметтанулық зерттеудің пәні болмады. Тек 70 жылдардың соқында ғана «Саяси жүйе» түсінігі пайда болды, яғни оған дейін «ұйым» сөзі қолданыста болған еді.
Жүйе – дегеніміз – (грек тілінің бөлшектерден түзілген бүтін деген мағынаны береді) - өздігінше бүтікді болып табылатын көптеген заңды түрде бір – бірімен байланысқан элементтердің жиынтығы.
Ең алғаш болып әлеуметтік – саяси процестерге жүйе теориясын қолдануға тарысқан Т.Парсонс болды. Ол саяси жүйенің міндеті бірлікті қамтамасыз етуінде, жалпы мақсаттарды қабылдауы мен іс – жүзіне асыруында деді.
Қоғами – саяси қатынастылықтың, маңызды бөлігінің бірі – саяси процесс болып табылады.
Процесс термині «латынның processus»- қозғалыс, жылжу, даму дегенді білдіреді. Саяси процесс ұғымы саяси әлеуметтануда көп қолданылатын түсіріктердің бірі. Саяси процесс саяси өмір динамикасы тұрғысынан саяси шынайылықты, саяси құбылыстардың даму жолын сипаттайды.
Саяси процестің негізгі үш тәртіп түрініне бөліп қарастырады: қызмет ету тәртібі, даму тәртібі, кері кету тәртібі.
Саясаттың субъектісі өзінің сай саяси өмірге үнемі өздігінше қатыса алатын, саяси қатнастарда өзгерісді енгізе алатын тұлға, ұйым немесе қоғамдық топтар.
Ал саясаттың объектісі қоғамдық барлық салаларындағы қоғамдық қатнастар, өйткені саясат қатнастарды реттеуге, адамдар іс - әрекетін ұйымдастыруға бағыттатылған.
Саяси процестер ішкі саяси процестер және де сыртқы саяси процестер болып саяси әсер етуі әдісі бойынша бөлінеді. Ішкі саяси процестердің сипаттамасы ретінде биліктің ұйымдастырушылық құрлыми, яғни адамзаттардың саяси белсенділігі болып табылады. Ал сыртқы саяси процестер ұлттық шекараларынан тыс, өздерінің ұлттық қызығушылықтарын іс – жүзіне асыруға бағытталған әр түрлі мемлекеттердің қызметтерімен сипатталады.
Саяси әлеуметтендіру.
Әлеуметтендіру терминінің (лат, socialis - қоғамдық) әр түрлі мағынасы бар және де оның тұжырымдамасы көптеген авторлардың тұжырымдамасымен сәйкес келмейді. Сол сияқты «Саяси әлеуметтендіру» түсінігінің де ғылыми айналымға енгені туралы да пікірлер әр түрлі. Мысалы: А.И. Щербинин, бұл терминнің негізгі қалаушылар Д. Истон мен Г.Г. Хайман деп есептейді.
Ал саясаттанудың түсіндірмей сөздігінің авторлары саяси әлеуметтенуінің бір жағы.
Қазіргі заманғы саяси әлеуметтендіру жайлы түсінікке Жаңа Заман ойшылдарының пікірлері көп әсерін тигізеді.
Саяси әлеуметтендіру бихевибризм тұрғысын шетелдерде әйгілі боды. Саяси бихевибризмнің үш негізгі түрі белгілі: радикалды, классикалық және де әлеуметтік.
Радкалды түрі әлеуметтендіруді организмнің қоршаған ортаға биологиялық бейімденуінің негізгі деп талқыланады.
Классикалық немесе конвенционалды және де әлеуметтік іс - әрекеттің терңірек талдау жасайды. Оған қоса, революциялық , сайлаушылар ережелерін қалыптастыруға экстремистердің агрессвті іс - әрекеттеріне т.б
Көптеген зерттеушілер саяси әлеуметтендіруді «Саяси қолдау» дұрыс ережелердің қалыптасуы, азаматтардың саяси мақаттары мен өздерінің саяси жүйелері құндылықтарын өздігінше қабылдауы, билік басындағылардың шешімдерін қабылдауы, ретінде қарастырады.
Осыған байланысты Д.Истон мен Дж Деннис саяси әлеуметтендіруді – «тұлғаның саяси бағыттын меңгеретін» даму процесі деп есептейді.
Кеңес дәуірінің зерттеушілері марксистік негізінде жұмыс істеді. К. Маркс бойынша «қоғам өзіне сай саяси жанды» жасайды. Алайда адам да өзін қоршаған ортаны өзің - өзі жасайды.
Ең алғаш « саяси мәдениет» термині XVIIғасырда неміс ағартушысы И. Гердермен қолданылған. Саяси м»әдеиет дегеніміз – құндылықтар, құрылғылар, сенімдер, бағыт – бағдарлар жиынтығы және де барлық қоғам мүшелерінің саяси - әрекеттерін реттейді, саяси тәжірибенің реттілігін қамтамасыз етеді. Ол өз ішіне тек қана саяси; идеалдар, құндылықтар, құрылғыларды біріктірмейді. Сонымен қатар саяси өмірдің іс - әрекет етуші нормалары да кіреді.
Саяси мәдениет саяси процестер мен институттарға үш жақты әсер етеді.
Екіншіден саяси мәдеиет қоғам үшін жаңа дәстүрден тыс саяси және де әлеуметтік өмірдің түрлерін тұғызады, ал үшіншіден өмірдің бұрыңғы және де перспективалық саяси құрылымды біріктіре алады.
Саяси мәдениетке бірқатар саяси өмірдегі функциялар тиесілі:
идентификация
оринтация
бейімделі (адаптация)
әлеуметтендіру (социализация)
біріктіру (интеграция)
байланыс (коммуникация)
Г.Алмонд және де С. Верба иделды саяси мәдениеттің « таза типін» бөліп көрсетті: қатысу мәдениеті.
саяси мәдениет – жергілікті құндылықтарға бағыталғандығымен сипаттатталады және де отбасылық, парахорлық секілді формаларда көрініс табады. Саяси мәдениет – пассивті және аймақты индивидтердің саяси жүйеге қатынасымен сипатталады.
Қатысу мәдениеті саяси белсеңділігімен қатсытылығымен, ерекшеленеді.