Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Mikrobiologia_2014.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
470.84 Кб
Скачать
  1. Прокариоттар және эукариоттардың айырмашылықтары мен олардың негізгі ерекшеліктері.

Микроорганизмдер клетка құрылысына байланысты бөлінеді: 1.Эукариоттар: балдырлар, қарапайымдар,саңырауқұлақтар.2.Прокариоттар: эубактериялар, нағыз бактериялар, археобактериялар. 3.Клеткасыз вирустар. Эукариотты клетканың құрылысы. Эукариоттың клеткалары 3 бөлімнен тұрады:1.беттік құрылым; 2.цитоплазма; 3.ядролық аппарат. Беттік құрылыс 3 субжүйеден тұрады: 1.плазмалық мембрана; 2.мембрана бетіндегі жүйе; 3.гелиоплазманың тірек жиырылғыш аппараттың субмембранды бөлігі. Мембрананың липид бөлігінде белоктар орналасуына қарай 2 бөлінеді: 1. Перифериялық, бұлар липидтердің электроскопиялық қарым-қатынас арқылы байланысады. ; 2.Интегралды (глобулярлы) интегралды белоктар гидрофобтық қарым-қатынас арқылы байланысады. Гольджи аппараты. Сипаттамасы: қабықты органелла, көбінесе тығыз жиналған қабыршақтан тұрады. Қызметі: белоктарды, басқа заттарды клетканың басқа бөлігіне тасымалдау, с.қ. клетканың ішінде ас қорытуды қамтамасыз етеді. Митохондрия тыныс алу процесіне қатысады, пішіні: таяқша, дөңгеленген н\е гантель тәрізді. Митохондрияның құрамында АТФ орналасады. Периксисомалар- фотосинтез процесі кезінде фототрофты тыныс алу процесіне қатысады. Гликосомалар- субмикроскопиялық мембраналық бөлшектер. Мөлшері 300-500нм артық болады. Бұлар көбінесе қарапайымдылардың паразиттік түрінде кездеседі.Хлоропластар: түсі жасыл, 2 мембраналы. Құрамында ДНҚ, рибосомалар, 1 ж\е 2 фотожүйелер, әртүрлі клетка қосындылары болады, с.қ. хлоропластарда ішкі мембраналық жүйелер тилакойдтар болады. Рибосома- негізгі белок түзушілер. 2 түрі бар: цитоплазмада орналасатын ж\е хлоропласт пен митохондрияда орналасатын. Клетка ядросы – көбею. Ядролық аппарат бірнеше субжүйеден тұрады: 1.интерфазалық хроматин, 2.матрикс (ядроның қаңқасы),3.беткі аппарат, 4.кариоплазма. Қызметі: гендік материалдарды сақтау, ұрпақтарға беру, ретпен транспонирациялау, пайда болатын РНҚ-ны цитоплазмаға өткізу. Интерфазалық хромосомалар (хроматин). Қызметі: гендік сақтау. 1.Эухроматин, 2.Гетерохроматин.Эндоплазмалық тор. Қызметі: белок түзу. Цитоплазмадан өтіп, оны қуыстарға бөледі. Бір бөлігі ядро қабығынан түзіледі, қалғаны бүршікті рибосомалармен байланасыды. Эукариоттардың қозғалу мүшелері. Талшықтар көбінесе клеткалардың бір шетіне ғана орналасады. Олардың саны мен орналасқан тәртібі әр түрлі. Сыртқы қабықшасын плазмалық мембрана қоршаған. Сыртқы қос нүктелерді байланысатын динин ж\е никсин жіпшелер.Кірпікшелер мен талшықтар ұқсас болып келеді. Бірақ көлеімжіңішкелік жағынан айырмашылық жасайды. Әр талшық түтікше ішінде орналасады. Прокариотты организмдер.1.Клетканың көлемі өте ұқсас-20нм-100 мкм. 2.Өздігінше өмір сүре алатын түрлері кейде жинақталып, көзге көрінетін топ құрады.3.Өте кең таралған, тіпті төтенше жағдайларда кездеседі.4.Клетканың көлемі мен сыртқы бетінің шама қатынасы үлкен;генерация мерзімі минут н\е сағаттап саналады.5.Қолайлы жағдайда өсу жылдамдығы жоғары, еселену н\е генерация мерзімі минут н\е сағаттап саналады. 6.Генетикалық төзімді (адаптивті).7.Ерекше хим-қ қасиеттері бар. Прокариотты микроорганизмдер 2 бөлінеді.1.эубактериялар, 2.археобактериялар (археалардан). Эубактериялар клетка қабықшасының болу- болмауына ж\е оның құрылысына қарай 3-ке бөлінеді: 1.грам-оң; 2.грам-теріс; 3-қабықшасыз. Бактериялардың пішіндерін Ф.Кон бактер-ды 3 бөлді: 1.Кокк, сфера тәрізді; 2.Таяқша, цилиндр тәрізді; 3.Иілген таяқша мен спиральды. Кокктар- клеткалары дөңгелек н\е сопақша пішінді бактериялар. Кокктардың түрлері олардың бөліну әдістеріне байланысты, бір жазықта болып, бірінен бірі ажырасқан кокктарды микрококктар; қостап, жұптасып орналасатындар диплококктар; ал тізбек құрайтындарын стрептококктар деп атайды. Клеткалар бір-бірінен қиысқан бір жазықтықта бөлінсе диплококктар мен стрептококктар (гр. Streptos-тізбек) екі жазықтықта бөлінсе- тетракокктар, үш жазықтықта бөлінсе- сарциналар (лат.sarcine-тең) н\е түзу пішінді топтар, ал бірнеше жазықтықта бейтарап бөлінгендері- жүзім шоғыры тәрізді топтар- стафликококктар. Таяқша тәріздес бактериялар: монобактериялар- жалғыз. Диплобактериялар- жұптасқан. Стрептобактериялар- тізбектелген. Иілген спиральді бактериялар: таяқша тәріздес бактериялардың сырт пішіні майысқан н\е иілген спираль тәрізді болады. Орамның саны мен тығыздығына қарай оларды вибрион, спирилла ж\е спирохеталар деп бөлінеді. Вибрион деп орамның 1\4 бөлігіне тең иілген таяқшаларды атайды. Спириллалар ұсақ бұйраланған ұзын жіңішке таяқша. Иілген спиральды бактерияларға Seliberia жатады. Ерекше пішінді бактериялар алты қырлы шеңбер тәріздес бактериялар. Кейбір бактериялардың бетінде өсінділер болады, оны простекалар д.а. Кейбір бактериялардың өсінділері сабақ тәрізді болады. Сабақты бактериялар мен простекалы бактериялардың арасында айырмашылықтар бар. Простекалы бактериялардың өсінділерінде протоплазма болса сабақты бактериялардың өсінділерінде протоплазма болмайды. Төрт бұрышты бактериялар да кездеседі. Олардың клеткалары сопақша, алайда бөлінгеннен кейін 10-20 клеткалардан құралған төрт бұрыш пішінді агрегаттар түзеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]