Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Mikrobiologia_2014.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
471 Кб
Скачать

44 Микроскоптың негізгі техникалық сипаттамасын атаңыз. Микроскоптың оптикалық бөліміне жататын бөліктер және олардың атқаратын қызметі қандай атап көрсетіңіз.

Микроскоп (грек. mіkros – ұсақ және skopeo – көремін) – жай көзге көрінбейтін нысандардың (немесе олардың құрылымдық бөліктерінің) бірнеше есе үлкейтілген кескінін алатын оптикалық прибор. Микроскоп бактериялар, органикалық клеткалар, майда кристалдар, қорытпалардың құрылымы, т.б. өлшемдері көздің көру мүмкіндігінен аз (ажыратқыш шамасы 0,1 мм-ге тең) нысандарды зерттеуге арналған. Микронысандардың пішінін, өлшемін, құрылымын, т.б. сипаттамаларын анықтауға, элементтерінің ара қашықтығы 0,2 мкм-ге дейінгі құрылымдарды ажыратып көруге мүмкіндік береді. Линзаның немесе екі линзадан тұратын жүйенің заттардың үлкейтілген кескінін беретін қасиеттері 16 ғасырдың өзінде белгілі болған. Зат тұратын үстелде орналасқан нысан жасанды жарықпен (шам және линза-коллектор), айнаның және конденсордың көмегімен жарықтандырылады. Нысанды үлкейту объектив пен окуляр арқылы жүзеге асырылады. Объектив нысанның төңкерілген шын және үлкейтілген кескінін береді. Окуляр, әдетте, ең жақсы көрінетін қашықтықта (D=250 мм) нысанның екінші ретті үлкейтілген жорамал (жалған) кескінін түзеді. Егер окулярды кескінді оның алдыңғы окуляры фокусының алдына келетіндей етіп ығыстырса, онда окулярдың түзетін кескіні шын және оны экранда немесе фотопленкада алуға болады. Микроскоптың объективі 6,3-тен 100-ге, ал окуляры 7-ден 15-ке дейін үлкейте алады. Сондықтан Микроскоптың жалпы үлкейтуі 44-тен 1500-ге дейінгі аралықта жатады. Иристік далалық және апертуралық диафрагмалар жарық шоғын шектеу және оның шашырауын кеміту қызметін атқарады. Микроскоптың негізгі сипаттамасы оның ажыратқыштық шамасы (қабілеттілігі). Микроскоптың ажыратқыштық шамасы шектеулі болады, ол жарық дифракциясымен түсіндіріледі.

Микроскоптың оптикалық бөлігі окуляр, объектив және жарық бергіш қондырғыдан тұрады. Жарық бергіш қондырғыға айна және заттық әйнектің астына орналасқан диафрагма мен конденсор жатады. Айна екі жақты және қозғалып тұрады,бір жағы дөңес, ал екінші жағы ойыс болады. Күн сәулесі түскен дөңес бетін, ал жасанды жарыққа ойыс бетін қолданады.

Конденсор екі линзалардан тұрады ол арқылы айнадан шағылысып келген сәуле конденсацияланып, препараттың тегіс бетіне бағытталады.

Күн сәулесімен препаратты қарағанда конденсор заттық әйнекке дейін көтеріліпқ қойылады. Ал жасанды жарық болғанда ол препарат жатқан жерде жарық көрінетіндей деңгейге төмендетіледі. Жарық күштілігіконденсордың астында орналасқан иристі диафрагмамен реттеледі. Ол рычаг күшімен адам көзі сияқты ашылып –жабылып тұратындай етіп жасалған. Объектіні көру үшін тубус екі жүйемен қозғалтылады. Алғашқы көру үшін макрометр винті,ал оны жақсылап анықтап көру үшін микровинтті қолданады. Сонғы винт нәзік болады. Сондықтан онымен жұмыс істегенде аса сақ болу керек. Объективтер микроскоптың ең маңызды бөлігі, ол оның оптикалық қуаттылығын көрсетеді. Объектив металл қорапқа орналасқан линзаның екі жүйесінен тұрады. Ең бастысы сыртқы линза. Оның фокустық қашықтығына объективтің үлкейткіштігі байланысты. Объективтің үлкейткіштік шамасы оның сыртқы қорабында жазылған . МБР-1 микроскопының 8,40(құрғақ) және 90 (иммерсиялы) рет үлкейтетін объективтері болады.

Микроорганизмдерді зерттеген үнемі иммерсиялы немесе майға батып тұратын объективтерді қолданады. Бұл үшін объектив пен заттық әйнек арасына самырсын майы тамызылады. Сонда препарат шынысы – самарсын майы – объектив шыынысы болып біртұтас көру жүйесін түзеді. Осының арқасында барлық сәуле сынбай және бағытын бөгде жаққа өзгертпей объективке бірден бағытталадым да ұсақобъектілердің көрінуін анағұрлым жақсартады.

Объективтер тубустың төменгі бөлігі, яғни, револьверге бұралады. Микроскоптың жалпы үлкейткіштігін білу үшін объективтің және окулярдың өздеріне жазылып қойылған жеке үлкейткіштеріне көбейтеді. Окуляр екі көздік (жоғары жағы ) және жинаушы (төтенгі жағы) линзалардан тұрады. Окулярдың негізгі міндеті объектив жіберген кескінді үлкейту.

45. Зертхананың ауа микрофлорасын анықтау барысында Петри табақшасындағы ЕПА қоректік ортасында әртүрлі 82 колония өсіп шықты,оқу залының 1 м3 ауасындағы микроорганизмдердің санын Омелянский формуласымен анықтаймыз:

Х=а×100×1000×5/t×b×10

Х-1 м3 ауадағы микробтар саны

a-Петри табақшасындағы агарда өсіп шыққан колониялардың орташа саны

100-Омелянскийдің есептеуі бойынша Петри табақшасының ауданы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]