Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Mikrobiologia_2014.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
470.84 Кб
Скачать
  1. Микроорганизмдер генетикасы.

Генетикалық рекомбинация — бір торшаны екі түрлі вируспен зақымдағанда болатын будандасу. Генетикалық рекомбинациянәтижесінде аналық вирустарда жоқ мәліметтер жинағы жазылған ұрпақ геном пайда болады. Вирустарда бұл байланыс екі түрлі әдіспен өтеді: молекулалар алмасуы және ген алмасуы. Молекула алмасуда нуклеин қышқылының бөлшектері алмасады, мұнда ковалентті байланыс үзілмейді (мысалы,. грипп вирусындағы РНҚ үзінділерінің алмасуы). Ген алмасуында нуклеин қышқылының ковалентті жалғаулары үзіліп қайта қосылады. Бүл жағдайда екі геном бірімен бірі араласып кетсе, жаңа ұрпақ геномы пайда болады. Мұндай жағдай екі түрлі вирус бір торшаға кірсе ғана туады. Ген араласу әдісімен үзік геномды вирустар ғана будандасады. Онда екі вирустың геном кесінділері бір бірімен алмасады. Генотиптік өзгергіштік ген-қ материалдың рекомбинациясы нәт. байқалады.Ген-қ материалдың бұл өзгнрісінің төмендегідей түрлері бар: трансформация, трансдукция, конъюгация. Трансформация д/з - бактериялардың қасиеттерінің геномының өзгерісі бос ДНҚ фрагментінің ортадан клеткаға енуі кезінде ақпаарттың алмасуы..Бактериялардағы трансформация құбылысына алғаш сипаттама берген 1928 жылы Ф.Гриффит болды,ол бұл құбылысты пневмония ауруын қоздырушы Streptococcus pneumonia-ның вируленттілігін зерттеуде анықтады

Трансформация бірнеше кезеңнен тұрады:

1) Трансф-н клетка ДНҚ клетка рецепиентке адсорбицияланады.

2) ДНҚ фрагменттері рецепиент клеткаға енеді.

3) ДНҚ фрагменттері рецепиенттің ДНҚ-на қосылады. Бұл процес интеграция д.а.

4) Экспрессия кезеңі - бұл кезеңде трансформацияланған клеткалар қарқынды дамиды.

Трансдукция - ген-қ материалдың клетка донордың клетка рецепиентке бактериофагтың көмегімен берілуі. Трансдукцияланатын фаг бактериялық хр-ң фрагментіне ген-қ ақпарат қосады. Трансдукцияны 1952ж Н. Зиндер мен Э.Ледерберг сальмонеллалардың рекомбинациясын зерттеу барысында ашқан. Олар әртүрлі аминқышқылдарын қажет ететін сальмонеллалардың екі мутантты штамдарын бірге өсірген. Трансдукция феноменіне мынадай 3 компонент қатысады: Бактерия-донор, трансдукциялаушы фаг, рецепиент-бактерия. Конъюгация - процесі клетка доноры мен клетка рецепиентінің тікелей жанасуы кезінде ген-қ ақпараттың берілуі. Бак-қ конъюгация F-факторға байланысты. Конъюгация процесін И.Ледерберг пен Э.Татум 1946 жылы ашты. Олар E.coli К-12 рекомбинациясын зерттеу барысында өсу факторларға қажеттілігі әр түрлі екі мутантты пайдаланған.

  1. Микроорганизмдердегі фотосинтез процесінің ерекшеліктері, пигменттердің түрлері.

Фотосинтез жер бетінде өтетін ең маңызды биологиялық процестерге жатады.Фотосинтез арқылы күн энергиясы химиялық энергияға айналады.Бұл энергияны фототүзуші организмдер көмірқышқыл газынан органикалық заттар мен клетка компоненттерін түзүге пайдаланылады.Фотосинтез екі түрге бөлінеді:1.Оттекті,окситенді фотосинтез,2.Оттексіз аноксигенді фотосинтез.Өсімдіктер мен балдырлардың фотосинтезі тек оксигенді,ал бактерияларда оксигенді де,аноксигенді де фототүзу процесі жүреді.Аноксигенді фототүзуші бактериялар физиологиялық қасиеттеріне қарай 5 топқа бөлінеді:Күкіртті қара-қошқыл,күкіртсіз қара-қошқыл,күкіртсіз жасыл және күкіртті жасыл бактериялар мен гелиобактериялар.Барлық фототүзуші организмдерде пигменттердің 3 түрі болады:хлорофилдер,каратиноидтар және фикобилиндер.Барлық фототүзуші организмдердің фототүзуші жүйесі 3 компоненттерден тұрады:1.Жарықты тұту және жинақтау бөлімі антенна деп аталады.2.Фототүзуші реакциялық орталық.3.Электрон тасмалдаушы тізбек. Антенна мен реакциялық орталықта пигментер орналасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]