Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Mikrobiologia_2014.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
470.84 Кб
Скачать
  1. Микробиология пәні және мақсаты.

Микробиология – микроорганизмдер туралы ғылым (mikros, bios, logos – кіші, ұсақ, өмір, ілім). Микробиологияның зерттеу объектісі – 0,1 мм көлемді микроорганизмдер болып табылады. Микробиологияның зерттеу нысандары – ұсақ, жай көзбен көрінбейтін тек микроскоппен ғана көріп-білуге болатын организмдер (вирус-р, бактер-р, балдыр-р, ашытқы ж\е микроскоптық саңырауқұлақтар, қарапайымдар)Микробиологияға кейбір қарапайымдылар, бір жасушалы балдырлар, микроскопиялық саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар кіреді.

Микробиологияның мақсаты – микроорганизмдердің физиологиясын, генетикасын, экологиясын және биохимиясын зерттеу. Микроорганизмдерге әртүрлі бактериялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар, балдырлар және қарапайымдылар жатады. Микроб әлемінің ауқымдылығы соншалықты, онда көптеген және әртүрлі пайдылы және жарамсыз микроскопиялық организмдер кездеседі. Олар табиғатта, өндірістің әртүрлі саласында, ауыл шаруашылығында, адам өмірінде, жануарлар ағзасында және т.б. жағдайларда үлкен роль атқарады. Микроорганизмдердің бір түрлері табиғаттағы зат және энергия айналымының негізі болып саналады. Микроорганизмдердің көптеген түрлері эволюция барысында тірі организмдерге бейімделіп, паразиттік қасиетке ие болған. Паразиттер – жануарлардағы, өсімдіктердегі және адамдардағы әр түрлі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары болып саналады.

Микробиология бөлімдері. Халық шаруашылығының түрлі қажеттері мен мақсаттарына сәйкес бұл ғылым: жалпы микробиология, техникалық немесе өндірістік микробиология, тағамдық микробиология, ауылшаруашылық микробиология, геологиялық микробиология, санитариялық микробиология, медициналық микробиология, эпидеминология, мал дәрігерлік миробиология және вирусология сияқты түрлі ғылым салаларына бөлінеді.

Микробиологиялық  зерттеу әдістері:

Микроскопиялық – микроағзалардан түрлі препараттар дайындап, бактерия жасушасының өлшемін, жасуша пішінін, олардың қозғалғыштығын жарық және электрондық микроскоптар көмегімен зерттеу.

Бактериологиялық – жаснды және табиғи қоректік орталарда микроағзаларды өсіру, олардың таза культураларын бөліп алу, микроағзалардың өсуін, олардың биохимиялық, физиологиялық және т.б. дақылдық қасиеттерін зерттеу.

Биологиялық – белгілі ауру қоздырғыштарын бөліп алу үшін жануарларды індетті нысандармен залалдау, індетті нысандардың вируленттілігін және уытты заттардың болуын зерттеу.

Серологиялық – иммундық антиденелер реакциялары көмегімен диагноз қою.

Аллергиялық – ағзаға енгізілген аллерген көмегімен ағзаның жоғарғы сезімталдылығының жағдайын анықтау.

Микроорганизмдердің көпшілігі аспапсыз көзбен көрінбейді, олардың мөлшері әдетте бірнеше микрометрді немесе нанометрді құрайды. Оларды зерттеуде 3000 есе үлкейтетін оптикалық микроскоптар, жүз және жүз мың есе үлкейтіп көрсететін электронды микроскоптарды қолданады. Микроорганизмдер табиғаттың барлық жерінде таралған: топырақта, суда, ауада, жануарлар мен өсімдіктердің үстінгі бетінде, жануарлар мен адамдардың ішегінде, қоршаған ортадағы барлық заттарда кездеседі. Сонымен қатар микроорганизмдер шөлдегі құмда, Арктика мен Антрактидағы қар, мұз бен суда, шахта мен теңіз түбінде, бірнеше километрлік биіктіктегі стратосферада кездеседі. Олар әлемнің тірі зат ретінде айтарлықтай бөлігін құрайды. Мысалы, 1 мл лас суда бірнеше жүз миллион микробтар, ал 1 гр тыңайтылған топырақта бірнеше миллиард микробтар кездеседі. 1 гектар тыңайтылған топырақтың жыртылған қабатында 5–10 тонна микроорганизмдердің массасы құралады. Алайда көп ғасырлар бойы адамдарға микроорганизмдер туралы ешнәрсе белгісіз болды. Микробтар әлемін голландық табиғат зерттеушісі Антони Ван Левенгук (1632 – 1723 жж) ашқан Зерттеу нысандары бойынша: 1.Вирусология; 2.Бактериология; 3.Альгология; 4.Микология. Зерттелетін микроорганизмдердің тіршілік ету ортасына байланысты: 1.топырақ микробиологиясы, 2.су, мұхит-теңіз микробиологиясы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]