
- •Дәріс кешені
- •1 Тарау. Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын
- •Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1.Кәсіпорын: мәні, оның міндеттері және құрылу тәртібі
- •2 Кәсіпорын түрлері.
- •3 Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оған әсер ететін факторлар
- •4 Өндірісті ұйымдастыру түрлері (типтері)
- •5 Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштері
- •6. Кәсіпкерлік: нысандары мен түрлері
- •2 Тарау. Кәсіпорын ресурстары, сипаттамасы және оларды қолданудың тиімділігі
- •Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1 Негізгі қорлардың экономикалық мәні, құрамы және құрылымы
- •3 Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы. Амортизацияны есептеу әдістері
- •4 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері
- •1 Айналым капиталының мәні, оның құрамы мен құрылымы
- •Айналым құралы
- •Айналыс қорлары
- •2 Айналым қорларының ауыспалы айналысы және оны жеделдету жолдары
- •5.3 Айналым құралының мөлшерленуi
- •5.4 Өндiрiстегi айналым қорын қолдану бағасы
- •Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар.
- •4.Қр экономикасының даму жағдайы
- •Кәсіпорынның еңбек ресурстары
- •1. Кәсіпорынның еңбек ресурстары және оның сандық, сапалық көрсеткіштері
- •2 Кәсіпорын кадрлар қозғалысы және оның көрсеткіштері
- •3 Еңбек ресурстарына қажеттілікті анықтау
- •4 Еңбек өнімділігі және оны арттырудың факторлары
- •5 Еңбек ресурстарын басқару
- •6 Еңбекті мөлшерлеудің мәні
- •3 Тарау. Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі
- •Кәсіпорында еңбекақы төлеу.
- •Еңбекақы төлеудің мәні, түрлері және оны анықтайтын факторлар
- •Еңбекақыны төлеу қағидалары және оның атқаратын қызметтері
- •8.3 Еңбекақының нысандары мен жүйелері
- •Мерзімді еңбек ақы төлеуде еңбек өлшемі жасалған жұмыспен көрінеді, ал еңбек ақы оның тарифтік ставкасына сәйкес есептеледі немесе нақты жұмыс жасаған уақытына берілетін ақымен есептеледі.
- •5 Еңбекақының құрамы мен құрылымы
- •Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.
- •3 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •1 Инвестицияның мәні мен түрлері
- •2 Инвестициялық жобаны талдау, оның түрлері
- •3 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •4 Кәсіпорынның инновациялық қызметі
- •Өнімді өндіру мен өткізу шығындары
- •4 Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •1 Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері
- •3 Шығындарды экономикалық элементтер бойынша топтау
- •4 Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •Цехтың өзіндік құны
- •Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1 Кәсіпорынның маркетингтік қызметі және маркетингтік орта
- •2 Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы
- •3 Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы
- •Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1 Өнімнің сапасы және оның көрсеткіштері
- •2 Өнім сапасын басқару мен бақылау
- •3 Өнім сапасы жүйесіндегі стандарттау
- •4 Сертификаттаудың мәні, мақсаты және оның нысандары
- •Кәсіпорын қаржысы
- •1 Кәсіпорынның қаржы түсінігі және қаржылық қатынастар
- •2 Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың қалыптасу көздері
- •3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны сипаттайтын көрсеткіштер
- •4 Тарау. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен тиімділігі
- •12 Тақырып Пайда және өндіріс рентабельділігі
- •1 Кәсіпорын пайдасының мәні, атқаратын қызметтері және оның түрлері
- •2 Кәсіпорын пайдасының бөлінуі
- •3 Өндіріс пайдалылығы (рентабельділігі) және оның көрсеткіштері
- •Өндірістің экономикалық тиімділігі.
- •1 Өндіріс тиімділігі. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •2. Тиімділік көрсеткіштері
4 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері
Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:
негізгі өндірістік қорларды энтенсивті қолдану көрсеткіштері;
негізгі өндірістік қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіштері;
негізгі өндірістік қорларды интегралды қолдану көрсеткіштері;
Бірінші топ көрсеткіштеріне: құралдарды экстенсивті қолдану коэффициенті, құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффициенті, құралдардың толық пайдалану коэффициенті жатады; яғни бұл көрсеткіштер құралдардың уақыт мөлшерінде қолданылу деңгейін көрсетеді.
Жабдықтарды экстенсивті қолдану көрсеткіштерінің бірі құралдарды экстенсивті қолдану коэффициенті (Кэкс). Оны мына формула бойынша табады:
Кэкс = t нақты / t норм, (4.5)
Мұндағы t нақты – құралдар жұмысының нақты уақыты, сағат;
t норм – құралдар жұмысының нормативтік уақыты, сағат.
Мысалы, 8 сағаттық ауысымда құралдарды жөндеу жұмысына 1 сағат жоспарланғанымен, нақты жұмыс жасаған уақыт 5 сағат болды. Сонда құралды экстенсивті қолдану коэффициенті 0,71-ге тең. Яғни Кэкс = 5 / (8-1) = 0,71. Бұл станоктың жоспарлы жұмыс жасау қорының 71 пайызы ғана қолданғанын көрсетеді.
Екінші бір көрсеткіш – жабдықтардың сменалық (ауысымдық) коэффициенті (Ксм) тәулік ішіндегі машина-смена (МС) қосындысын жабдықтардың жалпы санына (ЖС) бөлу арқылы табады:
Ксм =∑ МС / ЖС (4.6)
Екінші топ өндірістік қорларды интенсивті түрде қолдану көрсеткіші негізгі қорлардың нақты өнімділігін (Өнақ) оның нормативтік өнімділігіне (Өнорм) бөлу арқылы анықталады.
К инт = Өнақты / Өнорм, (4.7)
Мысалы, ауысым ішінде станоктың нақты жұмыс жасаған уақыты 5 сағат, яғни станок 3 сағат бос тұрған деп алып, оның нақты жұмыс жасаған уақытындағы станоктың тиімділігін анықтаймыз. Станок паспорты бойынша сағатына 100 өнім бірлігін шығарады. Ал нақты жұмыс жасаған 5 сағаттың ішінде ол сағатына 80 өнім бірлігін шығарады.
Сонда Кинт = 80/100 = 0,8. Бұл станоктың өндірістік қуаты 80 пайыз ғана қолданылғанын білдіреді.
Құралдарды интегралды қолдану коэффициенті құралдарды экстенсивті және интенсивті қолдану коэффициенттеріне көбейту арқылы анықталады, және ол құралдардың уақыт және қуат бойынша қолданылуын сипаттайды.
К интегр = Кэкс *Кинт. (4.8)
Біздің қарастырған мысалымыз бойынша К экс = 0,73; Кинт = 0,8.
К интегр = 0,73*0,8 = 0,57.
Бұл көрсеткіш екі көрсеткіштен төмен, өйткені ол уақыт бойынша да, өнімділік бойынша да қолданудағы кемшіліктерді бір мезгілде ескереді. Екі факторды ескере отырғандағы жабдықтың қолданылыуы 57 пайызды құрайды.
Өндірістік негізгі қорлардың тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш болып – қор қайтарымдылығы есептеледі. Қор қайтарылымы – бұл өнім өндіру үшін пайдаланған негізгі өндірістік қорлардың теңгеге шағып есептелгендегі өндірілген өнім көлемін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш, сондай-ақ ол өндіріс тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады.
ҚҚ = Ө / Қорт, (4.9)
Мұндағы: Ө - тауар өнімінің көлемі;
Қорт – негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны;
Қор қайтарымын ұлғайту – бұл халық шаруашылығының аса маңызды міндеті болып есептелінеді.Қор қайтарымына кері көрсеткіш – қор сыйымдылығы.
Қор сыйымдылығы – бұл негізгі өндірістік қорлар құнының өндірілген және сатылған өнім құнына қатынасын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.
ҚС = Қорт / Ө, (4.10)
Өндірістің негізгі қорларының көлемі және олардың қолданылуы дәрежесі кәсіпорынның өндірістік қуатының көлемін анықтайды. Өндірістік қуат - саланың, цехтың, агрегаттың жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып, өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыру негізінде тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі бір түрін шығаруға барынша жоғарғы қабілеттілігі (мүмкіндігі).
3-тақырып(2 сағат)
Кәсіпорынның айналым капиталы.
Дәріс мақсаты- кәсіпорынның айналым капиталын, оның құрамы мен құрылымын қарастыру
Дәріс сұрақтары:
Айналым капиталының мәні, оның құрамы мен құрылымы
Айналым қорларының ауыспалы айналысы және оны жеделдету жолдары
Айналым құралының нормалануы(мөлшерленуi)
4. Өндiрiстегi айналым қорын қолдану бағасы.