- •Дәріс кешені
- •1 Тарау. Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын
- •Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1.Кәсіпорын: мәні, оның міндеттері және құрылу тәртібі
- •2 Кәсіпорын түрлері.
- •3 Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оған әсер ететін факторлар
- •4 Өндірісті ұйымдастыру түрлері (типтері)
- •5 Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштері
- •6. Кәсіпкерлік: нысандары мен түрлері
- •2 Тарау. Кәсіпорын ресурстары, сипаттамасы және оларды қолданудың тиімділігі
- •Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1 Негізгі қорлардың экономикалық мәні, құрамы және құрылымы
- •3 Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы. Амортизацияны есептеу әдістері
- •4 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері
- •1 Айналым капиталының мәні, оның құрамы мен құрылымы
- •Айналым құралы
- •Айналыс қорлары
- •2 Айналым қорларының ауыспалы айналысы және оны жеделдету жолдары
- •5.3 Айналым құралының мөлшерленуi
- •5.4 Өндiрiстегi айналым қорын қолдану бағасы
- •Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар.
- •4.Қр экономикасының даму жағдайы
- •Кәсіпорынның еңбек ресурстары
- •1. Кәсіпорынның еңбек ресурстары және оның сандық, сапалық көрсеткіштері
- •2 Кәсіпорын кадрлар қозғалысы және оның көрсеткіштері
- •3 Еңбек ресурстарына қажеттілікті анықтау
- •4 Еңбек өнімділігі және оны арттырудың факторлары
- •5 Еңбек ресурстарын басқару
- •6 Еңбекті мөлшерлеудің мәні
- •3 Тарау. Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі
- •Кәсіпорында еңбекақы төлеу.
- •Еңбекақы төлеудің мәні, түрлері және оны анықтайтын факторлар
- •Еңбекақыны төлеу қағидалары және оның атқаратын қызметтері
- •8.3 Еңбекақының нысандары мен жүйелері
- •Мерзімді еңбек ақы төлеуде еңбек өлшемі жасалған жұмыспен көрінеді, ал еңбек ақы оның тарифтік ставкасына сәйкес есептеледі немесе нақты жұмыс жасаған уақытына берілетін ақымен есептеледі.
- •5 Еңбекақының құрамы мен құрылымы
- •Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.
- •3 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •1 Инвестицияның мәні мен түрлері
- •2 Инвестициялық жобаны талдау, оның түрлері
- •3 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •4 Кәсіпорынның инновациялық қызметі
- •Өнімді өндіру мен өткізу шығындары
- •4 Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •1 Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері
- •3 Шығындарды экономикалық элементтер бойынша топтау
- •4 Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •Цехтың өзіндік құны
- •Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1 Кәсіпорынның маркетингтік қызметі және маркетингтік орта
- •2 Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы
- •3 Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы
- •Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1 Өнімнің сапасы және оның көрсеткіштері
- •2 Өнім сапасын басқару мен бақылау
- •3 Өнім сапасы жүйесіндегі стандарттау
- •4 Сертификаттаудың мәні, мақсаты және оның нысандары
- •Кәсіпорын қаржысы
- •1 Кәсіпорынның қаржы түсінігі және қаржылық қатынастар
- •2 Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың қалыптасу көздері
- •3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны сипаттайтын көрсеткіштер
- •4 Тарау. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен тиімділігі
- •12 Тақырып Пайда және өндіріс рентабельділігі
- •1 Кәсіпорын пайдасының мәні, атқаратын қызметтері және оның түрлері
- •2 Кәсіпорын пайдасының бөлінуі
- •3 Өндіріс пайдалылығы (рентабельділігі) және оның көрсеткіштері
- •Өндірістің экономикалық тиімділігі.
- •1 Өндіріс тиімділігі. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •2. Тиімділік көрсеткіштері
2 Кәсіпорын түрлері.
Кәсіпорындар меншік жағдайына байланысты: мемлекеттік, жеке, кооперативтік, ұжымдық болып бөлінеді.
Мемлекеттік кәсіпорындарға шаруашылық жүргізу құқығына және оралымды басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар жатады. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және оны салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның ішінде кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды. Мемлекеттік кәсіпорын уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады. Мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылық капиталының мөлшері оның құрылтайшыларымен анықталады. Бірақ, берілетін кәсіпорындар мүлкінің жалпы құнынан артпауы қажет және кәсіпорындарды мемлекеттік тіркеу күніндегі белгіленген 10000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем болмауы керек.
Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді. Ол мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауапты болмайды және мемлекет те оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Мұндай кәсіпорын мүлікті иеленеді, пайдаланады және өкім етеді және меншік иесі кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату, оның қызметінің мақсаттары мен пәнін анықтау, мүліктің сақталуы мен пайдалануын бақылауды жүзеге асыру мәселелерін шешеді, сондай-ақ, табыстың бір бөлігін алуға құқығы бар.
Оралымды басқару құқығымен мемлекет мүлкіне ие болған кәсіпорын қазыналық кәсіпорын деп аталады. Ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылады. Оралымды басқару құқығына негізделген кәсіпорынның фирмалық атауында кәсіпорынның қазыналық болып табылатындығы көрсетілуі тиіс. Қазыналық кәсіпорын меншік иесінің тапсырмалары мен өз қызметінің мақсаттарына сәйкес мүлікті иеленеді және пайдаланады. Ол меншік иесінің келісімімен ғана мүлікке өкім ете алады. Егер құқықтық актілермен өзгеше белгіленбесе қазыналық кәсіпорындар өнімді өз бетінше сатады. Мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылық қоры мемлекеттік тіркелгенге дейін меншік иесімен толық төленеді. Егер қаржылық жылдың аяғында таза активтердің құны жарғылық қордың мөлшерінен аз болса, онда уәкілетті орган жарғылық қорды азайтуға міндетті және бұл туралы кәсіпорын кредиторларына хабарлауы тиіс. Мемлекеттік кәсіпорындар оған шаруашылық жүргізуге мүліктің бір бөлігін беру жолымен еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруы мүмкін.
Өндіріс кооперативтері – азаматтардың еркін түрде біріккенін білдіретін заңды тұлға. Өндірістік кооператив азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметі үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі. Кооперативтің құрылтайшылары екеуден кем болмауы тиіс. Өндірістік кооператив заңды тұлға статусын иеленеді және міндеттемелері бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады. Өндірістік кооперативтер мүшелікке кіру мен шығудың еркіндігі, мүліктік (пайлық) жарна енгізу міндеттілігі, басқарудың демократиялылығы, өзара көмек және оның мүшелелері үшін экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету, өндірістік кооперативтің қызметі туралы ақпаратқа қол жетушілік сияқты қағидалар негізінде жұмыс істейді. Өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналары бастапқы капиталды қалыптастырады және кооператив қызметін құру мен ұйымдастыруға, сондай-ақ, шығындарды жабуға арналады. Өндірістік кооперативтердің жарғылық қоры мен резервтік қорының мөлшері жарғыда белгіленеді. Егер өндірістік кооперативтің жарғылық қоры оның мүліктік жарналары негізінде қалыптасса, резервтік қоры жыл сайынғы табыстан аударымдар жасау арқылы құрылады. Сонымен бірге, өзінің өндірістік – шаруашылық қызметі мен әлеуметтік дамуына өзге де ақшалай және материалдық қорлар құра алады. Өндірістік кооперативтің ерекше қасиеттерінің бірі оның мүшелерінің жеке еңбектік қатысуы болғандықтан – таза табысы да кооператив мүшелері арасында еңбекке қатысуына сәйкес бөлінеді. Өндірістік кооператив таратылса немесе кооператив мүшесі одан шығатын болса өз пайын бөліп ала алады. Өндірістік кооператив өз мүшелерінің шешімі бойынша шаруашылық серіктестік болып қайта құрылуы мүмкін.
Жеке кәсіпорындар жеке меншік құқық негізінде жұмыс жасайтын кәсіпорындар. Жеке кәсіпорын азаматық мүлкінен, алынған табыстан, несиеден және басқа да заңды көздерден құралады.
Ұйымдастыру–құқықтық формаларына байланысты: серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік, жеке, жанұялық, т.б. болып бөлінеді.
Шаруашылық серіктестік деп жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйымды айтамыз. Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім (командиттік) серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында құрыла алады.
Толық серіктестік шаруашылық серіктестіктердің негізгі нысандарының бірі болып табылады. Толық серіктестік деп мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестікті айтамыз. Толық серіктестіктің қатысушысы – серіктестіктің борышы бойынша оған өзі кіргеннен кейін немесе кіргенге дейін пайда болғанына қарамастан жауап береді.Толық серіктестікке қатысушының өз үлесін (үлесінің бір бөлігін) оның басқа қатысушыларына немесе үшінші жақтарға қалған барлық қатысушылардың келісімімен ғана беруге болады.
Серіктестіктің тағы бір нысаны – сенім (командиттік) серіктестігі. Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушыларымен қатар, серіктестіктің мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын қатысушыларды да енгізетін серіктестік сенім серіктестігі деп аталады. Сенім серіктестігінің ісін басқаруды толық серіктестер жүзеге асырады. Ал салымшылардың басқаруға қатысуға,сондай-ақ сенімхат болмаса оның атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. Ол толық серіктестіктің қатысушысы бола алмайды..
Сенім серіктестігінің жарғылық капиталы оның қатысушылары – толық серіктестер мен салымшылар салатын салымнан құралады және қатысушылардың жарғылық капиталға салымдарын енгізу сәтінде 50 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Сондықтан жарғылық капиталдағы салымшылардың үлестерінің жиынтық мөлшері 50%-дан аспайды. Ал, жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш болып белгіленген.
Серіктестіктердің ішінде кеңінен тараған және едәуір қолайлы нысаны жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп – бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестікті айтамыз. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының шегінде тәуекел етеді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарын біріктіру жолымен құрылады және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар табыс етілген күнгі 100-айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен кем болмауы керек .
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп – қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал, бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестікті айтамыз. Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көзделеді. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда оның серіктестік міндеттемелері жөніндегі жауапкершілігі қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына қарай бөлінеді. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке де жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы ережелер қолданылады. Яғни, қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері де салымдар енгізу күніндегі 100 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек .
Акционерлік қоғамдар. Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы заңына сәйкес акционерлік қоғам деп - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Ал, акция - акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Акционерлік қоғамның ашық акционерлік қоғам және жабық акционерлік қоғам деген түрлері бар.
Ашық акционерлік қоғам – акциялары бағалы қағаз нарығында олардың белгілеген бағасына сәйкес келетін баға бойынша еркін айналатын акционерлік кәсіпорын. Жабық акционерлік қоғам – акциялары тек құрылтайшылары арасында ғана таратылатын акционерлік қоғам.
Кесте 1.1 – Кәсіпорындардың түрлі белгілері бойынша жіктелуі
Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары |
Толық серіктестік, сенім (командитті) серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік (қосымша жауапкершілігі бар серіктестік), акционерлік қоғам, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік кәсіпорындар |
Меншік нысанына байланысты |
Мемлекеттік, жеке, ұжымдық, кооперативтік |
Экономиканың салаларына байланысты |
өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, қызмет көрсету, байланыс, т.б. |
Капиталдың тиістілігіне қарай |
Ұлттық кәсіпорындар, шетелдік және біріккен кәсіпорындар |
Кәсіпорын шамасына қарай |
Ірі, орта және шағын кәсіпорындар |
Салалық құрылымына байланысты: өнеркәсіптік, құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы, байланыс, несие – қаржылық және басқа салалар кәсіпорындары деп бөлінеді. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға заводтар, фабрикалар, комбинат, шахта, карьера, порт, база және басқа да өндірістік мақсаттағы шаруашылық ұйымдары жатады.
Капиталдың тиістілігіне қарай: ұлттық, шетелдік және аралас (біріккен) кәсіпорын деп бөлінеді.
Кәсіпорын шамасына, яғни жұмыс жасайтын жұмыскерлердің орташа жылдық саны, шығарылатын өнімнің жылдық көлемі және негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны сияқты көрсеткіштерге қарай шағын, орта және ірі деп бөлінеді.
