Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsialar_1-13.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
285.85 Кб
Скачать

3 Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы. Амортизацияны есептеу әдістері

Негізгі қорлар қолданылуына байланысты өндіріс үрдісінде тозады. Тозудың 2 түрі бар: табиғи тозу және сапалық тозу. Табиғи тозу дегеніміз – негізгі қорлар элементтерінің материалдық тозуы, олардың өндірісте тұтыну барысында және табиғаттың табиғи күштерінің әсерінен тұтынылу құнын жоғалтуы.

Сапалық тозу - жабдықтың техникалық прогреске байланысты ескіріп құнсыздануы. Неғұрлым жетілдірілген және өнімді машиналардың пайда болуы нәтижесінде пайдаланып жүрген машиналар табиғи қалпына және өндірісте пайдалану дәрежесіне қарамастан моральдық жағынан ескіріп, құнсызданады.

Тозған негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық аударымдар қолданылады.

Амортизация – негізгі қорлардың тозуы салдарынан оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі, сондай-ақ негізгі қорды жаңарту үшін, қаражатты қорландыру мақсатымен, осы қорлар құнының өндірілген өнімге бірте-бірте көшуі. Амортизацияның ақшалай сипаты амортизациялық аударымдар болып табылады.

Амортизациялық аударым - негізгі қорлардың тозығын толтыру үшін осы қорлар құнының бір бөлшегін аударып отыру. Ол өнімнің өзіндік құнының және айналыс шығындарының элементін құрайды. Амортизациялық аударым көлемі амортизация нормасы арқылы анықталады.

Амортизациялық аударымның жылдық жиынтығын негізгі қорлардың бағасына бөлу арқылы амортизация мөлшерін анықтаймыз. Ол пайыз арқылы беріледі:

Н = Қбас - Қжой х 100% (4.2)

Қбас х Т

Мұндағы: Қбас – негізгі қорлардың баланстық бастапқы құны, теңге,

Қжой – жайылған негізгі қорлардың құны, теңге;

Т - амортизациялық кезең (негізгі қорлардың нормативтік қызмет ету уақыты), жыл.

Негізгі қорларды толық қайта құруға кеткен амортизациялық аударымдардың көлемі мына формула арқылы анықталады:

А = Қорт х Н (4.3)

Мұндағы: А – амортизациялық аударым, теңге

Н – амортизация нормасы ( %);

Қорт – негізгі қорлардың орташа жылдық құны, теңге.

Немесе

А = Қ бас х Н (4.4)

Қ бас – негізгі қорлардың бастапқы құны.

Амортизация нормасы негізгі қорларды өз уақытында қалпына келтіруге бағытталады және амортизация мөлшерін есептегенде мынадай факторларды қолдана отырып, негізгі қорлардың қызмет ету уақытын дұрыс анықтай білу керек:

  • негізгі қорлардың ұзақ мерзімділігі;

  • моральдық тозу;

  • техникалық қайта құру жоспары;

  • жабдықтардың балансы;

  • модернизациялау және күрделі жөндеу мүмкіншіліктері.

Амортизацияны есептеу әдістері:

  • бірқалыпты немесе сызықтық;

  • пропорционалды;

  • регрессивті немесе жеделдетілген амортизация әдісі.

Бірқалыпты (сызықтық) әдіс – негізгі қорлардың бастапқы құны мен амортизация нормасы бойынша анықталады. Пропорционалды амортизация әдісі негізгі қордың барлық жұмыс жасау мерзім ішінде амортизациялық аударым негізгі қордың бастапқы құнынан белгіленген норма бойынша есептеледі. Ал регрессивті (жеделдетілген) әдісте амортизациялық аударымның негізгі бөлігі негізгі қорды пайдаланудың бастапқы жылдарында есептеледі, амортизациялық кезең қысқарады, жабдықтарды тездетіп ауыстыруға қаржылық жағдай жасалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]