
- •Дәріс кешені
- •1 Тарау. Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын
- •Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1.Кәсіпорын: мәні, оның міндеттері және құрылу тәртібі
- •2 Кәсіпорын түрлері.
- •3 Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оған әсер ететін факторлар
- •4 Өндірісті ұйымдастыру түрлері (типтері)
- •5 Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштері
- •6. Кәсіпкерлік: нысандары мен түрлері
- •2 Тарау. Кәсіпорын ресурстары, сипаттамасы және оларды қолданудың тиімділігі
- •Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1 Негізгі қорлардың экономикалық мәні, құрамы және құрылымы
- •3 Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы. Амортизацияны есептеу әдістері
- •4 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері
- •1 Айналым капиталының мәні, оның құрамы мен құрылымы
- •Айналым құралы
- •Айналыс қорлары
- •2 Айналым қорларының ауыспалы айналысы және оны жеделдету жолдары
- •5.3 Айналым құралының мөлшерленуi
- •5.4 Өндiрiстегi айналым қорын қолдану бағасы
- •Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар.
- •4.Қр экономикасының даму жағдайы
- •Кәсіпорынның еңбек ресурстары
- •1. Кәсіпорынның еңбек ресурстары және оның сандық, сапалық көрсеткіштері
- •2 Кәсіпорын кадрлар қозғалысы және оның көрсеткіштері
- •3 Еңбек ресурстарына қажеттілікті анықтау
- •4 Еңбек өнімділігі және оны арттырудың факторлары
- •5 Еңбек ресурстарын басқару
- •6 Еңбекті мөлшерлеудің мәні
- •3 Тарау. Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі
- •Кәсіпорында еңбекақы төлеу.
- •Еңбекақы төлеудің мәні, түрлері және оны анықтайтын факторлар
- •Еңбекақыны төлеу қағидалары және оның атқаратын қызметтері
- •8.3 Еңбекақының нысандары мен жүйелері
- •Мерзімді еңбек ақы төлеуде еңбек өлшемі жасалған жұмыспен көрінеді, ал еңбек ақы оның тарифтік ставкасына сәйкес есептеледі немесе нақты жұмыс жасаған уақытына берілетін ақымен есептеледі.
- •5 Еңбекақының құрамы мен құрылымы
- •Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.
- •3 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •1 Инвестицияның мәні мен түрлері
- •2 Инвестициялық жобаны талдау, оның түрлері
- •3 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •4 Кәсіпорынның инновациялық қызметі
- •Өнімді өндіру мен өткізу шығындары
- •4 Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •1 Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері
- •3 Шығындарды экономикалық элементтер бойынша топтау
- •4 Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •Цехтың өзіндік құны
- •Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1 Кәсіпорынның маркетингтік қызметі және маркетингтік орта
- •2 Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы
- •3 Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы
- •Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1 Өнімнің сапасы және оның көрсеткіштері
- •2 Өнім сапасын басқару мен бақылау
- •3 Өнім сапасы жүйесіндегі стандарттау
- •4 Сертификаттаудың мәні, мақсаты және оның нысандары
- •Кәсіпорын қаржысы
- •1 Кәсіпорынның қаржы түсінігі және қаржылық қатынастар
- •2 Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың қалыптасу көздері
- •3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны сипаттайтын көрсеткіштер
- •4 Тарау. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен тиімділігі
- •12 Тақырып Пайда және өндіріс рентабельділігі
- •1 Кәсіпорын пайдасының мәні, атқаратын қызметтері және оның түрлері
- •2 Кәсіпорын пайдасының бөлінуі
- •3 Өндіріс пайдалылығы (рентабельділігі) және оның көрсеткіштері
- •Өндірістің экономикалық тиімділігі.
- •1 Өндіріс тиімділігі. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •2. Тиімділік көрсеткіштері
2 Тарау. Кәсіпорын ресурстары, сипаттамасы және оларды қолданудың тиімділігі
2-тақырып (4 сағат)
Кәсіпорынның негізгі капиталы
Дәріс мақсаты-кәсіпорынның негізгі капиталын, оның құрылымы мен құрамын анықтау
Дәріс сұрақтары.
1 Негізгі қорлардың экономикалық мәні, құрамы және құрылымы
2 Негізгі өндірістік қорларды бағалау
3 Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы. Амортизацияны есептеу әдістері
4 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері
1 Негізгі қорлардың экономикалық мәні, құрамы және құрылымы
Кәсiпорын капиталы материалдық-заттық көрiнiсiнде негiзгi капитал мен айналым капиталынан тұрады. Негiзгi капиталға ұзақ мерзiмдi қолданылатын (ғимарат, қондырғы, машина, құралдар, т.б.) материалдық факторлар жатады.
Көптеген экономикалық әдебиеттерде негiзгi капитал негiзгi қормен теңестiрiледi, алайда, негiзгi капитал ұғымы негізгі қордан гөрi кеңiрек. Негiзгi капитал негiзгi қор мен аяқталмаған құрылыс және ұзақ мерзiмдi инвестиция, яғни, капитал запасының өсiмiне бағытталған ақшалай қаражаттан тұрады.
Негізгі капитал = негізгі қор + аяқталмаған құрылыс + ұзақ мерзімді инвестиция
Негізгі қорлар (негізгі капитал) деп өндірісте ұзақ кезең бойына қызмет ететін, өзінің құнын дайын өнімге амортизациялық аударым ретінде біртіндеп аударатын, өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын кәсіпорынның материалдық құндылықтар жиынтығын айтады.
Өндіріске қатысу жағдайына қарай негізгі қорлар екі түрге бөлінеді: негізгі өндірістік қорлар және негізгі өндірістік емес қорлар (бейөндірістік негізгі қорлар).
Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі қорлар – негізгі өндірістік қорлар деп аталады, олар өндірістік процеске тікелей қатысады (машиналар, жабдықтар, т.б.), оның қалыпты жұмыс жасауына, еңбек құралдарын сақтауға, орын ауыстыруға жағдай жасайды. Өндірістік емес саладағы негізгі қорлар негізгі өндірістік емес қорлар деп аталады (кәсіпорын қарамағындағы тұрғын үйлер, мәдениет, спорт кешендері, балабақшалар, емдеу орындары және басқа да жұмыскерлерге қызмет ететін кәсіпорын балансындағы объектілер).
Негізгі қорлар тиесілігіне қарай меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Негізгі қорлар еңбек затына ықпал ету дәрежесіне қарай белсенді және енжар болып бөлінеді. Белсенді негізгі қорлар еңбек затына тікелей әсер етеді (машиналар, станоктар, жабдықтар, технологиялық желілер, көлік құралдары), ал қалған бөлігі енжар негізгі қорларға жатады (ғимараттар, қондырғылар, инвентарь және т.б.).
Негізгі қорлар - ұлттық байлықтың негізгі бөлігін құрайды және олардың құрамы мен құрылымын анықтау үшін негізгі қорлардың сыныптамасын жасау қажет.
Заттық-натуралдық құрамы бойынша негізгі қорлар былай топтастырылады:
ғимараттар – кәсіпорын, цех, қойма, өндірістік лаборатория ғимараттары, су, жылу жүйелері, электрмен қамтамасыз ету жүйесі;
құрылыстар – өндіріс үрдісін жүзеге асыру үшін қажетті технологиялық функцияларды орындайтын инженерлік – құрылыс объектілері (тоннельдер, көпірлер, эстакадалар, теміржолдар, автомобиль жолдары, т.б.);
жіберу құрылғылары – энергияның барлық түрін (электрлік, жылу, механикалық), сұйық және газ түріндегі заттарды жіберу құралдары (электр желісі, жылу жүйесі, газ жүйесі);
машиналар мен құралдар – күш машиналары мен құралдар, өлшеуші және реттеу приборлары, лабораториялық жабдықтар, есептеу техникасы, двигательдер, станоктар, көтеру құралдары, таразылар;
көлік құралдары – адамдар мен жүктерді тасымалдайтын көліктер (вагондар, баржалар, автобустар, автомобильдер, электровоз, паровоздар);
құрал-саймандар – қызмет ету мерзімі бір жылдан асатын мехнаикалық және қол құралдары;
өндірістік инвентарь – өндірістік операцияларды орындау үшін қажетті құралдар (контейнерлер, қораптар, т.б.);
Шаруашылық инвентарь – кеңсе құралдары (шкафтар, көбейту техникасы, стол, т.б.);
Басқа да негізгі қорлар – кітапхана қоры, т.б.
Жұмысшы және азықтық мал;
Көп жылдық отырғызулар;
Жер учаскелері.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына мынадай факторлар әсер етеді:
шығарылатын өнім түрі,
оның жалпы көлемі,
автоматтандыру және механикаландыру деңгейі,
мамандандыру және бірлестіру деңгейі,
кәсіпорын орналасуының климаттық және гоеграфиялық жағдайлары және т.б.
.2 Негізгі өндірістік қорларды бағалау
Өндіріс үрдісіне ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына және осы уақыт аралығындағы қайта өндіру жағдайына байланысты негізгі қорларды бағалаудың бірнеше түрі болады. Олар – негізгі қорлардың бастапқы құны, қайта өндіру құны және қалдық құны.
Негізгі қорлардың бастапқы құны – қорларды дайындауға немесе сатып алуға, әкелуге, құрастыруға, жинауға кеткен шығындардың жиынтығы. Ол амортизация нормасы мен амортизациялық аударым шамасын, пайда мен кәсіпорын активінің рентабельділігін, негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштерін анықтау үшін қолданылады.
Негізгі қорлардың баланстық құны – сатып алынған негізгі қордың бастапқы құны кәсіпорынға келгеннен кейін балансқа тіркелеген құн.
Қайта өндіру(қалпына келтіру) құны – негізгі қорларды қайта өндіруге кеткен шығындардың жиынтығы. Бұл негізгі қорларды қайта бағалау кезінде қойылады.
Негізгі қорлар пайдалану барысында тозады және біртіндеп өзінің бастапқы (қалпына келтіру) құнын жоғалта бастайды. Олардың нақты шамасын бағалау үшін қорлардың тозған бөлігін алып тастайды, сөйтіп, қалдық құны анықталады.
Қалдық құн негізгі қорлардың бастапқы немесе қалпына келтіру құнынан тозуды шегергендегі айырманы білдіреді.
Негізгі қорлардың орташа жылдық құны кәсіпорынның қор қайтарымдылығын, қор сиымдылығын және басқа да экономикалық көрсеткіштер үшін анықталады және ол негізгі қорлардың толық бастапқы құны бойынша, енгізу құны мен жойылу құнын ескере отырып табылады. Оны мына формула бойынша анықтайды:
Қ орт = Қ бас + (Қ енг * n)/ 12 – (Қ жой * m)/ 12 (4.1)
Мұндағы Қ орт – негізгі қордың орташа жылдық құны;
Қ бас - негізгі қордың толық бастапқы құны;
Қ енг – жыл ішіндегі негізгі қордың енгізілген құны;
Қ жой – жыл ішіндегі негізгі қордың жойылу құны;
n – негізгі қордың енгізілген кезеңінен бастағандағы қызмет көрсеткен ай саны;
m – негізгі қорлардың шығарылған кезеңінен жыл соңына дейінгі ай саны.
Негізгі қорды қайта бағалау әдістері эксперттік және баға индексі жүйесі арқылы жүргізіледі. Эксперттік әдісте кәсіпорында, салаларда тәжірибелі, білікті инженерлер мен экономистерден комиссия құралып, негізгі қорды тексереді, яғни түгендеу (инвентаризация) жүргізіледі. Ал баға индексі әдісінде негізгі қор топтары үшін тағайындалған баға индексін баланстық құнға көбейту арқылы есептеледі.