Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsialar_1-13.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
285.85 Кб
Скачать

6. Кәсіпкерлік: нысандары мен түрлері

Нарықтық қатынастар көпдеген адамдардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін артыра түседі. Ең соныңда бұл қызметтің ерекше түрі- кәсіпкерліктің пайда болуына әкеп соғады.

Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүлікті жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісіне тапқырлыққа, жанашылыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дертікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалык прогреске жетуге тікелей қатысты.

Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтін қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін концултациялық және комерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялар.

ҚазақстанРеспубликасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар бола алады:

  • Қазақстанның азаматтары;

  • Шетел мемлекетінің азаматтары;

  • Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы).

Кәсіпкердің мәртебесі заңды және занды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердін кепілдіктері ұлттық зандармен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының реттелетіндер:

  • Кәсіпкерлік қызметпен айналысуқұқығы, кәсіп-орындар құру және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;

  • Барлық субъектілердің рыногтағы материалдық, еңбек, ақпарат және табиғи ресурстарға қол жеткізудің тедік құқығы;

  • Меншік түрлеріне және ұйымдастыру-құқықтық формасына қарамастан кәсіп орын қызметінің тендік жағдайы;

  • Кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;

  • Кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін тандау;

  • Нарықтық манополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.

Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төмен беру өзгешілігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.

Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерцйялық және оржылық болып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіне ерекшелігі, өзгешілігі, демек өзіндік технологиясы болады.

Өндірістік кәсіпкерлікке-тұтынушылардың кейінен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өндеу және ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер жатады.

Өндірістік кәсіпкерліктің мүделік өрісі едәуір түрліше және оны іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтежесі мол өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.

Комерциялық кәсіпкерлікке – қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұның мәнің анықтайтын тауар-ақша қатынастары, тауар-айырбастау операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы - мұнда өнім өндіруге – байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды. Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу, нені қайта сату жәнеқай жерде екенің таңдай білу қажет. Бұл мәселелерді іске асыру, ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.

Қаржылық кәсіпкерлік – комерцйялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай болғандықтан оның сатып алу, сату объектісі айрықшылығы – тауар болып есесптеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т.б), яғни бірдей ақшаларды сату тікелей немесе жанама формада мүргізіледі. Солай болғандықтан қаржылық кәсіпкерлік – бұл комерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерінің технологиялық мәмілесі комерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек тауар-қаржы актифті болып саналады.

Кәсіпкерлік, жоғарыда айтылғандай, кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы. Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса басты ықпал етеді. Сонғысын мына жағдаймен түсіндіріге болады:кәсіпкерлік өзінің мәнін жеке түсіну негізінде (әрбір азаматтың өзінінң материалдық жағдайын одан әрі жақсартуға талаптануы) шағын және орта бизнесті дамыту формасы арқылы жалпы тудырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]