Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsialar_1-13.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
285.85 Кб
Скачать

4 Өндірісті ұйымдастыру түрлері (типтері)

Өндірісті ұйымдастырудың түрі - өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастырудың ерекшеліктері мен техникалық деңгейінің кешенді сипаттамасы. Өндіріс түрі (типі) деп номенклатура кеңдігі, біркелкілігі, өндірілетін өнім көлемінің тұрақтылығы, жабдықты пайдалану түрі, жасалатын операция еңбексиымдылығы, кадрлар біліктілігі, өндірістік цикл ұзақтығы сияқты белгілер бойынша ажыратылатын өндірістің біліктілік категориясын айтамыз.

Өндірістің негізгі үш түрі болады:

  • жеке-дара өндіріс;

  • сериялық өндіріс;

  • жаппай өндіріс;

Жеке-дара өндіріс түрлі бұйымдарды бір данада немесе аз ғана партияда шығарумен сипатталады. Мысалы: ірі трубиналар, кемелер, металлургиялық, кен жабдығы және т.б. Сондай-ақ, жеке тапсырыстар бойынша жеке тұтыну заттарын шығаратын тәжірибелік заводтар, кәсіпорындар жеке дара өндіріске жатады.

Жеке-дара өндірістің негізгі ерекшеліктері мынандай:

  • әр түрлі номенклатуралы өнімдердің шығарылуы;

  • жұмыс орындарын технологиялық мамандандыру бойынша ұйымдастыру;

  • әмбебап құрал-жабдықтар мен технологияларды қолдану;

  • қолмен жинау жұмыстарының үлкен көлемі;

  • жоғарғы білікті әмбебап жұмысшылар санының көп болуы;

  • өндіріс циклының ұзақтығы;

  • аяқталмаған өндіріс көлемінің көп болуы.

Сериялық өндіріс түрі кең номенклатуралы, біртектес өнімдерді бір уақытта сериялармен немесе партиямен шығаруды көздейді. Сериялы өндіріске партиялармен енгізілген, конструкциялары бірдей өнімдерді бір уақытта шығару жатады.

Негізгі ерекшеліктері:

  • біртектес өнімдердің үлкен номенклатурасының тұрақты шығарылып тұруы;

  • жұмыс орнының бірнеше операцияларды орындауға мамандануы;

  • бөлшектер мен өнімдерді партиямен шығару;

  • мамандандырылған технологиялық жабдықтар мен құралдардың көп қолданылуы;

  • қолмен жинау еңбегінің аз мөлшері;

  • орташа білікті жұмысшылар санының көп болуы;

  • өндіріс циклының ұзақ еместігі;

  • өнім сапасын бақылау үрдісінің автоматтандырылуы.

Түрлері - ұсақ сериялы, орташа сериялы, жаппай сериялы өндірістер, мысалы: самолет шығаратын, мотор шығаратын заводтар.

Жаппай өндіріс - өндірісті мамандандырудың ең жоғарғы сатысы. Мысалы: автомобиль, трактор заводтары. Өндірістің бұл түрі бойынша әртүрлі өнімдер бір уақытта үзіліссіз шығарылып отырылады.

Ерекшеліктері:

  • тек қана аз номенклатуралы өнімдерді үлкен көлемде шығару;

  • жұмыс орнының тек қана бір операцияны орындауға мамандандырылуы;

  • жұмыс орындарының операциялардың ретіне қарай орналасуы;

  • арнайы және мамандандырылған технологиялық құрал-жабдықтардың үлкен көлемі;

  • механикаландырылған, автоматтандырылған технологиялық үрдістердің көп қолданылуы;

  • операцияларды дайындау және аяқтау уақытының аздығы;

  • қолмен жинау жұмыстары көлемінің азаюы;

  • ең төменгі білікті жұмысшылардың еңбегін қолдану;

  • өндіріс циклының қысқаруы;

  • өндірісті басқаруды және жоспарлауды шоғырландыру;

  • кәсіпорындарды басқаруда автоматтандыруды енгізу.

5 Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштері

Өндірістік бағдарлама – түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында пайдаланылатын берілген номенклатура, ассортимент және сапада өнім шығару бойынша жоспарланған тапсырма жүйесін білдіреді.

Өндірістік бағдарлама құрастыру өндірістің түрлі типтерінде өзіндік ерекшелігі бар. Жеке өндіріс пен ұсақ сериялы өндіріс үшін өндірістік бағдарлама тұтынушыға өнімді бекітілген мерзімде бұйымды тапсыру кестесіне сәйкестендіру негізінде жасалады. Бұйымды жіберу – шығарудың календарлық графигі технологиялық үрдіске кері жүру тәртібінде, барлық жұмыс түрі бойынша (сынау, жинау, механикалық өңдеу, шикізат беру) өндірістік цикл ұзақтығы негізінде жасалады.

Сериялы өндірісте жылдық өнімді шығаруды жоспарлау аяқталмаған өндірісті ескере отырып және өндіріске жіберілетін бұйым номенклатурасының өзгерісін ескере отырып жүзеге асырылады.

Ассортимент – бұл кәсіпорын - өндірушімен нарыққа ұсынылған тауарлар түрінің жиынтығы.

Номенклатура немесе тауар ассортименті – кәсіпорындар шығаратын бұйымдар жиынтығы. Тауар түрі (автомобиль, трактор) қызмет ету ерекшеліктеріне, сапасы мен бағасына қарай ассортимент топтарға бөлінеді. Әрбір топ ассортименттік позициядан (түрі немесе маркасы) тұрады, мысалы тоңазытқыш бір, екі, үш камералы және мұз қатырғыш камералы болады, ал олардың өзі бірнеше маркада тұрып, көлемі мен техникалық жағынан ерекшеленеді.

Ассортиментті қалыптастыру – нақты тауарлар мен олардың жеке серияларының ескі тауар мен жаңа тауар, жеке және сериялы өндіріс тауарлары, «ғылыми сиымды» және «қарапайым» тауарлар арасындағы, лицензия мен «ноу - хау» арасындағы қатынасты қатынасты анықтау. Номенклатурада өнімнің аты, саны, сапасы және тапсыру мерзімі көрсетіледі.

Өндірістік бағдарламаның негізгі көрсеткіштері

  • тауар өнімі;

  • өткізілген өнім;

  • жалпы өнім;

  • таза өнім.

Тауар өнімі өткізуге әзірлеп шығарған өнім көлемін білдіреді. Оған шығаруға жоспарланған дайын өнім құны, өздері жасаған жартылай фабрикаттардың, сатуға шығарылған құрастырушы детальдардың, күрделі жөндеу, күрделі құрылыс және кәсіпорынның өзінің өнеркәсіптік емес қажеттілігін қанағаттандыру үшін өндірілген бұйымдар мен бөлшек заттардың құны, өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар құны кіреді.

Ол мына формула бойынша есептеледі:

Т ө = (1.1)

Мұндағы, Тө -тауар өнімінің көлемі;

Аі – натуралды мәніндегі і өнім түрін шығару көлемі;

Ц і – і өнім түрінің нақты көтерме бағасы;

n – тауар өнім түрінің саны (і = 1¸2...n);

Үі – өнеркәсіптік өнім мен қызметтің і түрінің көлемі;

m – өнеркәсіптік сипаттағы жұмыс түрінің саны (j= 1¸2... m).

Өткізілген (сатылған) өнім көлемі бойынша кәсіпорынның, бірлестіктердің және салалардың өндірістік-шаруашылық қызметі бағаланады. Кәсіпорынның өткізуге шығарып, оған сатып алушылар мен өткізу ұйымдары төлем жасаған өнім көлемін айтады. Өткізілген өнім көлемі мына формула бойынша анықталады:

С ө = (1.2)

Мұндағы Сө - өткізілген өнім көлемі;

Т ө - тауар өнімінің көлемі;

Δ Қж 1, Δ Қж 2 – жоспарлы кезеңнің басы мен аяғындағы өткізілмеген өнім көлемінің қалдығы.

Жалпы өнімге барлық өндірілген өнімдер мен жасалған жұмыстар құны, аяқталмаған өндіріс құны кіреді. Мына формула бойынша анықталады:

Жө = Тө + (Аа -Аб ) + (И а – Иб) (1.3)

Мұндағы Жө - жалпы өнім көлемі;

Аа, Аб – жоспарланған кезеңнің аяғындағы және басындағы аяқталмаған өндіріс құны;

Иа, Иб - жоспарланған кезеңнің аяғындағы және басындағы құралдар құны.

Таза өнім көлемі (Чө)деп тауар өнім көлемінен (Тө) материалдық шығындар (МШ) мен негізгі қорлар амортизациясын (На) шегергеннен қалған бөлігін айтады.

Чө = Тө – МШ – На (1.4)

Натуралды мәнде берілген өнім шығару көлемі нақты тапсырма емес, яғни өндірістік бағдарлама деп есептеу ерте. Жоспарланған көлемде өнім шығару өндірістік қуаттың болуын талап етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]