
- •Дәріс кешені
- •1 Тарау. Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын
- •Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1.Кәсіпорын: мәні, оның міндеттері және құрылу тәртібі
- •2 Кәсіпорын түрлері.
- •3 Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оған әсер ететін факторлар
- •4 Өндірісті ұйымдастыру түрлері (типтері)
- •5 Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштері
- •6. Кәсіпкерлік: нысандары мен түрлері
- •2 Тарау. Кәсіпорын ресурстары, сипаттамасы және оларды қолданудың тиімділігі
- •Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1 Негізгі қорлардың экономикалық мәні, құрамы және құрылымы
- •3 Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы. Амортизацияны есептеу әдістері
- •4 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері
- •1 Айналым капиталының мәні, оның құрамы мен құрылымы
- •Айналым құралы
- •Айналыс қорлары
- •2 Айналым қорларының ауыспалы айналысы және оны жеделдету жолдары
- •5.3 Айналым құралының мөлшерленуi
- •5.4 Өндiрiстегi айналым қорын қолдану бағасы
- •Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар.
- •4.Қр экономикасының даму жағдайы
- •Кәсіпорынның еңбек ресурстары
- •1. Кәсіпорынның еңбек ресурстары және оның сандық, сапалық көрсеткіштері
- •2 Кәсіпорын кадрлар қозғалысы және оның көрсеткіштері
- •3 Еңбек ресурстарына қажеттілікті анықтау
- •4 Еңбек өнімділігі және оны арттырудың факторлары
- •5 Еңбек ресурстарын басқару
- •6 Еңбекті мөлшерлеудің мәні
- •3 Тарау. Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі
- •Кәсіпорында еңбекақы төлеу.
- •Еңбекақы төлеудің мәні, түрлері және оны анықтайтын факторлар
- •Еңбекақыны төлеу қағидалары және оның атқаратын қызметтері
- •8.3 Еңбекақының нысандары мен жүйелері
- •Мерзімді еңбек ақы төлеуде еңбек өлшемі жасалған жұмыспен көрінеді, ал еңбек ақы оның тарифтік ставкасына сәйкес есептеледі немесе нақты жұмыс жасаған уақытына берілетін ақымен есептеледі.
- •5 Еңбекақының құрамы мен құрылымы
- •Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.
- •3 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •1 Инвестицияның мәні мен түрлері
- •2 Инвестициялық жобаны талдау, оның түрлері
- •3 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •4 Кәсіпорынның инновациялық қызметі
- •Өнімді өндіру мен өткізу шығындары
- •4 Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •1 Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері
- •3 Шығындарды экономикалық элементтер бойынша топтау
- •4 Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •Цехтың өзіндік құны
- •Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1 Кәсіпорынның маркетингтік қызметі және маркетингтік орта
- •2 Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы
- •3 Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы
- •Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1 Өнімнің сапасы және оның көрсеткіштері
- •2 Өнім сапасын басқару мен бақылау
- •3 Өнім сапасы жүйесіндегі стандарттау
- •4 Сертификаттаудың мәні, мақсаты және оның нысандары
- •Кәсіпорын қаржысы
- •1 Кәсіпорынның қаржы түсінігі және қаржылық қатынастар
- •2 Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың қалыптасу көздері
- •3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны сипаттайтын көрсеткіштер
- •4 Тарау. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен тиімділігі
- •12 Тақырып Пайда және өндіріс рентабельділігі
- •1 Кәсіпорын пайдасының мәні, атқаратын қызметтері және оның түрлері
- •2 Кәсіпорын пайдасының бөлінуі
- •3 Өндіріс пайдалылығы (рентабельділігі) және оның көрсеткіштері
- •Өндірістің экономикалық тиімділігі.
- •1 Өндіріс тиімділігі. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •2. Тиімділік көрсеткіштері
3 Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оған әсер ететін факторлар
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы негізгі өндіріс, көмекші өндіріс, қызмет етуші және қосалқы бөлімдерден тұрады. Өндірістік бөлімдердің жиынтығы, олардың саны мен өзара қарым-қатынастары және өндірістің көлемі мен жұмысшылардың саны кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның өндірістік бөлімдері цех, участок, лабораториялар, қызмет көрсететін шаруашылықтардан тұрады, яғни онда кәсіпорын шығаратын өнім жасалып, сынақтан, бақылаудан өтеді, технологиялық және басқа мақсаттарға тұтынылатын энергияның түрлері қайта өзгерістерге түседі. Өндірістік құрылым еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, табиғи байлық пен техниканы қолданудың экономикалық тиімділігін анықтауға ықпал жасайды.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік құрылымының бастапқы бөлігі болып жұмыс орны есептеледі. Жұмыс орнында жеке операциялар жасалады. Жұмыс орындары өндірістік участоктерге бірігіп, цех құрайды. Цех - әкімшілік жағынан дербестігі бар, жай өндіріс үрдісінде белгілі бір жұмысты атқаратын буын. Өндірістік үрдістегі атқаратын рөліне қарай цехтар негізгі, көмекші, қызмет көрсететін және қосалқы цехтар болып бөлінеді.
Негізгі цехтарда сатуға әзірленген дайын өнімдер шығарылады. Көмекші цехтарға – құрал-жабдықтар, жөндеу жұмыстары, энергетикалық, көлік цехтары жатады. Қосалқы цехтарға – қайта өңдеу цехтары, шығарылған өнімді безендіретін қораптар мен басқа да жұмыстар жатады (орау, жүктеу, тасымалдау, түсіру).
Өнеркәсіптік кәсіпорындағы өндірістік құрылымның 3 түрі (типі) бар:
заттай;
технологиялық;
аралас.
Заттай құрылымды қолданған кезде кәсіпорынның негізгі цехтары мен учаскелерінің әрқайсысы белгілі бір өнімді, не болмаса білгілі бір бөлшектерді өндіруге маманданады. Заттай құрылымның көптеген пайдалы көрсеткіштері болады. Өйткені ол цехтардың арасындағы байланысты дамытады, өндіріс циклын азайтады, жұмысшылардың өнім сапасын көтеруге деген көзқарасын жақсартады. Соның арқасында өнім өндіру ұлғаяды, өндіріс шығындары азаяды.
Технологиялық құрылым қолданғанда технологиялық процестің ретіне байланысты жұмыс орындалады. Өндірістік құрылымның бұл типі цехты не болмаса учаскені басқаруды оңайлатады және өндірістің бір номенклатуралы өнім шығарудан келесі номенклатуралы өнім шығаруына ықпал жасайды. Кемшіліктері: цехтардың арасындағы өндірістік қарым-қатынастардың күрделенуі, жоғарғы өнімді құрал-жабдықтар мен құралдар қолданудың мүмкіншілігінің жоқтығы жатады. Бұлардың бәрі еңбек өнімділігінің төмендеуіне, шығындар көлемінің өсуіне әсерін тигізеді.
Ал өндірістік құрылымның аралас түрі болса, заттай құрылымның да, технологиялық құрылымның да элементтерінен тұрады және бұл тип цехаралық тасмалдардың көлемінің азаюына, өнім өндірудің өндірістік циклының қысқаруына, еңбек жағдайын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын азайтуға әсерін тигізеді.
Өндіріс құрылымына мынадай факторлар әсер етеді:
кәсіпорынның халық шаруашылығының қай саласына жататындығы;
шығарылған өнімнің номенклатурасы;
оның конструкциялық ерекшеліктері;
қолданылған материалдар;
шикізаттар және оларды өңдеу түрлері;
өнімнің конструкциялық қарапайымдылығы және технологиялық төзімділігі;
өнім сапасына қойылатын талаптар;
өндіріс тұрпаты, оның мамандандырылуы және бірлестірілуі;
технологиялық құралдар мен жабдықтардың құрамы;
өндірістің өзгертілген номенклатуралы жаңа өнім шығаруға қалыптаса алуы;
өндіріс үрдісінің негізгі, көмекші және қосалқы цехтардағы ерекшеліктері.
Әрбір сала кәсіпорындарының өндірістік құрылымдары негізгі өндірістің жағдайына байланысты өзіндік ерекшеліктерімен оқшауланады. Тек, көмекші және қызмет етуші шаруашылықтар ғана барлық кәсіпорындарда бірдей болып келеді.
Өндіріс құрылымын әрі қарай дамытудың жолдары:
кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру;
негізгі, көмекші және қосалқы цехтардың арасындағы тиімді байланысты сақтау;
кәсіпорынды жоспарлаудың тиімділігін арттыру жолында тұрақты жұмыс жүргізу;
өндірісті ірілендіру арқылы (тұрақты) қуатты, ғылыми-өндірістік ұйымдар ұйымдастыру;
техника мен жоғары сапалы технологияны тұрақты түрде дамыту, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру;
өндірістің тиімділігін арттыру.
Кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру арқылы жаңа жоғарғы өнімді техниканы кең көлемде енгізуге жағдай туады, технологияны дамыту, өндірісті ұйымдастыру жақсарады.