
- •Дәріс кешені
- •1 Тарау. Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын
- •Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1.Кәсіпорын: мәні, оның міндеттері және құрылу тәртібі
- •2 Кәсіпорын түрлері.
- •3 Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оған әсер ететін факторлар
- •4 Өндірісті ұйымдастыру түрлері (типтері)
- •5 Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштері
- •6. Кәсіпкерлік: нысандары мен түрлері
- •2 Тарау. Кәсіпорын ресурстары, сипаттамасы және оларды қолданудың тиімділігі
- •Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1 Негізгі қорлардың экономикалық мәні, құрамы және құрылымы
- •3 Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы. Амортизацияны есептеу әдістері
- •4 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері
- •1 Айналым капиталының мәні, оның құрамы мен құрылымы
- •Айналым құралы
- •Айналыс қорлары
- •2 Айналым қорларының ауыспалы айналысы және оны жеделдету жолдары
- •5.3 Айналым құралының мөлшерленуi
- •5.4 Өндiрiстегi айналым қорын қолдану бағасы
- •Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар.
- •4.Қр экономикасының даму жағдайы
- •Кәсіпорынның еңбек ресурстары
- •1. Кәсіпорынның еңбек ресурстары және оның сандық, сапалық көрсеткіштері
- •2 Кәсіпорын кадрлар қозғалысы және оның көрсеткіштері
- •3 Еңбек ресурстарына қажеттілікті анықтау
- •4 Еңбек өнімділігі және оны арттырудың факторлары
- •5 Еңбек ресурстарын басқару
- •6 Еңбекті мөлшерлеудің мәні
- •3 Тарау. Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі
- •Кәсіпорында еңбекақы төлеу.
- •Еңбекақы төлеудің мәні, түрлері және оны анықтайтын факторлар
- •Еңбекақыны төлеу қағидалары және оның атқаратын қызметтері
- •8.3 Еңбекақының нысандары мен жүйелері
- •Мерзімді еңбек ақы төлеуде еңбек өлшемі жасалған жұмыспен көрінеді, ал еңбек ақы оның тарифтік ставкасына сәйкес есептеледі немесе нақты жұмыс жасаған уақытына берілетін ақымен есептеледі.
- •5 Еңбекақының құрамы мен құрылымы
- •Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.
- •3 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •1 Инвестицияның мәні мен түрлері
- •2 Инвестициялық жобаны талдау, оның түрлері
- •3 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •4 Кәсіпорынның инновациялық қызметі
- •Өнімді өндіру мен өткізу шығындары
- •4 Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •1 Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері
- •3 Шығындарды экономикалық элементтер бойынша топтау
- •4 Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •Цехтың өзіндік құны
- •Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1 Кәсіпорынның маркетингтік қызметі және маркетингтік орта
- •2 Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы
- •3 Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы
- •Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1 Өнімнің сапасы және оның көрсеткіштері
- •2 Өнім сапасын басқару мен бақылау
- •3 Өнім сапасы жүйесіндегі стандарттау
- •4 Сертификаттаудың мәні, мақсаты және оның нысандары
- •Кәсіпорын қаржысы
- •1 Кәсіпорынның қаржы түсінігі және қаржылық қатынастар
- •2 Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың қалыптасу көздері
- •3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны сипаттайтын көрсеткіштер
- •4 Тарау. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен тиімділігі
- •12 Тақырып Пайда және өндіріс рентабельділігі
- •1 Кәсіпорын пайдасының мәні, атқаратын қызметтері және оның түрлері
- •2 Кәсіпорын пайдасының бөлінуі
- •3 Өндіріс пайдалылығы (рентабельділігі) және оның көрсеткіштері
- •Өндірістің экономикалық тиімділігі.
- •1 Өндіріс тиімділігі. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •2. Тиімділік көрсеткіштері
Қалың бұқара. Кәсіпорын халыққа өзінің өндіретін тауарлары мен көрсететін қызмет түрлерін ұсына отырып, олардан:
сын-ескертпелер,
орын алған кемшіліктер жәйлі пікірлер күтеді.
Ішкі байланыс аясы. Бұған:
кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлері;
көмекшілер;
басқарма;
директорлар кеңесі және т.б. кіреді.
2 Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.
Сыртқы ортаға – экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.
Ішкі ортаға - еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және т.б. жатады. Кәсіпорынның ішкі ортасына кіретін факторларды біз жоғарыда өткен және осыдан кейінгі өтетін тақырыптарда кеңінен бөлек қарастырдық. Сондықтан кәсіпорынның сыртқы ортасына тоқталайық.
Кәсіпорын қызметінің нәтижелігі оның сыртқы ортасынан көрінеді. Сондықтан сыртқы ортаны шеберлікпен реттеп отырудың және оның кәсіпорынның ішкі құрылымымен үйлесімді байланысын қамтамасыз етудің маңызы зор.
Кәсіпорынның сыртқы ортасы төмендегі негізгі факторлармен сипатталады:
факторлардың өзара байланысы;
күрделілік;
қозғалмалылық;
белгісіздік.
Сыртқы орта факторларының өзара байланысы сыртқы ортаның бір факторларының өзгеруі басқа факторларға қаншалықты, қандай деңгейде ықпал ететін анықтау арқылы көрінеді.
Сыртқы ортаның күрделілігі факторлардың санына байланысты. Осыған орай әр кәсіпорын өзінің түпкі мақсатының орындалуына оң ықпал ететін факторларды есепке алып, оның деңгейін анықтап отыруға мүдделі.
Қозғалмалық – бұл кәсіпорын қызмет жасап тұрған ортада болып жатқан құбылыстардың қозғалысы. Ұйым айналасында болып жатқан өзгерістер неғұрлым жедел қозғалыста болса, өндірістік жүйедегі өзгерістер де соғұрлым тез дамып отырады.
Сыртқы ортаның белгісіздігі кәсіпорынның сыртқы орта факторларын есепке алуына, олардың әрқайсысының қаншалықты және қандай деңгейде ықпал ететін анықтап отыруына, ақпараттардың саны мен сапасына байланысты. Сыртқы ортаға қатысты беймәлім жәйлар неғұрлым көп болса, тиімді шешімдер қабылдау да соғұрлым қиындай түседі.
Сыртқы орта факторлары:
тікелей;
жанама әсер ететін болып бөлінеді.
Тікелей әсер ететін факторлар:
мемлекет;
жеткізуші;
тұтынушы;
бәсеке болып бөлінеді.
Мемлекет – кәсіпорын үшін реттеуші, қорғаушы және басшылық етуші ролін атқарады.
Сонымен қатар, ол:
салық жеңілдіктерін белгілейді;
субсидия (жәрдем), несиелер береді;
нарыққа көшуді көздейтін экономикалық заңдарға бақылау жасайды;
процент мөлшерін белгіледі;
басқа да көптеген реттеу жұмыстарын жүзеге асырады.
Жеткізуші – кәсіпорынның өндірістік қызметтеріне қажетті материалдық-техникалық ресурстармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуші. Жеткізуші материалдық қорлардың бағасына, тауарлар мен шикізаттардың сапасына, сонымен қатар халыққа әр түрлі қызмет көрсетуге, қатысты келісім-шарттарға сүйене отырып ұтымды байланыстарды ұйымдастыруға міндетті.
Жанама әсер ететін факторлар:
елдегі экономикалық хал-ахуал;
техникалық немесе технологиялық;
әлеуметтік (мәдени);
саяси.
Экономикалық хал-ахуал:
экономикалық өсудің қарқыны;
төлем балансы;
жұмыспен қамту деңгейі болып бөлінеді.
Экономикалық өсу – үкіметтің инфляцияны таяу жылдарда ауыздықтау, ал келешекте мүлдем тоқтау және төлем балансын қалыпқа келтіру жолындағы негізгі мақсаты. Экономиканы серпінді дамыту жан басына шаққанда ұлттық өнім үлесінің өсуіне, халықтың, оның барлық әлеуметтік топтарының ауқатты өмір сүруіне негіз болады. Экономикалық хал-ахуал кәсіпорынның мүддесіне қосымша капитал тартуына тікелей ықпал етеді.
Мемлекет
Экономикалық
Техникалық
Тұтынушы
Жеткізуші
Кәсіпорын
Бәсеке
Саяси
Әлеуметтік
-
жанама әсер ететін факторлар;
- тікелей әсер ететін факторлар.
Сурет 11.3 - Кәсіпорынның сыртқы ортасының негізгі факторлары
Үкімет:
салықтары, ақша массаларын, несиенің процент мөлшерін реттейді;
экономикалық жағдайдың тұрақты қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Төлем балансы – елдің белгілі бір уақыт ішінде сыртқы экономикалық операциялар балансын көрсететін маңызды статистикалық құжат.
Жұмыспен қамту деңгейі. Мұндағы басты мәселе жұмыссыздық. Ол жұмыс істегісі келетін, еңбекке жарамды адамдардың өндірісте және басқа да қызмет орындарында жұмыспен қамтылмауы. Жұмыссыздық – нарықтық экономика жағдайында жұмыс күшіне деген сұраным мен ұсынымның арақатынасының көрсеткіші. Жұмыссыз қоғам мүшелерінің санын барған сайын азайтып, жұмыссыздық деңгейінің оңтайлы межеден аспауын қамтамасыз ету жолында іске асырылатын макроэкономикалық шаралар кәсіпорындар қызметінің оңалуына тікелей әсер етеді. Мәселен:
салыққа қатысты жеңілдіктер беру;
шектеу аясын тарылту.
Техникалық факторлар – кәсіпорынның атқарымдылығы, өзгерту, жетілдіру, қосымша мүмкіндіктер мен шектеу тенденцияларын қамтиды. Жоғары деңгейдегі технологиялармен жұмыс істейтін кәсіпорындар техниканың жаңа түрлерін әзірлеп, олармен өндірісті жабдықтаудың тиімді жолдарын басқаларға ұсынады. Өндірісті жаңа техникамен жабдықтаудың өнім өндіруде, оны дайындау мен тиімді сатуда, ақпарат жинауда, кәсіпорыннан тұтынушылардың қандай жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін күтетіндігін анықтауды алатын орны ерекше.
Әлеуметтік факторлар. Кәсіпорын белгілі бір мәдени ортада қызмет атқарады, оның қызметкерлерінің табыстылығына ел тұрғындарының:
мәдениеті;
тарихи ерекшеліктері;
менталитеті мен әдет-ғұрыптары әсер етеді.
Саяси факторлар қоғамның саяси жағдайын және оның тұрақтылық деңгейін анықтайды. Бұл – мемлекеттің, заң органдарының және соттардың кәсіпорынмен қарым-қатынас барысында ұстанатын көзқарасы.
Осы көзқарас:
табысқа салық салу;
салық жеңілдіктерін белгілеу;
тұтынушыларды қорғау жөніндегі заңдарды әзірлеу;
айналадағы ортаны қорғау;
бағаға бақылау жасау;
жалақыны реттеу мәселелерінде үкіметке ықпал етеді.
3 Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы
Кәсіпорынның өндіріс қуаттылығы деп белгілі бір уақыт бірлігінде өндіріс жабдықтарын, өндіріс алаңын, инновациялық технологияны қолдана отырып, еңбекті ұйымдастыруды тиімді және өндірісте өнім сапасын жоғары деңгейге жеткізуді қамтамасыз етіп, өнім көлемін барынша мол өндіру (жұмысты орындау, қызмет көрсету) түсінеміз.
Ереже бойынша өндіріс қуаттылығы табиғи өлшем бірлігінде өнім өндіру көлемімен жоспарланады. Мысалы, машина жасау зауытында өндіріс қуаттылығы жылдық машина өндіріс, жабдықтар, қосалқы бөлшектер өндіру негізінде саналады. Кәсіпорынның өндіріс қуаттылығы жабдықтар бойынша технологиялық және экономикалық негізгі қатынастары арқылы белгіленеді.
Өндірістің қуаттылығын анықтайтын негізгі элементтерге жататыны:
Орнатылған машина, механизмдер, агрегаттарды т.б. саны;
Кәсіпорындағы және цехтардағы өндіріс алаңдары;
Кәсіпорынның жұмыс режимі;
Машинаны, механизмдерді, агрегаттарды т.б. пайдаланудың технико-экономикалық мөлшері.
Кәсіпорынның жұмыс режімін(Уж) күнтізбе бойынша (Уқ) нақты көрсетілген (Ун) жұмысының уақыт қоры негізінде жоспарлайды:
Уж=[(Уқ-Д-М)Аtал]-Ужж, (11.1)
Мұндағы Уқ-жабдықтың күнтізбе жұмыс уақыт қоры, күндер;
Д-жыл бойғы демалыс күндер саны;
М-жыл бойғы мейрам күндер саны;
А-алмасу саны;
tал-алмасудың ұзақтығы, сағат;
Ужж-жоспарлы жөндеуге, наладка, құрастыру, техникалық қызмет көрсетуге кеткен уақыт,сағат.
Ун=[(Уқ-Д-М)Аtал,] (11.2)
Кәсіпорында өндіріс қуаттылығы бір типтес жабдықтармен қаруланған жағдайда келесі формуламен анықталуы мүмкін:
Қ=NТмУж (11.3)
Мұнда N-орнатылған жабдықтар бірлігінің саны,
Тм-сол жабдықтың техникалық өнімділік мөлшері.
Өндіріс қуаттылығын келесі түрлері бойынша ажыратуға болады: белгіленген жобадағы қуаттылық, кәсіпорынның жетекші өндіріс бөлімшелерінің қуаттылығы, бастапқы жоспарлау мезгілдегі анықталған қуаттылық, жоспарлау мезгілдің соңында белгіленген қуаттылық, өндіріс бағдарламасын есептеу негізінде анықталған орташа жылдық қызметкерлер саны.
Кәсіпорынның, (цехтың, бөлімшенің) өндірісті қуаты негізгі өндірістік қорды толық күйінде ұтымды жағдайда пайдалана отырып уақыт бірлігінде өндірілетін белгілі бір сапа мен ассортименттегі өнімнің ең жоғарғы санын білдіреді.
Өндірістік қуатты жан – жақты қарастыруға болады, осыдан келіп теориялық, максималды, экономикалық, практикалық қуат деп ажыратады.
Теориялық (жобалық) қуат өндірістің қалыпты жұмыс жасауындағы өнімді ең жоғарға көлемде шығаруын сипаттайды.
Бұл көрсеткіш жаңа жобаларды негіздегенде, өндірісті кеңейткенде, басқа да инновациялық шараларды негіздегенде қолданылады.
Максималды (ең жоғарғы) қуат - игерілген өнімнің қарапайым құрамында есепті кезең ішіндегі теориялық жағынан шығаруға мүмкін болатын өнімнің көлемі смена саны мен жұмыс күндерін көбейтуге және тек орнатылған жабдықтарды пайдаланғанда мүмкін болатын.
Экономикалық қуат деп өндіріс шығындарының өсуіне және басқа себептерге байланысты кәсіпорынға әрі қарай өсіруге тиімсіз өндіріс шегін айтады.
Практикалық қуат – нақты жұмыс жағдайында кәсіпорында мүмкін болатын ең жоғарғы өнім көлемі. Көбінде бұл экономикалық қуатқа сәйкес келеді.
Жобалық қуатты жоспарлы өндірістік алаңдарды есептей отырып анықтайды, ал жоспарлаған номенклатура бойынша шығарылған өнім көлемі бастапқы шама деп алынады.
Өндірістік қуат – динамикалық шама, түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп отырады. Сондықтан ол белгілі бір деңгей кезеңінде тіпті календарлық күнге есептеледі. Қуат жоспарланған кезең басында аяқталады (кіру қуаты)не жоспарлы кезеңнің аяғына анықталды (жылу қуаты). Соңғысы былай анықталады:
Мк= Мс +Мр+Мо+Мнз-Мв, (11.4)
Бұндағы –Мк - жоспарлы кезеңнің аяғындағы қуат
Мн - жоспарлы кезеңнің басындағы қуат
Мс – жаңа құрылыс, бұрынғы қуаттарды кеңейтудегі енгізілген қуат
Мр – реконструкция нәтижесінде қуаттың өсуі
Мо – техникалық қайта жаңарту және басқа да ұйымдық- техникалық шаралардың негізінде қуаттың өсуі
Мнз - өнім номенклатурасын өзгертуге қатысты қуаттың өсуі немесе кемуі
Мв – шығып қалуға қуаттың азаюы
Кіру және шығу қуаттарынан басқа орташа жылдық қуатты (Мср) анықтайды
Мср= Мн+ МсТс +МрТр +Мо+То +МнзТнз – МвТв/ 12; (11.5)
мұндағы Тс, Тр, То, Тнз,Тв -әсер ету мерзімдері.
Өндірістік қуатты қолдану коэффициенті
Кпай= Өж(н)/ Мор ; (11.6)
Ол жоспарлы немесе нақты өнім шығару көлемін (Өж(н) орташа жылдық өндірістік қуатқа (Мор) бөлу арқылы табылды.
10-тақырып (2 сағат).
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
Дәріс мақсаты өнім сапасын, оның бәсекеге қабілеттілігін қарастыру
Дәріс сұрақтары:
1 Өнімнің сапасы және оның көрсеткіштері
2 Өнім сапасын басқару мен бақылау
3 Өнім сапасы жүйесіндегі стандарттау
4 Сертификаттаудың мәні, мақсаты және оның нысандары
1 Өнімнің сапасы және оның көрсеткіштері
Қазіргі нарықтъқ экономика шығарылатын өнімнің сапасына айрықша талап қояды. Қазіргі уақытта кез келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге қабілеттілік (бәсекеге жарамдылык) деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсекеге жарамдылык екі көрсеткішке байланысты – баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Соңғы кезде екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шыға бастады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу сияқты көрсеткіштер өнімнің сапасына бірінші кезекті береді.
Сапа – фирманың мәртебесі, пайданың өсуі, фирманың өсіп-өркендеуінің басты шарты, кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіші.
Өнімнің сапасы – бұл белгілі қажеттілікті қанағаттандыра алатын өнімнің пайдалы қасиеттерінің жиынтығы. Өнімнің сапасын арттыру нарықтық экономикадағы кәсіпорынның алар орнын, ғылыми-техникалық прогресс жағдайын, өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын және кәсіпорында қолданылатын барлық ресурстарды тиімді пайдалануды анықтайды.
ГОСТ 15467-79 «Өнімнің сапасын басқару. Негізгі түсініктер. Терминдер мен анықтауларға» байланысты сапа – дегеніміз өнімнің белгілі бір сұранысты қамтамасыз ететін қасиеттерінің жиынтығы.
Өнім сапасының жеткілікті деңгейде болмауының салдарлары төмендегідей болады:
1. Экономикалық салдары:
1.1 Материалдық және еңбек ресурстарын жоғалту;
1.2 Өндірістік инфрақұрылымдағы жоғалтулар (нашар битум – нашар жол, нашар коммуникация, нашар байланыс және т.б.);
1.3 Техниканы жөндеуге қосымша қаражат;
1.4Халықтың тұрмыстық техникаларды жөндеуге қосымша шығындарының жұмсалуы;
1.5 Табиғи ресурстардың босқа жұмсалуы;
1.6 Дайын өнімді экспорттау үлесінің аздығынан валюталық түсімнің төмен болуы;
1.7 Техника мен халық тұтынатын тауарларды импорттаудың арқасында валюталық қаражаттың қосымша жұмсалуы;
1.8 Сапаны техникалық бақылау органдарының көп сатылы және көп буынды жүйесін жасауда материалдық және еңбек ресурстарына қосымша шығындардың жұмсалуы.
2. Әлеуметтік салдары:
2.1 Отандық тауарлардың тапшылығы;
2.2 Ұлттық кәсіпорындарда жасалынатын тауарлардың төмендеуі;
2.3Өндірістік-техникалық және жеке сипаттағы қажеттілікті қанағаттандырудың жеткіліксіздігі;
2.4 Халықтың әл-ауқатының өсу қарқынының төмендеуі;
2.5 Халық тұтынатын тауарларды дайындағандағы ақауларды жою үшін бос уақыттың тиімсіз жұмсалуы;
2.6 Ұжымдағы моральдық ахуалдың нашарлауы;
2.7 Кәсіпорын пайдасының төмендеуі.
3. Экологиялық салдары:
3.1 әуе, су бассейнін, жер ресурстарын тазартуға қосымша шығындар;
3.2Халықтың денсаулығын жақсарту бойынша шараларға қосымша шығындар;
3.3 Ауа, су, топырақтың сапасының нашарлауынан ауыл шаруашылығындағы өнімділіктің төмендеуі;
3.4 Қоршаған ортаның төмен сапалылығынан азаматтық ғимараттар мен көліктердің жедел амортизациясы және оған қосымша шығындардың жұмсалуы.
Өнім сапасы – өнімнің белгілі-бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қасиеттерінің жиынтығы. Сапа көрсеткіштері:
Тағайындалу көрсеткіштері – өнімнің негізгі функцияларын анықтауды сипаттайды, және оның қандай бағытта қолданылатындығын білдіреді: мысалы, сыныптамалық (электр приборының қуаттылығы мен қысымдылығы), функционалдық (дәлдігі, өлшеу шегі, прибордың қызмет ету қашықтығы), конструктивтік (салмағы, бұйымның үлкен өлшемі), эксплуатациялық (отынды жұмсау, автомашинаның ең көп жылдамдығы), құрамы мен құрылымы (концентрация, қоспалар құрамы), әлеуметтік жағынан кімге арналған (жастарға, қарттарға, балаларға).
Сенімділік көрсеткіштері – өнімнің ұзақ уақытқа қолдану жарамдылығы, сақталуы және жөндеуге жататындығы.
Қауіпсіздік көрсеткіштері – сатып алушы мен қызмет көрсетуші персонал үшін өнімнің қолдану, жөндеу, сақтау, тасымалдау, қызмет көрсету кезінде қауіпсіздігін білдіреді.
Эргономикалық көрсеткіштер – адамның өніммен және адамның физиологиялық қасиеттері кешенімен байланысын білдіреді, мысалы, гигиеналық жағынан (жарықтылығы, жылулығы, ылғалдылығы), психофизиологиялық (күш, жылдамдық, есту, көру, адамның басқа да қасиеттеріне).
Эстетикалық көрсеткіштер – эстетикалық жағынан өнімнің тауарлық түрінің тұрақтылығын, сәнге сәйкестігін, тұтастылығын, адамға эстетикалық әсерін сипаттайды.
Стандарттау көрсеткіштері – бұл өнімді стандарттық, ерекше құрамдас бөліктерімен жабдықтау.
Тасымал көрсеткіштері – өнімнің тасымалдау мүмкіншілігін көрсетеді.
Патенттік-құқықтық көрсеткіштері – өнімнің патенттік тазалығын сипаттайды.
Экологиялық көрсеткіштер – бұл кейбір өнімді өндіру кезінде туындайтын зиянды салдардың қоршаған ортаға зардабының деңгейін көрсетеді, мысалы телевизор, компакт- диск сияқты өнімдерді өндіру экологиялық қауіпсіз болмауы да мүмкін.
Технологиялық көрсеткіштері – өнімді дайындау және жөндеу кезінде жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін конструктор-технологиялық шешімдердің тиімділігін сипаттайды.
Аталған көрсеткіштердің жиынтығы өнім сапасын қалыптастырады.
Сапаның көрсеткішін анықтау оның сандық манызын түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына төмендегі әдістер пайдаланылады:
өлшеуші әдіс (аспаптар, приборлардың көмегімен);
тіркеу әдісі – бүл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы мүмкін;
есептеу әдісі – өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдануға негізделеді;
органолептік әдіс – адам мүшесін сезу-көру, есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дәлдігі және растылығы адамдардың біліктілігі мен қабілеттілігіне байланысты;
социологиялық әдіс – өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады;
сарапшылық әдіс - мамандар тобы арқылы іске асырылады. Мысалы, дизайнерлер, дәм айырушылар.
2 Өнім сапасын басқару мен бақылау
Өнім сапасын тиімді басқару дегеніміз бұйымды өндіру мен пайдаланудың экономикалық және ұйымдастыру механизмдерін толық іске қосу болып табылады. Жоғары техникалық деңгейдегі жоғары сапалы өнім өндіру үшін бұйымның жиынтық сипаттамаларын қалыптастыру үрдісін тиімді басқару қажет.
Өнім сапасын басқаруда сапаны бақылау маңызды орын алады. Дәл осы бақылау көздеген мақсатқа жеткізудің бір тиімді құралы, бақылаудың маңызды іс-қызметі ретінде сапасы жоғары өнім шығарудың нақтылы жағдай мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануға ықпал етеді. Көптеген мамандар қазіргі өндіріс пен өнім сапасын басқаруда техникалық бақылаудың маңызы зор екенін атап көрсетуде. Тұтастай өндіріс тиімділігі сапаны бақылауды жетілдіру деңгейі, оның техникалық жабдықталуы мен ұйымдастырылуына біршама тәуелді болып келеді. Бақылау – сапа басқару жүйесінің өндірістегі аса маңызды қызметінің бірі. Жүйе қызметінің нақтылы жеткен жетістіктері мен жоспарланған нәтижелері дәл осы бақылау үрдісі кезінде салыстырылады. Сапа көрсеткішінің жоғары тұрақтылығына аздаған шығынмен жетуге мүмкіндік беретін өнім сапасын бақылаудың қазіргі әдістері үлкен маңызға ие болуда. Өнім сапсын бақылау жүйесі - өзара байланысты бақылау обьектілері мен субьектілері, бұйым сапасын бағалау әдісі, құралдары мен түрлері, өнімнің тіршілік айналым кезеңдері, сапаны басқару деңгейлерінің жарамсыз өнімдердің алдын-алу іс-шараларының біртұтас жиынтығы. Бақылаудың тиімді жүйесі көптеген жағдайларда шығарылатын өнімнің сапалық деңгейіне дер кезінде тікелей мақсатта әсер етуі, жұмыста кездесуі, мүмкін барлық кемшіліктердің алдын-алу, оларды жедел түрде анықтау және аз шығын жұмсай отырып жою мүмкіндігін береді. Сапаны бақылаудың оң нәтижелерін өнімді өндіріске әзірлеу, өндіріс айналымына шығару, пайдалану және қалпына келтіру сатыларында байқауға болады.
Сапаны басқару – бұл сапаны жүйелі түрде бақылау арқылы өнімді жасау, өндіру, пайдалану және тұтыну кезінде өнім сапасының қажетті деңгейін белгілеу, қамтамасыз ету және ұстап тұру. Сапаны басқару – яғни тауардың өмірлік циклдың барлық кезеңдерінде (ену, өсу, толысу, сұранысты ұстап тұру) өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық, ұйымдық, техникалық және басқа да шаралар.
Сапаны басқару бойынша іс - әрекет өнімді өндіргеннен кейін тиімді болмайды, оны өнім өндірісі үрдісімен бір мезгілде жүзеге асыру қажет.
Сапаны басқару қағидалары:
мақсатты бағытталуы – сапаға қатысты нақты мақсат болуы керек;
жоспарлылық – жүзеге асырылуы қажет сапа саласындағы шаралар
жиынтығы жоспарланады;
үздіксіздік;
кешенділік – сапа мәселесін оған әсер ететін барлық аспектілерді
есепке ала отырып шешу;
тиімділік – тұтынушылардың тапсырысына сапаны дәлме – дәл сәйкес
келтіруге тырысу;
үнемі жетілдіру – кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігіне мүмкіндік
береді.
Өнім сапасын басқару – жалпы кәсіпорынды басқарудың құрамдас бөлігі, оның бір функциясы.
Өнім сапасын басқару жүйесі келесі өзара байланысты категорияларға сүйенеді; объект, субъект, мақсат, әдістер, құралдар, атқаратын қызметтер, басқару қатынастарының сипаты.
Басқару объектісі – өнім сапасы, оның қасиеттерінің жиынтығы немесе оның қандай да бір бөлігі.
Басқару субъектісі – өнім сапасының жоспарланған деңгейіне жетуді қамтамасыз етуші тұлғалар және барлық деңгейдегі басқарушы органдар.
Басқару мақсаты – өнім сапасының нақты деңгейін, оның қасиеттерінің жиынтығын олардың қажеттіліктерге сәйкес келуін қамтамасыз ету, тұтынушы үшін қол жетерлік баға, қалыпты өзіндік құн және жеткілікті деңгейде пайдалылық.
Сапаны басқару әдістері – өнім жоспарланған сапасын қамтамасыз ете отырып басқару органдарының өндірістік үрдістерге ықпал ету жолдары.
Сапаны басқару әдістерін 4 топқа бөлуге болады: ұйымдық, әлеуметтік – психологиялық, экономикалық, ұйымдық – технологиялық.
Ұйымдық әдістер –қажетті сапаны қамтамасыз ететін әдістер жиынтығы. Бұл әдістерге әкімдік (бұйрық, қаулы, өкім, т.б.) тәртіптік, мотивацияны қамтамасыз етуші әдістер жатады.
Әлеуметтік – психологиялық әдістер – қызметкерлердің рухани қызығушылықтарына ықпал ету әдістерінің жиынтығы. Мұндай әдістерге келесілер жатады: кәсіпорынға беріліп жұмыс жасауға тәрбиелеу, осы кәсіпорынның қызметшісі ретінде өзіңе қызмет, моральдық ынталандыру нысандары.
Сапаны басқарудың экономикалық әдістері – экономикалық ынталандыруды пайдалануға негізделген ықпал ету әдістері. Экономикалық әдістерге келесілер жатады: сапаны басқару саласындағы іс-әрекетті қаржыландыру, өнімге немесе қызметке оның сапа деңгейін есепке ала отырып баға белгілеу, т.б.
Ұйымдық – технологиялық әдістер өнім мен үрдіс сапасын бақылау әдістеріне және өнім мен үрдіс сапасын реттеу әдістеріне бөлінеді. Ұйымдық – технологиялық әдістердің ішінде негізгі орынды статистикалық әдістер алады.
Сапаны басқару құралдары:
ұйымдық техника, байланыс құралдары;
нормативті құжаттар жиынтығы;
метрологиялық құралдар: (өлшеу құралдары)
реттеуіш құжаттар т.б.
Басқару объектісі ретінде сапаға қатысты кәсіпорын орындайтын функциялар:
мөлшерлеу (стандарттау, сертификаттау, аттестациялау);
өндірісті технологиялық даярлау (материалдық – техникалық қамтамасыз ету);
кадрлардың біліктілігін жоғарылату, сапа үшін жауапкершілікті күшейту, ынталандыру;
өндірістік үрдістердің барысын бақылау.
Сапа саласындағы басқару қатынастары – бұл субординация (бағыну) және координация (қызметтестік) қатынастары.
3 Өнім сапасы жүйесіндегі стандарттау
Сапаны басқару стандарттау ережелеріне негізделеді. Стандарттау ұтымды нормаларды тауып, оларды кейіннен стандарт, нұсқау, өнімді жасауға қойылатын талаптар әдістемесі сияқты нормативтік құжаттарда бекітетін норма қою қызметі. Стандарттау - барлық қызығушылық танытушы жақтардың қатысуымен белгілі бір салаларда іс-қызметті реттеу мақсатында ережелерді (стандарттарды) белгілеу және қолдану. Стандарттау объектілері - халықаралық саудада, экономиканың әртүрлі сфераларында бірнеше рет пайдаланылатын нақты өнім, нормалар, талаптар, әдістер, терминдер және басқалары.
Стандарт - бұл стандарттау объектісіне қойылатын талаптарды, ережелерді, нормалар кешенін белгілейтін, құзырлы органмен бекітілген стандарттау бойынша нормативті-техникалық құжат.
Сапа менеджменті жүйесі. ISO 9000:2000 үздіксіз жақсарту
Басшының жауапкершілігі
қанағаттну
талптар
Ресурстарды басқару
өлшеу, талдау, жақсарту
ену


шығу
өнім немесе қызметтің өмірлік циклының кезеңдері бойынша процестер
өнім, қызмет
Сурет 12.1- Сапа женеджменті жүйесінің моделінің көрінісі
Баяғыдан бері өнім сапасының көптеген стандарттары бар. Бұл стандарттарда нақты бір өнім түрлеріне қойылатын талаптар бейнеленген. Сапа жүйесінің тарихында бірінші стандарттар АҚШ-тың қорғаныс стандарттары (МІL-9858 және МІL-4528), сол сияқты Ұлыбританияның 05-21 сериялы қорғаныс стандарттары болды.
9000 сериялы ІSО стандарттары сапа жүйесінің әрекет етуші жалғыз стандарттары емес. Басқа да көптеген сапа жүйесінің стандарттарын келесідей жіктеуге болады:
-өнімге қатысты сапа жүйесінің стандарттары;
-өндіріске қатысты сапа жүйесінің стандарттары;
-әмбебап сипаттағы сапа жүйесінің стандарттары;
Халықаралық стандарттар стандарттау бойынша халықаралық ұйымда жасалады. ИСО- ұлттық ұйымдар федерациясы.
Сапаны басқару жүйесі саласында қолданылатын 9000 сериялы ИСО стандарты алғаш рет 1994 жылы қарастырылды. Содан бері өздерінің сапа жүйелерін осы стандарттарға сәйкес сертификаттаған корпорациялар саны 6 еседен артыққа өсті. 2000 жылы ИСО 9000: 2000 халықаралық стандарттарының жаңа версиясының арнайы басылымы пайда болды. Нәтижесінде бұрын 24 стандарттан тұратын құжаттар кешені енді 5 базалық стандарттардан тұрады:
ИСО 9000:2000 «Сапа менеджментінің жүйесі. Негізгі принциптер және сөздік»
ИСО 90001:2000 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар»
ИСО 9004:2000 «Сапа менеджменті жүйесі. Сапаны жақсарту бойынша ұсыныстарды басқарушылар».
ИСО 9011:2000 «Сапа менеджменті жүйесін тексеру бойынша ұсыныстарды басқарушылар және қоршаған ортаны қорғау».
ИСО 10012 «Өлшеуіш қондырғылардың сапасын қамтамасыз ету».
Стандарттау жүйесі 4 деңгейге бөлінетін нормативті құжаттардан тұрады:
1-деңгей – мемлекеттік заң актілер, стандарттау саласындағы заңдар, т.б.
2-деңгей – мемлекеттік және мемлекет аралық стандарттар;
3-деңгей – салалық стандарттар, ҒТ-ң және инженерлік қоғам стандарттары;
4-деңгей – кәсіпорын стандарттары және техникалық ережелер;
Салалық стандарттарды кәсіпорын, оның бірлестіктері, стандарттарды бекіткен органның саласына енген ұйымдар міндетті түрде орындаулары керек.
ҒТ-лық қоғамдардың стандарттарын өз еркімен пайдалануға болады.
4 Сертификаттаудың мәні, мақсаты және оның нысандары
Сертификаттау – бұл өнім сапасы көрсеткіштерінің нормативті – техникалық құжаттармен стандарттарының талаптарына сәйкестілігіне кепілдік беретін қажетті үрдіс (латын тілінен “sertifico” аударғанда куәландырамын деген ұғымды білдіреді).
ИСО стандарты бойынша халықаралық ұйымның анықтамасы бойынша сертификаттау дегеніміз - өнімнің, үрдістің немесе қызметтің стандартқа сәйкес келетін дәлелдеуші үшінші жақтың іс-әрекеті.
Осы анықтамаға байланысты сертификаттаудың негізгі сипаттамаларын көрсетуге болады:
-тәуелсіздік – іс-әрекетті үшінші жақ жасырады;
-сертификаттау объектісі идентификацияланған болу керек, яғни аталған талаптар ғана сертификатталады (мысалы, кофе сусыны «кофейный напиток» емес кофе);
-тек стандарттарда немесе басқа нормативті құжаттарды қарастырылған талаптарға сәйкес келу белгіленеді.
Сертификаттау мақсаттары келесідей:
-кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың мемлекет нарығында әрекет етуі үшін, сонымен қатар экономиканың, ҒТ-қ серіктестікке және халықаралық саудаға қатысуы үшін жағдай жасау;
-тұтынушыларға өнім таңдауға көмектесу;
-тұтынушыны адамгершілігі жоқ дайындаушыдан (сатушыдан) қорғау;
-өнімнің қоршаған орта үшін, өмірге, денсаулыққа қауіпсіздігін бақылау;
-дайындаушы ұсынған өнім сапасы көрсеткіштерін куәландыру, растау;
Өнім спасы көрсеткіштерінің берілген талптарға сәйкестігін байқау арқылы белгіленеді.
Байқау - өнім спасының бір немесе бірнеше көрсеткіштерінің белгіленген процедураға сәйкестігін көрсететін техникалық операция.
Берілген талаптарға сәйкестікті бағалауды жүйелі түрде тексеру сәйкес келуді бағалау деп атайды.
Жалпы түрде сертификаттау жүйесі келесі элементтерден тұрады:
-жүйені басқаратын, оның іс-әрекетіне бақылау жүргізетін және сертификаттау құқығын басқа органға бере алатын орталық орган;
-сертификаттау ережесі және ереже тәртібі;
-сертификаттауды жасайтын сәйкес нормативті құжат;
-процедуралар (сертификаттау сызбалары);
-инспекциялық бақылау тәртібі;
Сәйкес келу сертификаты – сертификаттау жүйесі ережесі бойынша берілген және өнімнің нақты стандартқа немесе басқа нормативті құжатқа сәйкестігін куәландыратын құжат.
Сертификаттау жүйесі бірнеше әртүрлі сертификаттарды қамтиды:
1.Сертификаттау саласындағы аудитордың сертификаты, аудитордың талаптарға сәйкестігін белгілейді, оны аудиторлық іс-қызметпен айналысуға құқылы деп аттестациялайды.
2.Сапа жүйесіне сертификат – ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның өнім өндіруінің сапа жүйесінің мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігін куәландырады.
3.Өнімнің әртүрлі нормативті құжаттарының талаптарына сәйкестік сертификаты - өнімнің тексеруден өткендігін және нормативті актілерде белгіленген барлық талаптарға жауап беретіндігін куәландырады.
4.Өнім сапасының сертификаты - өнімнің нақты атауын оны өндіру стандарты мен техникалық жағдайларды, сапалық көрсеткіштерді қамтиды.
5.Тауарды өндіру сертификаты – тауарды өндіретін елді және дайындау зауытын анықтауға арналған.
Сертификаттау жүйесі келесі критерийлер бойынша жіктеледі:
-жақтардың (тараптардың) қызығушылықтары (мүдделері) бойынша: ұлттық, халықаралық және аймақтық;
-құқықтық статусы бойынша – міндетті, өз еркінше және өз бетінше;
-сыртқы ұйымдардың қатысуы бойынша – үшінші жақтың өнім сертификациясы.
Міндетті сертификаттау жүйесі - ҒТ-қ құжаттарда қоршаған ортаны қорғау бойынша, адамдардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптар көрсетілген өнімдер үшін жасалады. Ол «тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңмен реттеледі. Міндетті сертификатталуы тиіс тауарларға азық-түлік тауарлары жатады: ет және ет өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық, балық өнімдері және басқа да теңіз өнімдері, нан, нан өнімдері, макрон өнімдері, ауыз су, алкогольді, әлсіз алкогольді және алкогольсіз сусындар, темекі өнімдері, шәй, кофе, т.б.
Өз еркімен сертификаттау жүйесі дайындаушылардың бастамасы бойынша өнімді сертификаттауды қарастырады, бұл кезде ол өзінің өнімдерін нормативті-техникалық құжаттардың талаптарына, соның ішінде шетелдікте сәйкес сертификаттауға құқылы.
Өз бетінше сертификаттау жүйесін өнімді өндіруші жасайды. Бұйымдарға сертификатты бұл жағдайда өзінің жауапкершілігі шегінде кәсіпорынның өзі береді.
11-тақырып (2 сағат).
Кәсіпорын қаржысы
Дәріс мақсаты кәсіпорындағы қаржы ресурстарын қарастыра келе, кәсіпорынның қаржылық қарым қатынастарын анықтау
Дәріс сұрақтары:
1 Кәсіпорынның қаржы түсінігі және қаржылық қатынастар
2 Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың қалыптасу көздері
3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны сипаттайтын көрсеткіштер
1 Кәсіпорынның қаржы түсінігі және қаржылық қатынастар
Қаржы деп қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлу үрдісінде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастар жүйесі, соның нәтижесінде түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұдайы өндіріске қатысушыларда ақшалай табыстар, жинақтар мен қорлар құрылады және пайдаланылады. Қаржы бөлу және бақылау қызметін атқарады. Бөлу функциясының көмегімен қоғамдық жиынтық өнім және оның маңызды бөлігі – ұлттық табыс, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігі бөлінеді және қайта бөлінеді. Бақылау қызметі қаржылық бақылаудан көрінеді.
Кәсіпорындағы барлық қаржылық қатынастар былай деп топтастырылады:
- Кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен қаржылық қатынастары – материал, шикізат, отын, бөлшек заттар, дайын өнімді сатуға және сатып алуға байланысты пайда болады.
- Кәсіпорын ішіндегі қаржылық қатынастар: кәсіпорын жұмыскерлерімен, кәсіпорынның бөлімшелерімен, цехтарымен, филиалдарымен қаржылық қатынастар.
- Қаржы –несие жүйесімен қаржылық қатынастар: түрлі деңгейдегі бюджетпен, коммерциялық банктермен, бюджеттен тыс қорлармен, жинақ зейнетақы қорларымен;
- Басқа да нарықтық институттармен: сақтандыру ұйымдарымен, биржалармен, инвестициялық қорлармен.
Кез келген кәсіпорынның қызметі ақша қорын қалыптастыру мен пайдаланудан басталады. Жарғы капитал кәсіпорынның ең бірінші және ең негізгі меншікті қаражаты болып табылады, оның мөлшері кәсіпорынның жарғысында көрсетіліп, заңды түрде тіркелінеді. Жарғы қордан негізгі қор мен айналым қаражаты қалыптасады. Қосылған капитал жыл ішінде түскен кәсіпорынның меншікті қаражатының ақша қоры, ол мыналардан құралады:
қайта бағалау нәтижесіндегі негізгі қорлар құнының өсімінен;
акцияларды номинал құнынан артық бағада сатудан түскен табыстан (эмиссиялық табыс);
өндірістік мақсатқа қайтарымсыз түскен ақшалай және материалдық құндылықтан.
Қосылған капитал кәсіпорынның жарғы каиталын көбейтуге, кеткен шығындарды жабуға жұмсалады.
Резервтік капитал кәсіпорын пайдасынан жыл сайын бөлініп, кейін пайдалануға қалдырылған ақша қоры. Ол кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Тұтыну қоры таза пайдадан қалыптасады және кәсіпорынның жұмыскерлерінің материалдық қажеттілігін қанағаттандыруға, өндірістік емес сферанының объектілерін қаржыландыруға, өтемақы төлеуге бағытталады.
Жинақ қоры таза пайдадан қалыптасып, өндірісті дамытуға, айналым қаражатының өсімін қамтамасыз етуге, күрделі қаржы салымын жүзеге асыруға бағытталады.
Валюталық қор өнімін экспорттайтын және импорттық операцияларды жасау үшін валюта сатып алатын кәсіпорындарда қалыптасады, өндірген өнімін экспортқа шығару арқылы алынған түсімнен құралады.
Кәсіпорын қаржысын басқару – кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту және белгілі бір қаржылық нәтиже алу мақсатындағы жүргізілетін үрдіс деп айтуға болады. Қаржылық басқару жүйесі – қаржылық менеджмент деп атайды. Қаржылық менеджмент – кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетінде пайда болатын ақша ағынының қозғалысын күнделікті және стратегиялық мақсаттарға жетудегі тиімді басқару.
2 Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың қалыптасу көздері
Қаржылық ресурстар – кәсіпорынның қаржылық міндеттемелерін орындау және кеңейтілген ұдайы өндірісті қамтамасыз ету үшін арналған табыс және ішкі түсімдер түрінде болатын ақша қаражаттарының жиынтығы.
Нарықтық жағдайда капитал мен қаржы ресурстарының негізі – ақша қаражаттары болып табылады. Қаржы ресурстарының құралу көздері бойынша меншікті және қарызға алынған болып бөлінеді.
Меншікті қаржы ресурстарының өзі ішкі және сыртқы қаржы көздерінен құралады. Ішкі көздер меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады жөне шаруашылықты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы – кәсіпорынға сырттан түсетін ресурстар, яғни қаржы нарықтарында шоғырланған қаражаттар мен қайта бөлу бойынша түскен қаражаттардан құралады.
Қаржы ресурстарының ішкі көзінен пайда мен амортизациялық аударым маңызды болып табылады. Пайда кәсіпорынның соңғы нәтижесі болып табылады, бәсеке жағдайында ұйым пайданың өсуіне мүдделі, себебі ол өндірісті өсірудің бірден бір құралы, олай болса, сол кәсіпорында еңбек етіп жүрген жұмыскерлердің жағдайының жақсаруы деген сөз. Алайда ол жалпы пайдаға емес, бюджетке салықтар мен алымдарды төлегеннен кейін кәсіпорынның қарамағында қалған таза пайдаға байланысты. Жоғарыда айтқандай, таза пайдадан барып жинақ, тұтыну және резерв қорлары қалыптасады.
Амортизациялық аударым негізгі өндірістік қорлар мен материалдық емес активтердің тозу құнының ақшалай көрінісі. Амортизациялық аударым өнімнің өзіндік құнына қосылып, кейін өнімді өткізгеннен түскен түсім арқылы кері кәсіпорынның есеп айырысу шотына қайтарылады.
Кәсіпорын қаржы ресурстарының сыртқы көздері нарықтық жағдайда үлкен маңызға ие болып, олардың жаңа түрлері пайда болуда, қалыптасу құрылымы өзгеруде. Акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарды шығару және оларды сату, несие инвестициялары, сақтандыру жарналары, үлестік қаржылар, дивидендтер арқылы қаржы ресурстары құралады, ал керісінше, бюджеттік жәрдемақылар, субвенция, субсидиялардың үлесі кәсіпорындарда азаюда.
Кәсіпорынның қаржы ресурстары
Ішкі көздер
Сыртқы көздер
Меншікті қаражат арқылы құралған:
- Негізгі қызметтен пайда;
- ҒЗЖ орындаудан түскен пайда және басқада мақсатты табыстар;
- қаржы операцияларынан пайда;
-сатудан тыс түскен пайда.
Оған теңестірілген қаражат арқылы құралған қаражат:
- амортизациялық аударым;
- шығып қалған мүлікті сатудан түскен түсім;
- тұрақты пассивтер;
-жинақталған бөлінбеген пайда;
-Мақсатты түсімдер;
- Резерв қоры;
- ұжым жарналары
Қаржы нарғында шоғырланған :
-меншікті бағалы қағаздарын сатудан түскен қаражат;
-несие инвестициялары.
Қайта бөлу тәртібі бойынша түскен қаражат:
-сақтандыру жарналары;
-үлестік қаржылар;
Дивидендтер;
-бюджеттік жәрдемақылар, субвенция, субсидия
Сурет 14.1-Кәсіпорын қаржы ресурстарының қалыптасу көздері
Қарызға алынған қаржы ресурстарына мыналар кіреді:
банктердің ұзақ мерзімді несиесі – бір жылдан жоғары мерзімге алынған банктен алынған қарыз (ссуда);
ұзақ мерзімді борыш – бір жылдан жоғары мерзімге алынған қарыз берушілердің (банктен басқа) қарызы;
банктердің қысқа мерзімді несиесі – елдегі және шетелдегі банктерден алынған бір жылдан жоғары емес мерзімге алынған қарыз;
қысқа мерзімді борыш – бір жылдан жоғары емес мерзімге алынған қарыз берушілердің (банктен басқа) қарызы;
кәсіпорынның жабдықтаушылар мен мердігерлеріне кредиторлық қарызы;
кәсіпорынның өз жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу бойынша қарыз міндеттемелері;
бюджетпен есеп айырысудағы қарызы;
кәсіпорынның басқа да шаруашылық контрагенттеріне қарызы.
Қарызға алынған қаржы ресурстары кәсіпорынның айналым қаражатының айналымдылығын тездетуге, жасалынған шаруашылық операцияларды көбейтуге, аяқталмаған өндірісті қысқартуға мүмкіндік береді, алайда оны пайдалану бірқатар мәселелерді де тудырады, айталық, қарыз міндеттемелерін орындаудағы қиыншылық, т.б.
3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны сипаттайтын көрсеткіштер
Қаржы ресурстарының пайда болу көздерінің құрылымын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге тәуелсіздік коэффициенті, қаржылық тұрақтылық коэффициенті, қаржыландыру коэффициенті жатады.
Тәуелсіздік коэффициенті (Ктәу) былай анықталады:
Ктәу = Меншікті қаражат х 100% (14.1)
Баланс валютасы
Бұл коэффициент инвесторлар үшін де, кәсіпорын кредиторлары үшін де маңызды көрсеткіш, өйткені ол меншік иелерінің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнына салынған қаражат үлесін білдіреді.
Қаржылық тұрақтылық коэффициенті (Кқар.тұр.):
Кқар.тұр = Меншікті қаражат + Ұзақ мерзімді қарыз қаражаты х 100% (14.2)
Баланс валютасы
Бұл коэффициент кәсіпорын ұзақ мерзім бойына қолдана алатын қаржыландыру көзінің үлесін білдіреді.
Қаржыландыру коэффициенті (Кқар) былай анықталады:
Кқар = Меншікті қаражат х 100% (14. 3)
Қарызға алынған қаражат
Бұл көрсеткіш кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі меншікті қаражатпен, қандай бөлігі қарызға алынған қаражатпен қаржыланатындығын көрсетеді.
Кәсіпорынның бірден-бір басты міндеті оның қаржы жағдайын бағалау болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерімен немесе қаржы коэффициенттерімен анықталады.
Кәсіпорын өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін төлеу қабілеттілігін өтімділік немесе төлем қабілеттілігі деп атайды. Егер кәсіпорын айналмалы активтерін іске асыра отырып, өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін орындауға жағдайы болса, онда ол өтімді болып саналады.
Негізгі қаржылық коэффициенттерді төмендегі үш санатқа топтастыруға болады:
өтімділік (төлем қабілеттілігі);
пайдалылық (табыстылық);
активтерді басқару тиімділігі.
1. Тез өтімділіктің коэффициенті – қысқа мерзімді несие қарыздарының ең өтімділік активтердің үлесін көрсетеді. Ол өтімділік активтердің ағымдағы міндеттеменің қатынасын білдіреді.
Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті – егер дебиторлық қарыздарды тауардың кейбір шартты олшемінің құны деп есептесек, қалай сатылса, бірақ төлемақысы әлі де алынбаған болса, онда дебиторлық карыздардың айналым коэффициенті бір жылда неше рет бұл тауардың ақылы шартты өлшемін көрсетеді.
Несие қарыздарының айналым кезеңі – бұл коэффициент тауарларды сатып алуға және қызмет көрсетуге байланысты жеткізушілерге және несиегер компанияларға қажетті ақы төлеу үшін орта уақытын көрсетеді. Бұл коэффициент ақы төлеу жағдайына жеткізушілердің және несиегерлердің келісіміне, сол сияқты кәсіпорынның қолда бар босалқы қорларды басқару іскерлігіне байланысты болады.
Несиелердің орнын толтыру коэффициенті (несиені өтеу қабілеті) – ол компанияның қызмет табысының неше рет (дивидендтермен толық есеп ажырасқаннан кейін) проценттік төлемақы сомасының және ұзақ мерзімді қарыздардың төлемақысының негізгі сомасының асқанын керсетеді.
Төлем қабілеттілігінің коэффициенті – ол қарыз капиталының меншіктілікке (жарғылық капитал, пайда және қаржы иелері) ара салмағын бейнелейді.
Бұл коэффициент кәсіпорын несиегерлерінің қандай деңгейде қатерден қорғалуын көрсетеді, кәсіпорын жеке кепілгер ретінде шығады. Сонымен қорыта айтқанда, бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кәсіпорындардың қарыздары көп және соғұрлым оның тұрақсыздық ақуалы да орын алады.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметі тиімділігінің бағалылығы басқарушылық және кәсіпкершілік шешімдерінің қажетті шарттары болып саналады. Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне талдау жасаудың негізгі көздерінің бірі – бухгалтерлік баланс. Онда кәсіпорынның мүлігі мен қаржы жағдайын, оның шаруашылық қызметіндегі нәтижелілігінің жыл ішіндегі деректері көрсетіледі.
Кәсіпорынның және өндіріс қаржы жағдайының тиімділігіне талдау жасау үшін түрлі әдістер мен көрсеткіштер пайдаланылады. Ең алдымен ресурстарды тиімді пайдалануды және олардың қайтарымын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі, пайдалылық көрсеткіштер, кәсіпорынның рыноктағы, кәсіпкерлігінің белсенділігін қамтитын көрсеткіштер, кәсіпорынның қаржы орнықтылығы және төлем қабілеттілігінің көрсеткіштер жүйесі жатады.
• Нарықтық жағдайда әрбір кәсіпорын экономикалық дербес тауар өндіруші ретінде мемлекеттік шеңберде бекітілген салық аударымы және әлеуметтік шектеу меншікті өндірісті дамыту тиімділігінің кез келген бағалылығын пайдалануга ерікті.
Өндірістің тиімділігін анықтау тиімділіктің өлшемін белгілеуден басталады. Ол кәсіпорынның қойған даму мақсатына сай қол жететін нәтижелілікті барынша көбейту немесе өндірістік шығындарды барынша азайту қажеттілігінен шығады.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы төлем қабілеттілігі, пайдалылығы, активтерді пайдалану тиімділігі және меншікті (акционерлік) капиталы, өтімділігімен сипатталады.
4 Тарау. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен тиімділігі
12 Тақырып Пайда және өндіріс рентабельділігі
Дәріс мақсаты пайда мен өндіріс рентабельділігін, пайданың бөлінуін ашып көрсету
Дәріс сұрақтары:
1 Кәсіпорын пайдасының мәні, атқаратын қызметтері және оның түрлері
2 Кәсіпорын пайдасының бөлінуі
3 Өндіріс пайдалылығы (рентабельділігі) және оның көрсеткіштері
1 Кәсіпорын пайдасының мәні, атқаратын қызметтері және оның түрлері
Кәсіпорын пайдасы маңызды экономикалық категория және кез келген коммерциялық ұйымның негізгі мақсаты болып табылады. Пайда материалдық өндіріс сферасында жасалынған таза табысты білдіреді.
Пайданың мәні мынада: өндіріс тиімділігін, өндірілетін өнімнің көлемі мен сапасын, еңбек өнімділігі жағдайын, өзіндік құн деңгейін барынша толық көрсететін көрсеткіш болып табылады.
Пайда нарықтық экономиканың маңызды категориясы ретінде белгілі бір қызметтерді атқарады:
Пайда соңғы қаржылық нәтижені көрсетеді, яғни кәсіпорынның экономикалық тиімділігін сипаттайды. Алынған пайда кәсіпорынның қызмет ету барысында түскен табысы кеткен барлық шығынды жабатынын білдіреді.
Пайданың ынталаушылық қызметі мынада, ол бір мезгілде қаржылық нәтиже, сонымен қатар, қаржылық ресурстардың негізгі элементі болып табылады. Салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорынның қарамағында қалған таза пайданың үлесі өндірісті кеңейтуге, кәсіпорынның ғылыми – техникалық және әлеуметтік жағынан дамуын қаржыландыруға жеткілікті болуы тиіс.
Пайда түрлі деңгейдегі бюджетті қалыптастырудың бірден бір көзі болып табылады. Ол бюджетке салық түрінде түсіп, қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыруды, мемлекеттің өз қызметін атқаруды, мемлекеттік инвестициялық, өндірістік, ғылыми-техникалық және әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын қаржыландырады.
Шаруашылық тәжірибеде пайданың келесідей түрлері ажыратылады: жалпы пайда, баланстық пайда, есептеулік пайда, таза пайда.
Жалпы пайда (табыс) деп тауарды өткізуден түскен түсімнен өнімнің өзіндік құнын шегергеннен қалған айырманы айтады.
Баланстық пайда мынадан құралады:
Тауар өнімдерін өткізуден түскен пайда;
Тауар өнімінің құрамына жатпайтын басқа өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен пайда;
Өткізуден тыс операцияларды жоспарлаудан түскен пайда немесе зияндар. Оған жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар және т.б.
Негізгі қорларды және басқа мүліктерді сатудан түскен пайда.
Есептеулік пайда – бұл негізгі өндірістік және айналмалы нормативтік қорларды және банктерден алған несиелерді шегергенде бюджетке түсетін жалпы баланстық пайда.
Пайдаға салынатын салықты төлегеннен қалған пайданың бөлігі таза пайда деп аталады.
2 Кәсіпорын пайдасының бөлінуі
Пайданы бөлу қағидалары:
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметінің арқасында алынған пайдасы кәсіпорын мен мемлекет арасында бөлінеді;
Пайда мемлекеттің бюджетіне салық және алымдар түрінде түседі, оның ставкаларын кәсіпорын өзбетінше түзете алмайды;
Салықты төлегеннен кейін кәсіпорын қарамағында қалған пайданың шамасы кәсіпорынның өндіріс көлемін өсірудегі және оның шаруашылық, қаржылық қызмет етудегі мүдделілігін немесе қызығушылығын төмендетпеуі тиіс.
Пайда сомасын көбейту резервтері әрбір тауарлы өнім түрі бойынша анықталады. Олардың негізгі көздеріне өнім өткізу көлемін жоғарылату, оның өзіндік құнын төмендету, тауарлы өнім сапасын арттыру, т.б. жатады.
Қаржылық нәтижелерді талдау қорытындысында анықталған резервтерді игеру бойынша нақты шараларды және мониторингті жүзеге асыру жүйесі жасақталуы керек.
Өндіріс тиімділігін жоғарылату үшін пайданы бөлу кезінде мемлекет, кәсіпорындар мен жұмысшылардың мүдделерін қанағаттандыруда ұтымдылыққа қол жетекізуі қажет. Мемлекет бюджетке жоғары пайда алуға мүдделі. Кәсіпорын басшылығы пайданың көп бөлігін қайта өндіруді кеңейтуге жұмсауға тырысады. Ал, жұмысшылар еңбек ақыны жоғарылатуға мүдделі.
Өнімді өндіру мен өткізуден түскен пайданы жоғарылатудың резервтер көздері төмендегі 13.1- суретте берілген:
Таза пайда кәсіпорынның жарғысына сай бөлінеді. Таза пайда есебінен кәсіпорын акционерлеріне дивиденд төленеді. Жинақ, тұтыну, резервтік қорлар құрылады. Жинақ қоры арнайы қорлардан тұрады, айталық, өндірісті дамыту қоры, ғылыми-техникалық даму қоры, әлеуметтік даму қоры, т.б. Тұтыну қоры материалдық марапаттау қоры, әлеуметтік қажеттілік қоры, қайырымдылық мақсаттағы қор, облигациялар бойынша пайыз төлеу қоры, дивиденд төлеу қоры және т.б. меншікті айналыс капиталы толықтырылады.
Пайда сомасын жоғарылату резервтері
өнім өткізу көлемін жоғарылату
өзіндік құнды төмендету
Бағаны жоғарылату
Тауарлы өнім сапасын көтеру
Капиталды мезгілінде өткізу
Пайда өткізу нарығын іздеу
Сурет 13.1- Пайда сомасын жоғарылату резервтері
Баланстық пайда
Салық салынатын пайда
Салық салынбайтын пайда
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы
Таза пайда
Таза пайданың бөлінуі
Тұтыну қоры
Резервтік қор
Жинақ қоры
Дивиденд қоры
Әлеуметтік қажеттілік
Қайырымды
лық мақсатқа
Облигациялар бойынша пайыз
Сурет 13.2-Пайданың бөлінуі
Таза пайда мына бағыттарда жұмсалады:
өндірісті дамытуға: ғылыми-зерттеу, жобалық, конструкторлық және технологиялық жұмыстарға, жаңа өнім мен технологиялық үрдіске, жабдықтарды жаңалауға, қызмет жасап тұрған өндірісті қайта құру мен қайта жарақтандыруға, кәсіпорынды кеңейтуге бағытталады;
әлеуметтік мұқтаждықты қаржыландыруға: кәсіпорын балансындағы әлеуметтік-тұрмыстық объектілерді пайдалануға, өндірістік емес саладағы объектілерді салуға, кәсіпорын деңгейінде өтетін сауықтыру, мәдени көпшілік шараларды өткізуге жұмсалады;
материалдық ынталандыруға: маңызды өндірістік тапсырмаларды орындаған үшін материалдық көтермелеу, жаңа техниканы жасап, игергені үшін сыйақы төлеуге, ардагерлерге бірмезгілдік төленетін төлем, зейнеткерлікке шығарып салуға, т.б. жұмсалады.
Пайда жоспары бағалар мен келісім-шарттар, салыстырмалы және қазіргі қолданылып жүрген бағалар немесе талдау әдістерімен жүргізіледі. Пайданы тікелей есептеу әдісімен анықтау - өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының арасындағы айырмасы болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында пайданың маңызы орасан зор. Оны алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өнім өткізудің көлемін арттыруға, оған кететін шығындарды азайтуға бағыт көрсетеді.
3 Өндіріс пайдалылығы (рентабельділігі) және оның көрсеткіштері
Пайда кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділік көрсеткіші болғанымен, оның тиімділігін толық көрсете алмайды. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтау үшін нәтижені (пайданы) осы нәтижені қамтамасыз ететін ресурстармен немесе шығындармен салыстыру керек.
Рентабельділік - өндіріс тиімділігінің ең негізгі сапалы көрсеткіштерінің бірі, жұмсалынған шығындардың қайтарымдылығын және өнім өндірісі мен өткізу үрдісінде қолданылған қаражаттың пайдалану дәрежесін сипаттайды.
Рентабельділіктің бірнеше көрсеткіштері бар:
өнім рентабельділігі барлық сатылған өнім немесе өнімнің жеке түрлері бойынша есептеледі. Өнім рентабельділігі (Рө) пайданың (П) өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар, яғни өнімнің өзіндік құнына (Ө) қатынасы арқылы анықталады:
(12.1)
Сату рентабельділігі өнімді сатудан түскен пайданың түсімге қатынасы арқылы табылады. Барлық сатылған өнімнің пайдалылығын тауарлы өнімді сатудан алынған пайданың өткізуден алынған түсімнің қатынасына есептен шығарады; баланстық пайда жөнінде - өнімді сатудан алынған түсім: таза пайда жөнінде - өнімді сатудан алынған түсім. Барлық өнімді сатудағы пайдалылық көрсеткіштері кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімділігі және өнімді сату табысы жөнінді түсінік білдіреді.
Сату (айналым) рентабельдiлiгi
Рс = Пайда/ сату көлемi*100 %; (12.2)
Сату көлемi маңызды көрсеткiш, ол арқылы фирманың көлемiн, өндiрiс мүмкiндiгiн анықтауға болады. Сату көлемiн кәсiпорынның актив айналымдылығын немесе негiзгi капитал айналымдылығын анықтау үшiн табады:
Каа = Сату көлемi/ Активтiң жалпы сомасы; (12.3)
Кнк = Сату көлемi/ Негiзгi капитал. (12.4)
Негiзгi капитал рентабельдiлiгi
Рнк = Пайда/ Негiзгi капитал*100% (12.5)
Өндіріс (өндірістік қорлар) рентабельділігі кәсіпорынның мүлкі қаншалықты тиімді қолданылатындығын білдіреді. Өндіріс қорларының рентабельділігі (пайдалылығы) баланстық пайданың негізгі өндірістік қорлары мен айналым өндірістік қорлар қосындысына қатынасы арқылы анықталады. Бұл көрсеткішті таза пайда арқылы да есептеуге болады.
(12.6)
мұнда: О - өнім көлемі;
Б - өнім өлшемінің бағасы;
Қ - өзіндік құн;
Нқ- негізгі өндірістік қорлардың құны;
Ақ- айналым өндірістік қорлар құны.
Негiзгi капитал рентабельдiлiгi
Рнк = Пайда/ Негiзгi капитал*100% (12.7)
Рмк = Пайда /меншiктi капитал*100% (12.8)
Мұндағы Рмк - меншiктi капитал рентабельдiлiгi.
Кәсіпорынның жеке қаржысының пайдалылығы таза пайданың баланс арқылы есептелінетін оның жеке қаржысының қатынасымен анықталады.
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету – шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор.
Мәселенің бұлай қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып шикізаттың әрбір өлшемінен неғұрлым көп өнім алуға, шығарылған бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.
Егер кәсіпорын ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдаланудың негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндірістік қорлардың пайдаланылуын жақсартудың, екіншіден айналмалы өндірістік қорларды нкғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, кәзіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттырылады.
Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін молайтудың басты шарты – еңбек өнімділігін барынша арттыру және өзіндік құнды арзандату. Басқада біркелкі жағдайларда өнімнің өзіндік құны неғұрлым арзан болған сайын тиімділік соғұрлым жоғары болатыны белгілі. Кәсіпорынның тиімділігіне сонымен қатар, өнімнің немесе шығарылатын тауарлардың сапасы да едеуір ықпал етеді, өйткені жоғарғы сапалы өндірілетін тауарларды көтерінкі бағамен сата алады.
Пайдалылық көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза пайда.
Кәсiпорынның пайдалылық көрсеткiштерiнiң өcyiнe шаруашылықты жургiзушi субъектiнiң өзi де, мемлекет те мүдделi. Сондықтан әр кәсiпорында табыстылықтың абсoлюттi және салыстырмалы керсеткiштерiне жүйeлі түрде талдау жасау қажет.
Пайдалылық көрсеткіштерін талдау мiндеттеріне мыналар жатады:
Пайдалылықтың абсолютті көрсeткiштeрiнің жоспарының орындaлyын бағалау;
Пайданың қалыптасуының құрaмдac элементтерін зepттeу;
Пайдаға әсер eтeтiн факторлардың әсерін aнықтay және caндық өлшеу;
Пайданы бөлу бaғыттарын, қатынастарын және тенденцияларын зepттeу;
Пайданың өсу резервтepiн анықтау;
Кәсiпорынның даму перспективасын ескере отырып, пайданы тиiмдi пайдалану жөнiнде ұсыныстар жасау;
Пайдалылық (рентабельдiлiктiң) әр түрлi коэффициенттерiн және олардың деңгейлерiне әсер етушi факторларды зерттеу.
13 –тақырып (2 сағат)
Өндірістің экономикалық тиімділігі.
Дәрістің мақсаты – өндірістің тиімділігін түрлі көрсеткіштермен қарастыру
Дәріс сұрақтары:
Өндіріс тиімділігі. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
Тиімділік көрсеткіштері.
Жалпы және салыстырмалы тиімділік.
1 Өндіріс тиімділігі. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
Жалпы түрде өндiрiстiң экономикалық тиiмдiлiгi екi шаманың - шаруашылық iс-әрекет нәтижесi мен өндiрiс шығындарының сандық қатынасын бiлдiредi. Экономикалық тиiмдiлiктi көтеру мәселелерiнiң мәнi қолда бар ресурстарды пайдалану барысында әрбiр кеткен шығын бiрлiгiнде экономика нәтижесiнiң өсуiнен көрінеді.
Өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру ағымдағы шығындарды (қолданып жүрген ресурстарды) үнемдеу арқылы да, капиталға жаңа салым жұмсау арқылы да, қолданылып жүрген капиталды жақсы қолдану жолымен де қол жеткiзуге болады.
Өндiрiс тиiмдiлiгi ұғымын еңбек өнiмдiлiгi ұғымымен теңестiруге болмайды. Еңбек өнiмдiлiгi адамдардың өндiрiстiк iс-әрекетiнiң өнiмдiлiгiн бiлдiредi, бiр өнiмге келетiн жанды және заттанған еңбек шығынының шамасын анықтайды. Еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуi тек тұтынылатын ресурстардың (ағымдағы шығындардың) қолданылуын көрсетедi, ал өндiрiс тиiмдiлiгi барлық шығындардың (ағымдағы және бiр мезгiлдiк) қолдануын бiлдiредi.
Шаруашылық жүргiзу практикасында экономикалық тиiмдiлiктiң көрiну формасы әртүрлi. Тиiмдiлiктiң техникалық және әлеуметтiк жақтары өндiрiстiң негiзгi факторларының дамуы мен олардың қолдану нәтижелiгiн сипаттайды. Әлеуметтiк тиiмдiлiк нақты әлеуметтiк мiндеттердi шешумен көрiнедi(мысалы, еңбек жағдайын жақсарту, еңбектi қорғау, қоршаған ортаны сақтау,т.б.). Әдетте әлеуметтiк тиiмдiлiк экономикалық тиiмдiлiкпен тығыз байланысты, өйткенi кез келген прогрестiң негiзi материалдық өндiрiстiң дамуы болып табылады.
Тиiмдiлiк белгiлерiнiң мәнi алынған нәтиженiң көптiгi мен кеткен шығындардың аздығымен байланысты қажеттiлiктен шығады. Ең бiрiншi тиiмдiлiк белгiсi салынған капиталдан алынатын пайданың жылдық нормасы.
Е = П/К = Б- Ө/К, (3.1)
мұндағы Е- пайданың жылдық нормасы,
П-пайда,
К- пайда алуды қамтамасыз ететiн капитал салымы,
Б- сатылу бағасындағы өндiрiлген өнiмнiң жылдық көлемi,
Ө-жылдық шығарылған өнiмнiң толық өзiндiк құны.
Пайда мөлшеріның есептi мәндерi капитал құрылымына, болжамды баға деңгейiне, сұраныс көлемi мен басқа факторларға байланысты өзгеруi мүмкiн. Бұл көрсеткiш кәсiпорын дамуының түрлi нұсқаларын бағалау үшiн де қолданылады. Қабылданған критерийге сәйкес өндiрiс тиiмдiлiгiнiң нақты көрсеткiштерi анықталады.
Экономикалық тиімділіктің жалпылама критерийіне (белгісіне) қоғамдық еңбектің өнімділігі жатады. Қоғамдық еңбектің өнімділігі ұлттық табысты, материалдық өндіріс саласында жұмыс жасайтын адамдардың орташа санына бөлу арқылы табылады:
Еө = ҰТ / А (3.2)
Мұндағы Еө – қоғамдық еңбек өнімділігі;
ҰТ – ұлттық табыс;
А – материалдық өндіріс саласында жұмыс жасайтын адамдар саны.
Сонымен қатар, экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіштері ретінде еңбексыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капиталсыйымдылығы және қорсыйымдылығы алынады.
Өнімнің еңбексыйымдылығы материалдық еңбек саласында жұмсалған еңбек санын, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:
t = Т / Q (3.3)
Мұндағы: t - өнімнің еңбек сыйымдылығы;
Т – материалдық өндіріс саласында жұмсалған еңбек саны;
Q – шығарылған өнімнің жалпы көлемі.
Қоғамдық еңбектің материалсыйымдылығы шикізат, матнриал, отын, энергия және т.б. шығындардың көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:
m = М/ Q, (3.4)
Мұндағы: m – өнім материалсыйымдылығының деңгейі;
М – өнімді шығаруға кеткен материалдық шығындардың жалпы көлемі;
Капиталсыйымдылығы халық шаруашылығындағы капитал салымдарының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлемінің өсіміне бөлу арқылы анықталады:
КQ = К / Q∆, (3.5)
Мұндағы: КQ - өнімнің капиталсыйымдылығы;
К – капиталдық салымдардың жалпы көлемі,
Q∆ – шығарылған өнім көлемінің өсімі.
Өнімнің қорсыйымдылығы халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың орташа құнын шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:
f = F / Q, (3.6)
Мұндағы: f - өнімнің қорсыйымдылығы;
F - халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың орташа құны;
Экономиканың кейбір салаларында, атап айтсақ, өнеркәсіпте қор сиымдылығына кері көрсеткіш - қор қайтарымдылығы кеңінен қолданылады. Қор қайтарымдылығы (h) өндірілген өнім көлемін негізгі өндірістік қордың орташа құнына бөлу арқылы табылады.
h = Q / F, (3.7)
2. Тиімділік көрсеткіштері
Бұл көрсеткіштер ағымды негізгі өндірістік іс-әрекеттің нәтижелері мен тиімділігін сипаттайды. Бұлардың көмегімен кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін бағалауға болады. Ол үшін қаралып отырған кәсіпорынның қызметтік іс-әрекетін басқа да кәсіпорындармен салыстыру қажет.
Халықаралық практикада инвестициялық жоба тиiмдiлiгiн негiздеуде өндiрiс тиiмдiлiгiнiң мынандай қорытушы көрсеткiштерi қолданылады: таза ағымдағы құн, капитал рентабелдiлiгi, тиiмдiлiктiң iшкi коэффициентi, күрделi қаржы салымын қайтару кезеңi, ең көп ақша ағымы, шығынсыз нүкте.
Таза ағымдағы құн көрсеткiшi уақыт факторын есепке ала отырып, кәсiпорынның қызмет ету кезеңi iшiнде ақша қаражатының түсiмi мен шығыны арасындағы айырма ретiнде анықталады. Әдетте таза ағымдағы құн капиталды инвестициялау нормасы (ең аз табыс мөлшері) ретiнде қарастырылады, бұл күрделi қаржы салымының жүзеге асу тиiмдiлiгiн бiлдiредi.
Капитал рентабельдiлiгi – таза пайданың (салықтарды төлегеннен кейiнгi)меншiктi капиталға қатынасы. Нарық жағдайында капитал рентабельдiлiгi күрделi қаржы салымы пайдалылығының ең төменгi мөлшерін сипаттайды және өнiм рентабелдiлiгiне қарағанда капитал рентабельдiлiгi тұрақты шама.
Тиiмдiлiктiң iшкi коэффициентi капитал рентабельдiлiгiнiң шектiк шамасын бiлдiредi. Бұл шамада қолма-қол ақша қаражатының келуi мен кетуiнiң теңдiгi мүмкiн болады, ал ағымдағы құн нольдiк шамаға айналады. Егер тиiмдiлiктiң iшкi нормасы осы шамадан төмен түспесе, онда кәсiпорынның даму жобасы рентабельдi, тиiмдi деп есептеледi.
Күрделi қаржы салымын қайтару кезеңi - кәсiпорынның болашақта алатын пайдасы жүзеге асырылған күрделi қаржы шамасына жеткен уақыт кезеңiн айтады.
Кәсiпорынның қаржылық тиiмдiлiгiн сипаттайтын көрсеткiштер:
Кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгi - өзiнiң сыртқы мiндеттемелерiн (қысқа, ұзақ мерзiмдi) аз активiн қолдана отырып орындау қабiлеттiлiгiн айтады.
Төлем қабiлеттiлiк коэффициентi
Кт = Меншiктi капитал/ Жалпы мiндеттеме *100% (3.8)
Коэффициент қаржылық тәуекелдi өлшейдi, яғни күйреуге ұшырау ықтималдылығын бiлдiредi.
Жоғары төлемқабiлеттi коэффициент төменгi қаржылық қауiптi және басқа жақтан қосымша қаражат тартуда жақсы мүмкiндiк бар екенiн бiлдiредi.
Кәсiпорынның өтiмдiлiгi оның алда тұрған қарыздарын (мiндеттемелерiн) өз уақытында төлеу қабiлетiн көрсетедi немесе баланс активiнiң (негiзгi және айналым қаражатының, бағалы қағаздар мен басқа активтердi қоса) мiндеттемелердi төлеу үшiн ақшаға айналу мүмкiншiлiгiн бiлдiредi.
Жалпы өтiмдiлiк коэффициентi
Кө = ақшамаен көрiнетiн айналым құралы / қысқа мерзiмдi мiндеттемелер
Кө жоғары болған сайын кәсіпорынның төлемқабiлеттiлiгi де жоғары.
Жабу коэффициентi Кж = Барлық айналым құралы / Қысқа мерзiмдi мiндеттеме
3 Жалпы және салыстырмалы тиімділік. Жоспарлау мен жобалауда жалпы экономикалық тиiмдiлiк әсердiң (эффектiнiң) күрделi қаржыға қатынасы арқылы табылады, шығындардың салыстырмалы экономикалық тиiмдiлiгi ағымдағы шығындар айырмасын нұсқалар бойынша күрделi қаржы айырмасына бөлу арқылы табады. Жалпы және салыстырмалы экономикалық тиiмдiлiк бiр-бiрiн толықтырады.
Жалпы экономикалық тиiмдiлiк шығындардың қолдану орнын ескере отырып есептеледi. Халық шаруашылығын тұтас алғанда шығындардың жалпы экономикалық тиiмдiлiгi өндiрiлген ұлттық табыс өсiмiн осы өсiмдi тудырған өндiрiстiк күрделi салымға қатынасы арқылы есептейді:
Эхш = ҰТ/К (3.9)
Мұндағы Эхш – шалық шаруашылығы бойынша шығындардың экономикалық тиімділігі;
ҰТ – ұлттық табыс өсімі;
К – күрделі қаржы салымы.
Халық шаруашылығы кешендерi, жеке салалар, негiзгi қордың ұдайы өндiрiс формалары (техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, кәсiпорынды кеңейту) бойынша жалпы экономикалық тиiмдiлiк пайданың өсiмiн күрделi қаржыға бөлу арқылы табады:
Эс = П/К , (3.10)
Эс – экономика салалары бойынша шығындардың экономикалық тиімділігі;
П – пайданың өсімі;
К – пайда өсімін тудырған күрделі қаржы салымы.
Қайта салынып жатырған кәсiпорын, цех, басқа объектiлер үшiн тиiмдiлiк көрсеткiшi жоспарланған пайданы күрделi қаржыға бөлу арқылы табылады:
Эк = (Б-Ө)/К. (3. 11)
Эк – кәсіпорын шығындарының экономикалық тиімділігі;
Б – сатылған өнім немесе қызмет бағасы
Ө – өнімнің немесе қызметтің өзіндік құны;
К – жоспарланған күрделі қаржы салымы.
Әрбiр жағдайда алынған нәтиже шығындардың жалпы экономикалық тиiмдiлiк көрсеткiштерi нормативтiк көрсеткiшпен салыстырылады, сондай-ақ, өткен жылғы көрсеткіштермен, басқа кәсiпорындардың тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен салыстырылады.
Шаруашылық және техникалық шешiмдер нұсқаларын салыстыруда, бiр-бiрiн алмастыратын өнiмде, жаңа техника енгiзуде шығындардың салыстырмалы экономикалық тиiмдiлiгi есептеледi. Ұтымды нұсқаның негiзгi көрсеткiшi-келтiрiлген шығындарды минимумға дейiн азайту.
Әрбiр нұсқа бойынша келтiрiлген шығындар ағымдағы шығындар (өзiндiк құн) мен күрделi қаржы салымының қосындысын нормативтiк тиiмдiлiкке сәйкес бiрдей шамаға келтiрудi бiлдiредi. Ол мына формула бойынша есептеледi:
КШi = Өi +ЕнКi мин, (3.12)
Мұндағы КШi - берiлген нұсқа бойынша келтiрiлген шығындар,
Өi-әрбiр нұсқа бойынша ағымдағы шығындар(өзiндiк құн)
Кi-әрбiр нұсқа бойынша күрделi қаржы
Ен-күрделi қаржының салыстырмалы экономикалық тиiмдiлiгiнiң нормативтiк коэффициентi.
Өндiрiс тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi бағыттары:
ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өндірісте кеңінен енгізу, оның ішінде инновациялық технологияға көшу: мембрандық, лазерлiк, плазмалық, жоғары қысымды пайдалану, т.б.
өндiрiстi автоматтандыру – робот техникасы, роторлы, роторлы-конвейерлiк желiлер, пластикалық, металл өнiмдерiн, металл ұнтағын, керамика, т.б. материалдарды өндірісте қолдану арқылы өндірістің тиімділігін арттыру.
Үнемдеу режимi – табиғи, материалдық, еңбек, қаржы ресурстарын үнемдеу, сақтау, қалдықсыз технологияға көшу;
Негiзгi өндiрiстiк қорларды тиімді қолдану деңгейiн жоғарылату;
Экономика құрылымын жетiлдiру, қоғамдық өндірісті ұйымдастырдың нысандарын жетілдіру;
Инновациялық өнімді өндіру, оның сапасын жақсарту.
Ұсынылатын әдебиет тізімі
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы. – 1995
ҚР –ның Еңбек Кодексы, 2007 ж.
ҚР Азаматтық кодексі.- Алматы: ЮРИСТ, 2004.-309 б.
«Салық және басқада бюджеттке міндетті төлемдер жөнінде» ҚР Кодексі. - Казахстанская правда 2001, 20 июня.
«Инвестициялар жөнінде» ҚР заңы - Казахстанская правда, 2003, 11января. ҚР Бюджет Кодексы. – Егемен Қазақстан. 28 сәуір 2004 ж.
ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы, 7 ақпан 2006 ж.
ҚР «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Заңы- Егемен Қазақстан, 9 мамыр 2001 ж және 11 маусым 2004 ж.
ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы, 30 наурыз 2006 ж.
Заң күші бар «Мемлекеттік кәсіпорындар жөнінде» ҚР Президентінің үкімі - Казахстанская правда, 1995, 30 июня.
«Шаруашылық серіктестері жөнінде» ҚР Президентінің үкімі - Казахстанская правда, 1995, 17 мая.
«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР заңы, 2005ж
2003-2015 жылдарға арналған ҚР Индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясы, 2003 ж.
Волков О.И., Скляренко В.К. Экономика предприятия. Курс лекций. - М.: ИНФРА- 2003.-416 с.
Горфинкель В.Я., Швандар В.А. Экономика предприятия. - М.: Банки и биржи, ЮНИТИ – 2000.-718 с.
Грузинов В.П. Экономика предприятия. - М.: Банки и биржи, ЮНИТИ. -1998.
Грибов В.Д. Экономика предприятия.—М.: 2004.
Жиделева В. В., Коптейн Ю. Н. Экономика предприятия: Учебное пособие. -М: ИНФРА-М, 2003.-133 с.
Зайцев Н.Л. Экономика промышленного предприятия. - М.: ИНФРА-2002.-384 с.
Зайцев Н. Л. Экономика промышленного предприятия. Практикум: Учебное пособие. - М: ИНФРА - М, 2001,
Зайцев Н. Л. Экономика организации. - М., 2000.
Раицкий К. А. Экономика предприятия. - М. - 1999.
Сергеев И,В, Экономика предприятия. - М: ИНФРА-М. - 2001
Табурчак П.П., Тумин В.М. Экономика предприятия. – 2002
Экономика предприятия: Учебник для вузов/Под ред. НА. Сафронова М.: Юристь. -2000.
Экономика предприятия: Учебник/Под ред. проф. О.И.Волкова, В.К.Скляренко. - М.:ИНФРА-М. - 2000.
Экономика предприятия: Учебник/Ф.К.Беа, Э.Дихтла, М.Швайтцера. - М: ИНФРА-М.-1999.
Экономика предприятия/Под ред. В. Я. Хрипача.-Мн.:Экономпресс, 2000.
Экономика предприятия: Тесты, задачи, ситуации: Учебное пособие./ Под ред. В. А. Швандара. -М.: ЮНИТИ, 2001.
Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2002.-218 б.
Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы- Алматы: Экономика, 2003.
Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері: Оқу құралы.- Алматы:Экономика, 2001. -129 б.
Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы: Тәжірибе сабағына арналған оқу құралы. Алматы, ТОО «Издательство LEM», 2007.
Жолдасбаева Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2002. -109 б.
Кенжалина Ж.Ш. Оплата труда на промышленных предприятиях: Учебное пособие. –Алматы: Экономика, 2002.-166 с.