Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsialar_1-13.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
285.85 Кб
Скачать

Цехтың өзіндік құны

  1. Жалпы өндірістік шығындар;

  2. Ақаудан жоғалтулар;

Тауар өнімінің өндірістік өзіндік құны

  1. Өндірістен тыс шығындар

Тауар өнімінің толық өзіндік құны

Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар мынандай дәстүрлі түрге бөлінеді:

Цехтық – тікелей шығындар мен жалпы өндірістік шығыстарды біріктіреді, өнімді дайындауға кеткен цехтық шығындарды сипаттайды;

Өндірістік – цехтық өзіндік құн мен жалпы шаруашылық шығыстар кіретін және өнім өндіруге байланысты кәсіпорын шығындары;

Толық өзіндік құн – коммерциялық және өткізу шығыстарына ұлғайған өндірістік өзіндік құн.

Тікелей еңбек шығындары аударымы + Тікелей материалдық шығындар + Қосымша (үстеме) шығыстар = Цехтық өзіндік құн

Цехтық өзіндік құн+Жалпы шаруашылық шығыстар = өндірістік өзіндік құн

өндірістік өзіндік құн +коммерциялық шығыстар +әкімшілік шығыстар = толық өзіндік құн

Өзіндік құнның экономикалық мазмұны – жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорынның өзіндік құнының маңызды элементтері: амортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы-бұл шығындардың басты статьялары. Сонымен қатар кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өздерінің қызметкерлеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу әлеуметтік обьектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жарналарын жасау – бұл шығындар кәсіпорынның қосымша тығындарын құрайды.

Шығындарды басқару кәсіпорын үшін арнайы шараларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Шығындарды басқару арқылы мынадай мүмкіндіктерге қол жеткізіледі:

  • максималды пайда табу үшін;

  • кәсіпорын қаржылық жағдайын тұрақтандыруға көмектеседі;

  • кәсіпорын өнімінің бәсекелестігін жоғарылатуға мүмкіндік береді;

  • кәсіпорын тәуекелділгін төмендетеді.

Кәсіпорында шығындарды төмендетудің жолдары мынадай:

    • материалдық ресурстарды дұрыс пайдалану;

    • кәсіпорында қолданылатын негізгі өндірістік қорлардың тиімділігін арттыру;

    • еңбек ресурстарының сапасын арттыру;

    • өндірісті ұйымдардың жаңа әдістерін қолдану;

    • кәсіпорынның нарықтағы стратегиясын ұтымды қалыптастыру және оны жүзеге асыру;

    • кәсіпорынның ұтымды көлемін белгілеу.

9-тақырып (2 сағат).

Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі

Дәріс мақсаты – кәсіпорынның маркетингтік қызметі мен өнімді өткізу мәселелерін қарау

Дәріс сұрақтары:

1 Кәсіпорынның маркетингтік қызметі және маркетингтік орта

2 Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы

3 Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы

1 Кәсіпорынның маркетингтік қызметі және маркетингтік орта

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетинг кәсіпорынның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқарудың басты көрсеткіші ретінде қаралады.

Осыған байланысты, ол нақты тұтынушылардың, нақты зерттеу мен болжау негізінде мол табыс табуға, сыртқы өнім шығарушы ішкі және сыртқы нарықтың қазіргі жағдайын және оның болашағын білуге бағытталады.

Сонымен қатар, кәсіпорынның маркетинг қызметіне бәсекелестікті зерттеу, баға саясатын қамтамасыз ету, өнімді өткізу мен жарнамалауды ынталандыру, тауарларды өткізуді тиімді ұйымдастыруды қалыптастыру және де т.б. шаралар жатады.

Тауар өндіруші мен тұтынушыны байланыстыру және олардың бірін-бірі табуға жәрдем беру - маркетинг іс-әрекетінің басты мақсаты болып табылады. Маркетинг кәсіпорынның кез-келген шаруашылық қызметін басқару жүйесінің манызды бөлігі болып табылады.

Маркетинг - бұл нарықты талдау, кәсіпорындар қызметінің түрлерін өзара іс-әрекеттерін қамтитын өндірісті ұйымдастыру және өнімді өткізудегі кешенді жүйе: жоспарлау, баға құрылымы, сату операциялары, шикізаттарды, тауарларды жеткізу және т.б. қызметтер.

Маркетингтін негізгі мақсаты-сату операцияларынан ең жоғарғы пайда табу, негізгі міндеті – кәсіпорын қызметінің тұрақтылығын және стратегиялық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету.

Кәсіпорынның маркетингтік ортасы дегеніміз маркетинг қызметінің басшыларына өз клиенттерімен сәтті байланыс жасауларына тиімді ықпал ететін және кәсіпорыннан тыс іс атқаратын субъектілер жиынтығы.

Маркетингтік орта:

  • макро;

  • микро ортадан тұрады.

Макро орта – ұйымның маркетингтік қызметіне шешуші ықпал ететін демография, экономикалық, табиғи, ғылыми-техникалық, саяси және мәдени факторлардың жиынтығы (Сурет 11.1).

Орталар

Демографиялық

Экономикалық

Табиғи

Ғылыми-техникалық

Саяси

Мәдени

Кәсіпорын

Сурет 11.1- Кәсіпорын қызметін қамтитын макро ортаның негізгі факторлары

Демографиялық орта:

  • адамдардың жасы, жынысы, отбасы мүшелерінің саны;

  • табыс мөлшері, кәсіби мамандығы, білімі;

  • адамдардың өсу, туу, өлу көрсеткіштері.

Экономикалық орта:

  • тұрғындардың сатып алу қабілеттілігі;

  • баға, жинақ, несиелер;

  • жұмыссыздық;

  • инфляция және табыс көздері;

  • тұтыну шығынының көлемі;

  • Жалпы ұлттық өнім;

  • Жалпы ішкі өнім;

  • жан басына шаққандағы табыс пен шығын және басқа да мәселелер.

Табиғи орта:

  • айналадағы ортаны қорғау және оны тиімді пайдалану;

  • шикізат түрлерінің жетіспеушілігі (дефицит);

  • тұщы су;

  • энергия көздері;

  • айналадағы ортаның ластануы;

  • өнеркәсіп қалдықтары және басқа да мәселелер.

Ғылыми-техникалық орта:

  • ғылым мен техниканың жетістіктері және оларды жеделдету жолдары;

  • өндірісті автоматтандыру;

  • ғарыш кешендері;

  • медицина және фармакология;

  • тәжірибелер жасау;

  • жаңалықтар ашу және басқа да салалар.

Саяси орта:

  • кәсіпкерлік қызметті реттеу заңдылықтары;

  • заңдылықтардың сақталуын қадағалау;

  • қоғамдағы әр түрлі заңдар, ережелер, қаулылар, нұсқаулар мен жарлықтардың дұрыс қабылданбауы мен олардың дер кезінде орындалуын және басқа да салаларды қадағалау.

Мәдени орта:

  • халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары;

  • өнер, кино, театр туындылары;

  • атадан балаға мирас болып келе жатқан рухани құндылықтар;

  • мәдениет және өнер туындылары, сондай-ақ қолөнері;

  • адамдардың өзіне деген пайымы, адамдардың өзара қарым-қатынастары, адамдардың қоғамдық құрылымдармен қарым-қатынасы, адамдардың қоғаммен байланыстары, адамдардың табиғатпен қарым-қатынасы, адамдардың шартараппен, әлеммен байланыстары.

Микро орта – кәсіпорынның өзіне және тұтынушыларына зат берушілер, клиенттер, бәсекелестер, қарым-қатынас аясы және т.б. қызмет ету мүмкіндіктеріне қатысты элементтердің жиынтығы.

Қаржы бөлімі қаржы жағдайын қарастырады. Ол маркетингтік жоспарды нақтылы іске асыру үшін қажетті қолма-қол ақшамен, оларды қолдану жұмыстарымен айналысады.

Ал ғылыми зерттеу бөлімі зиянсыз тауарларды жобалау жұмыстарымен, техникалық зәруліктерді анықтаумен және оларды өндірудің тиімді әдістерін іздестіріп, табумен шұғылданады.

Өндіріс бөлімінің негізгі бағыты қажетті мөлшерде тауарларды өндіруді қамтамасыз ету.

Материал және техникамен қамту бөлімі қажетті ішкі заттар мен бөлшектердің жеткізіп тұруына тиісті жағдай жасауға міндетті.

Бухгалтерлік есеп бөлімі кәсіпорынның кірісі мен шығысын бақылайды және маркетинг қызметкерлерін көзделген мақсатқа жетудің қаншалықты сәтті жүріп жатқандығы жөнінде хабардар етіп отырады.

Жабдықтаушы – бұл кейбір нақты тауарлар өндірісіне және көрсетілетін қызметтерді қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз етіп отыратын іскер кәсіпорындар мен жеке тұлғалар.

Маркетингтік делдалдар – бұл кәсіпорынға тауарлардың клиенттер арасындағы қозғалысын реттеуіне, тауарды өткізіп, таратуына көмектесетін кәсіпорындар.

Бұларға:

  • тауар өндіруді ұйымдастыратын кәсіпорындар;

  • маркетинг қызметімен айналысатын агенттіктер мен қаржы мекемелері жатады.

Сауда делдалдары – клиенттерді іздеумен, оларға тауарды тиімді сатумен айналысатын іскер кәсіпорындар. Тауар қозғалысын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін кәсіпорындар компанияға өз өнімдерінің қорын құруға да көмектеседі.

Маркетингтік қызмет көрсететін агенттіктер: маркетингтік ғылыми зерттеулер кәсіпорындары, жарнама агенттігі, жарнама құралдарын іздестіруді немесе жасап шығаруды ұйымдастыру, маркетингтік қызмет туралы тиісті кеңестер беретін кәсіпорындар. Олар компанияның көздеген мақсаттарына жетулеріне ең қолайлы жағдайлар туғызуды көздейді.

Қаржы-несие ұйымдары – банктер, несие және сыртқы ұйымдар. Олар тауарларды сату және сатып алу барысында туындайтын төтенше, қолайсыз жағдайлардан сақтануға жәрдемдесетін, сондай-ақ кәсіпорынға нендей бір істі қаржыландыруда ақшалай көмек беретін ұйымдар.

Клиенттер

Кәсіпорын өз клиенттерін нарықтың төмендегі бес түрі бойынша анықтайды Тұтыну нарығы. Өздерінің жеке тұтынулары үшін тауарларды (ақылы қызмет көрсетуді) сатып алатын үй шаруашылығындағы адамдар.

  1. Өндірушілер нарығы. Тауарларды өндіріс үрдісінде қолдану үшін сатып алатын ұйымдар.

  2. Белгілі бір уақыт аралығындағы сатушылар нарығы. Бұл белгілі бір мөлшерде пайда табу мақсатында тауарлар мен қызмет көрсетуді қайта сату үшін алатын ұйымдар.

  3. Мемлекеттік мекемелер нарығы. Бұл тауарлар мен қызмет түрлерін коммуналды қызмет саласында қолдану немесе оларды тұтынатын адамдарға беру мақсатында сатып алатын мемлекеттік ұйымдар.

  4. Белгілі бір уақыт аралығындағы нарық. Бұл – шетел тұтынушылары мен тауар өндірушілері, яғни халықаралық нарық.

Бәсекелестер

Қандай да бір кәсіпорын болмасын өзінің қызмет барысында көптеген бәсекелестермен кездеседі. Бұл нарықтық қатынастар заңдылығы.

Кәсіпорындардың маркетинг қызметі бәсекелестерін танып-білуі үшін ең алдымен адамдардың сатып алушылардың қандай шешім қабылдайтынына көз жеткізу қажет. Кәсіпорындардың және оларға субъектілері: делдалдардың, бәсекелестердің, байланыс саласының макро деңгейдегі ортада атқарылады.

Нарықтық экономикада бәсекенің негізінен төрт түрі кездеседі (2.5-схема):

  1. Тілекті бәсеке, яғни тұтынушының тауарға қанағаттануынан туған ізгі тілек.

  2. Тауарлы-сабақтас бәсеке, яғни қандай да бір нақты тілектерді қанағаттандырудың басқа да әдістері.

  3. Тауарлы-көрнекті бәсеке, яғни тұтынушының талап-тілегін қанағттандыру үшін, сол тауардың алуан түрлі болуы.

  4. Маркалы бәсеке, тұтынушының қажетін қанағаттандыру үшін тауар маркаларының көп болуы.

Бәсекенің негізгі түрлері

Байланыс аясы кәсіпорынның алға қойған мақсаттарына жетулеріне ықпал ететін немесе ұйымдастыру жұмыстарында нақтылы немесе мейлінше мүдделі кез келген топ..

Игілікті аудитория – кәсіпорын қажетсінбейтін топ, өндіріс орны өзінің іс-әрекетіне мүдделі топтарды тартпауға тырысады. Алайда олар пайда болған ретте мұнымен есептесуге тура келеді.

Қажетсіз аудитория – кәсіпорын қажетсінбейтін топ, өндіріс орны өзінің іс-әрекеттеріне мүдделі топтарды тартпауға тырсады. Алайда олар пайда болған ретте мұнымен есептесуге тура келеді.

Мен қандай тілегімді қанағаттандыра аламын?

Көліктік жағдайымды жақсарту үшін нені сатып алуым қажет?

Көліктің қандай маркасын алуым керек?

Көліктің қандай маркасын алуым керек?

Тілекті бәсеке: Көлік құралы; Жиһаз; Саяхат.

Маркалы бәсеке: Жигули; Мерседес; Ауди.

Тауарлы-көрнекті бәсеке: Үш жылдамдықты; Бес жылдамдықты.

Тауарлы-сабақтас бәсеке: Машина алу; Мотоцикл алу; Велосипед алу.

Байланыс аясы

Сурет 11.2- Бәсеке түрлері

Кез келген кәсіпорын байланыс аудиториясының мына төмендегі жеті түрінің пайда болу жағдайында қызмет етеді:

  1. Қаржы бөлімі. Бұл кәсіпорынның өзін-өзі қаржымен қамтамасыз ету жүйесі.

Мұндағы негізгі байланыс аудиториялары:

  • банктер;

  • инвестициялық компаниялар;

  • қор биржасының брокерлік фирмалары;

  • акционерлер.

  • Ақпарат құралдарының байланыс аясы. Бұл жаңалықтардың, мақалалар мен редакциялық түсініктемелердің мезгілінде таратылуын ұйымдастыру. Мұны газет-журналдар және басқа басылымдарды тарататын органдар, радиостанция, теледидар орталықтары және т.б. жүзеге асырып отырады.

  • Мемлекеттік мекемелердің байланыс аясы. Кәсіпорын міндетті түрде мемлекеттік жүйедегі жаңалықтар мен өзгерістер туралы үнемі хабардар болуы тиіс.

  • Жұмыс істеп тұрған азаматтық топтар. Бұлар маркетингтік шешім қабылдау барысында тұтынушылардың сұранысын, талап-тілектерін ескеруі қажет.

  • Жергілікті байланыс аясымен кез келген кәсіпорын тығыз қарым-қатынаста болуға тиіс.

  • Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]