
- •Дәріс кешені
- •1 Тарау. Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын
- •Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1.Кәсіпорын: мәні, оның міндеттері және құрылу тәртібі
- •2 Кәсіпорын түрлері.
- •3 Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оған әсер ететін факторлар
- •4 Өндірісті ұйымдастыру түрлері (типтері)
- •5 Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштері
- •6. Кәсіпкерлік: нысандары мен түрлері
- •2 Тарау. Кәсіпорын ресурстары, сипаттамасы және оларды қолданудың тиімділігі
- •Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1 Негізгі қорлардың экономикалық мәні, құрамы және құрылымы
- •3 Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы. Амортизацияны есептеу әдістері
- •4 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері
- •1 Айналым капиталының мәні, оның құрамы мен құрылымы
- •Айналым құралы
- •Айналыс қорлары
- •2 Айналым қорларының ауыспалы айналысы және оны жеделдету жолдары
- •5.3 Айналым құралының мөлшерленуi
- •5.4 Өндiрiстегi айналым қорын қолдану бағасы
- •Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар.
- •4.Қр экономикасының даму жағдайы
- •Кәсіпорынның еңбек ресурстары
- •1. Кәсіпорынның еңбек ресурстары және оның сандық, сапалық көрсеткіштері
- •2 Кәсіпорын кадрлар қозғалысы және оның көрсеткіштері
- •3 Еңбек ресурстарына қажеттілікті анықтау
- •4 Еңбек өнімділігі және оны арттырудың факторлары
- •5 Еңбек ресурстарын басқару
- •6 Еңбекті мөлшерлеудің мәні
- •3 Тарау. Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі
- •Кәсіпорында еңбекақы төлеу.
- •Еңбекақы төлеудің мәні, түрлері және оны анықтайтын факторлар
- •Еңбекақыны төлеу қағидалары және оның атқаратын қызметтері
- •8.3 Еңбекақының нысандары мен жүйелері
- •Мерзімді еңбек ақы төлеуде еңбек өлшемі жасалған жұмыспен көрінеді, ал еңбек ақы оның тарифтік ставкасына сәйкес есептеледі немесе нақты жұмыс жасаған уақытына берілетін ақымен есептеледі.
- •5 Еңбекақының құрамы мен құрылымы
- •Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.
- •3 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •1 Инвестицияның мәні мен түрлері
- •2 Инвестициялық жобаны талдау, оның түрлері
- •3 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •4 Кәсіпорынның инновациялық қызметі
- •Өнімді өндіру мен өткізу шығындары
- •4 Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •1 Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері
- •3 Шығындарды экономикалық элементтер бойынша топтау
- •4 Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •Цехтың өзіндік құны
- •Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1 Кәсіпорынның маркетингтік қызметі және маркетингтік орта
- •2 Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы
- •3 Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы
- •Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1 Өнімнің сапасы және оның көрсеткіштері
- •2 Өнім сапасын басқару мен бақылау
- •3 Өнім сапасы жүйесіндегі стандарттау
- •4 Сертификаттаудың мәні, мақсаты және оның нысандары
- •Кәсіпорын қаржысы
- •1 Кәсіпорынның қаржы түсінігі және қаржылық қатынастар
- •2 Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың қалыптасу көздері
- •3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны сипаттайтын көрсеткіштер
- •4 Тарау. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен тиімділігі
- •12 Тақырып Пайда және өндіріс рентабельділігі
- •1 Кәсіпорын пайдасының мәні, атқаратын қызметтері және оның түрлері
- •2 Кәсіпорын пайдасының бөлінуі
- •3 Өндіріс пайдалылығы (рентабельділігі) және оның көрсеткіштері
- •Өндірістің экономикалық тиімділігі.
- •1 Өндіріс тиімділігі. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •2. Тиімділік көрсеткіштері
3 Шығындарды экономикалық элементтер бойынша топтау
Жоспарлау, есепке алу және бөлу әдістеріне қарай шығындар экономикалық элементтер (шығындар сметасы) бойынша топтастырылады. Өнімді өндіру мен өткізудегі шығындар сметасы кәсіпорынның жалпы шығынын анықтау мақсатында есептеледі. Мысалы, “Еңбек ақы төлеу” жұмыскерлердің қай категорияға жататына байланыссыз барлық еңбек ақы қорын көрсетеді, жұмысшының, қызметкердің немесе кіші қызмет көрсету персоналының еңбекақысы деп бөлінбейді. Немесе «Негізгі қор амортизациясы» станок, өндірістік ғимарат, көлік деп бөлінбейді.
Кәсіпорын үшін экономикалық элемент бойынша шығындарды топтаудың үлкен маңызы бар. Сметалық бөлуде кәсіпорынның түрлі ресурстарды жалпы тұтыну көлемі анықталады.
Шығындар сметасы бойынша былай топталады.
шикізат, негізгі материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, құрастырушы бұйымдар;
қосымша материалдар;
басқа жақтан әкелінген отын;
басқа жақтан әкелінген энергия;
негізгі және қосымша еңбек ақы;
әлеуметтік мұқтаждыққа аударым;
негізгі қор амортизациясы;
басқа да ақшалай шығындар;
9)“Жабдықты ұстау мен пайдалануға кеткен шығындарға” мыналар кіреді:
машина мен механизмдерге техникалық қызмет көрсетуге кеткен шығындар;
жабдықтарды, цех транспорты мен инструменттерді ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізу;
цехтың негізгі қорының амортизациясы;
бағалығы аз, тез тозатын заттардың тозуы,т.б.
10)“Жаңа өндірісті дайындау мен игеруге кеткен шығындарға”
технологияны жетілдіру;
жабдықты қайта қою, арнайы әзірлеу, т.б;
11) Цех шығындарына:
негізгі өндіріс цехтарының басқаруы: цех персоналының еңбек ақысы, цех ғимараты мен орындарының амортизациясы, ағымдағы жөндеу, жылыту, жарық беру, тазалау, жалпы цех түгендемесі (инвентарь) мен бағалығы аз заттардың тозуы.
12)Жалпы өндірістік шығындар: кәсіпорынның басқару мен жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне қызмет көрсету: басқару аппараты, кәсіпорынның ғимаратын, территориясын, транспортын т.б. ұстауға кеткен шығындар.
13) Ақауды жөндеуге кеткен шығындар
14)Өндірістен тыс шығындар өнімді өткізумен байланысты шығындар (орау, тиеу, жарнама, өткізу жүйесі, комиссиондық әртүрлі аударымдар мен төлемдер).
Экономикалық элементтер бойынша топтау шығындардың қалыптасу кезіндегі әр элементтің мәнін анықтауға, өзіндік құнды төмендетудің, айналым құралдарына қажеттілікті анықтауға, инвестициялар мен несиелерді орналастыру үшін, яғни бизнес-жоспар құру кезінде шығындар сметаларын есептеуге мүмкіндік береді.
4 Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
1. Калькуляциялау - Өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақытылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өндірістегі өнімнің нақтылай түрін
өндіру мен өткізуге,сондай-ақ көрсетілген қызмет бірліктерін(жүк тасу, жөндеу жұмыстарына және т.б) орындауға ақшалай түрде шыққан шығындар жинақталып қорытылады.
Өнімнің өзіндік құны бұл өндіріске жәнеөткізуге кететін ақшалай түрдегі шығындар.
Калькуляциялау бұл барлақ тауарлық өнімдердің деәр бір бірліктің де өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысын оперативті басқаруда маңызды орын алады, өйткені ішкі резервтерді дер уақытында ашуға мүмкіндік беріп, оны өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға және өнімнің (жұмыс, қызмет) нарықтағы сұранысын ескеретін негізгі бағасын белгілеуде пайдаланады.
Калькуляцияда субъект шығындары ақшалай түрде қорытындыланады.
Қандай ұйым болмасын белгілі бір қызметпен айналысатыны белгілі( өнім өндіру, қызмет көрсету). Осы үрдістерді орындау барысында кәсіпорын жұмысшы күшін, еңбек құралын және материалдық құндылықтарды пайдаланатын болғандықтан барлық кеткен жұмсалған шығындардың жиынтығын анықтауына тура келеді. Бұл шығындардың жиыны өндірілген өнімнің, көрсетілген қызметтің өзіндік құнын құрайды. Сондай-ақ ол ұйымды басқару үшін қажетті ақпараттық мәлімет болып табылады. Бухгалтерлік есепте оны, яғни өндірген өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құнын анықтау әдісін калькуляция деп атайды.
Калькуляциялаудың міндеті – шығындардың, оны көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, ішкі тұтынуға арналған өнімнің бірлігіне қанша болатынын есептеу.
Калькуляциялаудың мына түрлері болуы мүмкін:
Жоспарлы калькуляция
Еңбек шығының, озық техника мен өндірістің және жұмыстың жақсы ұйымдастырылуын білдіретін өндіріс қаражатының прогрессивті нормасы негізінде жоспарланған кезеңге жасалады. Жоспарлық калькуляцияның бір түрі сметалық калькуляция, оны бір рет шығатын (бірегей) бұйымға немесе жұмысқа, тапсырыс берушілермен есептесу, баға белгілеу, басқа мақсаттар үшін жасайды.
Есеп берушілік калькуляция
Өнімнің өзіндік құнын кәсіпорынға тәуелді және тәуелді болмайтын себептер бойынша жоспардан ауытқуы мүмкін нақты шығындармен сипатталады.
Нормативті калькуляция
Ағымдағы жоспарлы калькуляцияның әр түрлілігі болып табылады. Оның негізінде көбінесе қол жеткізген шығын деңгейін сипаттайтын ағымдағы әрекет ететін нормалар жатады
Жобалық калькуляция
Келешекке құрылған жоспарлы калькуляцияның әр түрлілігі болып табылады. Ол күрделі салымның, жаңа техниканың және технологияның тиімділігін анықтау үшін қолданылады
Алдын ала жүргізілетін калькуляция
Нақты шығын негізінде және он айда немесе төртінші тоқсандағы немесе басқа кезеңдегі болжалдық өнім өндіру мен шығын бойынша есеп айырысудың басқа кезеңінде алынатын нақты өнім негізінде жасалады. Бұл калькуляцияның мәліметтері өнім өндірудің ағымдық жылдағы нәтижесін алдын ала анықтауда қолданылады.
Өнімнің өзіндік құнын есептеу калькуляциялау деп аталады.
Шығындарды калькуляция статьялары бойынша топтау өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтауға, ассортимент топтары бойынша шығындарды бөлуге, жұмыстың әрбір түрі бойынша шығын көлемін анықтауға, шығындарды төмендету резервтерін анықтауға мүмкіндік береді. Есеп бергенде де көбіне калькуляция статьялары бойынша жасалып, талдау жүргізіледі.
Калькуляция статьялары бойынша топтауды шығындарды пайдалану бағытына, пайда болу орнына қарай, өнімді жасау үрдісі, өндіріске қызмет көрсету немесе кәсіпорынды басқару бойынша біріктіреді. Калькуляция жасау үшін мынадай шығындар статьясын жасайды.
Атап айтқанда:
шикізат, негізгі материал, жартылай фабрикаттар, құрастырушы бұйымдар (қайтарылатын қалдықты шегергеннен басқа);
қосымша материалдар;
технологиялық мақсатқа отын;
технологиялық мақсатқа энергия;
өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы;
өндірістік жұмысшылардың қосымша еңбек ақысы;
өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы бойынша әлеуметтік қажеттілікке аударым;
жабдықтарды ұстау мен пайдалануға кеткен шығындар;
жаңа өндірісті дайындау мен игеруге кеткен шығындар;
цехтық шығындар;