Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsialar_1-13.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
285.85 Кб
Скачать

4 Кәсіпорынның инновациялық қызметі

Кәсіпорынның инновациялық қызметі деп өндірістің жаңа техника, қызмет көрсету түріне көшу, жаңа өнім шығару үрдісін ұйымдастыруды айтады. Техника, технология және өндірісті ұйымдастыру бағытында жаңа ойларды іздеу кәсіпорынның инновациялық қызметін анықтайды. Оның жүзеге асуы тауарды алға жылжыту бойынша жаңалықтарды енгізудегі іздену, фундаментальды, теориялық, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың орындалуына байланысты.

Инновациялық қызмет – кәсіпорынның интелектуалды және техникалық потенциалының жаңалықтарды енгізуде және осының негізінде пайда табуы үшін бағытталған шаралар жүйесі.

Инновациялар кәсіпорындардың жұмысын тоқтатпау және осы мақсатқа жету үшін, өнімдерінің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етіп, нарық экономикасының қатаң талаптарына қарсы тұруында маңызды роль атқарады. Нарықтық қатынастар кезеңінде инновациядан бас тартып, ескірген өндірістік әдіс-тәсілдерге және өнімге сүйеніп жұмыс жасайтын кәсіпорындар нарықта нықтап тұра алмайды. Егер инновациялық іс-әрекеттер тоқтап қалған жағдайда, жаңалықтарды енгізуге кететін шығындар азайып, табыс көбейеді деген алдамшы пікір пайда болуы мүмкін. Алайда бұл бағытты ұстанған кәсіпорындар тез арада нарықтан ығысып шығып қалады. Статистика көрсеткендей, өндірісі дамыған Батыс елдерінде кәсіпорындар мен мемлекет инновацияның бәсекелестік үшін маңызы зор екеніне көздері жетті. Өнеркәсібі дамыған алдыңғы қатарлы елдер әлеуметтік жалпы өнімнің 3 пайызын ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөледі.

Инновациялар айналымды жоғарылатуда шешуші роль атқарады, бұл кәсіпорын қызметінің нәтижесін жақсартудың бірден-бір жолы.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы инновациялық стратегияның қалыптасуы мынандай жағдайларға байланысты:

- жаңа техниканы жасап іске енгізудің тиімділігін арттырудағы ғылымның айрықша ролі;

- өндірістің техникалық деңгейінің өсуі;

- жаңа техниканы жасап және іске асыру мерзімдерін қысқартудың қажеттілігі;

- өндіріс дамуының интенсивті факторларының артуы. Олардың ғылыми техникалық прогресті экономиканың барлық салаларында, оның ішінде өнеркәсіпте қолдануына ықпал жасау;

- ойлап тапқыштар мен рационализаторлардың шығармашылығын дамыту;

-жаңа өнімді шығаруда кәсіпорындардың шығындарының көбейіп, экономикалық көрсеткіштерінің нашарлауы;

-техника мен технологияның тез арада сапалық тозуы;

-жаңа техника мен технологияны жылдам енгізудің қажеттілігі және т.б

Инновация стратегиясының негізгі мақсаттары:

  • жаңа өнімдер, материалдар, қызметтер жасап отыру. Кәсіпорын шығаратын өнімдер ассортиментін кеңейту, түрлендіру, арзан, сапалы материалдар көзін табу, көрсететін қызмет сферасын көбейту;

  • қолда бар өнім түрін, материалдарды, қызметтерді тұтынушылардың талғамын, талабына сай қолдануға жаңа мүмкіндіктер іздестіру. Ескірген өнімдерді, материалдарды модификациялау мүмкін болмаған жағдайда, оларды басқа бір мақсаттарға жұмсау;

  • өнім сапасын жоғарылату, бәсеке қабілеттіліктің басты көрсеткіші өнім сапасы болып табылады. Өнім қаншалықты сапалы болса, ол тұтынушыны табуға, кәсіпорынның өз өніміне сенімді болып, кепілдік беруіне мүмкіндік туғызады.

Сәтті немесе табысты инновациялық саясат тек қана күрделі қаржының болуымен шектелмейді. Мүмкіндігінше кәсіпорын осы қаражаттарды алдына қойған мақсатқа жету үшін тиімді пайдалануы керек. Ол үшін инновациялық үрдістерді жоспарлау, ұйымдастыру және бақылауды жүргізіп, сонымен қатар оның кәсіпорынның басқа функцияларымен байланысын қамтамасыз ету қажет. Бұл инновация менеджментінің басты мәселесі болып табылады. Инновациялық менеджмент кәсіпорынға жаңалықтарды енгізу, іске қосумен байланысты өндірістік-экономикалық шешімдерді қабылдау үрдістерімен айналысады.

Инновация - кәсіпорында жаңа өнім мен жаңа техникалық әдістер пайдалану.

Инновациялық қызметтің іске асу тәжірибесінде инновацияның екі негізгі түрін ажыратады:

  • өнім инновациясы;

  • үрдістік инновация.

Өнім инновациясы мүлдем жаңа өнімді өндірумен байланысты. Бұл жаңалық жаңа технологияға негізделген немесе бұрыннан қолданылып жүрген технологияны жетілдіру, жаңаша қолдану. Өнімді жетілдіру инкрементальды өнімді инновация деп аталынады, яғни бұрыннан өндіріліп келе жатқан өнімді сапалық және құндық сипатын өзгертумен байланысты.

Үрдісті инновация өндірістің жаңа түрін, жабдықтарды қолданудың белгілі технологиясын жаңаша игеру, пайдалануда, өндірісті ұйымдастыруда жаңа әдістерді қолдануда көрінеді.

Инновацияның өмірлік циклы жаңа идеяның туындауынан бастап инновациялық өнім негізінде жүзеге асырылған өнімнің өндірістен алынғанға шейінгі уақыт аралығымен анықталады.

Инновацияның өмірлік циклы төмендегі 9.2-суретте берілген.

Инновация өзінің өмірлік циклында келесідей кезеңдерді өткізеді:

  • пайда болу кезеңі, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жасау, жаңа өнімдердің тәжірибелік партиясын дайындау мен жасау;

  • өсу (өндірістік игеру мен нарыққа шығу);

  • кемелдену (сериялық және жаппай шығару, сату көлемін көбейту);

  • нарықтың толығуы (өндірістік ең көп көлемі мен сатудың ең көп көлемі);

  • төмендеу (өндірістің қысқаруы мен нарықтан кетуі).

Инновациялық менеджмент өзінің басты қарастырар мәселесі ретінде ғылыми зерттеу және тәжірибе-конструкторлық өңдеулер құруды санайды. Бүкіл инновациялық үрдіс екі кезеңмен жүреді:

  • ғылыми зерттеу және тәжірибе-конструкторлық өңдеулер (НИОКР) кезеңі;

  • нарықтағы тұрақты позицияны жаулап алу және енгізу кезеңі.

Инновация үшін жақсы идеяның ғана болуы жеткіліксіз. Инновациялық үрдіс кезінде идеяның пайда болуынан оны жүзеге асыруға көбірек назар аудару.

Сурет 9.2 - Инновацияның өмірлік циклы

Ғылыми-зерттеу жұмыстары жаңа білімді игеру болса, конструкторлық өңдеулер осы білімді бірінші қолданатын болады. ,,Басқалардың,, жетістіктерінің негізінде жаңалықтар енгізу еліктеу (имитация) деп аталады. Жаңалықтар әрқилы объектілерге қатысты бола береді:

  • кәсіпорынның жұмыс жасайтын сфераларына: құрылыс ұйымының өндірісіне жаңалық енгізу; өнімнің өтіміне жағдай жасауды жаңалау; Кәсіпорынның қаржылық саясатындағы, есеп айырысудағы өзгерістер;

  • нарықтық инновация: қолда бар өнімді пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін табу немесе жаңа нарық қалыптастыру;

  • әлеуметтік инновация: мұнда кадрлар бөліміндегі ұйымдастыру жаңалықтары туралы айтылған.

8-тақырып (2 САҒАТ).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]