Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsialar_1-13.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
285.85 Кб
Скачать

Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.

Дәрістің мақсаты кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық қызметін нақтылау

Дәріс сұрақтары:

1 Инвестицияның мәні мен түрлері

2 Инвестициялық жобаны талдау, оның түрлері

3 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау

4 Кәсіпорынның инновациялық қызметі

1 Инвестицияның мәні мен түрлері

Инвестиция – ел ішіндегі және шетелдегі пайда (табыс) алу мақсатындағы және оң әлеуметтік әсер алу үшін капитал (күрделі қаржы) салымы.

Инвестиция ақшалай қаражат, мақсатты банк салымдары, пай, акция, басқа да бағалы қағаздар түрінде, несие, борыш, кепіл, технология, жер, ғимарат, қондырғы, машина, лицензия, тауар белгісі, басқа да мүлік немесе мүліктік құқық, интелектілік бағалық түрінде болуы мүмкін.

Инвестицияның қаржылық анықтамасы – табыс алу мақсатында шаруашылық қызметке салынған активтердің барлық түрі. Экономикалық жағынан анықтамасы – негізгі капиталды жасау, кеңейту, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға және осы өзгерістермен байланысты айналым капиталына кеткен шығындар.

Инвестиция – жұмсай отырып, белгіленген нәтиже алатын ресурс.

Нарық жағдайында өнеркәсіп өндірісі жаңа технологиялық базаға көшу кезінде, ұдайы өндіріске капитал салудың нәтижесінде “инвестиция” мен “инновация” түсініктері негізгі болып саналады. Өйткені нарық жағдайындағы үрдісте инвестиция негізінде жаңалық түрін өндіріске енгізу арқылы өнімнің жаңа немесе жетілдірілген түрін шығару, өндіріс техникаларын жаңалау, жаңа технологиямен тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру іске асырылады.

Инвестиция термині біздің экономикамызға енген жаңа ұғым (ағыл.- investments)-“күрделі қаржы салу”деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғым қазіргі экономикалық жағдайында “күрделі қаржы салу” ұғымына қарағанда кең, мағыналы ұғым.

Инвестиция ұғымын экономикалық категория түрінде кеңінен қарастырсақ, оның бірнеше мағыналық анықтамасы бар:

  • Материалдық-заттай (түрлі салаларда тауар өндіруге қолданылатын құрал-жабдықтар, станоктар, механизмдер);

  • Қаржылық (несие-қаржылық қызмет, бағалы қағаздармен жұмыс);

  • Ой еңбегі, өндірісті басқару тәжірибесі, мамандар даярлау, лицензиялау, ғылыми еңбектерді жасау, ноу-хау.

Инвестициялық қызмет – шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы.

Инвестицияны заңды және жеке тұлға жүзеге асырады. Инвестор - инвестициялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, салым иесі.

Инвестициялық жоба – белгіленген тәртіппен рәсімделген құжаттарға сәйкес белгілі бір мерзімде жүзеге асырылатын және материалдық объектілерді жасау немесе жетілдіру жолымен мемлекеттің активтерін көбейтуге бағытталған іс-шаралар кешені.

Инвестициялық ынтымақтастық – халықаралық экономикалық қатынастар түрі, мақсаты – ресурстарды ұтымды бөлу, халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу артықшылықтарын пайдалану, қоғамдық өндірістің технологиялық құрылымын жаңарту есебінен мемлекеттің экономикада неғұрлым жоғарғы жетістіктерге жетуі.

Инвестициялық банкілер – ұзақ мерзімді несие капиталын жұмылдырып, оны қарыз алушыларға облигациялар немесе қарыз міндеттемелерінің басқа түрлерін шығару мен орналастыру арқылы беретін арнаулы несие институттарының бір түрі.

Инвестициялық серіктестіктер – өзінің бағалы қағаздарын шығару жолымен жеке инвесторлардың ақшасын шоғырландырып, оларды өз елінде және шет елдерде кәсіпорынның акцияларын облигацияларына айналдыратын несие-қаржы институттарының бір түрі.

Инвестициялық қор – компанияның басқа компаниялардың бағалы қағаздарына жұмсайтын капиталы. Ашық және жабық тұрпатты болады. Жабық тұрпатты қорда – компания дәл белгіленген түрде капиталданады; ашық тұрпатты қорда – компания жаңа акцияларды ұдайы сатады да, ескілерін сатып алады, ал түсімді басқа компаниялардың бағалы қағаздарына жұмсайды.

Қаржы емес активтерге жұмсалатын инвестициялар мынадай элементтерді: негізгі капиталға жұмсалатын инвестицияларды, материалдық айналым қаражаты қорын толтыруға жұмсалған инвестицияларды, өндірілмеген материалдық және материалдық емес активтерге жұмсалған инвестицияларды, басқа да қаржы емес активтерге жұмсалған инвестицияларды өзіне қосады.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар – сатып алуға, құруға, негізгі құралдарды қайта өндіруге және күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жиынтығы болып табылады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар: үйлерге және ғимараттарға, машина мен жабдықтарға, малға, көп жылдық екпе ағаштарына, пайдалы қазбаларды барлауға, бағдарламалық қамтамасыз етуге, өндірісте қолдануға, оларды иеленуге белгілі бір құқықтары бар бірліктерімен шектелетін жаңа ақпарат пен арнаулы білімге кеткен шығындарды қосады.

Капиталдың жұмсалуына қарай ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Ішкісі өз еліндегі инвестиция нақты және қаржылық болып, ал сыртқысы төте және портфельді болып бөлінеді. Сонымен қатар мемлекеттік және жеке меншіктік инвестиция да болады. Инвестицияны акционерлік және сақтық серіктестіктер, саудалық банкілер, жинақ кассалары, қаржыландыру қоғамдары, инвестициялық трестер мен жеке капиталистер жүргізеді.

Инвестицияның салыну белгілеріне және іс-әрекет ерекшеліктеріне байланысты бірнеше түрлері бар:

Венчурлық инвестиция (тәуекелдік инвестиция) – бұл іс-әрекеттің жаңа салаларында өндірілетін жаңа акцияларды шығару, яғни үлкен тәуекелге бару деген сөз;

Тікелей инвестиция – шаруашылық субъектілердің жарғылық капиталынан табыс алу және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатында салым салуды білдіреді.

Портфельді инвестиция – бұл кәсіпорынның портфельдік салымын (түрлі инвестициялық бағалық) қалыптастырумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқа да активтерді сатып алуды білдіреді.

Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестиция

Инвестициялық операциялар бойынша

Сурет 9.1 – Түрлі белгілеріне қарай инвестицияның бөлінуі

Аннуиттер – бұл белгілі бір уақыт мезгілінен кейін табыс әкелетін инвестиция, яғни зейнетақы және сақтандыру қорларына салым қаражаттары болып табылады.

Инвестиция нақты және портфельді немесе қоржынды инвестиция болып бөлінеді. Нақты инвестиция деп инвестор өндіріс көлемін кеңейтуге - өндірістік негізгі және айналым қорларын ұлғайтуға қаржы салымын айтады. Қоржынды инвестиция деп инвестор құнды бағалы қағаздар үлесін дивидент алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтуды айтады.

Капитал құраушы инвестиция өндірістік материалдық және материалдық емес активтердің көбеюін қарастырады. Негізгі қорды жасау мен қайта өндіруге бағытталған инвестиция күрделі қаржы салымы деп аталады. Ал айналым құралына салынған инвестицияны күрделі қаржы салымы деп есептеуге болмайды. Күрделі қаржыны қолдану бағытына қарай өндірістік және өндірістік емес деп жіктеуге болады.

Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау» Заңы бойынша тікелей инвестициялар – республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты арнайы және техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері. Жанама инвестицияларқоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық қоржынында жетекші рольге ие болып отырған меншікті инвестицияларға және қайталама өтімді резервтер дейтінге, яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.

Сонымен, инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интелектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]