Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsialar_1-13.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
285.85 Кб
Скачать
    1. Еңбекақыны төлеу қағидалары және оның атқаратын қызметтері

Кәсiпорында жалақы саясатын әзiрлеуде және оны ұйымдастыруда төмендегiдей қағидалар ескерілуі керек:

  • әдiлдiгi, яғни жұмсалған еңбек шығынына тең жалақы төлеу;

  • жасалынбаған жұмыс есебiнiң қиындығы және еңбек бiлiктiлiгiнiң деңгейi;

  • зиянды еңбек жағдайының және ауыр дене еңбегiнiң есебi;

  • еңбек сапасына және еңбекке қатыстылығының адалдығы үшiн ынталандыру;

  • ақау жiбергенi және өзiнiң мiндетiне жауапсыздықпен қарағандығынан жағымсыз жағдайлар болғаны үшiн материалдық жазалау;

  • еңбек өнiмдiлiгiнiң өсу қарқыны орташа жалақының өсу қарқынына қарағанда озық жүруi;

  • инфляцияның деңгейiне сай жалақыны индекстеу;

  • өндiрiстiң қажеттiлiгiн ең үлкен деңгейде қамтамасыз ету үшiн жалақының үдемелi жүйесiн қолдану.

Кесте 8.1 – Еңбекақының қағидалары мен атқаратын қызметтері

Қағидалар (принциптері)

Қызметтер (функциялары)

Еңбекақы нысандары мен жүйелерінің қолжетімділігі мен логикалығы (ақылға сиымдылығы)

Ұдайы өндіргіштік

Нақты жалақыны өсіру өндіріс пен еңбек тиімділігінің өсу шамасына қарай

Реттеушілік

Тең еңбекке тең жалақы төлеу

Ынталаушылық

Мемлекеттік реттеу

өлшемдік – бөлу

Еңбек нарығы ықпалын есепке алу

Ресурстық-орналастыру

Саралау

Халықтың төлемқабілеттілік сұранысын қалыптастыру

Еңбекақы төлеу жүйелері мен нысандарының қолжетімділігі мен ақылға сиымдылығы қағидасы олардың мәні жөнінде кең мағлұматпен қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді. Жұмыскерлер өздерінің еңбекақысы мен сыйақы жүйесі туралы нақты және анық білулері қажет. Сонда ғана олар өндірістің тиімділігін арттыруға мүдделі.

Нақты жалақыны өсіру өндіріс пен еңбек тиімділігінің өсу шамасына қарай қағидасы қажеттілік өсу экономикалық заңының жұмыс жасауымен байланысты. Бұл заң бойынша қажеттілікті толық қанағаттандыру өз еңбегіне материалдық игілікті барынша көбірек алған жағдайда мүмкін болады. Бұндай байланыс болмаған жағдайда еңбек ақыны төлемеу, инфляция, нақты еңбекақының төмендеуі орын алады. Нәтижесінде өсіп отырған қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіншілігі жойылып, еңбекақыны өсіру мүмкіншілігі азаяды.

Тең еңбекке тең еңбекақы төлеу қағидасы кәсіпорын ішінде жұмсалған еңбекке тең еңбекақы төлеу әділдігін қадағалауды білдреді.

Мемлекеттік реттеу қағидасы негізгі еңбекақы төлеу саясаты мен әлеуметтік нормативтер мемлекеттік деңгейде дайындалу керек.

Бұрын еңбекақы еңбектің күрделілігіне қарай, еңбек жағдайына, аумақтық жағынан тиесілігіне қарай, халықшаруашылық маңыздылығына қарай, жұмыскердің соңғы нәтижеге еңбек үлесіне қарай сараланатын(дифференциация) еді.

Жалақы дифференцияциясы материалдық тұрақтандыру сапасының басты жүктемесімен жүреді. Осы арқылы жұмысшылар жалақының әділдігін тексереді:

а) жұмысшылардың жеке салымын бағалауда;

б) ішкі біліктілікті салыстыру;

в) маманаралық салыстыруда.

Жалақы дифференцияциясының 3 түрі экономиканың дамуында маңызды роль атқарады: салалық, маманды-біліктілікті, аймақтық.

Жалақы дифференцияциясы еңбектің күрделілігіне, жұмысшының тәжірибесіне және біліктілігіне байланысты тарифті-білікті анықтамалар, тарифті топтар (жұмысшылар үшін) және қызметкерлер жалақысының схемасы (басшылар үшін, мамандар және қызметкерлер үшін) және жалақының аймақтық коэффициенті кіреді.

Жалақының аймақтық дифференцияциясы біздің республикада шикізаттың, отын-энергетикалық ресурстардың экспорттық бағасымен, сондай-ақ тұтынушыларға шикізат ресурстарды жеткізу үшін және алыс аймақтардағы тұрғындарға тамақ өнімдері мен сатылмайтын тауарларды жеткізу үшін көлікке деген шығындардың өсуімен анықталады. Осылайша республика аймағындағы жалақыдағы айырмашылықтарға территориалдық ерекшеліктер, соның ішінде салалардың өндірістік бағыты әсерін тигізеді. 2008 жылы орташа жалақы республиканың барлық облыстарында өсті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]