Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsialar_1-13.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
285.85 Кб
Скачать

3 Тарау. Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі

6- ТАҚЫРЫП (4 САҒАТ).

Кәсіпорында еңбекақы төлеу.

Дәріс мақсаты еңбекақының мәнін, оның түрлері мен нысандарын, кәсіпорында еңбекақының рөлін анықтау

Дәріс сұрақтары:

  1. Еңбекақы төлеудің мәні, түрлері және оны анықтайтын факторлар

  2. Еңбекақыны төлеу қағидалары және оның атқаратын қызметтері

  3. Еңбекақының нысандары мен жүйелері

  4. Тарифтік жүйе, оның мазмұны және элементтері.

  5. Еңбекақының құрамы мен құрылымы

        1. Еңбекақы төлеудің мәні, түрлері және оны анықтайтын факторлар

Еңбекақы төлеу жөніндегі саясат кәсіпорынды басқарудың құрамды бөлігі болып табылады. Еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандыру құралы. Еңбек ақы – жұмыскер еңбегінің саны мен сапасына сәйкес төленетін төлем. Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексында былай деп келтірілген: «...еңбекке ақы төлеу осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек шартына, ұжымдық шартқа және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі».

Шет елдік тәжірибені қарастырсақ, еңбекті мотивациялау түрінде материалдық жағынан ынталау көрініс алады, атап айтқанда, пайданы бөлуге қатысу - еңбек өнімділігін арттыру мен өнім сапасын жоғарылату негізінде алынған қосымша пайданы жұмыскерлер мен компания арасында бөлу.

Еңбекақы төлеудің негізі болып өндіріс факторы ретінде еңбектің құны алынады. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті. Олай болса, еңбекақы жұмыскердің еңбек тиімділігіне тәуелді.

Әлеуметтік-экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет.

Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізі және басты бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл-ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады. Осыдан еңбекақының ынталандырушы рөлі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады.

Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның бірлігіне кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады.

Еңбекақыны мынандай факторлар анықтайды:

1. Жұмыс күшi құны. Бұл жұмыскердiң өмiрiне қажет және оның еңбек қабiлетiн қалпына келтiруге жәрдемдесетiн заттардың жинақ құны. Бұларға жататындар: жұмыскердiң қажеттiлiгiн қанағаттандыратын мүлiк құны; оны мамандыққа оқытуға кеткен шығындар; оның отбасының өмiр сүруiне қажеттi заттардың құны.Нақтылы жұмыс күшiнiң құны қажеттi өнiм көлемiн анықтайды. Оның өзiндiк жұмыс күшiнiң құны әр елде әртүрлi және уақыт өткен сайын өзгерiп отырады.

2. Жұмыскердiң еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуi. Ол еңбекақыны ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бiрақ оның өзiнде еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуi еңбекақының өсуiндей шапшаң болады.

3. Жұмыс күшiн бiлiктiлеу және еңбектiң түрi. Мысалы күрделi қиын жұмыстардың ақысы неғұрлым жоғары болады.Ал сирек кездесетiн және қауiптi мамандық немесе ерекше талантты адамдардың шығармашылық еңбектерi , т.б. жоғары бағаланады.

4. Қажеттi өнiмнiң әлеуметтiк дәрежесi. Қазiргi қажеттi өнiмнiң барлығы жұмыскерге жеке еңбекақы түрiнде берiлмейдi. Қажеттi өнiмнiң бiр бөлiгi әлеуметтенедi. Және әртүрлi салық арқылы мемлекетке қоғамдық тұтыну қорына кетедi.

Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай (натуралдық) түрлері бар. Қызметкерге ақшаны өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма еңбекақы төлеудегі ең басты нышандардың бірі болып табылады. Қазіргі кезде еңбекақыны төлеудің заттай нышаны сирек пайдаланылады. Еңбекке төлеудің мұндай нышанын ақша айналымының бұзылуы кезінде, экономиканың тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданады.

Еңбекақыны негізгі және қосымша деп бөледі.

Негізгі еңбекақы деп нақты кезеңдегі тарифтік ставкаға сәйкес келетін жалақының бір бөлігін айтады. Кесімді еңбекақы алатын жұмыскер үшін бұл нақты жасаған бұйым бағасы бойынша төленген жалақы, ал мерзімді еңбек ақы алатын жұмыскерде нақты жұмыс жасаған уақытқа төленетін тарифтік ставка немесе оклад.

Қосымша еңбекақы деп жалақының ынталандырушы бөлігін айтады.

Еа қос= 100% - Еа нег (8.1)

Мұндағы, Еа қосқосымша еңбекақының үлесі;

Еа негнегізгі еңбекақының үлесі.

Жұмыс күшіне кеткен шығынды есепке алуда тікелей және жанама еңбекақыны айыру қажет. Өндірістік персоналдың еңбекақы төлеу шығындары өнімді шығарудағы кеткен сағат құнын білдіреді.

Тікелей еңбекақы жұмыскерге тікелей жұмыс сағатына төленген жалақыны айтады. Жанама еңбекақы жанама жұмыс сағатына төленген еңбекақы. Жанама жұмыс сағаты - өнімді өндіруге кетпеген, бірақ өндірісті ұйымдастыруға қажетті уақыт, мысалы, кәсіпорында жұмыскердің кінәсінсіз тоқтап тұру, техникалық үзіліске төлеу.

Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес жалақылардың айырмашылықтары мынадан тұрады:

- мемлекет иелiгiндегi кәсiпорындарда жалақы үкiмет актiлерiмен реттеледi, ал жеке кәсiпорындарда кәсiпорын әкiмшiлiгi шешiмiмен реттеледi, бiрақ ең төменгi жалақы жөнiндегi белгiленген заңнан кем болмауы керек;

  • мемлекеттiк кәсiпорын жалақысы белгiленген және тұрақты;

  • мемлекеттiк кәсiпорында жұмыс орны мен жалақы кепiлдi, мемлекеттiк емес кәсiпорында олар оның экономикалық жағдайына қарай анықталады.

Экономисттер еңбек ақының екі түрін көрсетті. Бастапқы (номинал) жалақы- бұл 1 сағатқа, 1 күнге немесе 1 аптаға, т.с.с. шаққан ақша көлемі.

Нақты жалақы - бұл номиналды жалақы арқылы иемденуге болатын тауарлар мен қызметтер саны, яғни номинал жалақының “сатып алу мүмкіншілігі”.

Нақты жалақы иемденетін тауарлар мен қызметтердің бағасына және номинал жалақыға тәуелді.

Нақты және номинал жалақыны бір бағытпен есептеу міндетті емес. Мысалы, егер тауар бағасы бастапқы жалақыға қарағанда шапшаң өссе, онда бастапқы жалақы жоғарылап, ал нақты жалақы сол уақытта төмендеуі мүмкін.

Жалақы әртүрлі деңгейде бақылауға мүмкіншілігі бар өндіріс сапасына әсерін тигізеді:

  • кәсіпорын деңгейінде бұл әсер еңбек өнімділігінің өсуімен өнім сапасымен, жұмыс уақытын қолданумен және т.б. жұмысшылардың еңбек қызметі көрсеткіштерімен байланысты;

  • ұлттық деңгейде жалақы дифференциациясының көлемі барлық ұлттық экономикаға әсерін тигізетін тұтыну нарығы құрылымымен және өндіріс пен жалпы экономика құрылымымен тығыз байланысты.

  • Дүниежүзілік шаруашылық деңгейінде тұрғындар табысының маңызды компоненті жалақы елдің технологиялық даму деңгейімен, оның дүниежүзілік шаруашылыққа қатысу сипатымен тығыз байланыста болатын жұмысшы күшінің сапасын анықтайтын ұлттық экономика бәсекесінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]