
- •Дәріс кешені
- •1 Тарау. Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын
- •Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1.Кәсіпорын: мәні, оның міндеттері және құрылу тәртібі
- •2 Кәсіпорын түрлері.
- •3 Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оған әсер ететін факторлар
- •4 Өндірісті ұйымдастыру түрлері (типтері)
- •5 Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштері
- •6. Кәсіпкерлік: нысандары мен түрлері
- •2 Тарау. Кәсіпорын ресурстары, сипаттамасы және оларды қолданудың тиімділігі
- •Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1 Негізгі қорлардың экономикалық мәні, құрамы және құрылымы
- •3 Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы. Амортизацияны есептеу әдістері
- •4 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері
- •1 Айналым капиталының мәні, оның құрамы мен құрылымы
- •Айналым құралы
- •Айналыс қорлары
- •2 Айналым қорларының ауыспалы айналысы және оны жеделдету жолдары
- •5.3 Айналым құралының мөлшерленуi
- •5.4 Өндiрiстегi айналым қорын қолдану бағасы
- •Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар.
- •4.Қр экономикасының даму жағдайы
- •Кәсіпорынның еңбек ресурстары
- •1. Кәсіпорынның еңбек ресурстары және оның сандық, сапалық көрсеткіштері
- •2 Кәсіпорын кадрлар қозғалысы және оның көрсеткіштері
- •3 Еңбек ресурстарына қажеттілікті анықтау
- •4 Еңбек өнімділігі және оны арттырудың факторлары
- •5 Еңбек ресурстарын басқару
- •6 Еңбекті мөлшерлеудің мәні
- •3 Тарау. Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі
- •Кәсіпорында еңбекақы төлеу.
- •Еңбекақы төлеудің мәні, түрлері және оны анықтайтын факторлар
- •Еңбекақыны төлеу қағидалары және оның атқаратын қызметтері
- •8.3 Еңбекақының нысандары мен жүйелері
- •Мерзімді еңбек ақы төлеуде еңбек өлшемі жасалған жұмыспен көрінеді, ал еңбек ақы оның тарифтік ставкасына сәйкес есептеледі немесе нақты жұмыс жасаған уақытына берілетін ақымен есептеледі.
- •5 Еңбекақының құрамы мен құрылымы
- •Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.
- •3 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •1 Инвестицияның мәні мен түрлері
- •2 Инвестициялық жобаны талдау, оның түрлері
- •3 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •4 Кәсіпорынның инновациялық қызметі
- •Өнімді өндіру мен өткізу шығындары
- •4 Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •1 Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері
- •3 Шығындарды экономикалық элементтер бойынша топтау
- •4 Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •Цехтың өзіндік құны
- •Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1 Кәсіпорынның маркетингтік қызметі және маркетингтік орта
- •2 Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы
- •3 Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы
- •Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1 Өнімнің сапасы және оның көрсеткіштері
- •2 Өнім сапасын басқару мен бақылау
- •3 Өнім сапасы жүйесіндегі стандарттау
- •4 Сертификаттаудың мәні, мақсаты және оның нысандары
- •Кәсіпорын қаржысы
- •1 Кәсіпорынның қаржы түсінігі және қаржылық қатынастар
- •2 Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың қалыптасу көздері
- •3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны сипаттайтын көрсеткіштер
- •4 Тарау. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен тиімділігі
- •12 Тақырып Пайда және өндіріс рентабельділігі
- •1 Кәсіпорын пайдасының мәні, атқаратын қызметтері және оның түрлері
- •2 Кәсіпорын пайдасының бөлінуі
- •3 Өндіріс пайдалылығы (рентабельділігі) және оның көрсеткіштері
- •Өндірістің экономикалық тиімділігі.
- •1 Өндіріс тиімділігі. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •2. Тиімділік көрсеткіштері
Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар.
Дәріс мақсаты – экономиканың шикізат, отын-энергетикалық ресурстар дамуын талдау
Дәріс сұрақтары:
1. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және оның жіктелуі.
2. Отын-энергетикалық кешенін дамыту.
3. Материал ресурстары және оларды ұтымды пайдалану және оның негізгі бағыттары
4.ҚР экономикасының даму жағдайы
1. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және оның жіктелуі. Кез келген өндірістік процесс еңбек құралын өзгерте отырып, оны тұтынушыға қажетті қасиетпен еңбек өніміне айналдыру кешенінің орындарынан тұрады. Материалды шикізаттар ресурстар түсінігі шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттарды кірістіреді.
Шикізат – бұл шикізат саласындағы еңбек процесі әсерінен қалыптасқан, өнеркәсіптің әртүрлі салаларында пайдалануға арналған еңбек заты. Бұл кәсіпорындарға натуралды түрде немесе нашар өңделген түрде келіп түсетін өндіруші және ауыл шаруашылық салаларының өнімі(темір және оның қоспалары, көмір, бидай, мақта,т.б.).
Материалдар – бұл өндіріс өнімдерінің қалыптасуына қатыса отырып, өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы неғұрлым терең өңделген шикізатты білдіреді. Оларды әртүрлі өнімдерді дайындауда қолданады. Өнеркәсіптік процесте қолданылатын материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі материалдар тікелей өндірілетін өнімнің құрамына кіреді және оның заттық негізін құрайды. Көмекші материалдар өндірілген өнімнің құрылымдық құрамына кірмейді, тек олар негізгі материалды өңдеуге және одан дайындалған өнімнің қалыптауына көмектеседі. Көмекші материалдар қатарына өнімге белгілі бір қасиет беретін әртүрлі заттар жатады. Олар: құрал – жабдықтарды күтіп – баптаумен байланысты материалдар, қуат тасымалдаудың барлық түрлері, өнімді қораптауға арналған материалдар, сырлау матеиралдары.
Негізгі материалдарға сонымен қатар жартылай фабрикаттар жатады. Жартылай фабрикаттар өндірістің бір немесе бірнеше сатыларында өңдеуден өткен, бірақ дайын өнім ретінде тұынуға жарамайтын шикі материал(мата,т.б.). Жартылай фабрикаттар екі сипатқа ие. Яғни оны дайындаған кәсіпорын үшін ол дайын өнім болып табылса, ал оны пайдаланатын кәсіпорындар үшін шикізат болып саналады.
Шығу тегіне байланысты шикізаттар мен материалдардың барлық түрлері екі үлкен топқа бөлінеді:
өнеркәсіптік - өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндіріледі.
ауыл шаруашылық шикізаты - ауыл шаруашылық саласында алынатын өнім.
Өнеркәсіптік шикізат өз кезегінде минералды және жасанды болып бөлінеді.
Өндірістік шаруашылық маңыздылығы және қолданылуы бойынша минералды шикізаттар келесіге бөлінеді:
отын энергетикалық(көмір, газ, мұнай);
металлургиялық(қара және түсті металдар);
химиялық(күкірт, калий, өзге де тұздар, фосфидтер);
құрылыстық(құм, тас, цемент);
Жасанды материалдар адамның араласуымен олардың химиялық тәжірибелерінің нәтижесінде алынады. Өндірістік процесте олар табиғи ұққсас материалдарды ауыстырушы ретінде көрнеді. Оларға синтетикалық жіп, каучук, тері,т.б. жатады.
Ауыл шаруашылық шикізатына өсімдік тектес(бидай, күнбағыс, мақта,т.б.), жануар тектес(сүт, ет, жүн, тері) өнімдер жатады. Олар табиғи жолмен алынады.
2. Отын-энергетикалық кешенін дамыту. Өнеркәсіптің минералды шикізаттық базасы – бұл геологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде анықталған жер қойнауындағы минералды шикізаттар ресурсы. Минералды шикізаттар ресурсы пайдалы қазбалар деп аталады. Пайдалы қазбалар кен орныныңқорын барлау деңгейі бойынша үш категорияға бөлінеді:
1. жұмыс категориялы қорлар – бұл толық зерттеліп барланған және өндіруге дайындалған қорлар .Олар кәсіпорынның эксплуатациялық жұмыстары үшін, сонымен қатар кәсіпорынды жоспарлау және құруға арналған.
2. В категориялы қорлар – бұл геологиялық негізделген, салыстырмалы түрде барланған қорлвр.
3. С категориялы қорлар – аз зерттелген, геологиялық барлау жұмыстарының көмегімен толықтай анықтауды талап етеді.
Сонымен қатар пайдалы қазбалар кен орнының қоры екіге бөлінеді:
геологиялық
өнеркәсіптік
Геологиялық қорлар өз кезегінде баланстық және баланстан тыс болып бөлінеді.
Баланстық- ғылым мен техниканың даму деңгейінде жер қойнауынан өндіру жеткілікті түрде тиімді қорлар.
Баланстан тыс –бұл кезеңде экономикалық тұрғыдан жер қойнауынан өндіру тиімсіз қорлар.
Өнеркәсіптік қорлар –бұл баланстық қордан іске қосу немесе жобалық жоғалтуларды алып тастағаннан қалған қорлар.Іске қосу жоғалтулары аз болған сайын баланстық қор көп өндірілуі мүмкін. Яғни пайдалы қазбалар кен орны тиімді пайдаланылады.
Қандай да бір пайдалы қазбалардың кен орны әртүрлі экономикалық маңызға ие. Экономикалық бағалау жүргізілмес бұрын ол кен орнының геологиялық және технологиялық бағалау көрсеткіштері есепке алынады. Геологиялық бағалау кен орны жөніде ауданның геологиялық сипатын және кен орнының геологиялық құрылысы жөніндегі жалпы мәліметтерді кірістіреді. Геологиялық бағалау негізінде геологиялық қорлар, пайдалы қазбалар сапасы, бұрғылау тереңдігі, кен орнының тау геологиялық жағдайы анықталады. Технологиялық бағалау кен орнын игерудің технологиялық мүмкіндігін, өндірудің мүмкін масштабын, дайындау тәсілін белгілейді.
Кен орнын экономикалық бағалау геологиялық және технологиялық бағалау мәліметтері негізінде жүргізіледі және кен орнын пайдалану кезінде келесі көрсеткіштерді анықтайды.
жалпы және үлестік қаржысалымдарын;
өндіру және өнімді өткізу шығындарын;
кірістілік индексін;
еңбек өнімділігін,
пайда және рентабельдік;
өзін - өзі ақтау мерзімін,
таза кірісті;
3. Материал ресурстары және оларды ұтымды пайдалану.
Минералды және ауыл шаруашылық ресурстардың сандық және территориялық шектеулілігіне байланысты шикізат базасын кеңейту қажеттілігі жасанды және синтетикалық материалдар өндірісін құруды және интенсивті дамвтуды талап етті. Осыған байланысты кейбіреуінің қасиеті табиғи түрде жоқ, жаңа материалдар алуға мүмкіндік туды. Олардың ішінде неғұрлым құндылары – шағын салмағы, жылу ұстағыштығы, жылуға төзімділігі, қарапайымдылығы,т.б. Сонымен қатар жасанды және синтетикалық материалдарды алуға бірдей қасиеттегі натуралды материалдарға қарағанда аз шығын шығады.
Өнеркәсіпте өндіріс және пайдалану үшін кеелсілерге мүмкіндік беретін жасанды және синтетикалық материалдвр түрлері тиімді деп саналады:
қажетті материал деп саналатын саладағы өндіріске жоғарғы қарқынмен және көп көлемде өндіру;
өңдеуші өнеркәсіп салаларында техникалық базаны және технологиялық процестерді интенсификациялауды жетілдіруді;
бұл материалдар қолданылатын салаларда өнім сапасын жақсаруға және ассортиментін кеңейтуге;
бұл материалдардан жасалатын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге;
соңғы өнеркәсіптік өнімдерінің өндірісінің қоғамдық шығынын қысқартуға;
Шикізаттық және отын энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі бағытына келесілерді жатқызуға болады:
отын және отын энергетикалық баланс құрылымын жақсарту;
өнеркәсіптік кәсіпорындарда тікелей пайдалану үшін шикізатты неғұрлым мұқият және сапалы дайындау;
шикізат және отынды тасымалдау мен сақтауды дұрыс ұйымдастыру – жоғалтуға және сапаны төмендетуге жол бермеу,
шикізаттты кешенді пайдалану;
өндірісті химияландыру;
өндіріс қалдықтарын пайдалану;
шикізатты екінші қайтара пайдалану;