Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsialar_1-13.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
285.85 Кб
Скачать

Дәріс кешені

1 Тарау. Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын

1-тақырып (2 сағат)

Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде

Дәріс мақсаты- кәсіпорынның шаруашылық объектісі ретіндегі атқаратын қызметін, өндірістік құрылымын қарастыру.

Дәріс сұрақтары:

  1. Кәсіпорын: мәні, оның міндеттері және құрылу тәртібі

  2. 2 Кәсіпорын түрлері.

  3. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оған әсер ететін факторлар

  4. Өндірісті ұйымдастыру түрлері (типтері)

  5. Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштері

  6. Кәсіпкерлік: нысандары мен түрлері

1.Кәсіпорын: мәні, оның міндеттері және құрылу тәртібі

Кез келген елдің экономикасы ұлттық шекара шеңберінде өзара байланысты салаларды біріктіретін кешенді білдіреді. Экономика деп қолда бар шектеулі ресурстарды барынша тиімді пайдалануды айтады. Қандай да бір экономиканың негізін өндіріс құрайды. Өндірісте экономикалық өнім өндіріледі, атап айтқанда, кәсіпорында өнім өндіріледі, жұмыстар жасалады, қызмет көрсетіледі, яғни тұтынудың негізі жасалып, ұлттық байлық көбейтіледі, жұмыскерлер өндiрiс-құрал-жабдықтарымен тығыз байланыста болады.

Кәсiпорын деп пайда алу және оны көбейту мақсатында бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтердi өндiрумен, өткiзумен айналысатын заңды түрде құрылған дербес шаруашылық субъект немесе заңды тұлғаларды айтады.

Кәсіпорынның басты мақсаты барынша жоғары пайда алу. Осы мақсатқа жету үшін кәсіпорын алдына төмендегідей міндеттер қойылады:

  • қолда бар өндірістік мүмкіндіктерді пайдалана отырып сұранысқа сай және жоғары сапалы өнім шығырып, қызмет көрсету және оны жүйелі түрде жаңартып отыруы қажет;

  • өндірістік ресурстарды ұтымды пайдалану;

  • кәсіпорынның стратегиясы мен тактикасын жасау және жағдайлардың өзгеруіне қарай оған түзетулер енгізу;

  • өндіріске, еңбекті ұйымдастыруға және басқаруға алдыңғы қатарлы жаңалықтарды енгізіп отыру;

  • кәсіпорын жұмыскерлерінің жағдайын жасау, олардың біліктілігін арттыру, еңбек ұжымындағы әлеуметтік-психологиялық ахуалды жоғары деңгейде ұстауы қажет.

Кәсіпорын коммерциялық, яғни пайда алуға бағытталған, оның пайда табуға ұмтылмайтын коммерциялық емес ұйымдардан айырмашылығы осында.

Коммерциялық ұйым деп өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс келтіруді көздейтін ұйымды айтсақ, ал мұндай мақсат ретінде табыс келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым деп аталады. Коммерциялық ұйымдар мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрыла алады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қайырылымдылық қорлар, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни ұйымдар нысандарында құрыла алады және басқа қорларды, қоғамдық бірлестіктер, діни ұйымдар және т.б. жатады.

Қазіргі заманғы кәсіпорын – күрделі ұйымдасқан құрылым. Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорынды ұйымдастырудың үш негізгі бағыттарының маңыздылығы арта түседі. Олар:

– өндiрiстi ғылыми ұйымдастыру;

– еңбектi ғылыми ұйымдастыру;

– басқаруды ғылыми ұйымдастыру.

Өндiрiстi ғылыми ұйымдастыру кәсiпорында ұтымды техникалы-технологиялық жүйе құру мақсатында жүргізіледі. Бұл сенiмдi әрi тиiмдi жұмыс жасайтын өндiрiстiк құрал-жабдықтар мен технология, сондай–ақ, жұмыскерлердiң техникалы-ұйымдастырылған өзара байланыстарын айтуға болады.

Еңбектi ғылыми ұйымдастыру – ұжымда дұрыс қалыпты қарым-қатынас орнату. Оған жоғары өнiмдi, тиiмдi шығармашылық еңбек ету үшiн жағдайлар жасау бойынша шаралар жүйесi кiредi. Бiрақ еңбектi ғылыми ұйымдастыру мүмкiншiлiктерi кәсiпорынның техникалы-технологиялық жағдайына, оның қаржылық және экономикалық активтерiмен шектелген.

Басқаруды ғылыми ұйымдастыру – бұл кәсiпорынның материалдық кiшi жүйесi мен адам ресурсына мақсатты түрде әсер етуiн қамтамасыз ететiн техникалық, экономикалық және гуманитарлық жүйе. Ол моральдық-технологиялық, экономикалық әсер алу мақсатында жоғарыда айтылған жүйелердің өзара байланысуына ықпал етедi.

Кәсіпорынның құрылу тәртібі:

Кәсіпорын құрылмастан бұрын бірқатар кезеңдерден өтеді. Ең басында құрылғалы отырған жаңа кәсіпорын құрылтайшыларының құрамы анықталып, құрылтай құжаттары жасалады: кәсіпорынның жарғысы, кәсіпорынның ұйымдық – құқықтық нысаны көрсетілген, кәсіпорынды құру және оның қызметі туралы келісім. Сонымен қатар қоғам директоры мен ревизия комиссиясының төрағасын тағайындау жөніндегі қатысушылар жиналысының хаттамасы жасалады.

Бұдан кейін банкте кәсіпорынның уақытша есеп шоты ашылады, оған кәсіпорын тіркеуден өткеннен кейін отыз күннің ішінде жарғы қорының 50% түсу керек. Кәсіпорын қандай салада, қандай қызметпен айналысатынын нақты белгілеп, оны тіркелген кезде берген өтінішінде анық көрсетеді.

Кәсіпорын жергілікті билік органдарында тіркеледі. Тіркелу үшін төмендегідей құжаттар тапсырылады:

  1. тіркелу жөнінде құрылтайшының немесе құрылтайшылардың өтініші;

  2. кәсіпорынның жарғысы;

  3. кәсіпорын құру туралы шешім (құрылтайшылар жиналысының қаулысы, хаттама №1 );

  4. кәсіпорын құру және жұмыс жасау жөніндегі келісім;

  5. мемлекеттік жарнаны төлегендегін растайтын куәлігі.

Жергілікті билік органдарынан (ҚР Әділет департаменті) тіркелгені жөніндегі куәлікті алғаннан соң жаңа кәсіпорын жөнінде барлық құжаттар ҚР Қаржы министрлігіне кәсіпорындардың Мемлекеттік реестріне тіркеу үшін жіберіледі.

Қорытынды кезеңде құрылтайшылар өздерінің салымдарын толықтай жасап, банкте тұрақты есеп шотын ашады. Жергілікті салық департаментінде тіркеліп, кәсіпорынның дөңгелек мөрін және бұрышты штампқа тапсырыс беріп, алады. Осыдан кейін жаңа құрылған кәсіпорын дербес заңды тұлға ретінде өз қызметін бастайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]