
- •1.Экономикалық талдаудың негіздері және оның теориялық танымына ғылыми тұрғыдан анықтама мен сипаттама беріңіздер.
- •3. Экономикалық талдаудың негіздерінің пәні мен объектілері, қызметтеріне толық анықтама беріңіздер.
- •4. Экономикалық талдаудың мақсаты мен басқа ғылымдармен байланысына теориялық негізде түсініктемелер жасаңыздар.
- •5.Экономикалық талдаудың түрлері және олардың сипаттамаларына ғылыми негізделген сипаттама беріңіздер.
- •6. Факторлық талдау түсінігі, мақсаты және типтеріне ғылыми негізделген экономикалық түсініктеме беріңіздер.
- •7.Экономикалық талдаудың факторларын жіктеу және жүйелеу тәртіптеріне сипаттама беріңіздер.
- •9. Резервтер түсінігі, экономикалық мәні және олардың жіктелуіне жан-жақты сипаттама көрсетіңіздер.
- •11.Ұзақ мерзімді активтердін мәні , түрлері оларды талдау
- •12. Қысқа мерзімді активтерінің мәні ,түрлері оларды талдау
- •13. Ұйымның балансының экономикалық маңызы , мазмұны,балансты желел талдауға тұжырымдама
- •14. Баланс өтімділігінің шарттары және олардың сипаттамасы
- •15. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
- •16. Ұйымның төлем қабілеттігін талдау.
- •17. Ұйымның төлем қабілеттігін анықтайтын негізгі көрсеткіштер
- •18. Активтерді (құралдары) пайда болу көздері мен мақсатты бағыттары бойынша саралау.
- •19. Меншікті капитал түсінігі құрамы оны орналастырылуын талдау
- •20. Міндеттемелер түсінігі құрамы талдау
- •21. Ұйымның қаржылық тұрақтылығы
- •21.Ұйымның қаржылық тұрақтылығының экномикалық мазмұны мен түсінігіне ғылыми негізделген анықтама беріңіз
- •22. Қаржылық жағдайды сараптайтын көрсеткіштер жүйесіне анықтама беріңіз
- •23. Несие қабілеттілігінің рөлі мен маңызын және сипаттамасын толық қарастырыңыз
- •24. Ұйымның табысын қалыптастырудың алғышарттарына ғылыми негізделген тұжырымдама беріңіз
- •25.Шаруашылық субъектісінің қаржылық нәтижесін көрсететін көрсеткіштер жүйесіне сипаттама беріңіз
- •26.Ұйымның іскерлік белсенділігінң экономикалық мазмұны және оны сипаттайтын негізгі көрсеткіштер жүйесі
- •27.Банкроттылық және оның пайда болу себептеріне экономикалық негізделген анықтамалар беріңіздер
- •28. Ұйымның жалпы табыстылығын талдау көрсеткіштеріне экономикалық дәйектелген түсініктемелерді қарастырыңыздар
- •29. Ұйымның іскерлік белсенділігін анықтайтын көрсеткіштер жүйесіне толық сипаттама беріңіздер
- •30.Кәсіпкерлік тәуекелділіктің мәні және жіктелуіне ғылыми тұрғыдан түсініктемелер беріңіздер
12. Қысқа мерзімді активтерінің мәні ,түрлері оларды талдау
Қысқа мерзімді активтерінің мәні – ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Қысқа мерзімді активтерінің өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезенде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құның тікелей дайын өнімге апарады. Қысқа мерзімді активтерінің құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын атайды.
Кәсіпорындарындағы қысқа мерзімді активтерінің құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетіне сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы. Қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді.
Кәсіпорындарда қысқа мерзімді активтерінің құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп отырады. Әрбір нақты кәсіпорында қысқа мерзімді активтерінің шамасы , олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.
Қысқа мерзімді активтер құрамына бухгалтерлік есепте:
Ақша қаражаттары және оның эквиваленттері;
Қаржылық инвестициялар
Дебиторлық берешек;
Қорлар;
Өзге де қысқа мерзімді активтер жатады.
Қысқа мерзімді активтер үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан (өзінің нысаның өзгертіп) тұратын ауыспалы айналым жасайды.
Бірінші сатыдан кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын (айналым қорларын) сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым капиталы айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.
Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі –дайын өнімге (тауар нысананы) айналады.
Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір мезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады. Бір нәрсенің әрбір мезеті сатып алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнімдерді сатуды, қамтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай -әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.
Нарықтық экономикада ұйымдар арасында еңбек құралдарын сатып алу, өнімдерді сату, жалдамалы жұмыс күшінің еңбек ақысын төлеу бАЛАС LTDында «төлем құралы» ретінде ақша қаражаттары пайдаланылады. Есептесу екі нысанда жүргізіледі:
Банк жүйесі арқылы қолма – қол ақшасыз аудару жолымен;
Қолма – қол ақшамен төлеу түрінде.
Ақшаны басқару қаржылық нарықтық күрделілігіне байланысты күннен – күнге үлкен маңызға айнала бастады. Бәсекеге қабілеттілік ұйымның одан әрі дамуы үшін қажетті ақшаны жеткілікті деңгейде табуды талап етеді. Ақша есебін дұрыс ашып көрсету және ұйымның өтімділігін бағалау үшін өте қажет.
Ақша қаражаттары есебінің, тараптар арасында есеп айырысу кезіндегі орнының ерекше екенін айта отырып, «ақша» ұғымының экономикалық мәніне тоқтала кеткеніміз жөн
Ақша нарықтық экономикада ақша – несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру бағытында қолданылады.
Дебиторлық берешектер иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Дебиторлық берешек дегеніміз – иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Негізінен дебиторлық берешектер келесідей бөлімдерді қамтиды:
- сатып алушылар мен тапсырысшылардың дебиторлық берешегі
- еншілес ұйымдардың дебиторлық берешегі
- қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың дебиторлық берешегі
- филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің дебиторлық берешегі
- қызметкерлердің дебиторлық берешегі
- жалдау бойынша дебиторлық берешек
- алуға арналған сыйақылар
- өзге дебиторлық берешек
тауарлы – материалдық қорлар – бұл:
Шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар мен тетіктер, отын, ыдыс ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе тұрмыстар мен қызметтер үшін пайдалануға арнарған өзге материалдар;
Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар, қызметтер орындау;
Ұйымдардың қызметінде сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлдар түріндегі активтер.