- •1.Экономикалық талдаудың негіздері және оның теориялық танымына ғылыми тұрғыдан анықтама мен сипаттама беріңіздер.
- •3. Экономикалық талдаудың негіздерінің пәні мен объектілері, қызметтеріне толық анықтама беріңіздер.
- •4. Экономикалық талдаудың мақсаты мен басқа ғылымдармен байланысына теориялық негізде түсініктемелер жасаңыздар.
- •5.Экономикалық талдаудың түрлері және олардың сипаттамаларына ғылыми негізделген сипаттама беріңіздер.
- •6. Факторлық талдау түсінігі, мақсаты және типтеріне ғылыми негізделген экономикалық түсініктеме беріңіздер.
- •7.Экономикалық талдаудың факторларын жіктеу және жүйелеу тәртіптеріне сипаттама беріңіздер.
- •9. Резервтер түсінігі, экономикалық мәні және олардың жіктелуіне жан-жақты сипаттама көрсетіңіздер.
- •11.Ұзақ мерзімді активтердін мәні , түрлері оларды талдау
- •12. Қысқа мерзімді активтерінің мәні ,түрлері оларды талдау
- •13. Ұйымның балансының экономикалық маңызы , мазмұны,балансты желел талдауға тұжырымдама
- •14. Баланс өтімділігінің шарттары және олардың сипаттамасы
- •15. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
- •16. Ұйымның төлем қабілеттігін талдау.
- •17. Ұйымның төлем қабілеттігін анықтайтын негізгі көрсеткіштер
- •18. Активтерді (құралдары) пайда болу көздері мен мақсатты бағыттары бойынша саралау.
- •19. Меншікті капитал түсінігі құрамы оны орналастырылуын талдау
- •20. Міндеттемелер түсінігі құрамы талдау
- •21. Ұйымның қаржылық тұрақтылығы
- •21.Ұйымның қаржылық тұрақтылығының экномикалық мазмұны мен түсінігіне ғылыми негізделген анықтама беріңіз
- •22. Қаржылық жағдайды сараптайтын көрсеткіштер жүйесіне анықтама беріңіз
- •23. Несие қабілеттілігінің рөлі мен маңызын және сипаттамасын толық қарастырыңыз
- •24. Ұйымның табысын қалыптастырудың алғышарттарына ғылыми негізделген тұжырымдама беріңіз
- •25.Шаруашылық субъектісінің қаржылық нәтижесін көрсететін көрсеткіштер жүйесіне сипаттама беріңіз
- •26.Ұйымның іскерлік белсенділігінң экономикалық мазмұны және оны сипаттайтын негізгі көрсеткіштер жүйесі
- •27.Банкроттылық және оның пайда болу себептеріне экономикалық негізделген анықтамалар беріңіздер
- •28. Ұйымның жалпы табыстылығын талдау көрсеткіштеріне экономикалық дәйектелген түсініктемелерді қарастырыңыздар
- •29. Ұйымның іскерлік белсенділігін анықтайтын көрсеткіштер жүйесіне толық сипаттама беріңіздер
- •30.Кәсіпкерлік тәуекелділіктің мәні және жіктелуіне ғылыми тұрғыдан түсініктемелер беріңіздер
3. Экономикалық талдаудың негіздерінің пәні мен объектілері, қызметтеріне толық анықтама беріңіздер.
Экономикалық талдау пәнінің зертеу мәні болып экономикалық құбылыстардың және принциптердің себепті-салдарлы қатынастары табылады.
Экономикалық талдау объектілері ретінде шаруашылық қызметінің экономикалық нәтижелері есептелінеді. Өнеркәсіп кәсіпорында талдау объектілерін өнім өндіру мен өткізу, оның өзіндік құны, еңбек, материалдық, қаржы ресурстарын пайдалану, өндірістің қаржылық нәтижелері, кәсіпорынның қаржылық жағдайы. жатады.
Кәсіпорын қызметін экономикалық талдау мазмұны мен міндеттері оның атқаратын қызметтерімен айқындалады.
Біріншіден, талдау қызметтерінің бірі – экономикалық заңдардың іске асуын зерттеу, кәсіпорын жағдайында экономикалық процестермен құбылыстардың өсу қарқынын айқындаумен сипатталады.
Екіншіден, талдау қызметі болып ағымдағы және болашақтағы жоспарларды ғылыми негіздеу есептеледі.
Үшіншіден, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін анықтау.
Төртіншіден, жоспарды орындау барысы бойынша кәсіпорын қызметінің нәтижелерін бағалау.
Бесіншіден, шаруашылық қызмет процесінде айқындалған резервтерді пайдалану бойынша шаралар белгілеу.
Шаруашылық қызметін талдау жүргізуде келесі принциптерді басшылыққа алған жөн.
1) Экономикалық құбылыстар мен процестерді, шаруашылық жүргізудің нәтижелерін бағалауда талдау мемлекеттік әдіске негізделуі керек. Яғни, экономикалық өмірдің белгілі жақтарын бағалай отырып, олардың мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, халықаралық саясатқа және заңдылыққа сәйкестігін есепке алып отыруымыз қажет.
2) Талдау ғылыми сипатта жүргізілуі қажет, яғни өндіріс дамуында экономикалық заңдар талаптары ескерілуі қажет, ғылым-техникалық прогресс жетістіктерін, экономикалық зерттеулердің жаңа әдістерін пайдалану керек.
3) Талдау кешенді болуы қажет, яғни кәсіпорынның барлық процестерін қамтиды.
4) Талдау жасауда жүйелілікті қамтамасыз ету керек. Әрбір объектіні зерттеу оның ішкі және сыртқа қарым-қатынастарын ескере отырылып жүргізілуі қажет.
5) Шаруашылық қызметті талдау объективті, анық, дәл болуы керек. Ол тексерілген, нақты, объективті шындықты айқындайтын мәліметке негізделуі қажет, ал оның қорытындылары аналитикалық есептермен негізделуі тиіс.
6) Талдау кәсіпорын қызметіне, өндіріс нәтижелеріне өз әсерін тигізіп отыру қажет. Бұл жерде уақытылы жұмыстардың кемшіліктерін айқындалып, олармен кәсіпорын басшылығын таныстыру керек.
7) Талдау жоспар бойынша жүргізілуі тиіс әне талдаудың нәтижесі басқару шешімдерін қабылдауға, оларды іске асыруға ісер етуі тиіс.
4. Экономикалық талдаудың мақсаты мен басқа ғылымдармен байланысына теориялық негізде түсініктемелер жасаңыздар.
Шаруашылық қызметті талдаудың пайда болуы кез келген саланың пайда болуына қажет жалпыға бірдей объективті тәртіппен байланысты.
Біріншіден, бұл тәжірибелік қажеттілікті қанағаттандыру. Ол өндірістік күштердің дамуына, өндірістік күштердің жетілуіне, өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты пайда болды.Кішігірім кәсіпорындарда қолданылған интуитивті талдау, жобалық есептер үлкен өндірістік бірліктер шарттарында жеткіліксіз болып қалды. Жан-жақты жинақталған шаруашылық қызметті экономикалық талдаусыз күрделі экономикалық процестерді басқару мен оптималды шешімдер қабылдау мүмкін емес.
Екіншіден, бұл экономикалық ғылымның жалпы дамуымен байланысты. Кез келген ғылымның дамуымен оның салаларының дифференциациясы жүргізілетіні бәрімізге мәлім. Шаруашылық қызметтің экономикалық талдауы қоғамдық ғылымдардың дифференциациялануы нәтижесінде пайда болды. Бұрын экономикалық талдау қызметтері балансжүргізу, бухгалтерлік есеп, қаржы, статистика және тағы да басқа ғылымдар шегінде қарастырылатын. Бұл ғылымдар шегінде талдауды зерттеудің алғашқы қарапайым тәсілдері пайда болды. Бірақ, кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік дамуының ағымдағы және бесжылдық жоспарын негіздеу үшін кәсіпорын қызметін жан-жақты жалпы зерттеу қажеттілігі туындады. Жоғарыда аталып өткен ғылымдар тәжірибенің барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмады. Шаруашылық қызметті талдауды ғылымның бөлек жеке саласы ретінде көрсету қажеттілігі туындады. Осыдан соң, экономикалық талдаудың маңызы шаруашылық қызмет барысындағы қателердің бағасына сай өсіп отырды.Оған деген қызығушылық өсуде. Өндірісті зерттеу жалпылама талдаушылық көрініс тапты. Талдау кәсіпорын экономикасын басқарудағы маңызды құралға айналды, резервтерді тану өндірістік эффективтіліктің жоғарылауына әкеледі.
