
- •1.Экономикалық талдаудың негіздері және оның теориялық танымына ғылыми тұрғыдан анықтама мен сипаттама беріңіздер.
- •3. Экономикалық талдаудың негіздерінің пәні мен объектілері, қызметтеріне толық анықтама беріңіздер.
- •4. Экономикалық талдаудың мақсаты мен басқа ғылымдармен байланысына теориялық негізде түсініктемелер жасаңыздар.
- •5.Экономикалық талдаудың түрлері және олардың сипаттамаларына ғылыми негізделген сипаттама беріңіздер.
- •6. Факторлық талдау түсінігі, мақсаты және типтеріне ғылыми негізделген экономикалық түсініктеме беріңіздер.
- •7.Экономикалық талдаудың факторларын жіктеу және жүйелеу тәртіптеріне сипаттама беріңіздер.
- •9. Резервтер түсінігі, экономикалық мәні және олардың жіктелуіне жан-жақты сипаттама көрсетіңіздер.
- •11.Ұзақ мерзімді активтердін мәні , түрлері оларды талдау
- •12. Қысқа мерзімді активтерінің мәні ,түрлері оларды талдау
- •13. Ұйымның балансының экономикалық маңызы , мазмұны,балансты желел талдауға тұжырымдама
- •14. Баланс өтімділігінің шарттары және олардың сипаттамасы
- •15. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
- •16. Ұйымның төлем қабілеттігін талдау.
- •17. Ұйымның төлем қабілеттігін анықтайтын негізгі көрсеткіштер
- •18. Активтерді (құралдары) пайда болу көздері мен мақсатты бағыттары бойынша саралау.
- •19. Меншікті капитал түсінігі құрамы оны орналастырылуын талдау
- •20. Міндеттемелер түсінігі құрамы талдау
- •21. Ұйымның қаржылық тұрақтылығы
- •21.Ұйымның қаржылық тұрақтылығының экномикалық мазмұны мен түсінігіне ғылыми негізделген анықтама беріңіз
- •22. Қаржылық жағдайды сараптайтын көрсеткіштер жүйесіне анықтама беріңіз
- •23. Несие қабілеттілігінің рөлі мен маңызын және сипаттамасын толық қарастырыңыз
- •24. Ұйымның табысын қалыптастырудың алғышарттарына ғылыми негізделген тұжырымдама беріңіз
- •25.Шаруашылық субъектісінің қаржылық нәтижесін көрсететін көрсеткіштер жүйесіне сипаттама беріңіз
- •26.Ұйымның іскерлік белсенділігінң экономикалық мазмұны және оны сипаттайтын негізгі көрсеткіштер жүйесі
- •27.Банкроттылық және оның пайда болу себептеріне экономикалық негізделген анықтамалар беріңіздер
- •28. Ұйымның жалпы табыстылығын талдау көрсеткіштеріне экономикалық дәйектелген түсініктемелерді қарастырыңыздар
- •29. Ұйымның іскерлік белсенділігін анықтайтын көрсеткіштер жүйесіне толық сипаттама беріңіздер
- •30.Кәсіпкерлік тәуекелділіктің мәні және жіктелуіне ғылыми тұрғыдан түсініктемелер беріңіздер
11.Ұзақ мерзімді активтердін мәні , түрлері оларды талдау
Ұзақ мерзімді активтердін қатарына «негізгі құралдар» мен «материалдық емес активтер», «ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» және «ұзақ мерзімді инвестицияларды» жатқызуға болады. Осы ұзақ мерзімді активтерге қысқаша тоқталып келетін болсақ: өндірістік салаларда еңбек құралы ретінде ұзақ мерзімге (бір жылдан жоғары) қасиетін, қалпын жоймай сақтап пайдаланылатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға – қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеу аспаптары мен құралдар, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың програмалық құралдар, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал- саймандар, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатқызылады. Негізгі құралдар ұйымының материалды-техникалық жарақтану базасын құрудың негізін қалыптастырып, қызметіндегі жетекші бағыттарды іске асыруда маңызды рөл атқарады
- көп жылдық өсімдіктер — қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер). Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
- жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) — ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өңдеу, егіс даласын тастардан тазарту);
- басқа да негізгі құралдар — кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
Экономиканың даму мүмкіндігіне қарай шаруашылық жүргізуші ұйым мүлкіндегі материалдық емес активтердің маңызы мен үлесі арта түседі, ол техника мен технологиялардың дамуымен, ақпараттардың кеңінен таралуымен, экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты.
Материалды емес активтер деп - табиғи болмысы жоқ өндіріске немесе тауарларды (жұмысты, қызметті) сатып -өткізу операцияларына, әкімшілік мақсаттарға ұзақ уақыт (бір жылдан артық) пайдалануға басқа ұйымға жалға беруге арналған, айқындауға болатын, ұйым бақылау жүргізе алатын, сондай-ақ пайдаланудан ұйым келешекте экономикалық табыс күтетін ақшалай емес активтерді айтады.
Кәсіпорындағы материалдық емес активтердің қатарына лицензиялық келісімдер, бағдарламалық жабдықтар, патенттер, ұйымдастыру шығындары, гудвилл, сауда маркалары, авторлық құқықты жатқызуға болады.
«Ноу-Хау» деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы субьектіге табыс беретін жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады.
«Лицензиялық келісімдер». Ол белгілі бір заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші бір заңды тұлғаға беруі болып табылады. Ал бұл құқыққа ие болған кәсіпорын оның иесіне, яғни лицензиялық келісімдерді берушіге ол материалдық емес актив үшін тиісті белгіленіп келісілген мөлшерлерде қаржы төлейді немесе келісім бойынша басқа да міндеттерін орындайды.
«Программамен жабдықтау» деп аталатын түрі кәсіпорынның алдағы уақыттарда істелінетін жұмыстарына қатысты табыс әкелетін ақпараттармен мәліметтерді айтады.
«Патент» деп аталатын материалдық емес актив жеке адамның немесе топтың, сондай-ақ заңды тұлғаның ашқан, ойлап тапқан жаңалығын мемлекеттік тұрғыдан мойындап және ол жаңалықты ашқан адамға, топқа немесе заңды тұлғаға жаңалығын өз пайдасына (жұмысына, қызметіне) қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады. Сонымен қатар «Патент» — деп кәсіпкерліктің кейбір түрімен (саудамен, сатып алумен тағыда басқа) айналысу үшін берілген құқықты куәландыратын құжатты айтады. Кәсіпкер патентті алар уақытында патенттік (алымдар) баж төлеуі керек.
«Ұйымдастыру шығындарына» — кәсіпорынды жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған шығындар, яғни ұйымды тіркеуден өткізуге және оны тіркеуден өткізу үшін заң орындарына төленген төлемдер, банктерден есеп айырысу немесе валюталық, басқадай шоттар ашу үшін жұмсалған шығындар, жарнамалар үшін төленген төлемдер және басқа да жұмсалған шығындар жатқызылады.
«Гудвилл» деп аталатын түрі кейде «Фирма бағасы» — деп те атайды. «Гудвилл» немесе «фирма бағасы» МЕА шотында есептелініп және сонымен қатар ол бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынды толығымен, яғни түгелдей сатып алған кезде немесе екі кәсіпорын қосылған уақытта ғана пайда болады. «Фирма бағасы» болып сатылып алынған кәсіпорынның нақты нарықтық (сатып алынған) бағасымен оның барлық активтерінің баланстық құны арасындағы айырмасы есептелінеді. Егерде сатылып алынған ұйымның барлық активтерінің сатылып алынған құны олардың баланстық құнынан артық болса, онда құндар арасындағы айырмашылық «жағымды гудвилл», ал кем болған жағдайда «жағымсыз гудвилл» деп аталады.
Баланста «Ұзақ мерзімді активтерге» жатқызылған дебиторлық борыштар мынадай баптар бойынша көрсетіледі:
- алынуға арналған есептеулер;
- алынған вексельдер;
- негізгі серіктестіктер мен еншілес серіктестіктердің арасындағы ішкі топтардың операциялары бойынша борыштары;
- акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларының борыштары;
- өзге де дебиторлық борыштар.
Инвестициялар - бұл активтердің бір түрі, инвестицияланған капиталдың өсуін немесе басқадай табыс табу мақсатымен ұйым ие болған обьектілер.
Ұзақ мерзімді активтердің манызды бөлімінің бірі - инвестициялар деп мемлекетіміздің ішіндегі және шетелдегі экономиканың салаларына күрделі қаржы түрінде табыс алу мақсатында салынып, жұмысалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Бухгалтерлік есептің №2 стандартына сәйкес бухгалтерлік есеп «WASABI»-ында қысқа мерзімді активтердің қатарына жататын инвестициалар бірнеше баптарға топталады:
- еншілес ұйымдарға инвестициялар;
- тәуелді ұйымдарға инвестициялар;
- басқа да инвестициялар;