
- •1.Экономикалық талдаудың негіздері және оның теориялық танымына ғылыми тұрғыдан анықтама мен сипаттама беріңіздер.
- •3. Экономикалық талдаудың негіздерінің пәні мен объектілері, қызметтеріне толық анықтама беріңіздер.
- •4. Экономикалық талдаудың мақсаты мен басқа ғылымдармен байланысына теориялық негізде түсініктемелер жасаңыздар.
- •5.Экономикалық талдаудың түрлері және олардың сипаттамаларына ғылыми негізделген сипаттама беріңіздер.
- •6. Факторлық талдау түсінігі, мақсаты және типтеріне ғылыми негізделген экономикалық түсініктеме беріңіздер.
- •7.Экономикалық талдаудың факторларын жіктеу және жүйелеу тәртіптеріне сипаттама беріңіздер.
- •9. Резервтер түсінігі, экономикалық мәні және олардың жіктелуіне жан-жақты сипаттама көрсетіңіздер.
- •11.Ұзақ мерзімді активтердін мәні , түрлері оларды талдау
- •12. Қысқа мерзімді активтерінің мәні ,түрлері оларды талдау
- •13. Ұйымның балансының экономикалық маңызы , мазмұны,балансты желел талдауға тұжырымдама
- •14. Баланс өтімділігінің шарттары және олардың сипаттамасы
- •15. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
- •16. Ұйымның төлем қабілеттігін талдау.
- •17. Ұйымның төлем қабілеттігін анықтайтын негізгі көрсеткіштер
- •18. Активтерді (құралдары) пайда болу көздері мен мақсатты бағыттары бойынша саралау.
- •19. Меншікті капитал түсінігі құрамы оны орналастырылуын талдау
- •20. Міндеттемелер түсінігі құрамы талдау
- •21. Ұйымның қаржылық тұрақтылығы
- •21.Ұйымның қаржылық тұрақтылығының экномикалық мазмұны мен түсінігіне ғылыми негізделген анықтама беріңіз
- •22. Қаржылық жағдайды сараптайтын көрсеткіштер жүйесіне анықтама беріңіз
- •23. Несие қабілеттілігінің рөлі мен маңызын және сипаттамасын толық қарастырыңыз
- •24. Ұйымның табысын қалыптастырудың алғышарттарына ғылыми негізделген тұжырымдама беріңіз
- •25.Шаруашылық субъектісінің қаржылық нәтижесін көрсететін көрсеткіштер жүйесіне сипаттама беріңіз
- •26.Ұйымның іскерлік белсенділігінң экономикалық мазмұны және оны сипаттайтын негізгі көрсеткіштер жүйесі
- •27.Банкроттылық және оның пайда болу себептеріне экономикалық негізделген анықтамалар беріңіздер
- •28. Ұйымның жалпы табыстылығын талдау көрсеткіштеріне экономикалық дәйектелген түсініктемелерді қарастырыңыздар
- •29. Ұйымның іскерлік белсенділігін анықтайтын көрсеткіштер жүйесіне толық сипаттама беріңіздер
- •30.Кәсіпкерлік тәуекелділіктің мәні және жіктелуіне ғылыми тұрғыдан түсініктемелер беріңіздер
9. Резервтер түсінігі, экономикалық мәні және олардың жіктелуіне жан-жақты сипаттама көрсетіңіздер.
«Резерв» сөзі француздың «reserve», орыс тіліне аударғанда «қор» деген ұғымды білдіретін сөзінен немесе латынның «reservere» - «қорғау», «сақтау» ұғымын білдіретін сөзінен шыққан. Осыған байланысты арнайы мамандандырылған әдебиеттерде және шаруашылық қызметті талдау тәжірибесінде «резервтер» терминінің екі мағынасы қолданылады. Біріншіден, резервтер кәсіпорынның үздіксіз қызмет атқаруына қажетті ресурстардың қоры болып табылады (шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, жанармай және т.б.). Олар қосымша қажетті болады деген мөлшерде шығарылады. Екіншіден, резервтер өндіріс тиімділігін жоғарылатын мүмкіндіктер болып саналады. Осыдан резервтерді қорлар ретінде және өндіріс тиімділігін жоғарылатын мүмкіндіктер ретінде, яғни екі әр түрлі ұғым ретінде қабылдауға болады және екі ұғым арасын дұрыс бөлмеу терминологиялық жаңылуға әкеледі.
Әрі қарай осындай қатені жібермеу үшін «резервтік қорлар» терминін материалдық ресурстардың қоры ретінде және «шаруашылық резервтер» терминін ҒТР жетістіктерін қолдану негізінде өндірістің дамуы ретінде қолданамыз.
Резервтердің экономикалық мәні және ерекшелігі жалпы уақытты үнемдеу заңдылығына негізделініп, түсіндіріледі. Қоғамдық көзқараспен қарасақ уақытты үнемдеу заттай және натуралды еңбек шығындарының азаюына негізделеді, яғни материалдық және еңбек ресурстарының тиімді қолданылуы.
Сонымен, өндіріс тиімділігін арттыру резервтерінің экономикалық мәні – өнім бірлігіне шаққанда еңбек шығынының ең аз мөлшерін қолдана отырып үлкен көлемде және жоғары сапалы өнімді алу мүмкіндігінің толық және дұрыс пайдаланылуы. Толық анықталуы, қолданылуы және түсініктірек болуы үшін шаруашылық резервтері әр түрлі ерекшеліктеріне байланысты жіктеледі.
Кеңістіктік сипаттамаларына қарай резервтерді ішкішаруашылықтық, салалық, аймақтық және жалпы мемлекеттік деп бөледі. Ішкішаруашылықтық резервке тек қана талдау жүргізіліп жатқан кәсіпорында ғана қолданыла алатын резервтер жатады. Бұл ресурстар қорының өндіріске жарамайтындығына және жоғалуына байланысты. Салалық резервтер – бір сала деңгейінде ғана анықталуы мүмкін резервтер, мысалы, жануарлардың жаңа түрін өсіру, құрал-жабдықтарды жетілдіру, жаңа технологиялар және т.б. Осындай резервтерді іздестіру арнайы салалық ұйымдастықтардың, министрліктердің, ассоциациялардың міндеті болып табылады. Аймақтық резервтер – географиялық аймақтар шегінде қолданылатын және анқыталатын резервтер (басқарылу орындарына қарамастан жергілікті шикізат пен жанармайды, энергетикалық ресурстарды, көмекші өндірісті орталықтандыруды қолдану).
Жалпы мемлекеттік резервтер - өндірістің әр түрлі салаларының дамуының теңдігін қалыптастыру, меншік нысандарының ауысуы, ұлттық экономиканы басқару жүйесінің өзгеруін жатқызуға болады. Мұндай резервтерді қолдану тек жалпы мемлекеттік деңгейде жүргізіледі. Уақыт сипатына қарай резервтер қолданылмаған, ағымдағы және болашақтағы болып бөлінеді. Қолданылмаған резервтер – өтіп кеткен уақыт аралықтарындағы жоспар және ғылым мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерге байланысты өндіріс тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін жоғалту. Ағымдағы резервтер – шаруашылық қызмет нәтижелері деңгейінің жоғарылау мүмкіндіктері, мұнда жақын арада орын ала алатын қызмет (ай, тоқса, жыл). Болашақтағы резервтер – ұзақ уақытқа есептеледі. Оларды қолдану елеулі капитал салымдарына, ҒТР жетістіктерінің енгізілуіне, өндірісті қайта құруға, өндіріс технологияларының ауыстырылуына, мамандануына байланысты.
Резервтерді анықтау үшін өнімнің өмірлік циклі кезеңдері маңызды орын алады. Сондықтан резервтерді өндіру алдындағы кезең, өндірістік, өнімнің пайдаланым және жойылу кезеңдері деп бөледі.
Өндіру алдындағы кезеңде өнімнің қажеттілігі, өнімнің құралуы, өндірілу технологиясы және өндіруге дайындығы анықталады. Мұнда өнімнің құралымының жақсаруы арқылы өндірісі тиімділігін арттыру резерві анықталуы мүкін. Осы кезеңде өнімнің өзіндік құнының төмендеу резервтері сақталады. Осының барлығы кезеңде қаншалықты толығырақ анықталған болса, соншалықты өнімнің тиімділігі артады.
Өндірістік кезеңде жаңа өнімді игеру, жаңа технология және содан соң өнімнің жаппай өндірісі басталады. Бұл кезеңде өндірісті жалғастыру үшін қажетті құрал-жабдықтар алынып, өндіріс жүйесі қалпына келтірілгендіктен резервтер көлемі төмендейді.
Пайдаланым кезеңі кепілдендірілген кезеңге, яғни орындаушы тұтынушымен анықталған ақауларды жоюы керек және кепілдендірілгеннен кейінгі кезеңге бөлінеді. Объекттің пайдаланым кезеңінде шығындарды азайту резерві (электроэнергияны, жанармайды, жабдықтарды үнемдеу) екі алдыңғы кезеңдерде атқарылған қызметтің сапасына тікелей байлаынсты.
Қайта өндірілу сатысында резервтер өндіріс және айналым саласындағы болып бөлінеді. Әдетте, негізгі резервтер өндіріс саласында орналасады, бірақ айналым саласында да (өндірістен тұтынушыға дейін жеткенше туындаған шығындардың алдын алу, сонымен қатар дайын өнімді сақтау, тасымалдау, сатумен байланысты шығындарды азайту және өндірістік қорларды сатып алу) резервтер бар.
Шаруашылық қызметті талдауда резервтердің ресурстар түрлері бойынша топталуы маңызды болып табылады. Мұнда жер телімдерінің, өндірістің негізгі құралдарының, еңбек құралдары мен еңбек ресурстарының тиімдірек және толық қолданылуымен байланысты жеке резервтер қарастырылады. Резервтердің мұндай жіктелімі ресурстардың барлық түрлері арасындағы теңдікті сақтау үшін керек. Мысалы, еңбек ресурстарының тиімді қолдану арқылы өнім өндірісінің көлемін ұлғайту резерві анықталды. Бірақ оларды игеру үшін еңбек құралдарының толығырақ қолданылуы арқылы өнім өндірісі көлемінің жоғарылау резервінің сол мөлшерін анықтау қажет. Егер де қандай да бір ресурс түрінің резерві жеткіліксіз болса, онда солардың біреуінің ең төменгі резерв мөлшері есепке алынады.
Әсер ету сипатына қарай резервтер экстенсивті және интенсивті болып бөлінеді. Экстенсивті сипаттағы резервтерке өндірісте қосымша қолданылатын ресурстар жатады (материалдық, еңбек, жер ресурстары). Интенсивті резервтерге нақты бар өндірістік мүмкіншіліктердің толық және тиімді қолданылуымен байланысты резервтер жатады. ҒТР жеделдеуімен өсудің экстенсивті факторларымен байланысты резервтердің маңызы төмендеуде, сонымен қатар өндірістің интенсивтілігі резервтерін анықтау күшеюде.
Шығын сыйымдылығы мен оларды игеру деңгейінің резервтерін топтастыру аталып кеткен жіктеліммен тығыз байланысты. Мұнда резервтердің үш тобын қарастыруға болады. Дайын өнім мен шикізат шығынын төмендету резервтердің игерілу деңгейінің төменділігін талап етеді. Екінші топ резервтерін қолдану шығындарды көбірек талап етеді, себебі ол өндірісті түпкілікті өзгертпей-ақ ғылым мен алдыңғы қатарлы тәжірибенің енгізілуімен байланысты. Резервтердің үшінші тобы ҒТР жетістіктерін пайдалана отырып өндірістің техникалық қамтамасыз етілуімен байланысты.
Айқындалу сипатына қарай резервтер жасырын және анық болып бөлінеді. Анық резервтерге бухгалтерлік есеп ақпараты арқылы оңай анықталатын резервтер жатады. Ал анық резервтердің өзі шартты және шартсыз болып бөлінеді. Шартсыз резервтер – есептілікте көрініс тапқан жұмыс уақыты мен шикізатқа кеткен шартсыз шығындарының болмауы.
Шартты шығындарға кәсіпорында ресурстарды қолдану бекітілген талаптардан ауытқыған жағдайда туындайды. Егер бірлік өнімге шаққанда ресурстардың шығындалу көлемін арттырса, онда ресурстарды шектен тыс қолдану төмендеп, үнемделуі мүмкін. Егер бекітілген нормаларды оптималды деп ұйғарсақ, онда есептілікте көрсетілетін шартты шығындар кәсіпорынның нақты ұйымдастырушылық-техникалық деңгейі жоспарланған деңгейге жетпегенін дәлелдейді..
Жасырын резервтерге жоспарға сай ҒТР жетістіктерін және алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізумен байланысты резервтер жатады. Ол үшін салыстырмалы ішкішаруашылық талдау (алдыңғы қатардағы бөлімдер, бригадалар, қызметкерлердің жетістіктерімен), шаруашылықаралық (алдыңғы қатардағы кәсіпорындар жетістіктерімен), кейбір жадайларда халықаралық салыстырулар жасау қажет. Аталған резервтер есептілікте көрсетілмесе де, осы резервтерді анықтаудың кешіктірілуі елеулі шығындарға әкеледі.
Резервтердің жіктелуінің маңызды сипаты болып құралу уақыты табылады. Бұл сипаты бойынша резервтер жоспардың жасалуы барысында есепке алынбаған резервтер және жоспардың құрылуынан кейін анықталған резервтер болып бөлінеді. Резервтің бірінші түрі – жоспардың жетілдірілу кезінде өндірістің тиімділігін арттыру мүмкіншіліктерін жоғалту, бірақ есепке алынбаған. Резервтің басқа түрі – жоспардың құрылуынан кейін анықталған мүмкіндіктер. Мұндай резервтердің анықталуы ҒТР жетілу шапшаңдығымен, жаңа шешімдердің пайда болуымен, жаңа мүмкіндіктердің пайда болуымен байланысты.
10. Резервтерді есептеу және ізденістерді ұйымдастыру принциптеріне толық деңгейде сипаттама беріңіздер.
«Резерв» сөзі француздың «reserve», орыс тіліне аударғанда «қор» деген ұғымды білдіретін сөзінен немесе латынның «reservere» - «қорғау», «сақтау» ұғымын білдіретін сөзінен шыққан.
Резервтер мөлшерінің есептеу әдістері мен негізделуі. Анықталған резервтердің мөлшері нақты болу үшін резерв есептелінуі мүмкіндігінше нақты және негізделген болуы керек. Резервтерді есептеу әдістері резервтердің сипатына қарай (интенсивті және экстенсивті), оларды анықтау әдістері ( нақты немесе жасырын) және олардың мөлшерін анықтау әдістері формалды немесе формалды емес екеніне тәуелді болады. Формалды әдісінде резервтер мөлшері оларды меңгеруімен байланысты нақты шаралармен байланыссыз анықталады. Формалды емес әдісі нақты ұйымдастырушылық техникалық шараларға негізделеді.
Шаруашылық қызметті талдауда резервтер мөлшерлерін есептеу үшін бірқатар әдістер қолданылады: тура есептеу, салыстыру, детерминалды факторлық талдау, функционалды - бағалық талдау, математикалық программалау және т.б.
Тура есептеу әдісі-ресурстардың қосымша керекті мөлшері немесе олардың жоғалту мөлшері белгілі болған кезде резервтерді есептеу үшін қолданылады. Өнім шығаруының арту мүмкіндігі (Р↑ВП) келесі түрде анықталады: ресурстардың қосымша көлемі немесе кәсіпорынның кесірінен пайда болған ресурстардың жоғалту мөлшері бір өнім бірлігіне шаққандағы жоспарлы немесе шығысының мүмкін нормасына бөлінеді, немесе жоспарлы ресурсқайтарымына көбейтіледі.
Р↑ВП=ДR/УРм немесе Р↑ВП=ДR*RAм
Осы әдісті қолдана отырып еңбек ресурстар көлемін, негізгі өндіріс қорларын және т.б.-ды қосымша пайдалану есебінен өнімнің шығуының арту резервін есептеуге болады. Қосымша еңбек ресурстар көлемін пайдалану есебінен өнімнің шығуының арту резервін есептеу үшін оның көлемін осы кәсіпорынның жұмысшылар еңбегінің өндірісінің жоспарлы деңгейіне көбейту керек, ал негізгі өндіріс қорлар есебінен олардың өсуін қорқайтарылымының жоспарлы деңгейіне көбейту керек.
Шаруашылық қызметті талдауда резерв көлемін анықтау үшін детерминалдық факторлық талдау әдісі кезіңен пайдаланылады: абсолютты айырмашылық, салыстырмалы айырмашылық және интегралдық тәсіл.
Корреляциялық талдаудың нәтижелері шаруашылық резервтерді есептеу үшін кеңінен қолданылады. Бұл үшін шыққан регрессия теңдеуінің коэффициенттері нақты көрсеткіштерінің мүмкін болатын өсуіне көбейтіледі:
Р↑Ү =P↑Xi*bi
Мұндағы Р↑Ү- нәтижелі көрсеткіштің арту резерві (Ү)
Р↑Хi- нақты көрсеткіштің өсіңкілігі резерві (Х)
bi- байланыс теңдеуінің регрессия коэффициенті.
Сонымен, резервтердің жіктелуі олардың бағыты мен мәнін түсінуге, және де анықталуын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Резервтерді анықтау барысында келесі принциптерді негізге алу керек:
Резервтерді анықтау ғылыми сипатта болу керек, яғни материалистикалық диалектіге, экономика заңдарының біліміне, ғылыми жетістіктерге және алдыңғы қатарлы тәжірибеге сүйенуі қажет. Сонымен қатар, шаруашылық резервтерінің экономикалық мәні мен табиғатын, көздерін және анықталу бағыттарын, есебінің әдістемесін жетік білу керек,
Резервтерді анықтау кешенді және жүйелі болуы тиіс. Кешенді әдіс шаруашылық қызметтің барлық бағыттарында резервтердің анықталуы және жалпылануы білдіреді. Жүйелі әдіс резервтерді анықтау және зерттелетін құбылыстардың байланысының есебін қолдана отырып резервтерді жалпылау. Бір жағынан, бұл резервтерді анықтауға мүмкіндік береді, екінші жағынан, қайтадан есепке алынуынан қорғайды.
Қайтадан есепке алынуынан қорғау принципі алдыңғы принциптен туындайды. Шаруашылық қызметтің нәтижесі тәуелді әр түрлі факторлардың әсері есепке алмай жалпылама резервтердің қайтадан есепке алынуы.