Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭТН zhap zhana 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.4 Кб
Скачать

6. Факторлық талдау түсінігі, мақсаты және типтеріне ғылыми негізделген экономикалық түсініктеме беріңіздер.

Кәсіпорынның шаруашылылық қызметінің барлық құбылыстары мен процесстері арақатынаста, өзара тәуекелділікте және шарттылықта болады. Олардың біреуі тікелей өзара байланысты, басқалары – жанама. Мысалы, жалпы өнім көлеміне жұмысшылар саны және олардың жұмыс өнімділігінің деңгейі сияқты факторлар тікелей әсер етеді. Басқа факторлар бұл көрсеткішке жанама әсер етеді.

Әр құбылысты себеп және нәтиже ретінде қарастыруға болады. Мысалы, еңбек өңімділігін бір жағынан өндіріс көлемінің, оның өзіндік құны деңгейінің өзгеруі себебі ретінде, ал екінші жағынан - өндіріс механизациясы мен автоматизациясының деңгейінің өзгерісі, еңбектің ұйымдастырылуының жетлдірілуі және т.б. ретінде қарастыруға болады.

Әр нәтижелі көрсеткіш көп санды және әр түрлі факторларға тәуелді болады. Нәтижелі көрсеткіш көлеміне факторлардың әсер етуі бөлшекті түрде зерттелсе, соғұрлым талдау нәтижесі мен кәсіпорынның жұмыс сапасының бағасы нақтырақ болады. Бұдан шаруашылық қызмет талдауындағы маңызды әдіснамалық мәселе болып зерттелетін экономикалық көрсеткіштердің көлеміне факторлардың әсерін зерттеу және өлшеу болып табылады. Факторларды терең және әр жақты зерттеуінсіз қызмет нәтижесі жөнінде негізделген шешім, өндіріс резервін анықтауға, жоспарды және басқарушылық шешімдерді негіздеу мүмкін болмайды.

Факторлық талдау ретінде факторлардың нәтижелі көрсеткіштер көлеміне әсерін өлшеу мен кешенді және жүйелі зерттеудің әдіснамасы түсініледі. Факторлық талдаудың келесідей түрлерін бір-бірінен ажыратады:

- детерминантталған (функционалды) және стохастикалық (корреляциялық);

- тура (дедуктивті) және кері (индуктивті);

- бір сатылы және көп сатылы:

- статикалық және өсіңкілі;

- ретроспективті және перспективті (болжамды).

Детерминантталған факторлық талдау ретінде факторлардың әсерін зерттеу әдіснамасы түсініледі, нәтижелі көрсеткішпен байланысы функционалды болады, яғни көрсеткіш факторлардың қосындысының жеке немесе алгебралық туындысы ретінде көрінуі мүмкін.

Стохастикалық талдау фактоларды зерттеу әдіснамасы ретінде нәтижелі көрсеткіштер олардың байланысы функционалдыдан қарағанда толық емес ықтималды (корреляциялы) болады. Егер функционалды (толық) тәуелділікте аргументтің өзгерісінен үнемі функцияның сәйкес өзгеруі болса, онда корреляциялы байланыста аргументтің өзгеруі функцияның өсуі бірнеше мән беруі мүмкін басқа бұл көрсеткішті анықтайтын факторлар үйлесуіне тәуелді.

Тура факторлы талдау кезінде зерттеу дедуктивті тәсілмен жүргізіледі – жалпыдан жекеге. Кері факторлы талдау логикалық индукция тәсілімен себепті –нәтижелі байланыс зерттеуін іске асырады – жеке, бөлек факторлардан жалпыламаға.

Факторлық талдау бір сатылы және көп сатылы болуы мүмкін. Бірінші түрі бағынудың бір деңгейіндегі бір саты факторларын зерттеу қолданылады, олардың құрама бөлімдерін бөлшектеусіз

Және де статискалық және өсіңкілі (динамикалық) факторлық талдауды бір-бірінен ажырату қажет. Бірінші түр нәтижелі көрсеткіштер және сәйкес күнге факторлардың әсерін зерттеу кезінде қолданылады. Басқа түрі өсіңкілктегі байланыстың себепті-нәтижелі зерттеу әдіснамасын көрсетеді.

Сонымен қатар, факторлық талдау ретроспективті және перспективті болуы мүмкін. Ретроспективті өткен кезеңдегі нәтижелі көрсеткіштердің өсу себебін зерттесе, перспективті болжамдағы факторлар мен нәтижелі көрсеткіштің тәртібін зерттейді.

Факторлық талдаудың негізгі міндеттері:

1. Зерттелетін нәтижелі көрсеткішті анықтайтын факторларды іріктеу.

2. Жүйелі түрде келу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында оларды жіктеу және жүйелеу.

3. Факторлар мен нәтижелі көрсеткіштер арасындағы байланыс формаларын анықтау.

4. Нәтижелік және факторлық көрсеткіштер арасындағы өзара байланысты модельдеу.

5. Әсер ету факторларын есептеу және олардың әрқайсысының нәтижелі көрсеткіш көлемі өзгергендегі рөлін бағалау.

6. Факторлық модельмен жұмыс (экономикалық процесстерді басқару үшін оны үнемді пайдалану).

Факторлық талдаудың басты әдіснамалық мәселесі болып факторлар мен нәтижелі көрсеткіштер арасындағы тәуелділік формасын анықтау болып табылады: ол функционалды немесе стохастикалық па, тура немесе кері, түзу сызықты немесе қисық сызықты ма екендігі. Мұнда теориялық және практикалық тәжірибесі, сонымен қатар параллельді және өсіңкілік қатарлар, берілген ақпараттардың аналитикалық топтастыруларын теңестіру тәсілдері қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]