Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭТН zhap zhana 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.4 Кб
Скачать

27.Банкроттылық және оның пайда болу себептеріне экономикалық негізделген анықтамалар беріңіздер

Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының “Банкроттық туралы” 07.04.95 жылы № 2173 Заңына сәйкес қарызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тысқорларға міндетті төлемдерді қамтамассыз ете алмау жатады. Басқаша айтқанда , шаруашылық субьектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанғысыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.

Баланстың қанағаттанғысыз құрылым борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың алдында мүлік есебінен міндеттемелердің дәл уақытында төленбеуі жағдайы тұрған кезде болуы мүмкін. Бұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы соммасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.

Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.

Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде ,оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі механизмі қалыптасқан.

Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:

*банкроттықты құқықтық реттеу;

*кәсіпорынның банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға шешім қабылдау *процестерінің нормативтік - әдістемелік , экономикалық , ұйымдық қамтамассыз етілуі;

*перспективалы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында , төлем қабілеті жоқ *кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;

*қайта құру және жою шараларын қаржыландыру;

*банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;

*кең ауқымды қоғам үшін банкроттар жайында ақпараттардың жариялылығын қамтамасыз ету, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындардың тізімін жүргізу.

Қазақстан Республикасы жағдайында банкроттық механизмінің номативті- құқықтық базасы ретінде әдебиеттер тізімінде көрсетілген құжаттар пайдаланылады.

Қазіргі экономика ғылымының өз қарауында қаржылық көрсеткіштерді болжаудың әр түрлі әдістері мен тәсілдері бар. Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың 4 негізгі тәсілін қарастырамыз:

а) несие беру қабілеттілігі индексінің есебі;

ә) формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану;

б) төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау;

в) қаржылық ағымның құйылуын талдау ;

28. Ұйымның жалпы табыстылығын талдау көрсеткіштеріне экономикалық дәйектелген түсініктемелерді қарастырыңыздар

Табыс есебінен, сондай – ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.

Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттері:

Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;

Таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;

Табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;

Табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;

Табыстың өсу резервтерін анықтау;

Кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;

Табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларын зерттеу.

Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштері:

1.Өнім өткізуден, қызмет көрсетуден түскен түсім

2.Өнімнің өзіндік құны

3.Жалпы табыс

4.Кезең шығындары(кірістер)

5.Негізгі емес қызметтен кірістер(шығыстар)

6.Салық салуға дейінгі табыс

7.Корпоративтік табыс салығы

8.Салық салудан кейінгі табыс

9.Үлестік қатысудан шығындар (кірістер)

10.Таза пайда

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]