Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭТН zhap zhana 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.4 Кб
Скачать

25.Шаруашылық субъектісінің қаржылық нәтижесін көрсететін көрсеткіштер жүйесіне сипаттама беріңіз

Шаруашылық субъектілерінің қызметін зерттеуде қаржы нәтижелері есебі өте маңызды рөл атқарады. Себебі, ол қолданушылардың өз қызметіне экономикалық шешім қабылдауы үшін үлкен көмегін тигізеді.Қаржылық нәтижелер көрсеткіштері кәсіпорынның шаруашылық жүргізуінің абсолюттік тиімділігін сипаттайды. Олардың ішінде ең негізгілері болып кәсіпорын экономикасының дамуының негізін құрайтын пайданың көрсеткіштері табылады. Пайданың өсуі өз-өзін қаржыландыру, өндірісті кеңейту, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін және жұмысшылардың материалдық қажеттіліктері үшін қаржылық базаны қлыптастырады. Пайданың есебінен бюджет, банктер және басқа да кәсіпорындар мен ұыймдар алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігі өтеледі. Осылайша пайданың көрсеткіштері кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің бағалауындғы ең негізгілері болып табылады. Олар оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық жағдайының деңгейін сипаттайды.

Сонымен қатар, қаржылық нәтижені есептеу мен талдау арқылы ұйымдардың ресурстық базасын қалыптастыру жөніндегі мүмкіндігін және түсетін ақша ағынын болжауға да болады. Кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі бұл өнімді (атқарылған жұмыс,көрсетілген қызмет) өткізуден және басқа да өткізулерден болған нәтижелер сомасы ретінде сонымен қатар жүзеге асырылмаған операциялардан болған табыстар мен шығыстар сальдосы ретінде көрінетін баланстық пайда немесе шығын болғандықтан құжат талдаушы адамға бұл кәсіпорын табыс немесе (шығын) зиян әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға беруде негізгі көрсеткіш. Қаржылық нәтижелердің көрсеткіштері кәсіпорын шаруашылығының барлық бағыттары (өндірістік, коммерциялық, қаржылық немесе кеңес беру) үшін өте маңызды болғандықтан кез-келген қаржылық ақпаратты қолданушылар үшін ең алдымен қажет ақпарат кәсіпорынның жыл сайынғы қаржылық нәтижесі.

26.Ұйымның іскерлік белсенділігінң экономикалық мазмұны және оны сипаттайтын негізгі көрсеткіштер жүйесі

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.

Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді.

Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгендігін көрсетеді.

Негізгі құралдардың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Ол сатудан түскен табысты (ақшаны) қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың орташа шамасына бөлу арқылы есептейді.

Меншік капиталдың айналымдылық коэффициенті. Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды;

Ағымдағы активтер (мобильдік қаражат) немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті. Ол өнім сатудан түскен (ақша) табысыың (жұмыс, қызмет көрсету) ағымдағы активтердің орташа шамасына қатынасымен анықталады:

Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды.

Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті. Бұл көрсеткіш өнімді сатудан түскен (жұмыс, қызмет көрсету) табыстың (ақша) кезеңдегі, дайын өнімнің орташа шамасына қатынасымен анықталады.

Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен анықталады.

Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен есептеледі.

Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті. Кәсіпорынның ырғақты қызмет етуі үшін ақша қаражаты қозғалысының жылдамдығының ерекше маңызы бар. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ойдағыдай болуының негізгі шарттарының бірі, оның ағымдағы міндеттемелерін жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражатының құйылуы болып табылады. Демек, бұндай аса қажет ақша қаражаты қорының болмауы кәсіпорынның қаржылық қиыншылығы бар екендігін куәландырады.

Инвестицияланған капиталдың айналымдылығы. Инвестицияланған капиталдың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның өзінің дамуына салған инвестицияны қоса есептегенде, оның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестицияларының айналым жылдамдығын көрсетеді.

Істегі капиталдың айналымдылығы алымында – сатудан түскен табыс (ақша), бөлімінде – кезеңдегі істегі капиталдың орташа шамасы келтірілген.

Перманенттік капиталдың айналым жылдамдығын сатудан түскен табысты кезеңдегі перманенттік капиталдың орташа шамасына бөлу жолымен алынған коэффициент анықтайды.

Іскерлік белсенділік индексі айналым капиталын басқару өрісінде, кезеңдегі кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайды. Ол талдау процесіндегі істегі капитал айналымдылығы мағынасын негізгі қызметтің табыстылығына (рентабельділігі) көбейту арқылы есептеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]