Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭТН zhap zhana 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.4 Кб
Скачать

21. Ұйымның қаржылық тұрақтылығы

Қазіргі уақытта нарықта өмір сүру үшін және бәсеке қабілеттілігін сақтау үшін барлық кәсіпорындар өздерінің шаруашылық қызметіне өзгерістер енгізіп отыруы қажет. Дағдарысқа қарсы басқару стратегиясы кәсіпорын сыртқы орта өзгерістеріне (алдын-ала белгісіз, ретсіз және жиі пайда болатын өзгерістер) қалай қарсы тұратындығын, қандай алдын-алу шаралары арқылы өзінің өмір сүру қабілеттілігін сақтауға болатындығын және белгіленген мақсаттарға жету жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорындағы қаржылық тұрақсыздық - келешек болашағына әсер ететін ең қауіпті дағдарыс түрі. Қаржылық тұрақсыздық дағдарысқа әкелетін бастапқы қадам болып табылады: техникалық, психологиялық, абырой дағдарысы және т.б. Сондықтан, әсіресе қаржылық тұқтылық терең зерттеуді қажет етеді.

Қаржылық тұрақтылықтың ішкі келесі белгілермен танылады: ақшалай ресурстардың жеткіліксіздігі, өндірістің қысқаруы, несиелік берешектің артуы, қызметкерлердің көңіл толмауы және басқа да факторлар.

Қаржылық тұрақтылықтың дамуының сыртқы факторлары

Фактор

Көрінуі

Мүмкін салдары

Ұлттық экономика жағдайы

Үкімет экономикалық саясаттың нашарлауын салықты, ақша массасының қозғалысын, банктік пайыз мөлшерлемесін реттеу арқылы білдірмеуге тырысады

Салық салу жүйесінің қатаңдауы, несиенің қымбаттауы, шығындардың өсуі.

Саяси факторлар

Мемлекеттің шектеу немесе болдырмау сипатындағы қәсіпкерлік қызметке көзқарасы; Үкімет қызметінің тұрақсыздығы, т.б.

Инвестициялық климаттың нашарлауы, елден капиталды шығару.

Құқықтық факторлар

Жеткіліксіз антимонополиялық реттеу, сыртқы экономикалық қызметті шектеулі реттеу, құқықтық базаның дамымағандығы.

Өнім бағасының көтерілуі есебінен монополист-кәсіпорынның табысының жоғарылауы; өндірістің төмендеуі; қажетті құқықтық базаның болмауы; сыртқы нарыққа шығу қиыдықтары.

Әлеуметтік факторлар

Әдет-ғұрыптар, өмірлік құндылықтар, әкімшілік-жоспарлы экономиканың менталитеті, қаржыны басқару дағдыларының болмауы, мәдениеттіліктің төмен деңгейі.

Парақорлық, қылмыскерлік.

Технологиялық факторлар

Мемлекеттің ғылым мен техникаға төмен шығындалуы; төмен техникалық деңгей.

Технологиялық тоқырау, өнімнің сапасының төмендігі және өзіндік құнының жоғарылылығы; кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің және өнімділік деңгейінің төмендігі.

Сатып алушылармен және жабдықтау- шылармен өзара қарым-қатынас

Түсімнің өсу темпінің баяулығы; шикізат пен материалдарды кешіктіріп жеткізу; олардың сапасының төмендігі.

Төленбеген қарыздардың өсуі; өндіріс көлемінің және өнім сапасының төмендеуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]