Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭТН zhap zhana 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.4 Кб
Скачать

19. Меншікті капитал түсінігі құрамы оны орналастырылуын талдау

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғаш құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы, яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрлымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

Кәсіпорын мүлкінің құрамы.

Ұйымның барлық мүлігі қысқа мерзімді активтер және ұзақ мерзімді активтер болып екіге бөлінеді.

Ұзақ мерзімді активтер негізгі құралдардан, метериалдық емес активтерден, ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардан, басқа да ұзақ мерзімді активтерден құралады. Жалпы ұзақ мерзімді активтер шаруашылық субъектінің материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.

Ал, қысқа мерзімді активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, қорлар, қысқа мерзімді дебиторлық берешектер және басқа да қысқа мерзімді активтер жатады.

Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құрылу көздері.

Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен қысқа мерзімді қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:

- жарғылық капитал;

- резервтік капитал;

- бөлінбеген кіріс.

Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларының басқа қарыз қаражаттарын да пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық қарыздар жатады.

Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.

Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді.

Кәсіпорындардың (толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.

Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).

Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.

Барлық ұйымдардың меншікті капиталына екі қасиет тән. Біріншіден, ол материалдық-құндылық құрылым иеленбегендіктен сезілмейді және ол әрқашанда активтің көзі рөлінде қатысады. Екіншіден, меншікті капитал ақшалай түрден заттық түрге ауыса алатын немесе керісінше жағдайда өзінің нысанын өзгертетін «меншікті құралдар» түсінігіне синоним деп қарастыруға болмайды.

Меншік капиталды талдау.Біздің отандық тәжірибеде кәсіпорынның меншікті капиталының құралу көздері болып мыналар саналған: жарғылық капитал, резервті қор, арнайы бағыттағы қорлар, мақсатты қаржыландыру мен салымдар, жалгерлік міндеттемелер, баланс пассивінің І бөлімінде көрсетілген бөлінбеген табыс, сонымен қатар құрылтайшылармен есеп айырысулар, тұтыну қорлары, алдағы кезең шығындары мен төлемдер резервтері, күмәнді қарыздар бойынша резервтер, 1997 жылы құрылған баланс пассивінің ІІ бөлімінде көрсетілген алдағы кезең табыстары. БЕС – 2 сәйкес 1998 жылдың балансында меншікті капиталға жарғылық капитал, қосымша төленбеген капитал, қосымша төленген капитал, резервті капитал, бөлінбеген табыс.

Қатыстырылған капиталды талдау. Талдау жүргізу үшін қарыз қаражаттарының әрбір баптарының есеп беретін көрсеткіштерін топтық қорывтындыларымен сәйкестендіру қажет, олардың базистік көрсеткіштерден ауытқуларын анықтап, қатысты өлшемдердің өзгерістерін көрсету керек.

.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]